Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"13 жас – алғашқы мүшел" ашық тәрбие сағаты

"13 жас – алғашқы мүшел" ашық тәрбие сағаты

Скачать материал

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай селосы №8 орта мектебі мемлекеттік мекемесінің кітапхана меңгерушісі

 

Шаханова Қарлығаш Тойбазаровна

 

Тақырыбы: 13 жас – алғашқы мүшел
Мақсаты:
Мүшел туралы қызықты пікірлермен балаларды таныстыру.
Мүшелде қандай сыр бар, ол қандай сөзден шыққанына түсінік беру.
Балалардың алғашқы мүшел жасына сипаттама беру. Олардың ата - аналарын сыйлауға, мейрімділікке, қайрымдылыққа, әдептілікке, сыйластыққа, достарын сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
«13-алғашқы мүшел жас» презентация, нақыл сөздер, шарлар, тақырып.
Сабақтың эпиграфы:«Бала болсаң, болғандай бол,
                                      
   Ағайынға қорғандай бол!»

Тәрбие сағатының жоспары:
Психологиялық дайындық.
Ой ашар.

І. Қызығушылықты ояту.
 Ой қозғау.

Мағынаны тану

“Ой жалғастыру”

«Ой түю»

Көрініс «Ата тәлімі»

 

Психологиялық дайындық.
               1.  «Ой ашар»

Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар!
Ата - анаға көз қуаныш
Алдына алған еркесі
Көкірегіне көп қуаныш
Гүлденіп ой өлкесі, деп Абай атамыз ата - ана мен перзент арасындағы байланысты тамаша жариялаған.«Адамның бір қызығы бала деген!
Деп қазақ халқы шыр шертіп дүниеге келгеннен бастап балаға арнап өткізетін жиын - тойы қаншама. Той — ізгіліктер мен жақсылықтарды, озық дәстүрлерді жаңғыртып отыратын тәлімі мол тәрбие мектебі. 

Ой қозғау.

-Қандай бала тойларын білеміз?
-Бүгініміз қандай той?
Ол жайында бар ма ой?

Жігіт болды балаңыз
Құрбан шалып, малды сой,-деп,
бүгінгі орта буын  сыныптары оқушыларының 13 жас  алғышқы мүшел жасқа толу құрметіне арналған ашық тәрбие сағатымызға  қош келдіңіздер! Ең алдымен мүшелге толған оқушыларымызды ортамызға шақырып, өткен туған күндерімен құттықтап қоялық!

 Басқаша қарап өмірге,

Жадырап жүзі жайнаған.

Бойын түзеп қыз бала,

Қарайды өзін айнадан.

Әрбіріңе лайық,

Жүретін даңғыл жолың бар.

Еліңнің жүгін көтерер,

Азаматтары болыңдар!

 1-оқушы:

Жылдарды салып араға,

Мүшелге жеттік осылай.

Бұл күнді бірге тойлайық,

Сағынған шақта досым-ай.

2-оқушы:

Қазақтың әрбір сөзінің,

Бар дейді қазақ киесі.

Он үште бәрі азамат,

Он үште отау иесі.

3-оқушы:

Бұл күні әрбір жас бала,

Ойынды тастар тоймаған.

Өмірдің сырын түсініп,

Болашақ қамын ойлаған.

4-оқушы:

Басқаша қарап өмірге,

Кірпішін ғасыр қалайық.

Лайық болар сенімге,

Ұланы елдің болайық.

5-оқушы:

Заманның еріп көшіне,

Қанаты жастың талмасын.

Өткенді алып есіне,

Аталар жолын жалғасын.

6-оқушы:

Көтеріп тағдыр,ел жүгін

Өмірдің көші алға асты.

Он үшке толдық біз бүгін,

Мүшел жас,бұл алғашқы.

7-оқушы:

Жылдармен бірге өсерміз,

Мезгілге қарсы тұрар кім.

Құтты болсын мүшел жас,

Құтты болсын туған күн!

 

Балалықты артқа тастап өткенге,

Жаңа белес тез-ақ келіп жеткен бе?

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді,

Жаңа күннің жаңа нұры төккенде!

Сіздерді орындарыңызға шақырмас бұрын мүшелтойдың негізгі мәні неде, мүшелтой қалай тойланатынын білгіміз келіп отыр, не айтасыздар?

Құрдастарымның сөзін  мына өлең жолдарымен түйіндегім келіп отыр:

Адамзат туған анадан,

Ақылы іске жараған.

Адамның жасын атаулы,

Мүшелге бөліп балаған.

Көркейер көңіл батадан,

Үлгі алып өссен атадан.

Он үшке толсаң, қазақта,

Бір мүшел жас деп атаған.

Өнеге қалса данадан,

Өсиетті елге тараған.

Бір мүшел жасты халқымыз,

Есейген шақ деп санаған

Сөнбесе сенім санадан.

Ынтымақ кетпес арадан.

Кешегі күндер үлгісі,

Аңыз бен жырмен тараған.

Балалардың жауаптары тыңдалып, орындарына жайғастырылады.

“Ой жалғастыру”

Балғын шағың  – балалық шақ арттағы,

Өмір жаңа белесіне бастады.

Нық сеніммен болашаққа қарайды

Жас балғындарь13 мүшел жастағы.

Халқымыздың жөн-жоралғы дәстүрін

Құрметтейді  үлкен-кіші жас бүгін,

Мүшел жастың маңызы мен   бағасын

Көрсетеміз өзіңізге тап бүгін,-дей отырып

 биыл міне біздің сыныбымыз үшін қуанышты да өкінішті  жыл.

-Мен неге олай айтып тұрмын, қалай ойлайсыздар?

 

 «Бала болсаң болғанда бол,
Ағайынға қорғандай бол!-дегендей бастамасы ата – бабамыздың дәстүрінен бізге жеткен қызықты дерек мүшел жас туралы әңгімелейтін болсақ, мүшелдің таралу шеңбері өте үлкен.
Мүшел есебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмайды. 12 түрлі хайуанның атымен аталады. Әр жылғы бір хайуанаттың аты берілген.
Мүшел жасты анықтағанда бір ерекшелікті есте ұстаған жөн. Бала 13 жасқа толғана бір мүшел деп қайырады да, кейінгілерге 12 жылды қосып отырады. Сонда бір мүшел - 13 жас, екі мүшел – 25, үш мүшел – 37, төрт мүшел – 49, бес мүшел – 61, алты мүшел – 73, жеті мүшел – 85, сегіз мүшел – 97 деп қайырып, адам жасын оңай шығарады.

Астрономия ғылымының айтуы бойынша, әрбір 12 жылда Юпитер өзінің орбитасын бір рет айналып шығады екен. Сонда адамның мүшел жасы да әрбір он екі жыл сайын кіріп отырады. Мұнда да бір байланыстың бары анық.
Балалар, мүшел жастардың адам жасына сай аттары болады. Бұл жыл қайыру халықтың тапқырлық есебінің бірі. Ескіше жыл қайыру әдісімен өзінің қазақша қай жылы туғанын неше мүшелге толғанын білгісі келсе, ол өзінің жылын 12-ге бөлу керек. Қалдықсыз бөлінсе - мешін, қалдық біреу болса – тауық, екеу болса – ит, үшеу болса – доңыз, төртеу болса – тышқан, бесеу болса – сиыр, алтау болса – барыс т. с. с болып кете береді.

-Мына есепті шығарып атаның, әкенің, баланың  қазақша қай жылы туғанын білейікші.

 

Балалар: жыл қайыру туралы аңызды білесіңдер ме?
Қане мына мүшел жас иелерінен сұрап көрейік!
Дәулет: Ертеде түркі қағандарының бірі өзінен бірнеше жыл бұрын өткен атышулы бір соғыстың тәсілін үйренбекші болады. Бірақ ол соғыс қай жылы өткенін білмей әбден шатасады. Сонда қаған өзінің қауымына былай депті.«Біз тарихымызды анықтауда көп жаңылыстық, ал бұдан кейінгілер бұдан да жаман жаңылысады. Біз енді жылдарға ат қояйық. Бұл біздің кейінгілерге қалдырған ескерткішіміз болсын».
Сөйтіп Іле өзенінің екінші басына ау құрғызып, жабайы хайуандарды өзенге қарай қууға бұйрық береді.
Нөкерлер хайуандарды қаумалап үркіте бастайды. Бәрі бірдей өте алмай, он екісі ғана судан аман шыққан екен. Ең алдымен судан өткен тышқан болыпты. Осыдан жыл басы Тышқан аталыпты. Одан кейін судан сиыр, сосын барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз өтіпті. Сөйтіп әр қайсысы бір - бір жылдың атын алыпты.

-Балалар, сіздерге үйге мүшел жас туралы мәліметтермен танысу тапсырылған болатын, олай болса  адамдардың өсу кезеңдеріне тоқталып өтейікші, мүшел жастың қандай ерекшеліктері бар екен?

 

Бағжан: Мүшел жылдардың әрқайсысының адам өміріне тигізер әсері, ықпалы болады. Алғашқы мүшел он үш жаста баланың ересектік шаққа өту кезеңі айқындалады. Бұл кезеңде ер балалардың дауысы өзгеріп, сүйегі ірілене  бастайды. Халқымыздың осындай ес тоқтатып, етек жаба бастаған жасты «Он үште отау иесі» деп дәріптеген. Балаларын отбасылық өмірге баулуды. Қолға алған. Осындай жеткіншек шағын Ақтамберді жырау: Жасым жетіп он беске,
Кірер ме екем кең есікке,
Бұғана қатып, бел бекіп!
Ерегіскен дұшпанмен
Шығар күн туса күреске! – деп талпынған.
Жаншуақ: Алмажан Азаматқызы: Он үшіме келгенде,
Салиқалы қыз болдым
Жібектей шашын талдаған, - деп ,
бойын күтіп, бойжеткендік шаққа жеткенін аңғартады.

Дәулет: Ал жиырма бес нағыз жігіттік жас деп есептеледі. Бұл кезде бойдағы күш-қуат кемеліне келеді. Тасыған күш-қайратты қайда жұмсарын білмей жалындап тұратын кез. Бұл дәуірдегі Жүсіп Баласағұн:
Ең тәтті кез жігіттіктің шағы да,
Игіліктің о да берген, - деп дәріптесе ,
Абай: Жастықтың аты арындап
Тас қияға өрледің, - дейді.
Шал ақын:
Жиырма бес – енді келмес албырт жассың,
Қайратың қиратқандай таудың тасын, - деп тамсана жырына қосқан.

Әлқуат:
Отыз жеті жас - өмірдің жақсы-жаманын, оң-солын танып, ақыл тоқтатып, қырыққа жақындаған кез. Бұл уақытты Ж. Баласағұн:
Жаста келіп қырықпенен астасар,
Ерттеп қойған құр аттай, - деп бедерлесе, Шал ақын:
Қырық та бір жас екен, қырдан астым,
Көңілді тасып жүрген әрең бастым, - деп сабасына келеді.


Дариға: Қырық тоғыз жас-бойдағы күш қайта бастағанымен кәрілікті мойындамаған, ақыл-ойы нағыз кемеліне келген нағыз ердің жасы.
Бұқар жырау Елу деген жасыңыз,
Ода бір көшкен ел екен, - деп толғанса, бұл кезеңді:
Елу де бір жас екен есептеулі,
Есептеп елдің жөнін білсек дейді.
Кешегі жиырма бес жас қайтып келіп,
Көңілім бұрынғыдай жүрсек дейді, - деп кейіптейді.

Алтынбай: Алпыс бір жас – даналығы артып, өткеніне сын көзбен қарайтын, тәубеге келетін кез.
Бұл мезгілді Бұхар жырау: Алпыс деген жасыңыз
Қайғылы – мұңлы кұн екен, - деп мойындаса,
Шал ақын: Алпыстағы жасыңыз
Қоңыр салқын күн екен...
Алпыс жас – бұл бір өткен өмір сәні,
Алпыста бойда қуат тұрмас бәрі, - деп тоқтамға келеді.

Фариза:

Жетпіс үш жас. Бұл мүшелдегі кәрілікті мойындап, бойы еңкіш тартады, аяғы тұсалып, жүріп-тұруы қиындайды.
Бұл кезеңді Жүсіп  Баласағұн:
Бұл дүние көздің жауын, нұрын алар,
Жасарып ап жас келіндей ырғалар.
Қуантар да, жалған салар сүргінге,
Теріс қарар мәз қып қойып бір күнге, - деп суреттесе,
Шал ақын:
Жетпіс те жер таянбай тура алмайсың,
Мойыныңды жан-жағыңа бұра алмайсың, - деп күрсінеді.

Нұртілек:

Келесі мүшел жас – 85 жас. Бұл тіпті қызық. Бұл жаста адам жүріп-тұрудан, ұйқыдан қалады. Бала сияқты өкпелегіш болып, күйбең тірлікке түседі. Бұхар жырау бұл уақытты:
Сексен деген жасыңыз
Қараңғы тұман түн екен, - деп тұқыртса,

Шал ақын:
Сексенде таяғыңды серіппейсің,
Селт етіп еш нәрсеге елікпейсің, - деп сынап мінейді.

Айбибі:

Тоқсан жеті жас. Бұл мүшелге жеткен адамдардың кейбірі алжып, жас баладай жаутаңдап, қауқарсыз болып қалады.
Осы мезгілді Шал ақын:
Тоқсан, сен таман жастың зоры екенсің,
Сүйегің қартайған соң бор екенсің .
Тоқтының баласына әлің келмей,
Балаңның баласына қор екенсің, - деп толғаса ,
Меделі Жүсіп Қожаұлы

Тоқсан бес тоқайласып жүз келеді,
Көктем, жаз, кезегімен күз келеді.
Күзден соң қаһарлы қыс сияқты,
Денеңе қызу емес, мұз келеді, - деп түйіндейді. Иә, бұл жасқа жеткенде бар, жетпеген де бар. Алладан сол жасқа жеткізсін деп тілейік.


Мұғалім: 13 жас – жақсы мен жамандықты, ар мен намысты, дос пен жолдасты айыра білетін кезең.
«13 те – отау иесі» деп, бабаларымыз 13-ке келген ұлдарды «ержетті» деп, отбасылық  істерге араластырып  отырса, қыздарды  «бойжетті» деп,  үй тірлігін өз бетінше атқаруына ерекше көңіл бөліп , болашақ өмірге дайындай бастаған. Қазақ халқы жас жеткіншектердің тәрбиесіне көп көңіл бөлген, олардың бойына мейрімділік, қайрымдылық, әдептілік, сыпайылық сияқты жақсы қасиеттерді сіңіре білген. Міне осындай қасиет сендердің бойларыңнан да табылса деймін.

Мүшел жас туралы қандай деректер бар?
Руслан: Кейбір деректерде «мүшел» сөзінің «мүше» сөзінен айтылады, сонда мүшеге ие болған хайуан деген ұғымды береді, яғни барлық хайуан емес, киелі, қасиетті хайуан ғана уақыт өлшеміне ие болған.
Берекет:

Қазақтар жыл қайырудың адамның жасын есептеуге, не ауа - райын болжауға пайдаланып, соңғы кезде адамдардың туған жылы, күні, айына байланысты мінез - қасиеттердің қалыптастыру айтылып жүр. Бұны зерттейтін адамдар астрологтар дейміз, ол ғылымды астрология деп атайды.
Тоқтар:

Астрологтар, жұлдызшалар адамның бойындағы мінез қасиетіне Күн мен Айдың, шоқ жұлдыздардың әсер ықпалы сенімді жоққа шығармайды. Сол себепті адамның туған жылын мүшел жылдарымен байланыстырып туған айын шоқжұлдыздарына қарап топтастырып белгілі бір жүйеге түсірген.
Әсел:

Ата-баба есебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмай, 12 түрлі хайуанаттың атымен аталатынын білдік. Осы сияқты 12 айдың өзіндік жорамал аттары бар екенін білеміз, ендеше мінездері туралы психолог мамандары не айтады екен, тыңдайық.

Орынгүл: 21 наурыз бен 2 сәуір. Тоқты: Қызу қанды, алғыр, ақылды.

Әділет: 21сәуір мен 21 мамыр. Торпақ: Өзімшіл, шындықты сүйетіндер.

Жансая: 22 мамыр мен 21 маусым. Егіздер: Кекшіл, жалқау.
Нұрахмет: 22 маусым мен 22 шілде. Бүйі: Кекшіл, өзімшіл, өркөкірек.
Динара: 23 шілде мен 22 тамыз. Арыстан: Ержүрек, тік мінезді.
Дариға: 23 тамыз бен 23 қыркүйек. Бикеш: Алдамшы, алаяқ, бірақ алғыр.
Жеңіс: 24 қыркүйек пен 23 қазан. Таразы: Адамгершілігі мол, бірақ қу.
Айнұр: 24 қазан мен 22 қараша. Шаян: Кекшіл, ешкімге жақсылығы жоқ.
Жандос: 23 қараша мен 23 желтоқсан. Мерген: Батыр, ержүрек, мейірімді.
Нұртілек: 22 желтоқсан мен 20 қаңтар. Тауешкі: Білімді, қайырымды, бірақ алаңғасар.
Дәулет. 21 қаңтар мен 20 ақпан. Су құйғыш: Ұмытшақ, адал, алаңғасар.
Бағжан: 21 ақпан мен 20 наурыз. Балық: Өте қу, дарыны аз, бірақ жолы өте жеңіл болады.
Мұғалім: Осы орайда мүшел жасты кім қалай түсінеді, ерекшеліктері жайлы шығарма жазу тапсырылатын болатын. сол шығармалардың бір - екеуін оқиық.

Мұғалім: Көңіл аудар даналардың сөзіне.
Адал жанды өнеге тұт өзіңе.
Дегендей ұлы адамдар өміріне бір сәт көз жүгіртейік.

Алтынбай: Ұлытау өңірінен шыққан Қоңырбай батыр ұрпағы Ағыбай батыр есе біле бастағанынан патша үкіметтің бейбіт жатқан қазақ ауылдарына аяусыз жәбір көрсеткенін көрген Ағыбай батыр 13 жасында елін қорғауға атқа қонды.

Дәулет:
13 жасында ұлы Абай атамыз ақындығымен, ақылдығымен елге таныла бастайды.
Руслан

Ж. Аймауытов алғашқы өлеңін 13 жасында жазған.
Айнұр

Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров 13 жасында өзінің болашақ мамандығын таңдап алдына мақсат етіп қойған.
Динара:
Исатай мен Махамбет бастаған топ Жәңгір ханның әскерін тас талқан етіп жеңді.
Осы кезде Исатайдың Жақия деген батыр баласы да қатысты. Сол күнде Жақия 14 жаста еді.
Жандос:
Қазбек би 13 жасынан рулы елге айта білген.(Көрініс).
Мен сіздерге ата - бабамыздан жалғасып келе жатқан аңыз – әңгіменің бірін айтып берейін.
«Абылай хан бірде қалмақ ханы Қонтайшыға елші жіберіп, соларға атқосшы етіп 13 – 14 жасар Қазыбектің аттандырады. Қазақ елшілерін қабылдаған қалмақ ханы оларға сөзден дес бермей қояды. Қазақ елшілері тығырыққа тіреліп тұрғанда, есік жақта атқосшы бала Қазыбек орнынан атып тұрып, Қонтайшыға;
Бірақ қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт - береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпанды басынбаған елміз.
... Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз,- деп әйгілі қаз дауысты Қазыбек би бабалардың сендердей кезінде алмастай өткір сөзбен төпелей келіп, қалмақ ханын састырып, дұшпанын қазақтың алдына жығып беріпті»
  Сіздерде осы ардақтыларымыздай   сөзге шешен, батыл ел басқаратын азамат болыңдар.

  Мұғалім:  Қазақ ұғымында кез келген мүшел жас қатерлі болып саналады. Бұл негізсіз жай сөз емес. Қазір ғалымдар әрбір он екі жылда адам ағзасында елеулі өзгерістердің болатынын дәлелдеп отыр. Ғылым енді ашқан жаңалықты бәленбай ғасыр бұрын бабаларымыз қалай білген, қандай түйсікпен сезінген деп таңғаласыз. Мүшел жастың біз сырын әлі жете білмейтін құпиясы бар. Пендешілікпен байқамаймыз, ойланбаймыз, тылсымға сене бермейміз. Өйткені жетпіс жылға жуық құдайсыз қоғамды бастан өткіздік. Байыптап барлап қарасаңыз, мүшел жаста өлім-жітім, апат, қырсық-кедергілер жиі кездеседі. Сол үшін бұрынғылар мүшел жаста құдайы беріп, дастарқан жайған. Обалды түсініп, сауап жасауға тырысқан. Кісі ақысын жемей, арамға қол созбай, өтірік-өсектен аулақ болуды парыз санаған. «Құдайы» дегенді талай адамдар тек Құран оқып, бет сипаумен байланыстырады. Шындап келгенде, бұл – әрбір адамның, ең алдымен, өз ар-ұятының алдында өзіне есеп беруі, тәубеге келуі мен азға да, көпке де қанағатты болып, шүкіршілік етуі деп түсінген жөн. Кейбіреулер «әйтеуір қайыр-садақа берсем, мүшелден кедергісіз өтемін» деп ағат ойлайды. Егер адамның ішкі жан дүниесі тазармаса, күншілдік, менмендік, мақтаншақтық, жалқаулық сияқты жаман әдеттерінен құтылмаса, басынан кесек алтын айналдырып садақа берсе де, көкірегі көр күйі қала береді. Өз басым осыны естен шығармаған жөн дер ем...   Әр адамның өз пешенесі жазылғанын білсек, онда адам баласы үшін 37 жас ең қауіпті мүшел жас болып саналады. Себеп те бар?! Нағыз кемелденген кезеңде сырт көздің сұғы дегендей, адам баласы от пен жалынның ортасында ғұмыр кешіп жүреді. Алайда, оған дейін де 13 саны қауіпті болып табылады. Тарихқа көз жүгіртсек. Арыға бармай, XX ғасырдың бірінші 13 жылдығына, яғни бірінші мүшелінен бастап тізбектеп көрейік. Сол бір бір 1913 жылы қазақ халқы үшін де аса ауыр кезеңнің басталған шағы болды. Осы жылдары Ресейдің құрамындағы халықтарды қара жұмысқа алу туралы жарлықтар шығарылды. Ақ патшаның бұндай арам пиғылына көнгісі келмегендіктен, қазақ елінің әр түкпірінде бас көтерулер, қақтығыс-ұрыстар бой көрсете бастады...

-Балалар, мүшел жастың ерекшеліктерін, қауіптерін, берілетін садақаның негізін түсіндік. Айтылмаған қандай кәде қалып қойды? Мүшелге келген әрбір адам мүшелік таратады. Мүшелік – мүшелге келген адамның жақынына, немесе жанашыр досына  «мүшел жастан аман-есен өтейін» деген ниетпен, немесе өзінен жасы кіші інісіне не сіңлісіне  «сен де  мүшелге жет» деген ниетпен тарту ететін киімі. Онда біз қазір осы кәдені де жасамасақ болмас.

Мынау қораптардағы сыйлықты алу үшін,   алдымен сұрақтарға жауап берулерің керек.

1.       Мүшел деген не, алғашқы мүшел қай жастан басталады?

2.       Мүшелге келгенде қандай той жасалады? Мүшел неше жыл сайын қайталанады?

3.       Мүшелге келгенде қандай ырымдар жасалады?  2 мүшелге  қай  жаста толады?

4.       Адам  өмірі қандай кезеңдерге бөлінеді? 13-ке келгенде қандай өзгерістер болады?

5.       Балалық шағың туралы  не айтасың? Мүшелік деген не?

6.     Мүшелге толған достарыңа қандай тілек айтасың? Ұл бала туралы мақал айт.

Жаманнан жақсы шықпас - мақтағанмен,
Жабыдан тұлпар шықпас - баптағанмен.
Ителгі қайырсаң да түлкі алмайды,
Алтынмен томағасын қаптағанмен.

Ата тұрып ұл сөйлесе — ер жеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе — бой жеткені болар.

 

Бақ қонады ұл таңдап,
Қонақ қонар үй тандап.
Болымы жоқ бозбала,
Бейнеттен қашар бұлтыңдап.

 

Азамат жетім болмайды - халықтан болса панасы,

халық жетім болмайды - басшы болса данасы.

Ата тәлімі

1. Арман деген не?
Жігітке:
— Арман деген не? — депті қарт.
— Ата, арман деген қиял, — депті жігіт.
— Жоқ, балам, арман дегеніміз — ақыл-ойдың- шыңы. Құс — ұшсам дейді, бала — өссем дейді, қыз — көpiктi болсам дейді, жігіт — бақытты болсам дейді,
қарт — жүзге жетсем дейді, ақылды — дана болсам дейді, ұстаз — шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмай
кетеді. Ақымақтың арманы болмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді — депті қарт.

2. Өмірде кімнің арманы жоқ?
Жігіттен:
— Өмірде кімнің арманы жоқ, — деп сұрапты қарт.
— Ата, өмірде ұлы бар адамның ар¬маны жоқ — депті жігіт.
— Жоқ, балам, ұлы бар адамның ар¬маны көп. Ұлы жоқта ойлау — көп.
Есіңде болсын, бұл өмірде елді басқарған хан мен әкімде арман жоқ. Ақылы асқан
данада арман жоқ. Жүзден асқан қартта арман жоқ. Хан мен әкім жақсы
болса, халқын бақытты етсем деп ойлайды. Дана — ақылдыны дана етсем
деп ойлайды. Жүзден асқан қарт «Tipi болсам» деп ойлағанын қоймайды, —
депті қарт.

3. Бақытты болу оңай ма?
Жігітке:
— Бақытты болу оңай ма? — депті қарт.
— Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында, — депті жігіт.
— Жоқ, балам, ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады. Есіңде болсын,
ақылды жанның бақыты алдында, ақылсыздың бақыты алыста. Жігіттің
бақытты болуы ақылдылығында. Ақыл — адамды азаптан да, мазақтан да
құтқарады. Өмірде шын бақытты боламын десең, ақылдылықты үйрен, не
ақылды қызға үйлен, — депті қарт.

4. Дос табу оңай ма?
Жігітке:
— Дос табу оңай ма? — депті қарт.
— Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын, — депті жігіт.
— Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанмен, жақсылыры жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Ақылды өзіне тең дос іздейді, ақымақ өзіне тең досты іздемей-ақ табады.
Ecіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың. Өмірде ақылды дос табу қиын, сүйікті жар табу қиын, жақсының көнілін табу қиын, — депті қарт.

5. Достықты нығайтатын не?
Жігітке:
— Достықты нығайтатын не? — депті қарт.
— Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады, — депті жігіт.
— Дұрыс, балам, сенің айтқаның дос¬тық пен жолдастықты дамытады. Eciңде болсын, шын достық ақылдыға тән екенін ұмытпа. Өмірде дос болуды ойласаң, «Саламатсыз ба, кешіріңіз, рахмет, сау болыңыз, сәлем айтыңыз» деген бес сөзді шын көңілмен айтуды үйрен. Сәлемдесуді білген кeшipe де біледі, кешіре білген рахметін де айта біледі.
Жөн сөз — көңіліңді өcipeді, жөнсіз сөз — өміріңді өшіреді. Достықты көңіл нығайтады, өмір ұзартады — депті қарт.

6. Тексізге кім жатады?
Жігітке:
— Тексізге кім жатады? — депті қарт.
— Ата, жеті атасын білмеген тексізге жатады, — депті.
— Жоқ, балам, жеті атасын өзі білмесе де өзге білер. Атасыз — бала
жетілмейді. Жеті атасын білмеген баланың әкeci надан. Есіңде болсын, жаманның тілін сұрама, атасын сұра, ханның тегін сұрама, халқын сұра. Ақылды ханда тек болса да, кек болмайды. Жеті атасын білмеген жетім ұлға тең. Жетесіз жанға жеті атасын үйрету қиын.
Жетесізге жетім бала да ермейді. Ұлыңа жеті жасқа келгенше жеті атаңды үйрет, — депті қарт.

7. Өмірде кім жетім?
Жігітке:
— Өмірде кім жетім? — депті қарт.
— Ата, ата-анасы жоқ бала жетім, — депті жігіт.
— Дұрыс, балам, өмірде ата-анасы жоқ бала тipi жетім. Eciңдe болсын, жетімдікті көп көрген, жеңіске тез жете алмайды. Өмірде тоғыз жетім бар екенін ұмытпа. Халқына сeнiмciз болса — хан жетім, ханы ақылсыз болса — халқы жетім, кеңесшісі ақылсыз болса — әкім жетім, қараусыз қалса — үй жетім, суы жоқ — құдық жетім, ұлы жоқ — әке жетім, қызы жетесіз болса — ана жетім, досы жоқ — жігіт жетім, шәкіртсіз — ұстаз жетім. Өмірде жетім болсаң, есірме. Ақылды жетім — кеңесуге құмap, ақылсыз жетім — егесуге құмар. Егескен ел болмайды, — депті қарт.

8. Үйде кім, елде кім қадірлі?
Жігітке:
— Үйде кім, елде кім қадірлі? — депті қарт.
— Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі — депті жігіт.
— Жоқ, балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді қазақ халқы жақсы бiлeдi, қартты қадірлеуді бәpi біледі. Бала — үйдің патшасы. Балалы үй — базар, баласыз үй — мазар.
Қарт — үйдің тұлғасы, хан — елдің тұлғасы. Хан мен әкімгe ел қарайды. Хан — әділ болса, елдің бағы жанады, әділетсіз болса елдің бағы таяды, — депті қарт.

9. Көпірден өткен соң ешкімге қарамайтын кімдер?
Жігітке:
— Көпірден өткен соң ешкімге қарамайтын кімдер? — депті қарт.
— Ата, көлігі бар көпірден өтсе, ешкімге қарамайды, — депті жігіт.
— Жоқ, балам, көпірден есек өтсе — иесіне қарамайды, ақымақ өтсе — ағайынға қарамайды. Есек иесіне қарамаса — ecipгені, ақымақ ағайынға қарамаса — жетіскені, хан
халқына қарамаса — тірідей өлгені. Көпірден көсем өтсе, көңілі алаңдап, артына қарайлайды, не жол жағасына қарайды. Ақылы бар көпірден ақырын өтеді, — депті қарт.

10. Жоқты бар, ашты тоқ eтетін кім?
Жігітке:
— Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? — депті қарт.
— Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке, — депті жігіт.
— Жоқ, балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін — сол ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды. Ана — үйдегі бақ, әке — отыратын тақ. Анна ақылды болса, үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы, — депті қарт.

 

 

-Балалар, сендер бүгін мүшелге келгенде жасалатын жоралғылар мен кәделер туралы білдіңдер.

Өмірдің бір белесін болдырған шақ,

Санасын нұрлы ақылмен толтырған шақ,

«13- те – отауға ие» деген қазақ,

Балиғатқа бас болдырған шақ ...
Барлық оқушы.«Тамаша» әнінің әуенімен ән айтады.
Тамаша бүгінгі күн біздер үшін
Аталып отыр міне бір мүшелім
Тамаша осы тойда ақ көңілден
Достардың ақтарылса ақ тілегі

Тамаша мектептің біз алды болсақ
Бауындай тонның ішкі тату болсақ
Тамаша болар еді сыныптастар

Тамаша бүгінгі күн, мүшел тойым
Балалық шақтан өтіп өскен ойым
Тамаша осы тойда ақ ниетпен
Ақтарса келген жиын жиға ойын

Тамаша ақылға ақыл қоса берсек
Біліммен биіктерге ұша берсек
Тамаша жақсылықпен ата - ананы
Қуантып, Адам атын иеленсек.



Түгел оқушы:
Сарыарқаның самалындай есеміз, т
Тайсалмаймыз, талай сынды кешеміз.
Бізді өсіріп, еркелеткен туған ел
Мақтан етер перзентің боп өсеміз!
Соңы.

 

                                                                          

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""13 жас – алғашқы мүшел" ашық тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай селосы № 8 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі

Шаханова Қарлығаш Тойбазарқызы

 

Тақырыбы: 13 жас – алғашқы мүшел
Мақсаты:
Мүшел туралы қызықты пікірлермен балаларды таныстыру.
Мүшелде қандай сыр бар, ол қандай сөзден шыққанына түсінік беру.
Балалардың алғашқы мүшел жасына сипаттама беру. Олардың ата - аналарын сыйлауға, мейрімділікке, қайрымдылыққа, әдептілікке, сыйластыққа, достарын сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «13-алғашқы мүшел жас» презентация, нақыл сөздер, шарлар, тақырып.
Сабақтың эпиграфы:«Бала болсаң, болғандай бол,
                                          Ағайынға қорғандай бол!»

Тәрбие сағатының жоспары:
Психологиялық дайындық.
Ой ашар.

І. Қызығушылықты ояту.
 Ой қозғау.

Мағынаны тану

“Ой жалғастыру”

«Ой түю»

Көрініс «Ата тәлімі»

 

Психологиялық дайындық.
               1.  «Ой ашар»

Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар!
Ата - анаға көз қуаныш
Алдына алған еркесі
Көкірегіне көп қуаныш
Гүлденіп ой өлкесі, деп Абай атамыз ата - ана мен перзент арасындағы байланысты тамаша жариялаған.«Адамның бір қызығы бала деген!
Деп қазақ халқы шыр шертіп дүниеге келгеннен бастап балаға арнап өткізетін жиын - тойы қаншама. Той — ізгіліктер мен жақсылықтарды, озық дәстүрлерді жаңғыртып отыратын тәлімі мол тәрбие мектебі. 

Ой қозғау.

-Қандай бала тойларын білеміз?
-Бүгініміз қандай той?
Ол жайында бар ма ой?

Жігіт болды балаңыз
Құрбан шалып, малды сой,-деп,
бүгінгі орта буын  сыныптары оқушыларының 13 жас  алғышқы мүшел жасқа толу құрметіне арналған ашық тәрбие сағатымызға  қош келдіңіздер! Ең алдымен мүшелге толған оқушыларымызды ортамызға шақырып, өткен туған күндерімен құттықтап қоялық!

 

 Басқаша қарап өмірге,

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 621 материал в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.04.2015 7833
    • DOCX 110 кбайт
    • 75 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаханова Карлыгаш Тойбазаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20855
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 159 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Мини-курс

Медиа и коммуникации в современном обществе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Стрессоустойчивость и успех в учебе: практические методики и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции