Инфоурок / Биология / Рабочие программы / 11 - сынып "Медицина және биология"

11 - сынып "Медицина және биология"


библиотека
материалов

Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп.














Медицина және биология.

(Жаратылыстану-математика бағыты бойынша 11-сыныпқа

арналған қолданбалы курстың бағдарламасы .)



Бағдарламаны құрастырушы:

Жумагалиева Айнагул Елтаевна

















Аннотация.


Жұмағалиева А.Е. Медицина және биология. Орта мектептің жоғарғы сатысында жаратылыстану- математика бағытында оқитын 11-сынып оқушыларын бейінді бағдарлы оқытуға арналған қолданбалы курстың бағдарламасы.

Бұл бағдарламаның мәні заман талабына сай оқушылардың қызығушылық қабілетін,келешекте ие болуға тиісті мамандыққа бейімделуін қанағаттандыруда жүйелі,нақты білім беруге бағыттай алатындығы.

Бағдарламаның мазмұны медицина мен биологияны байланыстыра оқыту арқылы оқушылардың өзін-өзі тануы,медицина ғылымына деген қызығушылығын туғызу,кәсіптік бағытқа баулу халықтық медицина ғылымын дәстүрлі медицинамен байланыстыра отырып,пайдалана білуге баулу.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11- қазандағы №1459 Жарлығы бойынша бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сай саяси-идеялық мәні зор.Медицина және биология тақырыбындағы қолданбалы курстың құндылығы орта мектептің жоғарғы сатысында биологияны тереңдетіп оқытып жүрген мұғалімдерге сенімді,көмекші құрал бола алады.



























1.Бағдарламаны құрастырушы : Жұмағалиева Айнагул Елтайқызы.


2.Тақырыбы: Медицина және биология

3.Қолданбалы курс:


4.Түсінік хаты:

-Курстың мақсаты: Медицина мамандығын таңдап отырған оқушыларға биология ,медицина салалары,халық медицинасы, ұлттық емдеу тәсілдері жөнінде түсінік беру.

-оқытуды қажетті дәрежеде дараландыру,әрбір оқушының қызығу қабілетін анықтау үшін тиімді жағдай жасау.

-биология пәнін оқыта отырып, оқушыларға кездейсоқ оқиғалар кезіндегі алғашқы көмек түрлерін үйрету.

Бұл курс Елбасының алға қойып отырған бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясын іске асыру үшін білімді де білікті кадрларды даярлаудың алдыңғы сатысы, яғни бағдарлы оқыту бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыруда маңызды орын алады.

Міндеттері:

-оқушылардың жалпы дүниетанымын дұрыс қалыптастыруда биологиялық ұғымдарды, көзқарастарды,заңдылықтарды негізгі тірек ретінде пайдалану.

-биологиялық, медициналық заңдылықтарды түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра отырып,талапқа сай тәрбиелеу.



-Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар: Халық медицинасын оқып үйрену.Адамның дене мүшелерін,мүшелер жүйесін анық білу.Қазақстанның дәрілік өсімдіктерін, ұлттық емдеу тәсілдерімен танысу.

-оқытудың интерактивті тәсілдерін пайдалану.Оқушы өзінің белсенді пікірінде қаралып отырған мәселені шешудің ұсыныстарын айту.

-жеке,топпен ұжымдық жұмыстар атқара отырып,танымдылығын арттыру.

-биология, медицина мәселелері туралы ғылыми көпшілікке арналған және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау, интернет материалдарын пайдалану.

МЖМБС-қа сәйкес міндетті дайындық деңгейіне жетуін жүзеге асыру.

  • Пәнаралық кіріктіру:Биология,химия,медицина.

  • Биологияда адамның даму ерекшеліктері, ұрықтану, ұрықтың дамуы, нәрестенің дүниеге келуі, мүшелер жүйесі құрылысымен және дәрілік өсімдіктермен танысу.

  • Химияда химиялық элементтер,жасушаның химиялық құрамы. Бейорганикалық және органикалық заттардың ыдырауы. Жасушаның бөлінуімен ағзаның көбеюіне әсері.

  • медицинада адамның ұрпағын жалғастыруы,өзінің баласын дүниеге келтіріп,өсіруі, мүшелер ауруларын анықтау т.б.



  • Кәсіпке бағдарлау: Медицина мамандығы және биология пәні мұғалімі

мамандығын таңдап отырған оқушыларды диагностикалау нәтижесінде іріктеп, оқушылардан арнайы топ құрып,мамандыққа баулу бағытында оқыту.

- Уақыт көлемі : 9 ай.


- Сабақтың жиілігі: Аптасына 1 рет

5. Тақырыптың сағаттарға бөлінген мазмұны:

І тарау 8 сағат

II тарау 16 сағат

ІІI тарау 10 сағат


Медицина және биология.

(Күнтізбелік жоспар)


тарау

Тақырыбы

Сағат саны

Көрнекілік

тер

Ұйымдастыру формасы

Уақыты

1

І

Медицина атасы-медет пен сана

1

Конспект

Лекция


2


Денсаулық негізі-тазалық

1


Топтық оқыту


3


Гиппократ-медицина атасы.

1

1 сурет

Семинар


4


Дәрігер-жан арашашысы.

1


Жұптық оқыту


5


Анатомия-медицина ғылымдарының негізі.

1

2 сурет

Лекция


6


Ой еңбегінің физиологиясы.

1


Топтық оқыту


7


Ағза жұмысының реттелуі.

1


Лекция


8


Шаршау және еңбек жағдайы.

1


Сарамандық жұмыс


1

ІІ

Микроэлементтер және денсаулық

1

1 кесте

Топтық оқыту


2


Қауіпті дерт ( СПИД )

1

3 сурет

Лекция


3


Адам хромосомасы.

1

2 кесте

Топтық оқыту


4


Әркім өзінше дәрігер

1


Жұптық оқыту


5


Өзіңді өзің танып біл

1


Өзара оқыту


6


Медицина ғылымының салалары

1

Суреттер

Лекция


7


Стомотология тіс туралы ғылым

1

4 сурет

Сарамандық жұмыс


8


Лор-сыртқы сезім мүшелерін тексеретін дәрігер.

1

5 сурет

Топтық оқыту


9


Терапевт-бәріне машық.

1

6 сурет ,3 кесте

Лекция


10


Оташы үлкен жүректі адам.

1

7 сурет,4 кесте

Топтық оқыту


11


Гинеколог-ананың «Бибіфатимасы»

1

8 сурет

Лекция


12


Кардиолог.

1

9 сурет,5 кесте

Жұптық оқыту


13


Эндокринолог

1

6 кесте

Өзара оқыту


14


Уролог-бұйрек емшісі

1

10 сурет

Жұптық оқыту


15


Көзіңді сақта

1

11 сурет

Жұптық оқыту


16


Диетология

1

7 кесте

Семинар


1

ІІІ

Дәрілік өсімдіктердің тарихы.

1

Суреттер,кеппе шөптер

Сарамандық сабақ


2


Халық арасына көп таралған дәрілік өсімдіктер.

1

Суреттер

Лекция


3


Халық медицинасы.

1


Өзара оқыту


4


Халел Досмұхамедұлы-әскери дәрігер,ғұлама.

1

Қосымша

Топтық оқыту


5


Қазақ медицинасы майталмандары.

1

Суреттер

Топтық оқыту


6


Ұлттық емдеу түрлері.

1


Лекция


7


Жеті атаңнан қыз алма.

1

8 кесте

Өзара оқыту


8


Салауатты өмір жарқын болашақ.

1


Лекция


9


Тест ( сауалнама )

1


Бақылау


10


Жинақтап қорыту

1


Қортынды сабақ( баяндама қорғау)



Елбасының Қазақстан халқына жолдауында «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге қаблеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»-деп айрықша көрсетілгені мәлім.Бұл әрине,еліміздің алдында тұрған үлкен экономикалық,әлеуметтік және саяси мәселелерді нақтылы шешу жолындағы стратегиялық міндеттер болып табылады.Демек,бұл істерді атқарудағы жалпы орта білім беру мекемелерінің жүзеге асырар істері де ауқымды болмақ.Осыған байланысты Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарының негізгі ережелеріне сәйкес еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің жоғарғы сатысында бағдарлы оқыту енгізіліп отыр,.Бірнеше жылдан бері біздің мектебімізде 11-сыныптарда «Медицина және биология» қолданбалы курсын өткізіп жүрмін.Бұл курс медицина және биология пәндерін тереңдетіп оқытуға арналған бағдарлы оқыту, оқушылардың белгілі білім саласына тұрақты қызығуын қалыптастыру үшін ең алдымен,қоғамның әлеуметтік сұранысына медицина заңдылықтарын, биология ғылымының методикалық ұстанымдары мен жүйесіне,оқушылардың жас ерекшелігімен байланысты таным мүмкіндігіне сай жүзеге асырылады.Курс өте кең ауқымды пәнаралық байланыс негізінде (медицина,биология,химия,валеология) құрылып оқытылып жүр. «Медицина және биология» тақырыбындағы курс оқушыларға медицина салалары,халық медицинасы,ұлттық емдеу тәсілдері,адамның дене мүшелерін, мүшелер жүйесін анық білу.Қазақстанның дәрілік өсімдіктерін, ұлттық емдеу тәсілдерімен халық медицинасын оқып үйретеді.

Мысалы: «Гиппократ-медицина атасы»-тақырыбындағы сабақты өткенде лекция түрінде өткізіледі.Ол сабақты Гиппократ-көне Грецияда медицина саласын жан-жақты зерттеген ғалым және Гиппократ- анатомия ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ғалым және медицина мамандығын таңдаған оқушыларға Гиппократ антына адал болу керек екені түсіндіріледі. «Микроэлементтер және денсаулық» тақырыбын топтық оқыту арқылы өткізуге болады.Онда адам денсаулығының әр түрлі ауруларға төзімділігін,ұзақ өмір сүруін,жұмыс және шығармашылық іс-әрекеттерінің көптеген факторларға тәуелділігіне қарап оның тіршілік қабілеттілігінің деңгейін анықтауға болатындығын түсіндіру.Микроэлементтер көптеген ұлпалардың құрамында болады.Қаңқаның мықтылығы оның құрамындағы микроэлементтер фосфор мен калцийдің мөлшеріне тығыз байланысты.Фтор,стронций адамның тісінің мықты болуына әсер етеді.Ғалымдардың есептеулері бойынша көптеген микроэлементтер әртүрлі ауруларға ем болады.

«Қауіпті дерт»(СПИД) тақырыбын лекция,конференция түрінде өткізуге болады. Бұл аурудың ХХІ ғасырдың өзекті мәселелерінің бірі болып отырғанын, жер шарын жайлап бара жатырғанын,спид ауруының қоздырғыштарының ашылу тарихынын, инфекцияның берілу жолдарын,аурудан сақтану шараларын түсіндіру 3- суреттегі ауру адамның мүшесін көрсетіп оқушыларға бұл ауру жазылмайтынын түсіндіру.

«Адам хромосомасы»-тақырыбын топтық оқыту арқылы өтуге болады.Онда адамдағы хромосомалар саны.Адамның генетикалық белгілерін жыныстық хромосомалар және олардың гендері,генетикалық аурулар туралы,адам генетикасы және оның әдістері туралы.Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары,медициналық генетика туралы, генетикалық әлеуметтік проблемаларды,негізгі генетикалық ұғымдарды түсіндіру және тұқым қуалайтын фенилнетонурия,альбинизм,гоше,алоссемия,анемия т.б аурулармен таныстырамын.

«Әркім өзінше дәрігер»- тақырыбын жұптық оқыту формасы арқылы өткізуге болады.Әр адам өзін-өзі тануға,өзін-өзі қалыптастыруға дағдыландыру және кездейсоқ оқиғалар негізіндегі алғашқы көмек көрсетуге даяр болуға үйретемін.

«Стомотология-тіс туралы ғылым».Бұл тақырыпты сарамандық жұмыс түрінде 4-суретті пайдала отырып өткізуге болады.Тіс құрлысының күрек тіс(8),ит тіс(4),азу тіс(20) екендігін оқыту.Әркім өз тістерін қалай күтеді сол жөнінде пікір таластырады,өз пікірлерін айтады.

«Лор-сезім мүшелерін тексеретін дәрігер» тақырыбындағы сабақты 5-суретке сүйене отырып топтық оқыту арқылы ұйымдастыруға болады. Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі мұрында кездесетін аллергиялық реакциялардан болатын аурулар,оларды емдеу,болдырмау әдістерін үйрету.

«Оташы-үлкен жүректі адам» тақырыбын 7-сурет,4-кесте арқылы оташының жұмысынын ағзадағы әртүрлі хирургиялық аурулармен таныстыру,оны емдеу жолдары.Оташының жұмысының қиын тұстары оқытылады.

« Гинеколог-ананың «Бибіфатимасы.»»- тақырыбын лекция,жұптық оқытуды 8-сурет арқылы өткізуге болады. Адамның даму ерекшеліктерін,ұрықтану.ұрықтың дамуы,нәрестенің дүниеге келуі,адамның ұрпағын жалғастыруы,өзінің баласын дүниеге әкеліп өсіруін түсіндіру.

«Кардиолог»-тақырыбын топтық оқыту арқылы түсіндіруге болады.9-сурет,5-кестелерді пайдалана отырып, жүрек құрылысын,жүрек жұмысын,жүрек жұмысының қалай реттеліп отыратындығын,жүрек ауруларын емдейтін кардиолог дәрігер екені және соңғы кездердегі жүрек

қан тамырлары ауруларының көбейіп кетуін,оларды болдырмау үшін әрбір адам өзі жұмыстануы керек екендігі оқытылады.Гипертония,жүрек стенокардиясы,жүрек инфарктісі,ревматизм сияқты аурулармен таныстырылады.

«Халық арасында көп таралған дәрілік өсімдіктер», «Дәрілік өсімдіктердің тарихы»-тақырыптарында жергілікті жерде кездесетін дәрілік өсімдіктермен суреттер,кеппе шөптер арқылы таныстыру.Бұл тақырыптарды сарамандық сабақ түрінде өткіздім.Емдік қасиеті бар жабайы және мәдени өсімдіктерге олардың химиялық құрамына,қалай,қандай ауруларға қарсы қолданылатындығына сипаттама беріп түсіндіріледі.Кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасиеттері болады.Сондықтан пайдаланатын дәрілік өсімдіктердің толық қасиеттерін білмей пайдалана беруге болмайды.

Зерттеулер нәтижесінде көптеген өсімдіктер халық медицинасынан ғылыми медицинаға көшірілді.Мысалы:байқаудан өткен, жүрек қан тамыры ауруларына қарсы қолданылып жүрген препараттардың 80 пайыздан астамы дәрілік өсімдіктерден алынғаны туралы түсініктер беріледі.

«Халық медицинасы» -тақырыбын өзара оқыту арқылы ұйымдастырдым.Халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар қоғамның рухани,мәдени адамгершілік дүниесіндегі қымбат қазыналардың бірі.

Болжау дегеніміз –халық өміріне көне заманнан келе жатқан,салт-санаға терең сіңген қасиет,ерекшелік.Атақты грек тарихшысы Геродот біздің ықылым замандағы бабаларымыздың скифтердің (яғни сақтардың)болжам жасауғағ бал ашуға ерекше көңіл бөлетіні туралы жазған.

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» сияқты шығармалары халық медицинасының мәнін түсіндіреді.

«Жеті атаңнан қыз алма»-тақырыбында қазақтың салт дәстүрлерінің медицинамен байланыстылығын түсіндіру.Биологияда тұқым қуалау белгілерінің заңдылықтарын,тіркесіп тұқым қуалау,жыныстық хромосомалар және оладың гендері,тұқым қуалаушылықпен өзгергіштікті қазақ халқы ерте кезден ген ұғымын білмей –ақ тұқым қуалайтын белгілерге баса назар аударып,олардың ұғымында «тек», «тектілік» деген ұғымдар қалыптасқан.

Соңғы кездерде медицинаның шарықтап даму нәтижесінде дәлелденген заңдылықтардың қазақ халқының салт – дәстүлері ұғымдарымен сай келетіндігін түсіндірдім.

«Салауатты өмір –жарқын болашақ» -тақырыбын лекция,конференция түрінде өткізуге болады.

Қазіргі жасөспірімдер арасында зиянды заттарды пайдалану кең өріс алуда.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстандықтарға жолдаған «Қазақстан-2030» бағдарламасында халықтың салауатты өміріне ерекше көңіл бөле келе оған қол жеткізуіміздің үш бағытын көрсетті:

  1. темекі шегуді тоқтату,

  2. нашақорлыққа қарсы күрес,

  3. маскүнемдікке қарсы күрес.

Сабақта мынадай мақсаттар қоюға болады.

  1. Оқушылардың бойында зиянды әдеттерге ішімдік,нашақорлық,темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру.

  2. Маскүнем ата-анадан туған балалардың ұмытшақ,алаңғасар,халқымызға пайдасыз болып өмірге келетінін тусіндіру.

Біздің мақсатымыз:дені сау,салауатты жаны таза ,қоғамға пайда келтіретін ұрпақ тәрбиелеу екендігін оқыту.


6. Курсты ұйымдастыру формасы: семинар, өзара оқыту,топтық оқыту,жұптық оқыту, лекция, практикалық жұмыстар,сауалнама.

Курска кіру сауалнамасы.

1.Аты-жөніңіз,жасыңыз

2.Медицинаның қандай салаларын білесің ?

3.Биология нені зерттейді?

4.Медицина және биологияның мақсаты туралы қандай мәлімет білесіз?

5.Медицина мен биологияның өзіндік жетістіктерін қандай деп ойлайсыз?

6.Медицина мен биологияның болашағы жайлы көзқарасыңыз.

7.Медицина саласында маман боламын дегенге сенімдісіз бе?(биология саласындағы маман)

8.Не үшін бұл мамандықты таңдадыңыз?

9.Қоршаған орта,медицина және биологияның ортақ мәселелері.

10 «ХХI-ғасыр биология,медицина және генетика ғасыры»дегенді қалай түсінесіз?

7. Курсты оқытуды аяқтау формасы: баяндама,реферат,сауалнама.


Қорытынды сауалнама.


1.Көне Грецияда медицина саласын жан-жақты зерттеген ғалым.

а) Әбу Әли ибн Сина

ә) Әбу Насыр әл-Фараби

б) Гиппократ

2.Анатомия нені зерттейді?

а) Адам

ә) Өсімдік

б)Жануар

3.Адам ағзасындағы микроэлементтер.

а) күкірт,кальций,хлор

ә) йод,мыс,фтор

б) оттек,көміртек,сутек

4.Қанша қан топтары бар?

а) 5

2) 2

3) 4

5.Адамдағы хромосома саны.

а) ә) 46б) 45

6.Инсулин гармоны жетіпегенде болатын ауру.

А) тұмау

ә) қант диабеті

б) анемия

7.Ішкі секреция бездерінің ауруларын емдейтін дәрігер.

а) эндокринолог

ә) кардиолог

б) терапевт

8.Ортаңғы құлақтың сүйекшелері.

а) 5

ә 2

б 3

9.Микробтар мен бөгде бөлшектердің сіңірілуі.

а) фагоцитоз

ә) фагоциттер

б) бактериоз

10.Қан ұйымайтын ауру.

а) анемия

ә) ревматизм

б) гемофилия

11.Организмнің ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті.

а) иммунитет

ә) фагоцитоз

б) ИТИС.

12.Жүректің бұлшық етті қабаты.

а) миокард

ә) эпикард

б) эндокард

13.Ересек адамдардағы тіс саны

а) 31

ә) 32

б) 28

14.Адам ағзасындағы ең үлкен ас қорыту безі.

а) бауыр

ә) ұйқы безі

б) қалқанша безі

15.Тамақты дұрыс пайдалану туралы ғылым.

а) анатомия

ә) диетология

б) физиология

16.Адам организміне өзгеріссіз сіңірілетін зат

А) көмірсу

ә) минералды тұздар

б) су


17.сүйек құрамына кіретін элемент.

а) кальций ,натрий

ә) кальций,фосфор

б) темір,йод

18.Адам ағзасындағы бүйректің саны.

А) 4

ә) 2

б) 3

19.Ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым.

а) анатомия

ә) эмбриология

б) генетика

20.Көз алмасы неше қабаттан тұрады.

а) 4

ә) 5

б) 3

21.Адамның жеке дамуы.

А) онтогенез

ә) филогенез

б) эмбриогенез

22.Сперматозоидпен жұмыртқа жасушасының қосылуы

А) зигота

ә) эмбрион

б) онтогенез

23.Оқушының саулығы еңбегінің авторы.

А) Х.Досмұхамедұлы.

ә) Гиппократ

б) И.П.Павлов.

24.Тұқым қуалайтын өзгергіштік

а) мутациялық

ә) модификациялық

б) физиологиялық

25.Адам ағзасының өсуі мен дамуы неше кезеңді ажыратады?

а) 2

ә) 3

б) 5

8. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі: зачет,оқушылардың дайындық деңгейінің стандартта көрсетілген міндетті талаптарға сәйкестігі туралы «меңгерді» немесе «меңгермеді» деген белгілер қойылады.

9. Күтілетін нәтиже:

-Оқушының жеке тұлғалық сипатын анықтау,оларды кәсіпалды дамыту,пән олимпиадасына қатыстыру,жоба қорғау.өзін-өзі бағалау,ҰБТ-де жоғарғы сапа көрсету.

-Танымдық іс әрекеті,тапқырлығы артады,қызығушылығы оянады.

-Жоғары деңгейдегі оқу дағдылары дамиды,ізденеді,ойларын жеткізеді.

-Жаңа ұғымдардың мәнін дұрыс түсінеді,орынды қолдану біліктілігі артады.



10.Нәтиже.

Бұл қолданбалы курс бағдарламасын 2006- жылдан тәжірибеге енгізіп,оқытып келемін.Жұмыс өз жемісін беріп жүр.

2007-2008 оқу жылында ҰБТ-де биология пәнін 13 оқушы таңдап, бірнешеуі медицина мамандығы бойынша білім алып оқып жатыр.

2008-2009 оқу жылында ҰБТ-де биология пәнін таңдаған 12 оқушының үшеуі медициналық институтқа түсті, оның екеуі грант иегері және екі оқушы медициналық колледжіге оқуға түсіп,оқу грантына ие болды.ҰБТ бойынша биология пәнінің сапасы 67 %.

2009-2010 оқу жылында 15 оқушы биология пәнін таңдап,болашақта медицина дәрігерлері ,мейірбеке және биология пәні мұғалімі мамандығын таңдап отыр.


Оқу жылы

2007-2008

2008-2009

2009-2010

ҰБТ сапасы

62%

67%

81%

Оқу сапасы

59%

70%

70%

Үлгерім

100%

100%

100%






hello_html_473a5902.gif

11. Ұсынылатын әдебиеттер:

Мұғалімдер үшін:


1.Б.В.Петровский. Популярная медицинская энциклопедия. Советская энциклопедия.1989 .

2.Ә.Іскендіров.Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Қазақстан. 1982.

3.М.С.Гиляров. Биологический энциклопедический словарь.

4.Биология және салауаттылық негізі . (Ғылыми-педагогикалық журнал.)

5.Денсаулық..(Республикалық ғылыми-көпшілік журнал.)

6.Б.Х.Хабижанов,С.Х.Хамзин. Балалар аурулары. Білім. 1997 .

7.Е.Оразақов. Дәрігерлік кеңес. Қазақстан. 1967 .

8.Мұсақұлов. Биология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.

9.Президент жолдауы.

10. «Жалпыға міндетті білім беру және бейіндік оқуға дайындау тұжырымдама жобасы»,2006


Оқушылар үшін:

1.Б.А.Кузнецова. Биология. Высшая школа.1975.Москва.

2.М.Гильманов,А.Сартаев. Жалпы биология. Алматы. 2006.

3.Ә.Іскендіров.Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Қазақстан. 1982.

4.Денсаулық..(Республикалық ғылыми-көпшілік журнал.)

5.Мұсақұлов. Биология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.

6.Қ.Р. Білім заңы 2007.

7.2015 жылға дейінгі стратегиялық Білім бағдарламасы.

8.Қ.Р мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты,2006.

9. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы.

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

                                           Аннотация.

 

   Жұмағалиева А.Е.  Медицина және биология.  Орта мектептің жоғарғы сатысында жаратылыстану- математика бағытында  оқитын 11-сынып  оқушыларын бейінді бағдарлы оқытуға арналған қолданбалы курстың бағдарламасы.

   Бұл бағдарламаның мәні заман талабына сай оқушылардың қызығушылық қабілетін,келешекте ие болуға тиісті мамандыққа бейімделуін қанағаттандыруда жүйелі,нақты білім беруге бағыттай алатындығы.

   Бағдарламаның мазмұны медицина мен биологияны байланыстыра оқыту арқылы оқушылардың өзін-өзі тануы,медицина ғылымына деген қызығушылығын туғызу,кәсіптік бағытқа баулу  халықтық медицина ғылымын дәстүрлі медицинамен  байланыстыра отырып,пайдалана білуге баулу.

   Қазақстан Республикасы  Президентінің 2004 жылғы 11- қазандағы №1459 Жарлығы бойынша бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сай саяси-идеялық мәні зор.Медицина және биология тақырыбындағы қолданбалы курстың құндылығы орта мектептің жоғарғы сатысында биологияны тереңдетіп оқытып жүрген мұғалімдерге сенімді,көмекші құрал бола алады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Общая информация

Номер материала: 385288

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG