Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / 12 жылдық мектеп- білім болашағы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

12 жылдық мектеп- білім болашағы

библиотека
материалов

12 жылдық мектеп –білім болашағы.


Ибраева Э. А.

115 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі


Болашақ білім мен ғылымға тәуелді болатыны айдан анық нәрсе. Қазіргі жас ұрпақтың білім мен тәрбиесі қандай дәрежеде болса, еліміздің ертеңі де сондай дәрежеде болмақ.

Білім беруді жаңарту –үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім беруде кезең –кезеңнен өтетін және алынған нәтижелерге жаңалықтар енгізу. Сол жаңалықтардың бірі - 12 жылдық білімге жаппай көшу мәселесі 2000 -2001 жылдан бастап қолға алынды. 12 жылдық білім беруге көшу қоғам алдына жаңа міндеттер қойып отыр.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «ХХІ ғасырда Білімді дамыта алмаған мемлекет тоқырауға ұшырайтыны сөзсіз... барлық нәрсе мектептен басталады. Сондықтанда біз 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіп мұғалімнің кәсіби деңгейін, біліктілігін, оқулықтар мен оқу бағдарламаларының сапасын көтеру» қажет деп орынды айытқан. Бүгінгі Қазақстанда 2001 жылдың 1 –ші қыркүйегінен бастап республиканың 48 білім беру ұйымдарының 1 –ші сынып оқушылары 12 жылдық оқыту мерзімі жағдайларында мектепте білі ала бастады. Эксптиментік бағдарлама 6 –ты жастағы балаларды оқыту, мүмкіндіктерін зерделеуге, оқу жүктемесін төмендетіп, денсаулықтарын сақтау мақсатында бастауыш саты оқушыларының оқу мен тәрбие процесін үнемді ұйымдастыру үшін педагогикалық, психологиялық жағдайларын іздестіруге бағытталған 12 жылдық мектептің құрылымдық моделі 4+6+2

Білім беру жүйесіндегі 12 жылдық білім беру 3 сатыда тұрады:

  1. Бастауыш саты. Бастауыш жалпы білім (1 -4 сыныптар ) 6 -9 жас аралығы.

  2. Негізгі саты. Негізгі орта білім (5 -10 сыныптар) 10 -15 жас аралығы. Міндетті деңгей.

  3. Жоғары саты. Толық орта білім ( 11 -12 сыныптар ) 16 -17 жас аралығы.

12 жылдық мектептің бағдарламасының мақсаты өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, өз мүддесі үшін де, қоғамдық мүдде үшін де, өзін -өзі толық жұмылдыра алатын, білімді, шығармашыл, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру және дамыту деп атап көрсетілген.

Осы мақсатта айтылған қаситеттерді қалыптастыру мектептегі пәндер, оқу бағдарламаларына тікелей байланысты. 12 жылдық мектептке көшу мақсатында бірнеше пәндер қосылып жатыр соның ішінде Сара Алпысқызының «Өзін -өзі тану» пәні биылғы 2010 -2011 оқу жылынан бастап, оқу бағдарламасына енгізіліп, сабақтар жүргізілуде. Ол жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, көркемдік көлемін байытуда, дүниетанымын қалыптастырып, салауаттылыққа тәрбиелейді. «Өзін -өзі тану» бағдарламасының негізгі мақсаты: адамның қоршаған ортаны біліп, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін -өзі басқару негізінде адамгершілік –рухани әлеуметін көтеріп қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе тұлғаны адамгершілік рухани тұрғыдан дамыту, ізгілікке, инабаттылыққа, парсаттылыққа үйрету. 12 жылдық мектептің бастауыш сынып оқушыларының тұлғасы мен санасының дамыуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең. Сондықтан да бастауыш білім –үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік дағдыларды меңгерту мен қатар олардың экономикалық ойлары дамыған іскер адамдар туралы түсініктерін кеңейтіп, шығармашылық бағытта жан –жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы.

Әлемдік тәжірбиеге сүйене отырып,жаңа инновациялық технологияларды сабақта кеңінен қолданып, Ресей ғалымдарының еңбектеріне сүйене отырып, 12 жылдық мектептің табалдырығын алғаш рет аттайтын бүлдіршіндер 6 жастан бастап 12 жылдық мектепте білім алады.

12 жылдық білім беруде көтерілетін негізгі мәселелер:

- Білім беру. Бастауыш сыныпқа арналған оқулық – бір жағынан білім мазмұның материалданған тасымалдаушы ғана емес, оқушыны ойландыратын, ақыл –ойымен жүрегін баурап алатын қоғами құндылығы бар құрал болса, екінші жағынан оқушының осы мазмұнды меңгеру үрдісінің ұйымдастырушысы болу керек.

- Оқушының денсаулығын сақтау. Сабақ басталмас бұрын жасалатын 15 минуттік дене жаттығулары. Қазіргі таңда «Қара жорға» биінің кеңінен пайдалануда. Дене шынықтыру сабақтары аптасына 4 рет болуы керек. Оның 2 сағаты ойын түрлерімен таныстырса, 2 сағаты гимнастикалық жаттығулар жасап үйренсе, оқушылардың денсаулығы жақсарады деген ойдамын.

- Оқу сапасын арттыру. Әрбір ұстаз бастауыш сынып оқулығындағы берілген ережені де, түрлі тақырыптарды да, жаттығуларды да өздерінің ой елегінен өткізіп барып және сынып оқушыларының білім деңгейін ескере отырып тиімді әдіс-тәсілге көшкені жөн. Әр мұғалімнің алдындағы міндеті -өз пәнінен білім беріп қана қоймай әр баланың қабілетін шығармашылыққа жеткізіп, баланың өзіне деген сенімін туғызу керек.

12 жылдық мектепті бітірген оқушы:

12 жылдық мектептің негізгі буынында оқушылар арасында кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіледі. Кәсіптік мектеп оқушыларының еңбек нарығына, өз таңдаған мамандығына бейімделуіне өз бетінше өмір сүруге дайындықтарының артуына септігін тигізеді. Сонымен қоса қоршаған ортаны сезе білетін, ақыл парасатты игерген, ойлай сезе білетін, алдына мақсат қоя білетін, оған жететін жол іздейтін өзін -өзі талдайтын, бағалай білетін, тіл табыса алатын осы заманға сай технологияларды пайдалана білетін қоршаған ортада өз орның таба білетін жеке тұлға тәрбиеленіп, шығатынына сенім білдіремін.

Қорыта келгенде, еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік денгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрине атқарылған іс аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту ғылым –ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені XXIғасыр – білімділер ғасыры . Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан -жақты, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Білім туралы заң

2. Қазақстан Республикасы президентінің жолдауы

3. Т.Машенбаева, С.Керімбаева «12 жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби-педагогикалық бағыттылығы» Қазақстан мектебі №10,11 2009ж, №6,9 2007 ж

4. Бағдарламалар 12 жылдық мектептің 1-4 сыныптар

5. Бастауыш мектеп №10-2001 №4-2005 №4-2006 №7,8-2008

6. «12 жылдық білім журналы» №8-2006 ж

7. «Білім» журналы

8. Бастауышта оқытудың педагогикалық әдістемесі №12-2007 ж

9. Ә.С. Әмірова «12 жылдық орта білім беруге көшудің кейбір мәселелері»

10. «Білімдегі жаңалықтар» журналы №2-2007 ж.



Резюме

В статье предусмотрена проблема 12 летнего обучения, цели и задачи данной инновационной технологии. А так же подготовка молодого поколения к 12 летнему обучению. Раскрываеться значение предмета самопознание в общеобразовательных школах .




It was provided for the problem of 12 years education in this article, objects and problems are in this innovation technology. As well as training for 12 years education of young age. It is opened the meaning of self- knowledge subject at schools of general education.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Болашақ білім мен ғылымға тәуелді болатыны айдан анық нәрсе. Қазіргі жас ұрпақтың білім мен тәрбиесі қандай дәрежеде болса, еліміздің ертеңі де сондай дәрежеде болмақ. Білім беруді жаңарту –үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім беруде кезең –кезеңнен өтетін және алынған нәтижелерге жаңалықтар енгізу. Сол жаңалықтардың бірі  - 12 жылдық білімге жаппай көшу мәселесі 2000 -2001 жылдан бастап қолға алынды. 12 жылдық білім беруге көшу қоғам алдына жаңа міндеттер қойып отыр. 

 

12 жылдық мектептің бағдарламасының мақсаты өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, өз мүддесі үшін де, қоғамдық мүдде үшін де, өзін -өзі толық жұмылдыра алатын, білімді, шығармашыл, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру және дамыту деп атап көрсетілген. 

Автор
Дата добавления 20.03.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров695
Номер материала 450459
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх