Инфоурок Начальные классы КонспектыӨзін-өзі тану 4 сынып "Жанды су"

Өзін-өзі тану 4 сынып "Жанды су"

Скачать материал

Өзін-өзі тану сабағының жоспары                                                     

                                                                                                           

Пән: Өзін – өзі тану                                                        

Мектебі: Подстепный ЖОББМ

Мерзімі:.2021 жыл

Мұғалімі: Жунусова Гулзада Тыныштыбаевна

Сыныбы: 4 «а»

Оқушылардың саны:11

Тақырыбы: №: 28 Жанды су.  Тірі су.

Құндылығы: Қиянат жасамау

Қасиеттері: Барлығына сүйіспеншілікпен қарау, қамқорлық,тәртіп.

Мақсаты: Оқушыларға судың табиғатта, адам өмірінде алатын мәнін айта отырып, қиянат жасамау құндылығының  мәнін ашу. 

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға суды таза ұстаудың маңыздыдығын түсіндіру,барлығына сүйіспеншілікпен қарауға бағыт беру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың суға деген қамқорлық жасау қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды суды үнемді пайдалануға және тәртіпті болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

 

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі. 

5        Т – ережесі:

1.      Тәртіп.

2.      Талап.

3.      Тыныштық.

4.      Тазалық.

5.        Татулық.
     Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу. Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м   а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе   1..................2 [3]. Рахмет

2.Үй тапсырмасы. №27 – сабақ.  Көзата бұлағы (Аңыз әңгіме)

Сұрақтар:  

1.Қазығұрт тауының етегінде қандай адам өмір сүрген?

2.Оған неліктен адамдар ағылып келетін болған?

3.Бастауды неліктен шипалы дейді?

4. «Бұлақтай таза болу» дегенді қалай түсінесіңдер?

3.  Дәйексөзі.

Бұлақ көрсең, көзін аш!  Нақыл сөз   Сұрақтар:

- Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? 

 

4. Әңгімелеу        Болат Үсенбаев

Су – өмірдің өзегі

Тәнім сумен құрамдас,

Судың ғажап киесі.

Сусыз өмір сүре алмас

Бүкіл тірлік иесі.

Өсімдігің жәндігің,

Бақша мен бау, шалғының –

Сусындатып барлығын,

Су шешеді тағдырын.

Су – балықтың ғұмыры,

Суда оның қорегі.

Су – тіршілік тұғыры,

Су – өмірдің өзегі.

Сәні болып құрылықтың,

Жерді гүлге бөледі.

Су болмаса тірліктің

Кенезесі кебеді

 

 

5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма Судың қандай қасиеті болатынын өздерің тәжірибе жасап, біліп алыңдар.

№1 Тәжірибе Суды бір стақаннан екінші стақанға құйыңдар. Не байқадыңдар? Судың қандай қасиетін байқадыңдар? Түйін: Су ағады, ол сұйық.

№2 Тәжірибе Балалар судың дәмін көріңдер. (Балалар өздерінің күнделікті су ішетін стақандарын қолданады) Дәмі қандай? Түйін: Судың дәмі жоқ.

№3 Тәжірибе Суы бар стақанды алыңдар. Оған қасық салыңдар. Қасық көріне ме? Түйін: Су мөлдір.

№4 Тәжірибе Стақандағы суға түрлі-түсті таяқшаны салыңдар. Судың түсі қандай? Түйін: Су түссіз.

№5 Тәжірибе Мынау белгісіз сұйық. Мұның иісі жағымсыз болуы мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, оның иісін білуіміз керек. Ол үшін сұйық тұрған ыдысты алысырақ қоямыз. Қолымызбен толқын тәрізді қимыл жасап, ыдыстағы суды өзімізге шақырамыз. Мұрнымыз не сезді? Судың иісі бар ма? Түйін: Судың иісі жоқ.

 

6.      Топпен ән айту.

Балбұлақ

Өлеңін жазған Мүбәрак Жаманбалинов

Әнін жазған Нұрлан Дүкенбай

Сылдыр-сылдыр сылдырап,

Мөлдір бұлақ ағады.

Былдыр-былдыр бал құрақ,

Көмкереді жағаны.

Балғын-балғын балалар,

Саялайды құрақта.

Отырады жағада,

Шомылады бұлаққа.

Күнде келіп апам да,

Мөлдіреген су алып.

Тұнығынан шопан да,

Тұрады қой суарып.

Түрлі-түрлі, не түрлі,

Бар-ау қызық мінезі.

Еліктейтін секілді

Адамға да бұл өзі.

Тайызынан су алса,

Лайлана қалады.

Тереңінен су алса,

Күлім-күлім қағады.

 

7. Үй тапсырмасы  №28 – сабақ, « Тұзкөл» аңызын оқып келу

  

8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м   а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе   1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін-өзі тану 4 сынып "Жанды су""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 621 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2021 2044
    • DOCX 25.9 кбайт
    • 108 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жунусова Гулзада Тыныштыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 51701
    • Всего материалов: 26

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 117 человек

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1472 человека из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 794 человека

Мини-курс

Финансовые ключи экспертного успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Медиа и коммуникации в современном обществе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции