Инфоурок Школьному психологу Конспекты11 - сынып оқушыларына арналған тренингтер

11 - сынып оқушыларына арналған тренингтер

Скачать материал

 

Психологиялық ойын

 

Өткізген: Мектеп психологы

 

Тақырып атауы: «Періште ойыны»

 

Мақсаты: Оқушыларды достық қарым-қатынасқа, бір-бірін сыйлауға, қамқор болуларына, қиналғанда қол ұшын беруге, бірлікпен пен татулыққа баулу мақсатпен жүргізілетін ойын түрі.

Құрал –жабдық: қағаз, қалам

 

Ұйымдастыру кезеңі:   

Оқушылармен сәлемдесу.

Көңіл-күйлерін сұрау.

Ойын ережесі

-         бір-бірін тыңдау

-         уақыт үнемдеу

-         белсенділік таныту

-         достық қарым-қатынас

-         жағымды эмоция тудыру

 

Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.

 Оқушылар өз аттарын және өзіне тән мінез ерекшелігін айтып шығады

 

Барысы:  

 

          Ойынға барлық оқушы қатысады. Кішкентай қағаздарға оқушылардың атын жазып, бүктеп жасырамыз, бүктеген қағаздарды әр оқушы бір-бірден алады және оны ешкімге айтпай, құпия ұстауы керек. Өйткені ол сол адамның періштесі болады,  ойын оқу жылының аяғына дейін жүреді, сол аралықта құпия періште таңдаған қағазындағы адамды әр қашан қорғап, оған жақсы көңіл-күй сыйлап, қиналғанда қол ұшын беріп, сыйлықта сыйлап тұруға болады.

 

Қорытынды: Оқушылар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, бір-бірлеріне жақсы көңілдерін, тілектерін білдіріп, сабақты аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Психологиялық тренинг

 

Өткізген: Мектеп психологы

 

Тақырып атауы: «Өзімізді тану, бір-бірімізге қуаныш сыйлау»

 

Мақсаты: Оқушыларды достық қарым-қатынасқа, бір-бірін жақыннан танып-білуге, сыйлауға, көмектесуге шақыру, достық сезімдерін ояту мақсатымен жүргізіледі.

Құрал –жабдық: қағаз, қалам

Ұйымдастыру кезеңі:  

Оқушылармен сәлемдесу.

Көңіл-күйлерін сұрау.

Ойын ережесі

-         бір-бірін тыңдау

-         уақыт үнемдеу

-         белсенділік таныту

-         достық қарым-қатынас

-         жағымды эмоция тудыру

Барысы:

Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.

 Оқушылар өз аттарын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айады.

Мысалы: - «Өмірдің ағымынан қалмау»

-         «Ешқашанда білмеймін демеу»

-         «Қасымдағыларға көмектесу, қуаныш сыйлау»

-         «Биік шыңға ұмтылу»

Аутоагентті жаттығу.

Тренингке барлық оқушы қатысады.

Оқушыларға мінез туралы ақпарат беру

Оқушылар жұпта жұмыс жасайды (бір-бірлерінің жағымды әрі жағымсыз мінез ерекшелігін айтады)

 Ойынның шарты оқушыларға бір парақ ақ қағаздар таратылады. Таратылған ақ қағазды оқушылар скочтың көмегімен арқаларына жапсырады. Арқаларындағы жапсырылған ақ қағазға бір-бірлерінің бойындағы жағымды және жағымсыз мінез ерекшелігін  және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан дөнгеленіп отырып, арқаларындағы қағазды алып оқиды. Қағазды жыртпай, өздеріне естелікке қалдырады.

Қорытынды:  Оқушылар өз бойларындағы жақсы қасиеттерін мақтан тұтып, жаман қасиеттерін жоямыз деп бір-бірлеріне уәде береді және тілеген тілектеріміз орындалсын деп хошемет көрсетіп (қол соғып) тренингті аяқтаймыз.      

 

 

 

 

 

 

 

Психологиялық тренинг

 

Өткізгендер: Мектеп психологы,

 

Тақырып атауы: «Әр қашан күн сөнбесін»

Мақсаты: Оқушыларды өзін-өзі ұстай білуге, кез келген кедергіден шыға білуге, бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайтып  көмек көрсуге шақыру мақсатпен жүргізіледі.

Құрал –жабдық: қағаз, қалам, түрлі-түсті қарындаштар.

Ұйымдастыру кезеңі:  

Оқушылармен сәлемдесу.

Көңіл-күйлерін сұрау.

Төрт топқа стол дайындау

Барысы:

-          Барлық оқушыларды дөңгелетіп тұрғызамыз,бүгінгі біздің тренингіміздің тақырыбы : «Әр қашан күн сөнбесін» деп аталады. Оқушыларға қағаз таратылады, бүгінгі тренингтен не күтесіндер? оқушылар қағазға жазып, тақтаға жапсырады

-          Тренинг ережесімен таныстырамыз.

-          Таныстырған ережелерді тақтаға ілеміз

Тренинг ережесі:

-          бір-бірін тыңдау

-          уақыт үнемдеу

-          белсенділік таныту

-          достық қарым-қатынас

-          жағымды эмоция тудыру

I-жаттығу. Әр оқушы өз атын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады.

Мысалы: - «Өмірдің ағымынан қалмау»

-          «Ешқашанда білмеймін демеу»

-          «Қасымдағыларға көмектесу, қуаныш сыйлау»

-          «Биік шыңға ұмтылу»

II-жаттығу. Сұрақ. 1. Күн деген сөзді айтқанда көз алдынызға не елестейді? (Әрбір оқушы өз ойларын айтып шығады)

Оқушыларды төрт топқа бөлеміз. 1. жаз, 2. күз, 3. қыс, 4. көктем

Оқушыларға қағаз таратылады, қағазда «Күн шуағын төгіп...» деген аяқталмаған сөйлемді аяқтайды, сол қағазға күннің суретін салады.

Салған суретін артына аты жөндерін жазып, тақтаға іледі.

III-жаттығу. «Саяхат» ( экскурция ) ойыны. Әр топтан бір оқушыдан аламыз, 1-топтан журналист, 2-топтан экскурсовет, 3-топтан жүргізуші, 4-топтан фотогроф аламыз, қалғандары қыдыруға келген қонақтар болады. Журналист, экскурсовет, жүргізуші, фотогроф әр қайсысы өз жұмыстарын істеп, қонақтарды көрмеге (суреттер ілінген тақтаның алдына) алып келеді.

Салынған суреттерге қарап мұғалім анықтама береді.

Оқушылар қайтадан дөңгеленіп орындарына тұрады. (өз рольдерінізді жақсы ойнап шықтыңыздар деп бір-біріне қошемет көрсетіп, қол соғамыз)

 

Аутоагентті жаттығу (ауто тренинг) «Кірпіш»

Көздерін жұмып, денелерін бос ұстауы қажет, екі қолымен бар күшімізді салып итереміз. Жаттығуды үш рет қайталайды.

 

Қорытынды: Оқушылар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, бір-бірлеріне жақсы көңілдерін, тілектерін білдіріп сабақты аяқтаймыз.

 

 

 

 

Психологиялық тренинг

 

Өткізгендер: Мектеп психологы

 

Тақырып атауы: «Әр қашан күн сөнбесін»

Мақсаты: Оқушыларды өзін-өзі ұстай білуге, кез келген кедергіден шыға білуге, бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайтып  көмек көрсуге шақыру мақсатпен жүргізіледі.

Құрал –жабдық: қағаз, қалам, түрлі-түсті қарындаштар.

Ұйымдастыру кезеңі:  

Оқушылармен сәлемдесу.

Көңіл-күйлерін сұрау.

Төрт топқа стол дайындау

Барысы:

·         Барлық оқушыларды дөңгелетіп тұрғызамыз,

бүгінгі біздің тренингіміздің тақырыбы : «Әр қашан күн сөнбесін» деп аталады. Оқушыларға қағаз таратылады, бүгінгі тренингтен не күтесіндер? оқушылар қағазға жазып, тақтаға жапсырады

  • Тренинг ережесімен таныстырамыз.
  • Таныстырған ережелерді тақтаға ілеміз

Тренинг ережесі:

-          бір-бірін тыңдау

-          уақыт үнемдеу

-          белсенділік таныту

-          достық қарым-қатынас

-          жағымды эмоция тудыру

I-жаттығу. Сұрақ. 1. Күн деген сөзді айтқанда көз алдынызға не елестейді? (Әрбір оқушы өз ойларын айтып шығады)

Оқушыларды төрт топқа бөлеміз. 1. жаз, 2. күз, 3. қыс, 4. көктем

Оқушыларға қағаз таратылады, қағазда «Күн шуағын төгіп...» деген аяқталмаған сөйлемді аяқтайды, сол қағазға күннің суретін салады.

Салған суреттің артына аты жөндерін жазып, тақтаға іледі.

II-жаттығу. «Саяхат» ( экскурция ) ойыны. Әр топтан бір оқушыдан аламыз, 1-топтан журналист, 2-топтан экскурсовет, 3-топтан жүргізуші, 4-топтан фатогроф аламыз, қалғандары қыдыруға келген қонақтар болады. Журналист, экскурсовет, жүргізуші, фатогроф әр қайсысы өз жұмыстарын істеп, қонақтарды көрмеге (суреттер ілінген тақтаның алдына) алып келеді.

Салынған суреттерді өз ойларымен бағалап, орын береді.

Салынған суреттерге қарап мұғалім анықтама береді.

Оқушылар қайтадан дөңгеленіп орындарына тұрады. (өз рольдеріңізді жақсы ойнап шықтыңыздар деп бір-біріне қошемет көрсетіп, қол соғамыз)

 

Аутоагентті жаттығу (ауто тренинг) «Кірпіш»

Көздерін жұмып, денелерін бос ұстауы қажет, екі қолымен бар күшімізді салып итереміз. Жаттығуды үш рет қайталайды.

 

Қорытынды: Оқушылар бүгінгі өткен сабақ жайлы өз ойларын «кілм тоқу» әдісімен өтеді (бір-бірлеріне жіп шетін ұстату арқылы) тоқыған кілемді жерге қойып оқушылар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, бір-бірлеріне жақсы көңілдерін, тілектерін білдіріп сабақты аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

Психологиялық сабақ

Зерттелген: Мектеп психологы

Тақырыбы: «Дос іздеу»

Мақсаты: Қатысып  отырған оқушылардың өз ойларын ашу. Қарым-қатынас жасауға көмектесу. Қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру.

Құрал жабдықтар: қағаз қалам

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу

Көңіл-күйлерін сұрау

Барысы:

Ең алдымен оқушыларды сабақтың ережесімен таңыстыру:

-          бір-бірін тындау

-          уақыт үнемдеу

-          белсенділік таныту

-          достық қарым-қатынас

-          жағымды эмоция тудыру

Ережелерді оқушылар хормен оқиды, жазылған ережелерді тақтаға ілеміз.

Оқушылар дөңгеленіп тұрып, өз аттарын айтады және қасындағыға адамға жағымды көңіл күй білдіреді (тілек айтады)

Оқушыларды IV-топқа бөлеміз. (күн, ай, жұлдыз, аспан болып 4-ке бөлінеді) және топпен столға отырады.

I-жаттығу: «Ойға шабуыл» әдісі.Оқушыларға сұрақ: «Дос» сөзін қалай түсінесің?

(Оқушылар пікірі)

Психолог:

-Сонымен достар! Біз досқа сенеміз,досты  сатпаймыз ,көмктесуге, көңіл білдіруге әрқашан дайынбыз.  Біз досымызға өз құпиямызды сене аламыз. Өздерің ойлап көрдіңдер ме? «Дос»-деген мағынаға ие бола аласың ба? Сіз қалай ойлайсыз? Сізді сенімді дос деп санайды ма?

ІI. Тақырып бойынша жұмыс:

Оқушыларға аяқталмаған сөйлемді жалғастыру ұсынылады.(парақ таратылады) Тақтада сөйлемнің басы жазылған:

Ашық айтқанда, маған әлі қиын...

Ашық айтқанда, мен үшін өте қымбат...

Ашық айтқанда, маған ұнамайды...

Ашық айтқанда, мен қуанамын...

Психолог:

-Біз бәрінебіз барлық адамға ойымызды  ашық айта аламыз ба?

-Қолдарыңды көтріңдер, кімде сенімді дос бар?

ІІI.Хабарландыру «Дос іздеу».

Психолог:

-Әр адамға әрқашанда дос керек. Достары болмағанда ,онда адам оларды табуға тырысады. Қазір көптеген газет-журналдарда хабарландырулар басылып, өзіне дос немесе бірге болатын адам табуға тырысады. Біз де барынша сіздермен қосылып,

хабарландыру жазамыз. Оның аты «Дос іздеу».

-Сіз өзіңіз жөнінде мәлімет бере аласыз өзіңіз немен айналысатыныңызды жазуға болады.

Хабарландыру жиналып  алынады, одан кейін оқылады.Оқушылар хабарландыруды кім жазғанын табады. Егер оны тапса, онда қосымша автордың жақсы жақтарын көрсетеді.

ІV. Талдау.- өз ойын ашық  айту оңай ма? - Өзің туралы жазу оңай ма?

V.Үй тапсырмасы. Оқушыларға «Мен кіммін, болашақта мен кім болғым келеді» деген тақырыпта өз портретін салу ұсынылады.

 

Қорытынды: Оушылар бүгінгі сабақ жайлы өз ойларын айтып, қолдарынан ұстап тілек йтып сабақты аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "11 - сынып оқушыларына арналған тренингтер"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по взаимоотношениям

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырып атауы: «Періште ойыны»

 Мақсаты: Оқушыларды достық қарым-қатынасқа, бір-бірін сыйлауға, қамқор болуларына, қиналғанда қол ұшын беруге, бірлікпен пен татулыққа баулу мақсатпен жүргізілетін ойын түрі.

Тақырып атауы: «Өзімізді тану, бір-бірімізге қуаныш сыйлау»

 

 

Мақсаты: Оқушыларды достық қарым-қатынасқа, бір-бірін жақыннан танып-білуге, сыйлауға, көмектесуге шақыру, достық сезімдерін ояту мақсатымен жүргізіледі.

Тақырып атауы: «Әр қашан күн сөнбесін»

 

Мақсаты: Оқушыларды өзін-өзі ұстай білуге, кез келген кедергіден шыға білуге, бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайтып  көмек көрсуге шақыру мақсатпен жүргізіледі.

Тақырып атауы: «Әр қашан күн сөнбесін»

 

Мақсаты: Оқушыларды өзін-өзі ұстай білуге, кез келген кедергіден шыға білуге, бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайтып  көмек көрсуге шақыру мақсатпен жүргізіледі.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 839 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.06.2015 9205
    • DOCX 59.5 кбайт
    • 62 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Беспаева Жамал Кудайбергеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 32803
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Базальная стимуляция и развивающий уход - современные подходы в работе с детьми с тяжелыми множественными нарушениями развития (ТМНР)

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек

Курс повышения квалификации

Компьютерная зависимость детей школьного возраста и способы психологической помощи при выходе из психологической зависимости

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 83 человека

Курс повышения квалификации

Утрата во взрослом и детском возрасте. Организация работы на разных этапах горевания

36/72/108 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Уникальный образ как педагога: основные принципы позиционирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Основы управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов, критиков и общественных деятелей

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе