Инфоурок Другое Другие методич. материалыӘ. Кекілбаев. "Күй" туындысының желісімен өткізілген "Мәңгүрттік - ұлт қасіреті" танымдық сабақ

Ә. Кекілбаев. "Күй" туындысының желісімен өткізілген "Мәңгүрттік - ұлт қасіреті" танымдық сабақ

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Мангурты.pptx

Скачать материал "Ә. Кекілбаев. "Күй" туындысының желісімен өткізілген "Мәңгүрттік - ұлт қасіреті" танымдық сабақ"

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Жетібай селосы №8орта мектебі

Мәңгүрттік - ұлт трагедиясы

Сынып  жетекші:...

    1 слайд

    Жетібай селосы №8орта мектебі


    Мәңгүрттік - ұлт трагедиясы

    Сынып жетекші: Қарлығаш Шаханова
    Ашық тәрбие
    сағаты

  • Тәрбие сағатының жоспары:
Психологиялық дайындық.1. Ой ашар.
1-бөлім “Әбіш п...

    2 слайд

    Тәрбие сағатының жоспары:
    Психологиялық дайындық.
    1. Ой ашар.
    1-бөлім “Әбіш пен Абыл”
    І. Қызығушылықты ояту.
    а) Ой қозғау.
    ә) Топтық жұмыс.
    Автор орындығы
    2-бөлім “Мәңгүрттік- ұлт трагедиясы”
    “Ой жалғастыру”
    “Кек” фильмінен үзінді
    Мағынаны тану
    А) Топпен жұмыс
    б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)
    ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
    1. Үндеу хат
    2. Үйге тапсырма.


  • Психологиялық дайындық.               1. Ой ашар.

-Балалар бүгін қандай к...

    3 слайд

    Психологиялық дайындық.
    1. Ой ашар.

    -Балалар бүгін қандай күн?

    -Қазақта аптаның бұл күні қандай күн деп есептеледі?

  • Ой қозғау.Әбіш Кекілбаев кім?
Әбіштің қандай шығармаларын білесіздер?
Жазуш...

    4 слайд

    Ой қозғау.

    Әбіш Кекілбаев кім?
    Әбіштің қандай шығармаларын білесіздер?
    Жазушының түрікмендер мен адайлар арасындағы қақтығыстары туралы жазылған шығармасы қалай аталады?

  • Көкемнің бармағынан бал саулады,
Осы ауыл талай тыңдап тауыса алмады.
Көп бол...

    5 слайд

    Көкемнің бармағынан бал саулады,
    Осы ауыл талай тыңдап тауыса алмады.
    Көп болды сол көкемді көрмегелі,
    Күйіне біздің ауыл тамсанғалы.
    Соқтырған қыр өкпегін тау самалы,
    Мен де іздеп ерке күйді тамсанамын.
    Қаңсыраған домбыра да сездіртіпті,
    Бал бармақ күйші иесін аңсағанын...
    Ә.Кекілбайұлы

  • 6 слайд

  • 1-топ  Оқиғаның тарихыБұл шығарма қандай заманда, қандай  жағдайларға 
қай к...

    7 слайд


    1-топ Оқиғаның тарихы
    Бұл шығарма қандай заманда, қандай жағдайларға
    қай кезеңде орын алып, қалай басталып еді?

  • Күтілетін жауап: бұл оқиға  XVIII ғасырдың ортасында Айладыр мен Қақпақтының...

    8 слайд

    Күтілетін жауап: бұл оқиға XVIII ғасырдың ортасында Айладыр мен Қақпақтының дөңі, қазіргі Оңтүстік Маңғыстау жерінде болған. Бұл жер ежелден түрікмендер мен адайлардың бітпес дауының басы, мал мен жер еді, арты ушығып адам өліміне ұласып жататын көрші екі елдің арасындағы шиеленістің ушыққан кезеңі болатын. Осы уақыттағы шиеленістердің бірінде орын алған тағдыр мен адамның теке-тіресі, достықты яки дұшпандықты, өнерді не өлімді, дала заңын шығармаға арқау қылған жазушы түрікмендердің қолына түскен қазақ күйшісінің аруағына арнап жазған екен.

  • 2-топ      Оқиғаның мазмұны

    9 слайд

    2-топ Оқиғаның мазмұны

  • Күтілетн жауап:  қақтығыстардың бірінде  түрікменнің батыры Жөнейттің кіші ба...

    10 слайд

    Күтілетн жауап: қақтығыстардың бірінде түрікменнің батыры Жөнейттің кіші баласы Дәулет қаза тауып, өз бетінше жүрген күйшіні шабармандар тұтқынға алып келеді. Шығарманың негізгі кейіпкері жұпыны киімдегі тұтқын қазақ , қолына ұстаған домбырасымен бірге түрікпендердің тұтқынына айналған күйші. Күйші күй тартқан мезгілде бір нүктеге қадалып, домбыраның қос ішегін есілтіп, ішкі сырын айтқысы келгендей шымырлайды. Домбыраның гөй-гөйі тыңдағанның көкірегін қысып, ырқың алып барады. Қанша қатты болсаңда иліктірмей қоймайтындай. Күй тыңдаған Жөнейттің жүрегі шымырлап, көмекейі бітіп қалды. Бұл күй қыршын кеткен боздақтарын, қаңырап қалған шаңырағын, жападан-жалғыз қуарып қалған қу басын бәрін-бәрін есіне салады.

  • 3-топ     Өнер құдіреті

    11 слайд

    3-топ Өнер құдіреті

  • Өнер құдіреті шығармада екі елдің қанша жауласса да домбырашы, дутаршы, бахшы...

    12 слайд

    Өнер құдіреті шығармада екі елдің қанша жауласса да домбырашы, дутаршы, бахшы деген өнер, музыка әлемінде шекара болмайтынын, тыңдаған адам басын иетіндігін көрсетеді. Мысалы: Аннадүрді «Біздің Дәулетжан дутар шалғанда, ата жауымыздың өзі «әй, бәрекелде» деп арқасынан қақты,»-деп санын шапалақтайды. Бұл жерде пенденің бәрі бір өнер құдіретіне табынушы екенін білдік.

  • “Автор орындығы”Егер сіз автор болғанда оқиғаны қалай аяқтар едіңіз?

    13 слайд


    “Автор орындығы”


    Егер сіз автор болғанда оқиғаны қалай аяқтар едіңіз?

  • 2-бөлім 

“Мәңгүрттік- ұлт трагедиясы”

    14 слайд

    2-бөлім

    “Мәңгүрттік- ұлт трагедиясы”

  • “Ой жалғастыру”“Ой жалғастыру”1-топ Тұтқындарды
 жазалау технологиясы,
 аты...

    15 слайд

    “Ой жалғастыру”

    “Ой жалғастыру”
    1-топ Тұтқындарды
    жазалау технологиясы,
    аты


    2-топ Тұтқынның жан күйзелісі

    3-топ Тұтқынның әрі қарайғы іс-әрекеті

  • 16 слайд

  • “Еркін жауап”Мәңгүрт дегеніміз кім?  

Қазіргі заманда   мәңгүрттер бар ма?...

    17 слайд

    “Еркін жауап”

    Мәңгүрт дегеніміз кім?

    Қазіргі заманда мәңгүрттер бар ма?

    Болса, олар кімдер?

  • Қазіргі заманда дүние жүзінде жеті миллиард халық өмір сүріп, олар...

    18 слайд

    Қазіргі заманда дүние жүзінде жеті миллиард халық өмір сүріп, олар сегіз мыңға тарта тілде сөйлейді. Әрқайсысының өз болмысы, өз ерекшелігі бар. Оның әрқайсысы бүкіләлемдік, бүкіл­адамзаттық құндылық, құбылыс, болмыс болып табылады. Ешқайсысы да, еш жерде, еш заманда, еш жағдайда жойылуға тиіс емес. Бұл – барша адамзатқа аманат-парыз. Халқының жанына жалау болуды, кәдесіне жарауды арман етіп, келешек елдің иесіміз деп белін буған жас­тар бұл мұраларға иелік етпесе, кім иелік етпек?
    Дегенмен де тарих соқпағынан, ата-баба даңғылынан басқа жол іздеп, хал­қымыздың сүйегіне, жаны мен қанына сіңген қасиеттен басқаға ұмтылып, тарихи тегін, ата-бабасын біле тұра, білгісі келмейтін, кешегісі мен бүгінгісі, болашағы туралы ойланбайтын, тілін, ділін, дінін ұмыта бастаған жастарымыз - мәңгүрттіктің қоғамдық, ұлттық трагедиясына соқтыратын рухани мәңгүрттік қолдан жасалған мәңгүрттіктің жанында жолға қалады.

  • МәңгүрттікРухани азғындауИмансыздықАна тілін білмеуТөл мәдениетін менсінбеуАт...

    19 слайд

    Мәңгүрттік
    Рухани азғындау
    Имансыздық
    Ана тілін білмеу
    Төл мәдениетін менсінбеу
    Ата-анадан, баладан безіну
    Діни азғындау
    Есірткіқұмарлық

  • Тіл – ұлы Ана, өз анасын менсінбеудің мұңы бар,Кінәлілер сөзсіз оның кие-кү...

    20 слайд


    Тіл – ұлы Ана, өз анасын менсінбеудің мұңы бар,
    Кінәлілер сөзсіз оның кие-күшін ұғынар...
    Қаптап кетті өлкемізді әңгүдіктер - әңгүрттер,
    Тілін, рухын сүймегеннің барлығы да мәңгүрттер.
    Бұл бағытпен мүмкін бе ертең
    ұлттың ұлт боп қалмағы?
    М.Шаханов

  • 21 слайд

  • Ұлттық әні, күйі, домбырасы мен қобызының, сырнайы мен сыбызғысының үнін есті...

    22 слайд

    Ұлттық әні, күйі, домбырасы мен қобызының, сырнайы мен сыбызғысының үнін естіп, одан зәредей де ләззат ала алмайтын жастар көбейіп келеді. Қазақ әнінің оның орнына шет елдің әуенін қойып берсең, жүзіне қан жүгіріп, көзінде жылт еткен ұшқын пайда бола бастайды. Шет елдің даңғыра әуендерінен кесірінен төл өнерге, төл мәдениетке деген талғамнан айрылған, рухани мәңгүрт ұлтқа айналып баратқанымызды да байқаудан қалдық. Жастайынан Құрманғазының «Сарыарқасын», «Көбік шашқаны» мен Динаның «Әсем қоңырын», Қазанғаптың «Домалатпай», «Көкіл», «Құс қайтаруын», Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқасын» тыңдап, содан жас жанына ләззат алып, солармен бірге қуанып, солармен бірге мұңайып өспеген адам төл мәдениетті қайдан түсінсін? Осы әуен көршілес Өзбекстанда, не Түркіменстанда, не Әзірбайжанда, не Тәжікстанда неге жоқ? Себебі, олар әп дегеннен шетелден ақпараттық тәуелсіздік алуды жолға қойды. Олардың бүкіл баспасөзі, бүкіл телеарналары тек өз ұлтының тілінде ең алдымен өз ұлтының қам-қарекетін қаужайды. Ал біздің мұндай күйге түсуіміздің себебі не?

  • 23 слайд

  • Атаны билеп ұл кетті,Қожаны билеп құл кетті,Баласы келсе он беске,Ата-анад...

    24 слайд

    Атаны билеп ұл кетті,
    Қожаны билеп құл кетті,
    Баласы келсе он беске,
    Ата-анадан күн кетті,
    Білмеді бала құрметті,–дегенде күндердің күні болғанда туған ата-анасынан, баласынан безініп, мүлдем ажырап, мәңгүртке айналатын ұрпақ көбейіп кететінін дәл болжады ма, кім білсін?!

  • Сынаптай сыртын берсе туған балаң...

    25 слайд

    Сынаптай сыртын
    берсе туған балаң...

  • Жүрегі тоңып мұздайды...

    26 слайд

    Жүрегі тоңып мұздайды...

  • «Байығың келсе, жаңадан дін ойлап тап»

    27 слайд

    «Байығың келсе, жаңадан дін ойлап тап»

  • «Байығың келсе, жаңадан дін ойлап тап» деген сөзді қасиетті кітапта «аса алда...

    28 слайд

    «Байығың келсе, жаңадан дін ойлап тап» деген сөзді қасиетті кітапта «аса алдаушы» деп аталған адамзаттың жауы – сайтан лағынның пенделерді алдап, азғындыққа салу үшін ойлап тапқан амал-айласының бір парасы десе болады. Мәселен, бүгінгі күні елімізде әр 5 жыл сайын бір жаңа діни ағым пайда болады екен.
    Олардың арасында кімдер жоқ дейсіз. Жылтыр сөзбен адамдарды арбап, құлдыққа түсіретін «бейкүнә» секталардан бастап, ашықтан-ашық сайтанға табынуды уағыздайтын, азғындықты басты бағдары етіп алған анайы секталар да жетіп артылады.

  • 29 слайд

  • Есірткі-грек тілінде "ұйқы” мағынасын білдіретін "narke” сөзі, ағылшын ті...

    30 слайд

    Есірткі-грек тілінде "ұйқы” мағынасын білдіретін "narke” сөзі, ағылшын тілінде "narkotik” деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.. Есірткі дегеніміз адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе-теңдікті бұзатын, рухани және физикалық тәуелділікке жол ашатын, жеке адам және қоғамдық жағынан экономикалық және әлеуметтік құлдырауға әкеліп соғатын заттар. Есірткі қару контрабандасында, тыңшылықта, бір мемлекеттің басқа мемлекет жастарын аздыруда, заңсыз жолдармен табыс табуда ең әсерлі және ең көп пайдаланылатын құрал.

  • Бұл ғасырда мәңгүрт болу тіпті бақыт саналып,Нақ бір қажет игіліктей жатыр ж...

    31 слайд

    Бұл ғасырда мәңгүрт болу тіпті бақыт саналып,
    Нақ бір қажет игіліктей жатыр жұртқа таралып.
    Қалың елді осы індеттен сақтандыру мүмкін бе?


  • “Мәңгүртке айналудан сақтанайық!”Замандастарға үндеу хат

    32 слайд






    “Мәңгүртке айналудан сақтанайық!”


    Замандастарға үндеу хат

  • Біздің ортақ келешегіміз – ізгілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!

    33 слайд

    Біздің ортақ келешегіміз – ізгілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!

  • «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мы...

    34 слайд



    «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес».
    Н.Ә.Назарбаев

  • Көңіл қойып 
Тыңдағандарыңызға
 рахмет!!!

    35 слайд

    Көңіл қойып
    Тыңдағандарыңызға
    рахмет!!!

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Мәңгүрттік - ұлт қасіреті.docx

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай селосы №8 орта мектебі

Шаханова Қарлығыш Тойбазаровна

 

Сабақтың тақырыбы: Мәңгүрттік- ұлт қасіреті

Сабақтың мақсаты: жазушы Ә.Кекілбайұлының «Күй» шығармасындағы деректерді арқау етіп, мәңгүрттік  ұғымына, оның ұлт пен ұлттық құндылықтардың  бірден-бір жою құралы бола алатынын түсіндіру.

Ә) адам баласының мұраты жауыздық емес, ізгілік екеніне  көздерін жеткізу;

Б) өз елін, Отанын, тілін, дінін сүюге құрметтеуге, қорғауға, рухани мәңгүрттіктен сақтануға тәрбиелеу.

Ашық тәрбие сағатының жоспары:

Психологиялық дайындық.
1. Ой ашар.

1-бөлім “Әбіш пен Абыл”

І. Қызығушылықты ояту.
а) Ой қозғау.
ә) Топтық жұмыс.

Автор орындығы

2-бөлім “Мәңгүрттік- ұлт трагедиясы”

“Ой жалғастыру”

“Кек” фильмінен үзінді

Мағынаны тану

А) Топпен жұмыс
Ой толғаныс сатысы.
1. Үндеу хат

Топтастыру

 1-топ  Әдебиетшілер

2-топ Тарихшылар

3-топ Өнертанушылар

Психологиялық дайындық.
               1.  «Ой ашар»

-Балалар бүгін қандай күн?

-Қазақта аптаның бұл күні қандай күн деп есептеледі? 

«Ой қозғау»

-Ә.Кекілбаев кім?

-Ә.Кекілбаевтың қандай шығармаларын білеміз?

-Түрікмендер мен адайлар арасындағы қақтығыстарды көрсететін шығармасы қалай аталатын еді?

Кіріспе сөз.

Көкемнің бармағынан бал саулады,

Осы ауыл талай тыңдап тауыса алмады.

Көп болды сол көкемді көрмегелі,

Күйіне біздің ауыл тамсанғалы.

Соқтырған қыр өкпегін тау самалы,

Мен де іздеп ерке күйді тамсанамын.

Қаңсыраған домбыра да сездіртіпті,

Бал бармақ күйші иесін аңсағанын... -деп  жырлағандай  ел ағасы, жергілікті жазушы , мемлкет және қоғам қайраткеріӘ.Кекілбайұлының биыл 75 жасқа толуына орай бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға сол кісінің «Күй» шығармасын арқау етіп алып отырмыз.

Тарихшыларға тапсырма:    Бұл шығарма қандай заманда, қандай  жағдайларға қай кезеңде  орын алып, қалай бастылып еді?

Күтілетін жауап: бұл оқиға  XVIII ғасырдың ортасында Айладыр мен Қақпақтының дөңі, қазіргі Оңтүстік Маңғыстау жерінде болған. Бұл  жер ежелден түрікмендер мен адайлардың бітпес дауының басы, мал мен жер еді, арты ушығып адам өліміне ұласып жататын көрші екі елдің арасындағы шиеленістің ушыққан кезеңі болатын.  Осы уақыттағы шиеленістердің бірінде орын алған   тағдыр мен адамның  теке-тіресі, достықты яки дұшпандықты, өнерді не өлімді, дала заңын  шығармаға арқау қылған жазушы түрікмендердің қолына түскен қазақ күйшісінің аруағына арнап жазған екен.

Әдебиетшілер:  Оқиғаның  мазмұны

Күтілетін жауап:  қақтығыстардың бірінде  түрікменнің батыры Жөнейттің кіші баласы Дәулет қаза тауып, өз бетінше жүрген күйшіні шабармандар тұтқынға алып келеді. Шығарманың негізгі кейіпкері жұпыны  киімдегі тұтқын қазақ , қолына ұстаған домбырасымен бірге түрікпендердің тұтқынына айналған күйші. Күйші күй тартқан мезгілде бір нүктеге қадалып, домбыраның қос ішегін есілтіп, ішкі сырын айтқысы келгендей шымырлайды.   Домбыраның гөй-гөйі  тыңдағанның көкірегін қысып, ырқың алып барады. Қанша қатты болсаңда иліктірмей қоймайтындай. Күй тыңдаған Жөнейттің жүрегі шымырлап, көмекейі бітіп қалды.  Бұл күй  қыршын кеткен боздақтарын, қаңырап қалған шаңырағын, жападан-жалғыз қуарып қалған қу басын бәрін-бәрін есіне салады.

Өнертанушылар:  Өнер құдіреті

    Шығармада  екі елдің қанша жауласса да домбырашы, дутаршы, бахшы деген өнер, музыка әлемінде шекара болмайтынын, тыңдаған адам басын иетіндігін көрсетеді.   Мысалы: Аннадүрді «Біздің Дәулетжан дутар шалғанда, ата жауымыздың өзі «әй, бәрекелде» деп арқасынан қақты,»-деп санын шапалақтайды. Бұл жерде пенденің бәрі бір өнер құдіретіне табынушы екенін білдік.

Оқиға қалай аяқталды?

      Дәулеттің қырқын өткізіп болғаннан кейін, Жөнейіт бастаған қаралы топ Маңғыстаудан шығып, бір жағы Хиуаға, біржағы Балқанға баратын үш тармақты жолдың  ортасына күйшіні  жерге басын ғана қалдырып,  тірілей көміп кетеді.  Жөнейттің көз алдынан күйші қазақ кетпей қояды.  Жөнейт күйшіні  түлейге көміп кеткенмен, Жөнейттің құлағынан  күйішінің күйі, көз алдына  екі көзі кетпей қойды, ол күйші біресе Дәулет, біресе әлгі күйші болып, біресе Дәулет болып көз алдында көлбеңдеп тұрып алды.  Жөнейіт сол күй әуенімен о дүниеге аттанып кете барды.

«Автор орындығы»    Шығарманы қалай аяқтар едіңіз?

«Абыл» күйі орындалады.

          Сіздердің тыңдағандарыңыз Маңғыстаудың атақты күйшісі, бүгінгі шығарманың негізгі кейіпкері, осы  өнері арқылы басына бостандық алған күйші Абыл Тарақұлының  күйі   «Абыл».

Бұл шығарманың мазмұнымен таныстық, енді тәрбиелік мәніне назар аударайық.

-         Осы шығармада түрікмендер  тұтқындарды қалай жазалады?

1-топ  Жазалау технологиясы,  аталуы

2-топ  Тұтқынның жан күйзелісі

3-топ  Жазаланған адамның  әрі қарайғы іс-әрекеті

     «Кек» киносынан үзінді     Осы сияқты оқиғаның желісімен түсірілген кинодан үзінді көру үшін  экранға назар аударайық.

Бұл жерде дүниедегі жаза біткеннің сұмдығы адамды ақыл-есінен айыру  – мәңгүрт ету  технологиясы қолданылады.  Ақыл-ой адам өле-өлгенше өзімен бірге болатын жалғыз қазына ғой. Біреудің қолында бар байлық бақада да  бар болар, ақыл-ой тек саған ғана тән, басқалардікінен бөлек  жалғыз асылың.

          Жер дауы мен мал дауы екі ел арасында бітпес кек болып,, осылай өрбіп жатса, әлемді билеген жауыздықтың ең өткір бастауы қайдан келгені белгісіз.                  

    Мәңгүрттік - өзінің кім екенін, ел-жұрты, руының кім екенін, өз атының кім екенін білмес. балалық шағы, әке- шешесі мүлде есінде қалмаған мылқау адам. Ол да бір, тілсіз мақұлық малда бір, сондықтан ол қауіпсіз де, иесіне шексіз бағынған құлақ кесті құл. Бар тілері қу тамақ, далада үсіп өлмес үшін ескі-құсқы қомыт киім, басқа ештеңенің керегі жоқ..

        Бұл ұғымды әдебиет сахнасына бірінші болып енгізген Әбіш Кекілбаев «мәңгүрт» ұғымына жаңаша мән беріп, күллі адамзат цивилизациясын шошондыратын, рухани дамуына тосқауыл болатын алапат күш ретінде танытты.

Ал қазіргі Қазақстанды қалай сипаттайсыз?

Осындай  бейбіт заманда мәңгүрттер бар ма, жоқ па?

           Қазіргі заманда дүние жүзінде жеті миллиард халық өмір сүріп, олар сегіз мыңға тарта тілде сөйлейді. Әрқай­сы­сының өз болмысы, өз ерекшелігі бар. Оның әрқайсысы бүкіләлемдік, бүкіл­адамзаттық құндылық, құбылыс, болмыс болып табылады. Ешқайсысы да, еш жерде, еш заманда, еш жағдайда жойылуға тиіс емес. Бұл – барша адамзатқа аманат-парыз. Халқының  жанына жалау болуды, кәдесіне жарауды арман етіп, келешек елдің иесіміз деп белін буған жас­тар бұл мұраларға иелік етпесе, кім иелік етпек?

Дегенмен де  тарих соқпағынан, ата-баба даңғылынан басқа жол іздеп, хал­қымыздың сүйегіне, жаны мен қа­нына сіңген қасиеттен басқаға ұмты­лып,  тарихи  тегін, ата-бабасын біле тұра, білгісі келмейтін, кешегісі мен бүгінгісі, болашағы туралы ойланбайтын, тілін, ділін, дінін ұмыта бастаған жастарымыз  - мәңгүрттіктің  Қоғамдық, ұлттық трагедиясына соқтыратын рухани мәңгүрттік қолдан жасалған мәңгүрттіктің жанында  жолға қалады.

 

Прямоугольник: скругленные углы: Мәңгүрттік
Прямоугольник: скругленные углы: Есірткіқұ-марлық
 

 

 

 

 

 

 

 

 


Тіл – ұлы Ана, өз анасын менсінбеудің мұңы бар,
Кінәлілер сөзсіз оның кие-күшін ұғынар...
Қаптап кетті өлкемізді әңгүдіктер - әңгүрттер,
Тілін, рухын сүймегеннің барлығы да мәңгүрттер.
Бұл бағытпен мүмкін бе ертең
ұлттың ұлт боп қалмағы?               М.Шаханов  

Төртінші топ-қауіпті топ, бұрын мүлде болмаған,

 Қажет кезде өз тілінде мүдіріссіз сарнаған.

 Секілденіп көрінген мен ұлтын, тілін қорғаған,

 Қандастары екі жүзді мінезінен сорлаған.

 Зор көрші елге ұнау үшін ұлтын тастап табанға,

 Бұл топ туған тілін тұсап, барды өрескел қадамға.

 Бір шындық бар егер адам сыйламаса өз тілін,

 Өз анасын шетке қақса, өгей етсе өз ділін,

 Оның басқа ұлт, басқа ананы сыйлайтыны өтірік,

 Ол жОңғырық заңын ешкім өте алмайды секіріп...

 Ана тілі құнсызданып, тек алға өрлеп бас қамы,

 Орыстанды халқымыздың жарымынан астамы.

 Барлық ұлтқа құрмет, сенім-әр адамның төл ісі,

 Шын орыстық гуманизм-мазмұнды ұрпақ өрісі.

 Ал бірақ та орыстану-құлдық сана жемісі,

 Бізді мәңгүрт етпек болған империя жеңісі....

 Бұл топ бейім мейірімді етіп көрсетуге кіл өзін,

 Пайдаланып қазақтың кең, көнбіс, көпшіл мінезін.

 Материалды байлық па еді баба арманның бар құны?

 Елді аздырды ұлтсыздық, намыссыздық салқыны...

 Сөйтіп олар жаһандану қамқоры боп шалқыды,

 Ұлтын, тілін басқаларға жығып беру арқылы.»

М.Шахановтың «Үш тұғырлы тіл » туралы өлеңінен үзінді:

 «Міне, мынау дәл қазіргі рухсыздану өрісі:

 Биліктегі қазақтардың жарымынан көбісі

 Ұлтын, тілін менсінбейтін мәңгүрттерден құралған,

 Енді олардан ұлтты қорғау-бәрімізге ұлы арман.

Жапондарда әр жас буын он екіге келгенше

 Ана тілде тәлім алар, ана рухы жеңгенше.

 Сонан кейін тіпті жүз тіл меңгерсең де өз еркің,

 Қашан туады екен бізге ана парқын сезер күн?»

Мәңгүрттік-төл мәдениетті ұмыту. Ұлттық әні, күйі, домбырасы мен қобызының, сырнайы мен сыбызғысының үнін естіп, одан  зәредей де ләззат ала алмайтын жастар көбейіп келеді. Қазақ әнінің оның орнына шет елдің әуенін қойып берсең, жүзіне қан жүгіріп, көзінде жылт еткен ұшқын пайда бола бастайды. Шет елдің даңғыра әуендерінен  кесірінен төл өнерге, төл мәдениетке деген талғамнан айрылған, рухани мәңгүрт ұлтқа  айналып баратқанымызды да байқаудан қалдық. Жастайынан  Құрманғазының «Сарыарқасын», «Көбік шашқаны» мен Динаның «Әсем қоңырын», Қазанғаптың «Домалатпай», «Көкіл», «Құс қайтаруын», Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқасын» тыңдап, содан жас жанына ләззат алып, солармен бірге қуанып, солармен бірге мұңайып өспеген адам төл мәдениетті қайдан түсінсін?  Осы  әуен  көршілес Өзбекстанда, не Түркіменстанда, не Әзірбайжанда, не Тәжікстанда неге жоқ? Себебі, олар әп дегеннен шетелден ақпараттық тәуелсіздік алуды жолға қойды. Олардың бүкіл баспасөзі, бүкіл телеарналары тек өз ұлтының тілінде ең алдымен өз ұлтының қам-қарекетін қаужайды. Ал біздің мұндай күйге түсуіміздің себебі не?

Мәңгүрттік – адам бойындағы  имансыздық. Иманы жоқ адам – қуыс кеуде, санасы сайтанға құл болған, ар-намысы өлген, тектілігін жойған жан.

Атаны билеп ұл кетті,
Қожаны билеп құл кетті,
Баласы келсе он беске,
Ата-анадан күн кетті,
Білмеді бала құрметті,–дегенде күндердің күні болғанда туған ата-анасынан, баласынан безініп, мүлдем ажырап, мәңгүртке айналатын ұрпақ көбейіп кететінін дәл болжады ма, кім білсін?!

     Мәңгүрттік-діннен безіну. Қазіргі уақытта 11 пайыз қандасымыз өз дінінен безініп, бөтен пиғылдың шылауында кетіп отыр. Жат діннің құрбанына айналған көген көздерімізді сара жолдан адастырып, азғырушы 500-ге жуық шетелдік миссионердің жұмыс салдары осындай. Бүгін сол дінін сат­қан жастарымыздың күні ертең Отанын да сатпасына кім кепіл?

           «Байығың келсе, жаңадан дін ойлап тап» деген сөзді қасиетті кітапта «аса алдаушы» деп аталған адамзаттың жауы – сайтан лағынның пенделерді алдап, азғындыққа салу үшін ойлап тапқан амал-айласының бір парасы десе болады. Мәселен, бүгінгі күні елімізде әр 5 жыл сайын бір жаңа діни ағым пайда болады екен. Олардың арасында кімдер жоқ дейсіз. Жылтыр сөзбен адамдарды арбап, құлдыққа түсіретін «бейкүнә» секталардан бастап, ашықтан-ашық сайтанға табынуды уағыздайтын, азғындықты басты бағдары етіп алған анайы секталар да жетіп артылады.

   Мәңгүрттік-есірткіқұмарлық.  Есірткі-грек тілінде "ұйқы” мағынасын білдіретін "narke” сөзі, ағылшын тілінде "narkotik” деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.. Есірткі дегеніміз адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе-теңдікті бұзатын, рухани және физикалық тәуелділікке жол ашатын, жеке адам және қоғамдық жағынан экономикалық және әлеуметтік құлдырауға әкеліп соғатын заттар. Есірткі қару контрабандасында, тыңшылықта, бір мемлекеттің басқа мемлекет жастарын аздыруда, заңсыз жолдармен табыс табуда ең әсерлі және ең көп пайдаланылатын құрал.

Бұл ғасырда мәңгүрт болу тіпті бақыт саналып,
Нақ бір қажет игіліктей жатыр жұртқа таралып.
Қалың елді осы індеттен сақтандыру мүмкін бе?

Қортындылау: Біздің ортақ келешегіміз – ізгілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!            Елбасымыздың сөзінде  «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтау мүмкін емес». сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетінсақтау мүмкін емес.»

Сондықтан бүгінгі ұрпағымыздың ой-санасын, ұлттық дүниетанымын, елжандылығын, отаншылдығын оятудың қамына бүгіннен бастап кіріспесек кешқаламыз. Ол үшін ұлттық бет-бейнемізді айқындайтын іс-шараларды қолға алмасақ болмайды.

“Мәңгүртке айналудан сақтанайық!”                                 
Замандастарға үндеу хат

«Көңіл толқыны»  күйі тартылады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ә. Кекілбаев. "Күй" туындысының желісімен өткізілген "Мәңгүрттік - ұлт қасіреті" танымдық сабақ"

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай селосы № 8 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі

Шаханова Қарлығаш Тойбазарқызы

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Мәңгүрттік- ұлт қасіреті

Тәрбие сағатының мақсаты: қазақ әдебиетінің алып тұлғаларының бірі, жазушы, мемлкет қайраткері  Ә.Кекілбайұлының «Күй» шығармасындағы деректерді арқау етіп, мәңгүрттік  ұғымына, оның ұлт пен ұлттық құндылықтардың  бірден-бір жою құралы бола алатынын түсіндіру, адам баласының мұраты жауыздық емес, ізгілік екеніне  көздерін жеткізу;  өз елін, Отанын, тілін, дінін сүюге құрметтеуге, қорғауға, рухани мәңгүрттіктен сақтануға тәрбиелеу.

Ашық тәрбие сағатының жоспары:

Психологиялық дайындық.
1. Ой ашар.

1-бөлім “Әбіш пен Абыл”

І. Қызығушылықты ояту.
а) Ой қозғау.
ә) Топтық жұмыс.

Автор орындығы

2-бөлім “Мәңгүрттік- ұлт трагедиясы”

“Ой жалғастыру”

“Кек” фильмінен үзінді

Мағынаны тану

А) Топпен жұмыс
Ой толғаныс сатысы.
1. Үндеу хат

Топтастыру

 1-топ  Әдебиетшілер

2-топ Тарихшылар

3-топ Өнертанушылар

Психологиялық дайындық.
               1.  «Ой ашар»

-Балалар бүгін қандай күн?

-Қазақта аптаның бұл күні қандай күн деп есептеледі? 

«Ой қозғау»

-Ә.Кекілбаев кім?

-Ә.Кекілбаевтың қандай шығармаларын білеміз?

-Түрікмендер мен адайлар арасындағы қақтығыстарды көрсететін шығармасы қалай аталатын еді?

Кіріспе сөз.

Көкемнің бармағынан бал саулады,

Осы ауыл талай тыңдап тауыса алмады.

Көп болды сол көкемді көрмегелі,

Күйіне біздің ауыл тамсанғалы.

Соқтырған қыр өкпегін тау самалы,

Мен де іздеп ерке күйді тамсанамын.

Қаңсыраған домбыра да сездіртіпті,

Бал бармақ күйші иесін аңсағанын... -деп  жырлағандай  ел ағасы, жергілікті жазушы , мемлкет және қоғам қайраткеріӘ.Кекілбайұлының биыл 75 жасқа толуына орай бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға сол кісінің «Күй» шығармасын арқау етіп алып отырмыз.

 

Тарихшыларға тапсырма:    Бұл шығарма қандай кезеңде, қандай  жағдайларда  орын алып, қалай басталып еді? 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.04.2015 2919
    • RAR 1.8 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаханова Карлыгаш Тойбазаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20848
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек