Инфоурок Физика Конспекты. Температураны өлшеу әдістері.

. Температураны өлшеу әдістері.

Скачать материал

 

 

Сабақтың тақырыбы: Температура. Температураны өлшеу әдістері.

Сабақтың басты мақсаты: Температураның физикалық    және дененің жылулық күйін сипаттайтын шама ретінде қарастыру.

Көрнекілік және оқытудың техникалық құралдары: Термометрлер

түрлері; электрондық оқулық                                                                             

Сабақтың кезеңдері: 

Ұйымдастыру.

        Сабақ басталғанға дейін кезекші мәліметін алу

        Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау 

        Кабинет тазалығына көңіл бөлу

        Оқушыларды сабаққа деген көңілдерін аудару

1.1.      Проблемалық жағдайлар туғызу.Төмендегі  температуралардың қайсысы дұрыс?  

Сау адамның қалыпты температурасы 309,6К немесе 36,60С, ал су 1000С немесе 2120F қайнайды. Табиғаттағы ең төменгі температура -273,150С-ге немесе 0К-ге тең. 

1.2.      Сабақтың міндеттері:

        Температураның өзгеруіне байланысты болатын құбылыстар мен дененің ішкі күйінің өзгерісін білу;

        Жылулық тепе-теңдік;

        Термометрлердің түрлерімен танысу;

        Термометр өлшеуіш прибор ретінде оның бөлік құнын анықтау;

        Температура шкалаларын ажырата білу;

        Термометрлердің шығу тарихын білу;

1.3. Бағытталған негізгі іс-әрекеттер құру: Қосымша мәліметтер беру.

        Жер бетіндегі ең төменгі температура Антарктидада Восток станциясының көмегімен 21 шілде  1983 жылы тіркелді. Бұл температура (-89,2°С) тіркеліп журналға жазылды. Бұл рекордты  30 жылдан кейін  2013 жылы желтоқсан айында американдық ғалымдар анықтады. Бұл температура -93,2°С. 

        Ең жоғарғы  температура  шілденің  10-ы 1980 жылы тіркелеген, АҚШ-тың  Атлант қаласында  Уилли Джонс ауруханаға  46,5°С температурамен түседі. Ең төменгі температура  23 ақпан 1994 жылы екі жастағы  Карл Козолофск 6 сағат бойы  22-градус аязда қалған, оның температурасы 14,2°С болған.

        Ең қауіпті  бактерия легионелл. Легионелл (Legionella bacteria) — бұл өлшемі 3 мкм бактерия.  Өмір сүретін жері  — жылы ауыз суы.

 

        Орталық  Оралда  2007 жылы шілдеде пәтерге су құбыры арқылы бактерия келген. Ауруханаға түскен  160 адамның 5-уі қайтыс болған. Бактерияға әрекет ететін температуралар

70°C - 80°C  дезинфекция аумағы

66°C  2 минуттан кейін жойылады 60°C  32 минуттан кейін жойылады 55°C  5-6 сағаттан кейін жойылады

20°C - 45°C легионелл көбейеді

             20°C және төмен көбеймейді      

        Ұялы телефонды дұрыс пайдалануға ескерту 1. Суық күндері телефонды денеге жақын ұстаңдар.

2.     "Суық" телефонды қуаттандыруға болмайды, телефон корпусын бөлме температурасына келгенге дейін ұстаңдар, олай болмаса телефон батареясы конденсацияланады.

3.     Телефонды ұзақ уақытқа суыққа қалдыруға болмайды.+

        Найзағай температурасы 30 000 К-ге дейін жете алады, бұл температура Күн температурасынан (6 000 К) бес есе артық.

 

        Адамның қалыпты температурасын осы уақытқа дейін  36,6 градус деп келді.

Бірақ медициналық зерттеулер" қалыпты" температура 36,8 градус, ол 36,2-ден 37,5 градусқа дейін өзгеретінін анықтаған. Мысалы жапондықтардың қалыпты температурасы 36 градус, австралиялықтар  мен  американдықтардың температурасы 37 градус.

        1724 ж. Фаренгейт өзінің температуралық шкаласын ұсынды. Шкала үш реперлік нүктеден тұрды. Бірінші нөлдік нүкте (мұз, су және аммоний хлориді қоспадан 1:1:1), ол температура 0°F (-17.78 °C).  Екінші нүкте 32°F мұздың еру температурасы, мұз бен  судың қатынасы 1:1 (0°C). Үшінші нүкте – адам денесінің қалыпты температурасы 96°F.Фаренгейт шкаласы  290 жыл қызмет атқаруда. 

 

         

II. Танымдық жүмыстар

2.1. Оқушыларды қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету: термометрлердің шығу тарихын, температуралық  шкалалар түрлерін білу; термометрмен жұмыс ережесі.

2.2 Қосымша әдебиеттер қолдану (аныктамалар, энциклопедиялар): 10 сынып физикасы; SPARK PS-2008A приборы,мәліметтерді жинау үшін жүйеге сезімталдығы жоғары датчик термометр. 

2.3.      Алгоритмді тапсырмаларды орындау: Кельвин шкаласынан Цельсий шкаласына ауысу немесе керсінше; термометр бөлік құнын анықтау.

2.4.      Жеке жұмыстар үшін тапсырмалар: Жасушалық тыныс

Температура өсіп келе жатқан тұқымдардағы жасушалық

тыныстың жылдамдығына қалай әсер етеді?  

        Тапсырманы орындауды түсіндіру

 Өсіп келе жатқан тұқымдардың жасушалық тынысының жылдамдығын зерттеуде Диоксид Көміртекке индикаторды пайдаланыңыз. Тапсырма сұрағына жауап беру үшін қол жетімді материалдарды пайдалана отырып, температураға әсер етіңіз.

         Белсендендіру кезеңінің сұрақтары:

Жылдың қай мезігілінде өсімдіктер тұқымының өсу үдерісі жүреді, бұл үдерісті қоршаған ортаның қандай жағдайлары белсендендіреді?

Көптеген өсімдіктер көктемде, күн ұзарғанда,  топырақ қызған кезде өсе бастайды.

Ауа райы мен климат ауыл шаруашылығы жұмысына қалай әсер етеді және фермерлер тұқымды отырғызумен айналысу керектігін қалай анықтайды?

Фермерлер тұқымды отырғызумен  күн ұзарған кезде, топырақ  қыза бастағанда, тұқымның өнуіне ықпал ететін жеткілікті су мөлшері болған кезде айналысулары керек.

Жасушалық тыныс алу туралы білетініңді ескере отырып, катализделінетін реакцияға температура қалай әсер ететініне түсіндіріңдер.

Тым төмен температура катализделетін реакцияны  бәсендетеді, жоғарырақ температура шағылыс жылдамдығын бір  бөлікке арттырады.

Төменірек температура жасушалық тыныс деңгейін азайтады және теориялық жағынан тұқымның өсуінің деңгейін бәсендетеді, өйткені дамудың бұл кезеңінде өсімдік энергиясы тек қана тұқым қабығында қол жетімді болады.

 

 

III. Бақылау-бағалау

3.1. Эвристикалық тапсырмалар (шығармашылық, конструктивті, зерттеу, шамалы күрделенген): Тер шығу қабілеті адамдар үшін маңызды бейімдеу болып табылады және шаршауға сынауда  жылдамырақ жануарлардан озуға мүмкіндік береді. Археологиялық зерттеулер садақ пен оқ сияқты алысқа ататын қарулар таралғанға дейін адамдар аңшылық кезінде өз олжасын өлгенше дейін қуған. Тер (тердің бөлініп шығуы), әсіресе, құрғақ ыстық ортада, әдетте басқа сүт қоректілерге тән сусыз және демікпестен ағзаның салқындықты сақтауына мүмкіндік береді. Келесі экспериментте судың және спирттің салқындау қабілеті бағаланады. Нұсқау беру.

1.   Деректер жинау жүйесі бойынша жаңа экспериментті бастау.

2.   Деректер жинау жүйесімен жылдам ықпал етудің температуралық қадағасын қосу.

3.   Уақыттың температура тәуелділігінің графигін суреттеу.

4.   Бір ыдысқа 50 мл, ал екіншісіне 50мл спирт құямыз.

1.Оқушылардан  тер шығарудың біздің ағзамыздың салқындауына не себепті көмектесетінін сұрау

2.                      Оқушылардан әрбір ерітінді буланып кеткен кезде не болатын болжауды сұрау. Оқушылардан (әрбіреуін жеке-жеке немесе топтарда) олардың болжамдарын суреттейтін графикті салуын сұрау. 

3.                      Бір оқушыны таңдап  алу, бір шынтақтың ішкі жағына кішкене су жағыңыз да, келесі шынтақтың ішкі жағына аз ғана спирт жағамыз. Оқушылардан өз байқағандары және  сезгендерімен бөлісуді сұраймыз. 

4.                      Қадағаны суға салыңыз, он секунд күтіңіз, содан кейін деректер жазбасын тіркейміз.

5.                      Екі секундтан кейін қадағаны судан аламыз да, температура тұрақтанғанда деректер жинағын тоқтатамыз. 

6.                      Спиртпен 4-5 қадамдарды қайталау.

7.                      Графигін аламыз.

8.Температурадағы          өзгерісті     және әрбір ерітінді       үшін өзгерістер жылдамдығын анықтаймыз. Нәтижелерін төмендегі  кестеде жазамыз. 

 

Сұйықтық

Бастапқы температура

Соңғы  температура

Температураның 

өзгеруі

Уақыттың  өзгеруі

Өзгеру 

жыламдығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тер шығару кезінде  спирт бөлінсе, қандай айырмашылықты

байқар едіңдер?

 

ІV.Үйге тапсырма: §2, №1 эт.

V. Сабақ қорытындысы: 18б. сұрақтарды талдау;   VI. Сабақты жүргізу барысы:

1.         Ұйымдастыру кезеңін өткізу 2.   Физикалық диктант.  

     корпускулалық деген сөздің мағынасы (латын тілінен аударғанда «кішкене дене»-бөлшек дегенді білдіреді)     жылулық қозғалыс деп

     броундық қозғалыстың себебі

     диффузия деп

     жылулық қозғалыстың механикалық қозғалыстан айырмашылығы

     диффузия құбылысы неге тәуелді

3.                 Жаңа тақырыпты түсіндіру

4.                 Сабақты бекіту

5.                 Оқушылардың білімін бағалау

6.                 Үйге тапсырма беру

 

Көрсетілім және деректер жинау: 

1.Оқушылардан  тер шығарудың біздің ағзамыздың салқындауына не себепті көмектесетінін сұрау

2.   Оқушылардан әрбір ерітінді буланып кеткен кезде не болатынын болжауды сұрау. Оқушылардан (әрбіреуін жеке-жеке немесе топтарда) олардың болжамдарын суреттейтін графикті салуын сұрау. 

3.   Бір оқушыны таңдап  алу, бір шынтақтың ішкі жағына кішкене су жағыңыз да, келесі шынтақтың ішкі жағына аз ғана спирт жағамыз. Оқушылардан өз байқағандары және  сезгендерімен бөлісуді сұраймыз. 

4.   Қадағаны суға салыңыз, он секунд күтіңіз, содан кейін деректер жазбасын тіркейміз.

5.   Екі секундтан кейін қадағаны судан аламыз да, температура тұрақтанғанда деректер жинағын тоқтатамыз. 

6.   Спиртпен 4-5 қадамдарды қайталау.

7.   График алу

8.Температурадағы өзгерісті және әрбір ерітінді үшін өзгерістер жылдамдығын анықтаңыз.  Оқушыларға  нәтижелері төменде көрсетілгендей кестеде көрсетеміз. 

 

Сұйықтық

Бастапқы температура

Соңғы температура

Температураның

өзгеруі

Уақыттың өзгеруі

Өзгеру жыламдығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талқылау үшін сұрақтар

1. Тер шығару кезінде  спирт бөлінсе, сіз қандай айырмашылықты байқар едіңдер?

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Жылу берілудің түрлері. Жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару. Сабақтың мақсат:  

Білімділік: Жылу берілудің түрлері жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығарумен танысады

Дамытушылық:   Жұмыс алгаритімі арқылы зерте жұмыстарын жүргізуге дағдыланды,  өз ара әрекетке түсу арқылы түйінді ойға келеді. 

Тәрбиелілік: Топта жұмыс істеу мәдениеті қалыптасады. Сабақтың негізгі әдісі: ЖИГСО -2 арқылы зерттеу

Сабақ тәсілі: Жоспар құру; зерттеу әдісі, постер, бағалау

Сабақты ұйымдастыру формасы: Топпен жұмыс

Дидактикалық материалдар: Үлестірме карточкалар; суреттер, бағалау парағы.

Қажетті құрал-жабдықтар: Fipchart - Activote құралы, интерактивті тақта,оқулық;тегі  әртүрлі үш металл стержень, спирт шамы, ермексазға жапсырылған шегелер, штатив, қысқыш, сіріңке,тегі  әртүрлі шыны, 2 металл стержень, суда мұзы бар пробирка, электр плиткасы, манометр,жылу қабылдағыш.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды қажетті мәліметтермен таныстыру.

А)   Сабақ басталғанға дейін:

              Кезекші мәліметін алу

              Кабинеттің және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Ә)  Оқушылардың көңіл –күйін сабаққа аудару (психологиялық дайындық 

Күзгі  күн мен түннің теңелуі)

Б) Сабақ өту кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау талаптарымен таныстыру(оның орындалуын қадағалап отыру)

В)   Физика пәніне қажетті дәптерге қойылатын бірыңғай талаптарды ескерту

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Тест fipchart - түсіндіру және өткізу

Бағалау: Бірін-бірі бағалау; Fipchart - Activote құралының көрсеткіші

ІІІ. А) Жаңа тақырыпқа дайындық

Т1 тапсырма

              Күнмен түннің теңелуіне ассоциация құрады

Білем, Білгім келеді, Үйрендім (ББҮ) бір бөлігін толтырады.

Бағалау: Өзін-өзі бағалау, мұғалім бағасы   

              Оқушыларды топқа бөледі

              Топ ережесін еске салады

              Бағалау парағын тартады және түсіндіреді

              Зерттеу кезіндегі ҚЕ-ін еске салады

Ә)  Жаңа тақырыпты  өз бетінше меңгеру

Білім міндеттерін өту кезеңдері

              Кітаппен жұмыс

№2 тапсырма

Т1.А1 тобы. Жылу берілудің түрі жылу өткізгіштігі.

Құрал жабдықтар: Тегі  әртүрлі үш металл стержень, спирт шамы, ермексазға жапсырылған шегелер, штатив,қысқыш,сіріңке.

1.                      Оқулықтың 27 және 28 бетін (І және ІІ, 20-21-суретті пайдаланыңдар) оқи отырып, берілген қажетті құралдар - жабдықтар көмегімен  жылу берілудің түрі жылу өткізгіштікке жоспар құру арқылы тәжірибе жасаңдар.

2.                      Жоспарды дәптерге жазыңдар.

3.                      Мына суреттерді пайдаланып, денелердің  жылу өткізгіштігін түсіндіріңдер:

 

 

Аңдарды жазда ыстықтан, қыста суықтан сақтайды          Қар астындағы күздік егін

 

1-кірпіш;  2- ағаш;  3- бетон;  4- үгінді         

 А – өткізгіштің салқын бөлігі   В - өткізгіштің ыстық бөлігі

 

T2.А2 тобы. Жылу берілудің түрі жылу өткізгіштігі.

Құрал жабдықтар: Тегі  әртүрлі шыны, 2 металл стержень, спирт шамы,шыны пробирка,суда мұзы бар пробирка,сіріңке

1.Оқулықтың 28-30 бетін (ІV және 22, 23, 24-суреттер) оқи отырып ,берілген қажетті құралдар - жабдықтар көмегімен  жылу берілудің түрі жылу өткізгіштікке жоспар құру арқылы тәжірибе жасаңдар.

2. Жоспарды дәптерге жазыңдар.

33. Мына суреттерді пайдаланып, денелердің  жылу өткізгіштігін түсіндіріңдер:

 

    

Аңдарды жазда ыстықтан, қыста суықтан сақтайды                 Қар астындағы күздік егін

1-кірпіш;  2- ағаш;  3- бетон; 4- үгінді          

А –өткізгіштің салқын бөлігі   В - өткізгіштің ыстық бөлігі

 

T2.В1 тобы. Жылу берілудің түрі конвекция

Құрал жабдықтар: вертикаль және горизонталь орналасқан желдеткіш, май шам, сіріңке

1.Берілген қажетті құралдар - жабдықтар көмегімен 32б (І) оқып және 26суретті пайдалана отырып, конвекция құбылысының жылу берілуге жоспар құру арқылы тәжірибе жасаңдар.

2.             Жоспарды дәптерге жазыңдар.

3.             Төмендегі мәтінді оқып шығып, күндізгі самал және түнгі самал кезіндегі ауаның ауысуын түсіндіріңдер:

 

 

Қазақстанның барлық өңірінде (әсіресе, жазық жерлерде) күшті желдер жиі болып тұрады, оның максимумы қыс айларына (40 - 45 м/с) және көктем мен күзге (20 - 35 м/с) келеді. Өте күшті желдер Каспий жағалауы және биік тау асулары мен аңғарларында байқалады. Дүниежүзілік желдер жіктеліміне Қазақстан аумағында тұрақты соғатын 23 жел тіркелген. Оларды Қазақстан бойынша мынадай аймақтарға бөледі: ашық далада (Жосалы, Сілеті, т.б.); шөл және шөлейт, үлкен ашық су қоймалары төңірегінде (Каспий теңізі, Балқаш, Алакөл көлдері, т.б.); тау аңғарларында және тау аралық өңірлерде («Жетісу қақпасы», «Шілік аңғары», «Жаңғызтөбе», «Қордай», т.б.); орташа биіктіктегі таулар мен қырқаларда («Ерейментау», «Ұлытау», «Қарқаралы», «Мұғалжар», т.б.) соғатын желдер. Жел арзан электр энергиясын өндіру, құдықтан су тарту, диірмен айналдыру, егін суару, т.б. үшін пайдаланылады. 

Алматы облысының Қытаймен шекаралас аймағындағы 40-ендікте, Еуразия мега бассейніндегі орасан зор ауа массасының көлемі ауысатын — Орталық Азиядағы «жел полюсі» деп аталатын Жетісу қақпасындағы желдің қуаты мол. 

Ол екі таудың ең тар жеріндегі (ені 10 – 12 км, ұзындығы 80 км) табиғи «аэродинамикалық құбыр» болып табылады. Қақпа Қазақстанның Балқаш – Алакөл ойпатын Қытайдың Ебінұр ойпатымен жалғастырады. Осы жердегі жел ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде оның электр энергиясын өндіруге өте тиімді екені анықталды. Қыс кезінде желдің соғатын бағыты оңтүстік, оңтүстікшығыстан болса, жаз айларында солтүстік, солтүстік-батыстан соғады. Желдің орташа жылдамдығы 6,8 – 7,8 м/с, ал жел электр стансалары 4 – 5 м/с - тен бастап энергия бере бастайды. Желдің қарама-қарсы бағытқа өзгеруі сирек болуына байланысты мұнда турбиналы ротор типті жел қондырғысын орнату тиімді. Желдің жалпы қуаты 5000 МВт-тан астам деп болжануда. Бұл өте зор энергия көзі, әрі көмір мен мұнайды, газды үнемдеуге, сонымен қатар қоршаған ортаны ластанудан сақтап қалуға мүмкіндік береді.

T2.В1 тобы.  Жылу берілудің түрі конвекция

Құрал жабдықтар: су бар колба, спирт шамы, сіріңке, бояу түйіршіктері

1.Берілген қажетті құралдар - жабдықтар көмегімен 33,34б (І) және 27суретті пайдалана отырып, конвекция құбылысының жылу берілуге жоспар құрыңдар

2.             Жоспарды дәптерге жазыңдар.

3.             Төмендегі мәтінді оқып шығып, күндізгі самал және түнгі самал кезіндегі ауаның ауысуын түсіндіріңдер:

 

 

 

Қазақстанның барлық өңірінде (әсіресе, жазық жерлерде) күшті желдер жиі болып тұрады, оның максимумы қыс айларына (40 - 45 м/с) және көктем мен күзге (20 - 35 м/с) келеді. Өте күшті желдер Каспий жағалауы және биік тау асулары мен аңғарларында байқалады. Дүниежүзілік желдер жіктеліміне Қазақстан аумағында тұрақты соғатын 23 жел тіркелген. Оларды Қазақстан бойынша мынадай аймақтарға бөледі: ашық далада (Жосалы, Сілеті, т.б.); шөл және шөлейт, үлкен ашық су қоймалары төңірегінде (Каспий теңізі, Балқаш, Алакөл көлдері, т.б.); тау аңғарларында және тау аралық өңірлерде («Жетісу қақпасы», «Шілік аңғары», «Жаңғызтөбе», «Қордай», т.б.); орташа биіктіктегі таулар мен қырқаларда («Ерейментау», «Ұлытау», «Қарқаралы», «Мұғалжар», т.б.) соғатын желдер. Жел арзан электр энергиясын өндіру, құдықтан су тарту, диірмен айналдыру, егін суару, т.б. үшін пайдаланылады. 

Алматы облысының Қытаймен шекаралас аймағындағы 40-ендікте, Еуразия мега бассейніндегі орасан зор ауа массасының көлемі ауысатын — Орталық Азиядағы «жел полюсі» деп аталатын Жетісу қақпасындағы желдің қуаты мол. Ол екі таудың ең тар жеріндегі (ені 10 – 12 км, ұзындығы 80 км) табиғи «аэродинамикалық құбыр» болып табылады. Қақпа Қазақстанның Балқаш – Алакөл ойпатын Қытайдың Ебінұр ойпатымен жалғастырады. Осы жердегі жел ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде оның электр энергиясын өндіруге өте тиімді екені анықталды. 

Қыс кезінде желдің соғатын бағыты оңтүстік, оңтүстік-шығыстан болса, жаз айларында солтүстік, солтүстік-батыстан соғады. Желдің орташа жылдамдығы 6,8 – 7,8 м/с, ал жел электр стансалары 4 - 5 м/с-тен бастап энергия бере бастайды. Желдің қарама-қарсы бағытқа өзгеруі сирек болуына байланысты мұнда турбиналы ротор типті жел қондырғысын орнату тиімді. Желдің жалпы қуаты 5000 МВт-тан астам деп болжануда. Бұл өте зор энергия көзі, әрі көмір мен мұнайды, газды үнемдеуге, сонымен қатар қоршаған ортаны ластанудан сақтап қалуға мүмкіндік береді.

T2.С1тобы. Сәулелену

Құрал жабдықтар: электр плиткасы,штатив,қысқыш, манометр,жылу қабылдағыш.

1.Берілген қажетті құралдар - жабдықтар көмегімен 36б (І) оқып және 30суретті пайдалана отырып,сәулелену құбылысының жылу берілуге жоспар құрыңдар.

2.   Жоспарды дәптерге жазыңдар.

3.   Сәулелену құбылысын түсіндіріңдер:

................    

 

 

T2.С2тобы. Сәулелену

Құрал жабдық: күн батарейкасы

1.Берілген қажетті құралдар - жабдықтар көмегімен 337,38б оқып сәулелену құбылысының жылу берілуге жоспар құрыңдар.

2.   Жоспарды дәптерге жазыңдар.

3.   Сәулелену құбылысын түсіндіріңдер:

................  

 

 

 

Бағалау: өзін-өзі бағалау      Білімдерін тексеру

№3 тапсырма

4.         Қосымша материалдар (Суреттер, жылу өткізгіштігін салыстыру кестесі) көмегімен А3 қағазға постер жасаңдар:

 

 

2. Сұрақтарға жауап беріңдер:

1.Бөлмедегі тас еден, ағаш еденге қарағанда суық?

2.Қазақы үйге киіздің қолдану себебі неде?

3.Неліктен көлдегі мұздың қатуы оның бетінен басталады?

4.Күннің әсерінен ылғал немесе құрғақ топырақтың қайсысы тез қызады? Неге?

Бағалау: Бірін-бірі бағалау  (1 топты 2 және 3 топ мүшелері,2 топты 3және 1 топ мүшелері, 3 топты 1 және 2 топ мүшелері  бағалайды). Білімдерін жинақтау

№4 тапсырма

Дайындаған постер  үлгісі бойынша өз ойларын жеткізу.

Бағалау : Мұғалім бағасы.қолдау, мадақтау   

ІV.Үйге тапсырма беру   П.5-7 (ауысып оқу), Қосымша П.8

VСабақ қорытындысы Жалпы сыныпты  және жекеленген оқушыларды бағалау.

ББҮ бір бөлігін толтырады.

VІ. Рефлексия 

             1.      Сабақтың қалай өткенін «Гүлдер әлеміне» көрсету

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ". Температураны өлшеу әдістері."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Политолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Температура. Температураны өлшеу әдістері.

Сабақтың басты мақсаты: Температураның физикалық    және дененің жылулық күйін сипаттайтын шама ретінде қарастыру.

Көрнекілік және оқытудың техникалық құралдары: Термометрлер түрлері; электрондық оқулық                                                                                       

Сабақтың кезеңдері:

Ұйымдастыру.

·        Сабақ басталғанға дейін кезекші мәліметін алу

·        Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау

·        Кабинет тазалығына көңіл бөлу

·        Оқушыларды сабаққа деген көңілдерін аудару

1.1. Проблемалық жағдайлар туғызу.Төмендегі  температуралардың қайсысы дұрыс?

Сау адамның қалыпты температурасы 309,6К немесе 36,60С, ал су 1000С немесе 2120F қайнайды. Табиғаттағы ең төменгі температура -273,150С-ге немесе 0К-ге тең.

1.2. Сабақтың міндеттері:

·        Температураның өзгеруіне байланысты болатын құбылыстар мен дененің ішкі күйінің өзгерісін білу;

·        Жылулық тепе-теңдік;

·        Термометрлердің түрлерімен танысу;

·        Термометр өлшеуіш прибор ретінде оның бөлік құнын анықтау;

·        Температура шкалаларын ажырата білу;

 

·        Термометрлердің шығу тарихын білу;

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 198 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.01.2015 2486
    • PDF 0 байт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Елеусизова Канифа Дархановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Елеусизова Канифа Дархановна
    Елеусизова Канифа Дархановна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12830
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по физике в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 568 человек

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансы и управление в медиакоммуникациях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов