Инфоурок Директору, завучу Конспекты12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында мектеп басқару

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында мектеп басқару

Скачать материал

директор фото             ХАСАНОВА НӘЙЛА КЕҢЕСҚЫЗЫ

 

Атырау облысы Құрманғазы ауданы

Абай атындағы орта мектебінің директоры

 

 

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында мектеп басқару

                                                              

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуі тиіс.

Қазақстан Республикасында ел басшылығының адами капиталды дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, білім беру жүйесін реформалауды бастауға және жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетудің нәтижесінде білім беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкін болып отыр.

Қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы қабылданды.Бүгінгі таңдағы білім беру саласының басты міндеті – осы  мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту. Бұл бағдарламада әрбір педагогтың бәсекеге қабілеттілігі бүкіл білім кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілікпен байланыстырылады, бұл заманауи жағдайда білімді ақпараттандыру үрдісінсіз дамымайды.

Білімді ақпараттандыру – бұл әлемдік қауымдастық талаптарына сәйкес ақпараттық технологиялардың білім үрдісіне енгізу үдерісі, педагогтың жаңа формациядағы жалпы білім және кәсіби даярлығының сапасын арттыру. 

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан білімін көтерудегі басты нәрсе қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану, адам қоғамның барлық саласына еркін кіріп, кең қолданыс табу. Жаңа ақпараттық технологияны оқу-тәрбие, басқару жүйесіне пайдалану білім сапасының деңгейін көтеруі сөзсіз. Бүгінгі күні дүниежүзілік кеңістікте барлық мектептердің білім деңгейлерін арттыру үшін, негізгі жол бар екені белгілі болды, ол- білім саласын ақпараттандыру жолы.

Мектеп басқару – білім берудің жаңа үлгісінің әр деңгейінің мақсаты мен міндеттерімен ұштасуы қажет және деңгейлер арасындағы байланыс, бірізділік, жүйелілік, сабақтастық сақталуы тиіс. Жаңа заманғы мектепті басқару – ғылымилық, демократиялық және коллегиялық принциптерге сүйенуі тиіс. Бұл принциптермен қатар басқаруда мектептің дамуын жүзеге асыратын, оны бір деңгейден екінші деңгейге өткізетін, жеке тұлғаны дамытуға бағытталған – жоспарлау, мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, оның орындалуын анықтауға бағытталған – оңтайлылық, нақты нәтижеге бағытталған - әділділік, кадрлардың іскерлігіне, қабілетіне қарай қою принципіне сүйену – мектепте білім беру сапасын арттырудың бірден-бір жолы.

Күй атасы Құрманғазы атындағы ауданның Атырау облысының Абай атындағы орта мектебінің 100 жылдан астам тарихы бар. ХІХ ғасырдың аяғында 1895 жылы қазақ балалары үшін ашылған мектеп бүгінгі күні 12 жылдық білім беруге арналған бағдарламаны сынақтан өткізетін эксперимент сыныптары бар орта мектеп.

 

ХІХ

ХХ ғасыр

ХХІ ғасыр

1895 ж

2 кластық орыс-қазақ мектебі

1939 ж

Қазақ орта мектебі

1995 ж

Политехникалық гимназия сыныптары бар орта мектеп

2000  ж

Көпсалалы гимназия сыныптары бар орта мектеп

2003 ж

12 жылдық білім жүйесіне көшу  эксперимент

 

Мектебімізде  басқарудың  өзіндік жүйесі қалыптасқан.

Мектебімізді басқарудың қазіргі жүйесі  - мектептің дамуын жүзеге асыратын, ақпараттандырылған жүйе.

Жұмыс мақсаты -  мектеп бойынша мәліметтер банкы немесе базалар жинақтау болып табылатын ақпараттық орталық құрылады. Мектеп басқару жүйесіндегі ақпаратты жүйелендіру үшін жинақтау, өңдеу, талдау, оның дамуын болжамдаудың  төрт блогы ұсынылады:

12 жылдық білім беру моделін сынақтан өткізіп отырған  іс-тәжірибемізді, ҚР-ның білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде «Жаңару негізі – жасампаз мектепте» атты даму бағдарламасы жасалды.  

 

Бағдарламаның паспорты

Бағдарлама  атауы: «Жаңару негізі – жасампаз мектепте»

Әзірлеу үшін негіз: ҚР-ның Білім туралы Заңы, 12 жылдық білім беру

тұжырымдамасы, ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020   жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Бағдарламаны әзірлеуші: Мектептің басқару кеңесі.

Мақсаты: ҚР-ның зияткерлік, рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның  білім алуға деген  қажеттілігін қанағаттандыруда білім беруді ақпараттандыру арқылы  басқаруды оңтайландыру.

 Міндеттері:

- Оқу үрдісін автоматтандыруды енгізудің алғы шарттарын жасау;

- Білім беру жүйесінің кадрларының біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;

- Жеке тұлғаны тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру.

Іске асыру мерзімдері  2010-2014

(кезеңдері)  бірінші кезең 2010-2012

                                екінші кезең 2013-2014

Қаржыландыру көздері: Мектеп бюджет қаражаты, демеушіліктер.

Күтілетін нәтиже: Мектеп  басқару жүйесін автоматтандыру.

Бұл бағдарлама мақсатын жүзеге асыруға басшылар мен мұғалімдердің біліктілік

деңгейінің жоғарылығы, мектептегі мұғалімдердің 90 %-ы жоғары, І,ІІ

санатты болуы, шығармашылықпен жұмыстануы, олардың қазіргі заманғы ақпараттық ресурстарды еркін қолдануы, өзіндік талдау, өзіндік бағалауды жақсы меңгеруі және ұжымда серіктестік жағдайында жағымды психологиялық ахуалда жұмыс жүргізу мәдениеті қалыптасуы мүмкіндік береді.

                Мектеп жаңа үлгідегі информатика, химия, физика, биология, мультимедия кабинеттерімен толық жабдықталған, оларда интерактивті тақта орнатылған. Мектептегі әр 6 балаға бір компьютерден келеді, қашықтан оқыту, кітапхана,  электрондық оқулықтар, оқу зертханалары бар. Мұғалімдер он-лайн режимінде  сабақ беріп жүр.

                Мектеп мектептен тыс мекемелермен байланыс жасайды, облыстық білім жетілдіру және қайта дайындау институтының тірек мектебі, Атырау мемлекеттік университетінің базалық мектебі.  

Осы бағдарламаны  жүзеге асыру үшін әрбір міндетіне сәйкес үш жоба жасалды:

-          «Ақпараттандырылған мектеп»

-          «Ізденістен – кәсіби шеберлікке»

-          «Жеке тұлға жетістігі»

Білім берудің жаңа мазмұнын біртіндеп қалыптастыру оқу процесіне

ақпараттық технологияны енгізу арқылы жүзеге асырылады.          Білімді ақпараттандыру процесі және сонымен байланысты оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы білім берудің мазмұнына едәуір әсерін тигізеді.. Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

-          білім беруді басқару тетіктерін жетілдіру;

-          білім берудің бірыңғай ақпараттық желісін құру;

Педагогтарды ақпараттық-технологиялық жағынан жетілдіру үздіксіз жүргізілуі керек, бұл ғаламдық ақпараттандыру үрдісімен, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарын білім беру жүйесінде қолданумен сәйкес келуі  қажет. Осы бағытта «Ақпараттандырылған мектеп» жобасы жүзеге асырылып келеді.

 

Жоба тақырыбы: «Ақпараттандырылған мектеп»

Зерттеу объектісі:  Мектептің ақпараттық-әдістемелік қоры.

Жобаның мақсаты:  Құзыретті білім беруге бағытталған мектептің ақпараттық

                                              орталығын жасау

Міндеттері:   Ақпараттық-әдістемелік материалдар жасау, жинау, жүйелеу;

Күтілетін нәтиже:  Білім беру мен басқаруды ақпараттық жүйеге көшіру.

 

Іске асыру кезеңдері

 

Кезеңі

Мерзімі

Шаралар

Жетекші

Дайындық

Қаңтар 2010

 

 

 

   Ақпан

  Сәуір  2010

-  Дайындық семинары

- Мұғалімдердің ақпарат құрылғыларды қолдану деңгейінің диагностикасы

- Мұғалімдердің ақпараттық сауаттылығын жетілдіру;

а) курс ашу

б) білім жетілдіру курсына жіберу

в) әдістемелік семинар практикум өткізу;

г) мектеп сайтын ашу;

 

Мектеп директоры

 

әкімшілік

 

 

 

 

инженер – бағдар.

әкімшілік

 

 

ДОО

инженер – бағдар.

Мазмұндық

Қыркүйек

2010-2012

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013-2014

Пәндер бойынша:

- электрондық     дидактика

лық материалдар жасау

- электрондық нұсқадағы сабақ жоспарларын құру

- виртуальді зертхана жүргізу

 

- оқыту бейнероликтер жиынтығы

- интерактивті сабақтар қоры (флипчарт)

- сабақтар бейнеқоры;

- Он-лайн режимінде сабақтар беру;

- Сервер арқылы оқу үрдісіндегі ішкі ақпарат алмасу;

- Электронды құжаттар айналымы;

- Жеке мұғалім сайтын құру

 

Пән бірлестік

жетекшілері

Пән бірлестік жетекшілері

 

Мұғалімдер

 

ДОО

 

ДОО

               

Мұғалімдер

Мұғалімдер

 

 

ДОО

 

Мұғалімдер

Жалпылау

Сәуір  2014

Электрондық-әдістемелік материалдарды жүйелеу 

ДОО

Қорытынды

Мамыр 2014

Электрондық -  әдістемелік қор орталығының тұсаукесері

 

 

Мектеп директоры

 

Мектепте 12 жылдық оқытуға көшу педагог кадрларды даярлау мен олардың біліктілік арттыру жүйесін жаңартуды қажет етеді. Егер білім беру мекемесі өзінің даму бағдарламасы шеңберіндегі даму режимінде жұмыс істесе, педагогикалық кадр құрамы инновацияға қатыса отырып, біліктілікті арттырады. Инновациялық қызметті меңгерту бағытында мектепте «Ізденістен – кәсіби шеберлікке» атты жоба жүзеге асып келеді.

 

Жоба тақырыбы:  «Ізденістен – кәсіби шеберлікке»

                                                                                                                                                           

Зерттеу объектісі:  Педагогтардың кәсіби қызметі

Жобаның мақсаты: 12 жылдық білім беруге көшу кезіндегі мұғалімнің

кәсіби деңгейін арттыратын ақпараттық әдістемелік   

үрдісті қамтамасыз ету;

Жобаның міндеті: 12 жылдық білім беруге көшу  жағдайындағы  электронды

       оқыту әдістемені меңгерту

Күтілетін нәтиже:     12 жылдық білім беру жағдайындағы құзырлы мұғалім

        моделі

 

 

 

Кезеңі

Мерзімі

Шаралар

Жетекші

Дайындық

Қаңтар 2010

 

 

 

Қаңтар 2011

Дайындық семинар

-          Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің  диагностикасы

-          ҚР білім беруді дамыту 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын оқып үйрену

Мектеп директоры

Әдістемелік кеңес

 

 

Мектеп директоры

Мазмұндық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қыркүйек 2010-

Мамыр 2012

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013-2014

І.Шығармашылық ізденіс бағыттары бойынша шығармашылық топтар жұмысын ұйымдастыру 

- Сапа менеджменті  

- Жобалық-зерттеу әдісін оқу үрдісіне енгізу

- Электронды оқытуды  оқу үрдісіне енгізу

ІІ.  Әдістемелік семинарлар өткізу

«Электрондық білім беруге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері»

- «Оқу үрдісінде оқушының проблемаларды шешу құзыреттілігі мен өзіндік менеджменттігі»

 

ІІІ. Тренингтер жүргізу

-  Пед кеңесте :

  «Интерактивті технологиялар – қазіргі сабақта»

- Әдістемелік кеңесте:

«Оқу  үрдісінде оқушылардың жобалық-зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру»

- Сынып  жетекшілер бірлестігінде:

«Оқушыларды ақпарат тасқынын саналы қабылдап, қолдануға үйрету»

- Ата-аналармен жұмыс:

«Біз ғаламтордан балаларымыздың нені көріп, нені оқитынын білеміз бе?»

 

 

ІҮ.Шығармашылық жұмыстардың электрондық портфолиосын құру

 

Ү. Ғылыми-практика -

лық конференция өткізу:

«Ақпараттандыру жағдайында білім беру сапасын арттыру»

 

 

 

 

Топ жетекшісі

 

Топ жетекшісі

 

Топ жетекшісі

 

 

Мұғалімдер

 

 

 

 

ДОО

 

 

 

 

 

ДОО

 

 

 

            ДТО

 

 

    

ДТО

 

 

 

 

Мектеп директоры

 

 

 

 

ДТО

 

 

 

ДОО

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп директоры

 

 

Жалпылау

 

 

 

Мамыр 2014

              

 

Мұғалімдердің кәсіби деңгейінің мониторингісі

 

 

ДОО

 

Қортындылау

 

 

 

 

Мамыр 2014

 

Ғылыми-практикалық конференция өткізу, кәсіби құзырлы мұғалім моделін ұсыну.

 

Мектеп директоры

 

12 жылдық білім беру жүйесінің стратегиялық бағыты – ол адамды білімнің әр түрлі саласындағы мақсатты іс-әрекетке тартудың негізінде оның интеллектуалдық және адамгершілік тұрғысынан дамуы.

                12 жылдық мектепте жалпы білім беру процесінің мақсаты - жеке тұлғаны үйлесімді дамыту. Бұл - психологиялық-педагогикалық тәсілдер арқылы оқушының жеке қасиеттерінің жиынын анықтап, дамыту  болып табылады. Жеке қасиеттерді дамыту шаралары мектепте «Жеке тұлға жетістігі» жобасын орындау барысында жоспарланды.

 

 

 

Жоба тақырыбы:      «Жеке тұлға жетістігі»

Зерттеу объектісі:       Тәрбие беру үрдісі.

Жобаның мақсаты:   Жеке тұлға қабілеттерін дамытатын ,азаматтық тұрғыда                  

                                              қалыптастыратын  тәрбие турлерін айқындау   Жобаның міндеттері: Оқушылардың қабілеттерін анықтау және дамыту,

                                         ғылыми-теориялық ізденістерін  қалыптастыру,

                                        қоғамның белсенді мүшесін тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:    Шығармашылық сипаттағы тұлға.

 

Іске асыру кезеңдері

 

Кезеңі

Мерзімі

Шаралар

Жетекші

Дайындық

Қаңтар  2010

- Дайындық семинарлар;

- Оқушыларды зертеу,

  қабілетін анықтау;

- Оқушылардың интернет желісін қолдануға жағдай жасау;

- Оқушылардың шығармашылық жұмыстарына электронды құрылғыларды қамтамасыз ету.

Мектеп директоры

Психолог

 

 

ДТО

 

 

ДТО

Мазмұндық

Қыркүйек 2010

Мамыр 2014

І Жас өнер таланттар жобасы

Жүзеге  асыратын клубтар

-          «Жас ақын»

-          «Жас журналист»

-          «Жұлдыз» КТК

-          «Нұр»бишілер тобы

-          «Қылқалам»

-          «Жас әнші»

ІІ «Сауықтыру» қауымдастығы жобасы

Жүзеге асыратын клубтар

- «Жарқын болашақ»

(АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қарсы күрес)

- «Сауықтыру»

(спорттық бұқаралық жұмыс)

-«Денсаулықты нығайту»

(денсаулығы кем оқушылармен жұмыс)

- «Жас жауынгер»

(әскери-патриоттық жұмыс)

 

ІІІ «Ғылыми ізденіс» жобасы

1. «Кіші ғылыми кеңес» (ғылыми жобалар)

2. «Олимпиада орталығы»

3. «Эрудит»

клубы(интеллектуалды сайыстар өткізу)

4. «Интернет» клубы

5. «Медиабілім» оқу курсы

ІҮ «Қоғамға қызмет ету» жобасы

«Нұртамшы» балалар қоғамдық бірлестігі жүзеге асыратын жобалар:

-          «Біз- Қазақстан балалары»

-          «Эко клуб»

-          «Ғибрат»

(дебат клубы)

 

 

 

Жетекшілер

 

 

 

 

 

 

 

ДТО

       

 

Нұсқаушы

 

 

Нұсқаушы

 

 

 

Әскери жетекші

 

     

 

 

Педагог-ұйымдастырушы

 

 

      

 

 

 

ДТО

 

 

Жетекшілер

Жалпылау

Мамыр 2014

Оқушылар шығармашылық жетістіктерінің рейтингі

 

 

ДТО

Қорытынды

Мамыр 2014

«Менің бақытты жұлдызым» (оқушылар жетістіктерінің электрондық  портфолиосын қорғау)

 

Мектеп директоры

 

Мектепте оқу-тәрбие үрдісін жобалар арқылы дамыту мұғалімдердің жеке педагогикалық жүйесінің, өзіндік педагогикалық стилінің қалыптасуына ықпал етті. Мектебіміздің мұғалімдері инновациялық қызметті, педагогикалық  шебер меңгеріп, түрлі сайыстарда жеңімпаз атанды. Жобалық қызметті ұйымдастырудың қорытындысы бойынша  озат тәжірибені таратып,  мұғалімдерді ынталандырып отырамыз. Мектебіміздің басқа білім беру мекемелеріне көрсеткен әдістемелік қызметі, қойылған мақсатқа сай мектебіміздің жеткен жетістіктерін жарнамалау мектебіміздің әдістемелік қызметіне деген сұраныс туғызып отыр. Жүргізілген жобалар бойынша төмендегідей нәтижелерге қол жеткіземіз:

1)       Ақпараттық компьютерлік технологиялар арқылы мектептің білім беру жүйесін басқару;

2)       Мектептің әдістемелік қорын дамыту, ақпараттық кеңістік құру;

3)       Мұғалімдердің кәсіби шыңдалуына орта құру арқылы білім беру сапасын жақсарту;

4)       Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына мұғалім мен оқушының біртұтас жүйе ретінде  белгілі бағытта дамыту.

Сонымен, мектеп басшылары білім берудің 12 жылдық жүйесіне көшу қарасаңында бәсекеге қабілетті Қазақстан білімін жүзеге асырудың бүгінгі күнгі талаптары негізінде ұжымның, мекеменің ерекшеліктерін ескере отырып, үнемі ізденіс үстінде болып, басқарудың тиімді жолдарын қолдану керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында мектеп басқару"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуі тиіс.

Қазақстан Республикасында ел басшылығының адами капиталды дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, білім беру жүйесін реформалауды бастауға және жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетудің нәтижесінде білім беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкін болып отыр.

Қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы қабылданды.Бүгінгі таңдағы білім беру саласының басты міндеті – осы  мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту. Бұл бағдарламада әрбір педагогтың бәсекеге қабілеттілігі бүкіл білім кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілікпен байланыстырылады, бұл заманауи жағдайда білімді ақпараттандыру үрдісінсіз дамымайды.

 

Білімді ақпараттандыру – бұл әлемдік қауымдастық талаптарына сәйкес ақпараттық технологиялардың білім үрдісіне енгізу үдерісі, педагогтың жаңа формациядағы жалпы білім және кәсіби даярлығының сапасын арттыру.  

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 337 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2015 3852
    • DOCX 673 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хасанова Нәйла Кеңесқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хасанова Нәйла Кеңесқызы
    Хасанова Нәйла Кеңесқызы
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19786
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика написания учебной и научно-исследовательской работы в школе (доклад, реферат, эссе, статья) в процессе реализации метапредметных задач ФГОС ОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания родного (русского) языка и родной литературы в образовательной организации

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 148 человек

Курс повышения квалификации

Организация деятельности школьного театра в условиях реализации обновленного ФГОС НОО и ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Разделение имущества при банкротстве: правовые аспекты и мировое соглашение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек