Инфоурок Другое Статьи"Үлгермеуші оқушылармен жұмыс" тақырыбында мақала немесе баяндама

"Үлгермеуші оқушылармен жұмыс" тақырыбында мақала немесе баяндама

Скачать материал

ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫМЕН ЖҰМЫС

Темиргалиева М.Б.,

№156 ЖББ мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары

Үлгермеушілік - қазіргі мектептің өзекті мәселесі. Мектеп оқушыларының үлгермеушілігі әрдайым қандай да бір себептерге байланысты. Бұл өздігінен пайда болмайды. Әр мұғалім үлгермеушілікке жол бермеуге бағытталған арнайы, мұқият ойластырылған әрекетті жоспарлауды қажет етеді.

Ең алдымен «Үлгермеушілік дегеніміз не?» деген  сұраққа тоқталатын болсақ, ғалымдар «үлгермеушілік» деген терминді әр тараптан қарастырып, түрлі анықтамалар беріп өткен.

Орыс және кеңес педагогыпсихологыфилософия бойынша 200 - ден астам ғылыми еңбек авторы  Павел Блонскийдің берген анықтамасы бойынша,  үлгермеушілік - оқушының мінез-құлық пен оқу нәтижелері мектептің, тәрбиелік және дидактикалық талаптарына сәйкес келмейтін жағдайды білдіреді.

Ал, педагогика теориясы мен тарихы бойынша жетекші маман, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Иван Подласый үлгермеушілікті – оқушы мен мұғалім арасындағы өзара әрекеттің бұзылуы ретінде қарастырады.

Үлгермеушілік – жалпыға бірдей білім берудегі мектеп бағдарламасының материалдарын қанағаттанарлық деңгейде игере алмауы. /психологиялық сөздіктен/

Кеңес одағының психологы, Лев Семенович Выготскийдің шәкірті Славина Лия Соломоновнаның сол кездегі зерттеуі бойынша үлгермеуші оқушыларды 3 топқа бөлген екен:

 Бірінші топ - оқуға деген теріс көзқарасы, яғни мотивациясы қалыптаспағаны;

Екінші топ - оқу материалдарын меңгерудегі кездесетін қиындықтарды жеңуі, яғни интеллектің төмен болуы;

Үшінші топ- оқу дағдыларының дұрыс қалыптаспағаны.

Қазіргі таңда, №561 бұйрыққа сәйкес мектеп педагогтарының біліктілік санатын беру (растау) үшін жалпы орта білім беру ұйымдары педагогінің портфолиосын бағалау өлшемшарттарына  үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жүргізу кіріп отыр.  Оқу динамикасы-азайту немесе ұлғайту, үлгермеушіліктің алдын алу бойынша жұмыс жоспарларын талдап, анықтау  басты мәселе ретінде негізге алынып отыр.

 «2022-2023 оқу жылында Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатында да олқылықтар мен үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеуге көңіл бөлінген  (17-18-беттер)

Ы.Алтынсарин атындағы  Ұлттық білім академиясыны 2021 жылы «1-11 сынып білім алушыларының оқу пәндері бойынша біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» құралын әзірлеген.

Әдістемелік ұсынымдарда білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша халықаралық тәжірибе, Қазақстан мектептерінде  қашықтан оқыту жағдайында білім алушылардың білім сапасына талдау, 1-11 сынып оқушыларының оқу пәндері бойынша біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берілген.

Әдістемелік ұсынымдама ЖББМ басшылары мен педагогтеріне, әдіскерлерге, білім басқармалары бөлімдері мен білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары мен пән мұғалімдеріне арналған Altynsarin Academy (uba.edu.kz) сайтында қолжетімді.

Осы алгоритмдер мен ерекшеліктерге байланысты үлгермеушілікті диагностикалау қажет. Диагностика 3 жақты ұстанымдарды негізге ала отырып, психологиялық-педагогикалық консилиумда қаралады. Үлгермеуші оқушыға диагностика жасалғаннан кейін үлгермеушіліктің себептерін анықтауға болады. Үлгермеушіліктің негізгі себептеріне:

·         Білім сапасының төмендігі

·         Педагог-психолог мамандардың жеке қадағалауын қажет етуі

·         Себепсіз көп сабақ қалдыруы

·         Отбасы жағдайы төмен отбасының балалары

·         Қоршаған ортаға қызығушылығының болмауы

·         Ата-ананың назарынан тыс қалуы

·         Оқушылармен ортақ тіл табыса алмауы сияқты проблемаларды жатқыза аламыз.

Үлгермеушіліктің негізгі себептерін Ю.К.Бабанский сыртқы және ішкі себептер деп атап көрсеткен.  Нақты қарастыратын болсақ,

Сыртқы

Ішкі

Оқушыға жеке қабілетін дамытатын тәсілдерді қолданбауы

Оқушының денсаулығындағы ақаулар

Оқушыларға шамадан тыс жүктемесі

Интеллектінің төмен дамуы

Білім берудің құндылықтарының төмендеуі

Оқуға деген қызығушылығының төмендігі

Сыртқы ықпалы

Оқушының жігерлік дағдыларының төмендігі

Оқушылардың үлгермеушіліктің себептерін зерттеу кезінде жүргізілген сауалнама бойынша осындай қорытындыға келуге болады:

Ағымдағы оқу материалды түсінбеуі- 38%

Үй тапсырманы көп беруі -21%

Оқу дағдыларының әлсіздігі – 12%

Ұқыпсыздық- 13%

Оқуға деген қызығушылығының төмендігі- 10%

Есте сақтау қабілетінің төмендігі-6%

Бұл мәселелерді жою үшін үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізіліп отыруы тиіс. Үлгермеуші оқушылармен профилактикалық  жұмыс үнемі сынып жетекші - пән мұғалімдері - мектеп әкімшілігі - мектеп психологы - ата-аналардың байланысы арқылы өрбиді. Ал бағдарлама бағыты бойынша үлгермеуші оқушы бағдарламаны меңгеру, білім алудың тиімді жолын таңдау мүмкіндігіне ие болса;

Ата-ана: Өз баласы үшін білім алуға жағдай жасау. Отбасымен тұрақты, жағымды  қарым-қатынас, мектеппен келеңсіз жағдайға түспеу.

Мектеп: Үлгерімі төмен оқушымен педагогика-психологиялық тұрғыдан жұмыс жүргізу  шешімін шығаруы тиіс. Осы шешімдерге байланысты, үлгерімі төмен оқушылармен мектеп әкімшілігі және педагогтар жұмыс жүргізудің жоспарларын құруы тиіс.

Үлгермеуші оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлерін сабақ үстіндегі жұмыс, сабақтан тыс жұмыстар, тәрбие жұмыстары, ата-аналармен жұмыс түрлері деп қарастыра аламыз.

Аталған факторлардың бәрін ескере отырып, үлгермейтін оқушыларға арналған ережелерді жинақтауға тырыстым, осы ережемен таныстыра кетейін:

         Үлгермеушіге бірден жағдаятты сұрақ қойып, тез жауабын талап етуге болмайды;

         Оқушының ойлану мен дайындалуына жеткілікті уақыт беру;

         Міндетті түрде жауап жазбаша болғаны жақсы;

         Аз уақыт ішінде үлкен материалды меңгеріп алулары мүмкін емес, сондықтан қиын материалды шама шарқынша бөлімдерге бөліп беру керек;

         Жаңа өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берулерін талап етпеу керек, одан да келесі сабаққа қалдыру керек;

         Оқу қызметінің жетістігін қамтамасыз ету үшін мұғалім жұмыс жүйесін ойластыру керек;

         Мұндай оқушылардың өзіне деген, біліміне, күшіне деген сенімділігін қалыптастыру;

         Баяндамамның соңын мұғалімдерге арналған  кеңестермен аяқтағым келіп тұр. Ең алдымен, үнемі:

         Баладағы жақсы, жағымды қасиеттерді көре біліңіз, табыстарын дәріптеңіз, жеке жұмыс жүргізіңіз;

         Үлгермеуші оқушыға көп тапсырма беруден сақтаныңыз;

         Топтық жұмысты жиі жүргізіңіз;

         Жеңіл әрі қызықты тапсырма беріңіз;

         Ешқашан ондай типтегі балаларға қатты дауыс көтермеңіз;

         Үлгермеуші оқушыға жағымды көзқарас қалыптастырыңыз;

         Үнемі кішкене ғана жетістігін мадақтап отырыңыз;

         Көп көңіл бөліңіз, ешқашан сәтсіздігін бетіне басып, кемітпеңіз.

Баланың дамуы – ұстаздың қолында.

Ұстаздың қолында оқушының дамуын алға жылжытатын, оны өз күшіне сендіретін және оны жоя алатын үлкен күш бар. Ендеше, ұстаздар, күшімізді оқушы талабын, сенімін  жоюға емес, дамуын алға жылжытуға жұмсайық!

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

5 938 676 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.09.2022 51
    • DOCX 24 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Темиргалиева Манар Бидахметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18337
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой