Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ – БАСТАУЫШ БУЫНДА. (Баяндама)

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ – БАСТАУЫШ БУЫНДА. (Баяндама)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ – БАСТАУЫШ БУЫНДА

Шатекова Қ.Т.

бастауыш сынып мұғалімі

Бұрма орта мектебі

Тәуелсіз еліміздің көшін болашаққа жетелейтін негізгі күштің бірі-білім. Ал елдің ертеңі-терең білімді, ой-өрісі мен таным –түсінігі биік, халқын ардақтай алатын, Отанын қадірлеп, қастерлейтін жас ұрпақтың қолында. Сондықтан да тәуелсіз мемлекетіміздің білімі мен ғылымының дамуы үшін дүниежүзілік білім, кеңістігіне ену-бүгінгі күннің басты міндеті.

Қазақстанға  әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болу үшін білім жүйесінің  жаңа үлгісін жасау қажет. Ал білім беруді модернизациялаудағы ең басты жаңалық -12 жылдық білім беру жүйесіне көшу. 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына арналған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауында да «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. 2015 – 2020 жылдарда біз оқытудың 12 жылдық модельіне толық көшетін боламыз» деп айқындап берді. Елімізде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу үшін 2003 – 2004 жылдан бері тәжірибе жүргізіліп келеді. Бұл жүйесінің әдістемелік негізі зерттеліп, тұжырымдасы жасалды. Кадрлер 12 жылдық білім беруге дайындық білім жетілдіру курстары ұйымдастырылуда. 12 жылдық білім беру жүйесін құру – уақыт талабы мемлекеттің 2010 жылғы дейінгі «Білім беру стратегиясы», 2015 жылғы дейінгі «Білім беру тұжырымдамасы» және соңғы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» білім беру сапасында үлкен өзгеріс болатынын айқын көрсетіп отыр.

12 жылдық білім жүйесінде басты өзгеріс оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасында шоғырлана жүргізіледі. Білім беру – шын мәнінде баланың өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып білсенді іс - әрекет жасауына жақсы көру мен қорғанушылығын еркін көрсете білуіне, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, жас және жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғызу деген сөз.

Қазақстан  Республикасы   2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында  нәтижеге бағытталған білімге тек мұғалімнің кәсіби біліктілігі арқылы жетуге болатындығы айрықша сөз етілген. Яғни өмірге жаңа тұрпатты педогог керек. Ал бүгінгі жаңа формациядағы педагог ізденімпаз, өзіне-өзі талап қоя алатын, кәсіби құзырлылық пен шеберлік деңгейі жоғары, рухы биік, шығар тауы биік маман болу қажет. Сондықтан да 12 жылдық мектеп мұғалімдерінің алдында күрделі  міндеттер тұр. Жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуде мұғалім педагогикалық, психологиялық, философиялық, физиологиялық және т.б  ғылым салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатары идеяларын басшылыққа алады.

Бүгінгі таңда білім саласында қызмет ететін әрбір педагог жаңару процесін жатырқамай қарсы алып, өзінің іс-тәжірибесіне енгізуге асығуы тиіс. Өйткені өркениетті елдің білім саясаты жаңа тұрпатты педагогтың тың көзқарасын қажет етеді.

Білімді реформалаудың басты міндеті-еліміздің білім беру жүйесін,әлемдік үздік үлгіге жеткізу екні белгілі. Жеке тұлғаның білім алу, рухани қажеттіліктерін  мүмкіндігіне  сай қанағаттандыру адам білім үшін деген оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру, білімнің беделін арттыру,мемлекет пен қоғам өміріндегі мәртебесін көтеру. Өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын,өзгермелі даму үстіндегі ортада  өмір сүруге дайын, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді  тұлғаны дамыту және қалыптастыру. 12 жылдық мектептің басты ерекшелігі- жеке тұлғаның жан-жақты дамуына  өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін ортаға тез бейімделе білетін міндеттерді шешуді көздейді.

Бүгінгі күн талабының мектеп реформасына 12 жылдық білім беруге көшу мәселелерінің ерекшелігі -12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «баланы оқуға қалай үйретеміз?» , «Ойлау қабілетін қалай арттырамыз?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр.

Жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуде  әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа ала отырып, жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметпен, жеке ізденістерден, оқушымен, ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады.

Мұғалім кәсібінің мән-мағынасы өзгерген шақта жаңа тұрпатты педагог педагогикалық процестің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқыту моделін жобалай білуі шарт. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің мазмұны талмай тынымсыз еңбектеніп, шығармашылық ізденуден, үйренуден жалықпайтын жандар ғана нәтижелі табысқа жете алатынына сенім бар.

12 жылдық орта білім  мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында  жүзеге асатыны белгілі. Себебі, бастауыш буында жоғары сыныптарда  оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдық белсенділігі, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Осы кезеңде баланы рухани және дене күші де дами бастайды. Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартының жалпыға міндетті инварианттық компоненті тұлғалық – қызметтік және дамытушылық оқытудың үлгісін жүзеге асыруға бағытталған.

12 жылдық орта білім берудің мемлекеттік стандарты келесі мақсаттарға жетуді көздейді;

-          рухани – адамгершілікке бағыттау, қоршаған ортаға және адамға позитивті қарым – қатынасты тәрбиелеу

-          әр – түрлі іс - әрекеттерде қалыптасқан білік пен дағдыны іске асыра алатын білімнің жүйелілігін қамтамасыз ету

-          денсаулықты сақтау және қолдау, оқып – үйренушінің даралығын дамыту және психологиялық қолайлықты қамтамасыз ету.

-          Мектеп оқуының келесі сатысына көшу үшін қажетті базаны құру.

2015 жылы 12 жылдық білім алуға алғашқы боп 1, 5 және 11 сыныптар көшіріледі деп күтілуде. 12 жылдық білім стандарты 1 – сыныптан бастап барлық пәндер бойынша «Таным әліппесі» дайындық кезеңін өткізуді белгілейді.

1. Дайындық кезеңі:

- Оқушыларды оқу процесіне бейімдеу;

- Оқытудың жеке стратегияларын анықтау үшін интеллектуалдық даму деңгейін және шығармашылық әлеуетін белгілеу

2. Жалпы бастауыш білім берудің басты бағыттары:

- Оқыту процесінде рухани бай, шығармашылықпен, үйлесімді, терең ойлайтын тұлғаны қалыптастыру;

- Білімнің қызметтік, практикалық мазмұны арқылы шынайы өмірге шығуды қамтамасыз ету;

- Заңдылықтарды және логикалық байланыстарды көруді шарттастыратын оқу пәндерін керектіру;

Сауат ашу /1 – сынып/

Психо-физиологиялық дайындық: қабылдауы мен есте сақтауы, көрнекі – бейнелі, логикалық ойлауы.

Оқу мен жазуға дайындық: Сөйлеу туралы түсінік, сөйлемнен, сөйлемнің  сөзден, сөздің буыннан, буынның  дыбыстан құралатыны;

Сөйлем сөз, буын, дыбыс, сөзге буындық – дыбыстық талдау, қолдың саусақтарын, бұлшықеттерін дамыту, әріп элементтерін жазу, түсті қарындаштарды пайдаланып сурет салу.

Шығармашылық қабілеттерін дамыту:

Сөздік қорын дамыту, мәтін мазмұнын айту, ертегіні сахналау т.б. жұмыстарды жүргізу.

Таным және даму / әліппеден кейінгі кезең, оқу кітабы/

Білім:

-          қазақ әліпбиіндегі әріптердің аталуы мен олардың дыбысталуы

-          дыбыс түрлері жуан және жіңішке жұп дауыстылары

-          сөздерді буынға бөлу және тасымалдау

-          заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздер

-          сөйлем, сөйлемдегі сөздер байланысы

Білігі:

-          мәтіндерді дұрыс, саналы түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу

-          сұрақтарға жауап беру, оқығанын мазмұндау

-          тақырып бойынша берілген тапсырманы өз бетінше орындай алу

    нәтижелілігіне бағытталған нормативтік талаптар, тәрбие және оқу сапасы, мониторингісінің мазмұнын зерттеу.

Білім беру мазмұнының құрылысы біртұтас үш бірліктен: білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерді шешуден тұратын процесс. Негізгі әрекет түрі оқыту болып есептеледі.

Жеке тұлғаны тәрбиелеп, дамытуда:

-          Кез келген оқыту әдістері жеке тұлғаны дамытуға пайдалы әсер беру үшін тиімді әдістерді дұрыс таңдау;

-          Баланың жас ерекшелігіне көңіл аудара отырып оны дамыту;

-          Баланы жан-жақты зерттеу;

-          Балаға сенімділікпен қарау, жауапкершілігін арттыру.

12 жылдық білім беру жағдайындағы педагогтың құзіреттілігі төмендегі 3 аспектімен кешенді сипатталуы тиіс.

Мәндік аспект:    12 жылдық оқытуға көшу маңызын, теориялық негізін, өзегін ұғыну.

Ғылыми-практикалық аспект:  12 жылдық оқытудың тәжірибесімен танысу.Ақпараттар негізінде  мұғалімнің өзінің кәсіби біліктілігін үздіксіз жетілдіру үшін алдына мақсат, міндет қою, оны орындау.

Коммуникативтік аспект: Нәтижелі білім беру стратегиясына сәйкес жаңа оқыту үрдісіне, технологияларына бейімделу бәсекеге отырып жұмыс жасауға дағдылануы.

Қорыта айтқанда, 12 жылдық білім беруге көшу еліміздің білім саясатындағы келелі мәселелерді шешуде нақты қадам болып табылады. Білім беру құрылымы мен мазмұнына түбегейлі жаңарауы еліміздің болашағына ие болар білікті жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына игі ықпал ете отырып, Қазақстанның өркениетті ел ретінде дамыған 50 елдің қатарынан орын алуына кепіл бола алады.Тек жаңа заманның жаңашыл мұғалімдері ғана қоғамның болашақ өкілдерінің санасын дамытып,елдің өркениетке қарай жылдам ілгерілеуін қамтамасыз етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. 1.Қазақстан Республикасы стратегиялық дамуының 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

  3. «Бастауыш мектеп» журналы №5 2007 ж.

  4. Қазақстан Республикасы президентінің Қазақстан халқына

жолдауы. 2011 ж.

  1. 4. «12 жылдық білім» журналы     




Краткое описание документа:

 Қазақстанға  әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болу үшін білім жүйесінің  жаңа үлгісін жасау қажет. Ал білім беруді модернизациялаудағы ең басты жаңалық -12 жылдық білім беру жүйесіне көшу.

2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына арналған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауында да «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. 2015 – 2020 жылдарда біз оқытудың 12 жылдық модельіне толық көшетін боламыз» деп айқындап берді. Елімізде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу үшін 2003 – 2004 жылдан бері тәжірибе жүргізіліп келеді. Бұл жүйесінің әдістемелік негізі зерттеліп, тұжырымдамасы жасалды...

Автор
Дата добавления 07.03.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров1254
Номер материала 427260
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх