Инфоурок Всеобщая история Рабочие программы1986 жылғы 16 желтоқсан ценари

Флажки «Тәуелсіздік күні» 16 желтоқсан

Файл будет скачан в формате:

  • pdf
7293
17
01.11.2024

Материал разработан автором:

Ким Кира

Педагог

Разработок в маркетплейсе: 118
Покупателей: 1 380

Об авторе

Я преподаю английский язык ученикам с казахским и русским языком обучения более 6 лет в Казахстане, Китае, России и онлайн. С удовольствием создаю уроки и курсы с нуля, ориентируясь на индивидуальные потребности и запросы моих учеников. Я преподавала английский ученикам дошкольного, школьного возраста , студентам и взрослым индивидуально и в группах. Имею опыт преподавания общего английского, бизнес английского, английского для путешествий, эмиграции, собеседований, получения визы, презентаций, логистики, бухгалтерии и многого другого. Также я работала методистом-асессором при найме учителей английского языка, поэтому точно знаю, что нужно учителю иностранных языков.
Подробнее об авторе

Настоящая методическая разработка опубликована пользователем Ким Кира . Инфоурок является информационным посредником

Бұл материалдар Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған және ұлттық рәміздеріміздің маңыздылығын көрсететін керемет көрнекіліктер. Әсіресе, бұл әзірлеме Қазақстанның мемлекеттік туының түсіне сәйкес – көгілдір және алтын сары түстерімен безендірілген, бұл еліміздің егемендігі мен ұлттық бірегейлігін көрсетеді. сыныптарда, мектеп іс-шараларында, мерекелік кештерде немесе басқа да патриоттық жиындарда қолдануға өте ыңғайлы. Әзірлеме Қазақстанның Тәуелсіздік күнінің символикасын ерекше көрсетеді. Олар оқушыларға және қатысушыларға мерекенің маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ ұлттық мақтаныш пен патриотизмді ояту үшін жасалған. Сіз бұл әзірлеме ұлттық мерекені лайықты атап өтуге және патриоттық іс-шараларды өткізуге қолдана аласыз. Бұл материалды әр мұғалім сыныпты безендіруде қолдана алады, ал ата-аналар үйде балалармен бірге отаншылдық сезімдерін арттыру мақсатында пайдалана алады. Қазақстанның мәдениеті мен тарихына арналған іс-шаралар, сондай-ақ патриоттық әндер мен өлеңдер кешін ұйымдастыруда бұл флажкалар ерекше орын алады. Тәуелсіздік күні әрбір қазақстандық үшін маңызды мереке болып табылады, және оны осындай ерекше әзірмелер арқылы мерекелеу – мерекенің мән-мағынасын арттырады. Бұл өнімді пайдалана отырып, сіз өз іс-шараңызды әдемі безендіріп қана қоймай, қатысушыларға ұлттық бірегейлік пен елге деген сүйіспеншілік сезімдерін сыйлай аласыз.

Краткое описание методической разработки

Бұл материалдар Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған және ұлттық рәміздеріміздің маңыздылығын көрсететін керемет көрнекіліктер. Әсіресе, бұл әзірлеме Қазақстанның мемлекеттік туының түсіне сәйкес – көгілдір және алтын сары түстерімен безендірілген, бұл еліміздің егемендігі мен ұлттық бірегейлігін көрсетеді. сыныптарда, мектеп іс-шараларында, мерекелік кештерде немесе басқа да патриоттық жиындарда қолдануға өте ыңғайлы.

Әзірлеме Қазақстанның Тәуелсіздік күнінің символикасын ерекше көрсетеді. Олар оқушыларға және қатысушыларға мерекенің маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ ұлттық мақтаныш пен патриотизмді ояту үшін жасалған. Сіз бұл әзірлеме ұлттық мерекені лайықты атап өтуге және патриоттық іс-шараларды өткізуге қолдана аласыз.

Бұл материалды әр мұғалім сыныпты безендіруде қолдана алады, ал ата-аналар үйде балалармен бірге отаншылдық сезімдерін арттыру мақсатында пайдалана алады. Қазақстанның мәдениеті мен тарихына арналған іс-шаралар, сондай-ақ патриоттық әндер мен өлеңдер кешін ұйымдастыруда бұл флажкалар ерекше орын алады.

Тәуелсіздік күні әрбір қазақстандық үшін маңызды мереке болып табылады, және оны осындай ерекше әзірмелер арқылы мерекелеу – мерекенің мән-мағынасын арттырады. Бұл өнімді пайдалана отырып, сіз өз іс-шараңызды әдемі безендіріп қана қоймай, қатысушыларға ұлттық бірегейлік пен елге деген сүйіспеншілік сезімдерін сыйлай аласыз.

Развернуть описание

1986 жылғы 16 желтоқсан ценари

Скачать материал

                        

   Мақсаты:  1.1986 жылғы  16-17  желтоқсандағы  бүкіл  дүние  жүзін  дүр  сілкіндірген  ғаламат  оқиға  жөнінде   жастарымызға   жаңа  тұрғыда  насихаттай  отырып,туған  елі  мен  жеріне   деген  сүйіспеншілігін,  туған   халқын  сүюге, тіліміз  бен  тарихымызға  құрметпен   қарауға   тәрбиелеу.

2. Егемендіктің   мәнін  түсіндіру.

3. Бүгінгі  тәуелсіздікке  қалай   қол   жеткізгенімізді  зерделеу.

   Көрнекілігі:  Желтоқсанға  байланысты   шығарылған   плакат, Желтоқсан  оқиғасының  құрбандарына  арналған   бүктеме,  нақыл  сөздер   жазылған   плакаттар.

                            Барысы.

Мұғалім:  1986 жылғы болған оқиға халық жүрегінде мәңгі сақталады. Біздің бүгінгі кешіміз елінің тәуелсіздігі үшін өмірін қиған жауқазындай ұл- қыздарымыздың рухына арналады. Оның бір айғағы – 1986 жылғы студент жастарымыздың қарақшылықпен жазалануы, қорлануы.

                           Желтоқсан –

                           Дауыс боп бұқан ескенсің,

                           Азаттық күйі қашаннан,

                           Көкейін елдің тескенсің.

      Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар болды. Ұмытылмайтын себебі, ол – оқиғалардың халық тағдырымен байланыстылығында.

      Желтоқсанда жарқырап, мезгілсіз аққан жұлдыздар ең биікте тұруы керек. Халқымыздың тәуелсіздігі, егемендік жолында өз өмірін қиған құрбандардың рухына игі борышы. Бұлақты көлге, әскерді елге қарсы қоюға болмайды, өйткені әділет жеңбей қоймайды.

     Барлығы 99 адам сотталды, оның ішінде Қазақ КСР Жоғары соты 11 адамды, Алматы қалалық соты – 59 адамды жазаға тартып, 2 адам ату жазасына кесілді, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 1992 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 46 адам ақталды.

    1986 жылғы желтоқсан айында кезектен тыс өтілген жедел пленумында Қазақстанның 1 секретары Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевті орнынан алып, оның орнына елімізден мүлдем хабары жоқ орыс азаматы Генадий Васильевич Колбинді әкеліп қоюы еді. Бұл Республика халқы мен жастардың  назарлығына әкеп соқтырды. Бірақ ол бейбіт шеруді республика басшылығы әскери гарнизонмен басып, жауапқа тартты.

    Міне, осы өкіметтің қорғануындамыз, әділетті шешім қабылдауына ықпал ете аламыз деген жастардың сенімдерін сол үкіметтің өзі таптап жапа көрсеткеніне табаны күректей 19 жыл болды. Әуелі біз сіздерден, осы жерде сол желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, 1 минут үнсіз тұруларыңызды сұраймыз.

1-  оқушы : Ерлерді   ұмытса  да  ел ,  сел  ұмытпас,

 Ерлерді  ұмытса  да  ел,жел  ұмытпас.

 Ел  үшін  жанын  қиып ,  жауды  қуған.

 Ерлерді  ұмытса  да  ел,  бел  ұмытпас.

 Ел  үшін  төккен  ерлер   қанын   жұтып,

 Ерлерді  ұмытса  да  ел,  жер  ұмытпас.

 Арқаның  селі ,желі,  шөлі,  белі ,-

 Ерлерді  ұмытса  ел  ұмытпас,  -деп  М.Жұмабаев   ағамыз    айтқандай   дүниені   дүр   сілкіндіріп ,  қазақ  елінің   бостандық   туын  көтерген   ерлеріміз   мәңгі  есте   қалары   сөзсіз.

2-оқушы:  Құрбандарым,  жазықсыз  құрбандарым,

Бет  бағдарын  бақиға  бұрғандарым .

Қаралы  жылдардай  боп  қарауытып,

Халқымның   мәңгі  есінде  тұрғандарым.

Құрбандарым, жазықсыз   құрбандарым,

Кеудемдегі   қоламта   қоздатқаным.

Тұншықса  да  түрмеде  тозбапты  әнің.

Жазықсыз   жапа   шегіп   бұл   жалғаннан,

Жалтақтап   кете  барған   боздақтарым.

3-оқушы: 1986  жылдың  желтоқсаны   бүгінгі  біз  үшін  артында  қалдырған  тарихи  сабақтарымен   қымбат.  Желтоқсан  күндері   осы   жалпы   ұлттық  идеяны   көтеріп,  оның   жолына  өз  өмірін   арнаған  Қ.  Рысқұлбеков,  Е. Сыпатаев,  Л. Асанова, С.Мұхамеджанова   және   басқа   да   мыңдаған  ұл-  қыздарымыз  ұлт   тарихында   әрқашанда  құрметпен   аталуға  лайық.  Олай  болса  бүгін  біз  бір  сәт  асыл  азаматтарымыз  Желтоқсан  жұлдыздарының  ерлігі,қайсар   өмірі   жайлы   көпшілік   алдында  тағы  бір  айта  кетсек   артық  болмас.

  4- оқушы: Қ.Рысқұлбеков  -1986   жылғы  желтоқсан  көтерілісінің   құрбаны, « Халық   Қаһарманы». Ол  1986   жылы  алматыдағы  сәулет  құрылыс   институтына  оқуға   түсті.  Осы  жылы  16-18  желтоқсанда  болған   қазақ  жастарының   отаршылдық   және  әміршілдік   жүйеге   қарсы   көтерілісіне   белсене   қатысты.   Жастарды   көтеріліске   ұйымдастырғаны   үшін   кесілген   өлім  жазасы  20  жылға   ауыстырылды. 500  күннен  астам  өлім  камерасында   өзегі  талып,үміт   пен   үрей   құшағында   отырған  Қайрат  енді  20 жылға  Свердловскіге   айдалып   бара   жатып,  кенеттен   Семейден  шықты.  21-мамырда   Семей   түрмесінде  21-  камерада   белгісіз   жағдайда   қаза  тапты.

   5-оқушы : Сәбира   Мұхамеджанова 1985   жылы  8  жылдық  мектепті   үздік   бітірісімен  Өскемен   қаласындағы  педучилищенің  бастауыш   сыныптарға   мұғалімдер   даярлайтын  қазақ  бөліміне   оқуға  түскен.  Сол  жылы  ол   бар  жоғы  16  жаста   еді.  16  -желтоқсан   күні   астанадағы   дүрбелеңге  үн  қосқаны  үшін,өзінің   ар-намысына,анасына,атасына   масқара  сөздер   айтып   балағаттағанына,  училищеден   жазықсыз   шығарылғаны   үшін   шыдай  алмай   Сабира   жатақхананың  5  қабатынан   құлап  өледі.

   6-оқушы:  Ләззат  Асанова –Желтоқсан   көтерілісінің   құрбаны.  1985   жылы  Алматыда   Чайковский   атындағы   музыкалық   училищеге  оқуға  түскен.  1986  жылы17-18   желтоқсанда   болған   қазақ  жастарының   отаршылдық   жүйеге   қарсы   азаттық   көтерілісіне   белсене  қатысқан.  Ол « Қазақтар! Кіріптарлық  құлдықта  өмір  сүргеніміз   жетеді.  Біз  еліміздің   тәуелсіздігін   жеңіп   алған   кезде   ғана  азат   бола  аламыз !» деген   ұранмен   шықты.  1986  жылы   жазалаушылардың   қолынан   қаза  тапты.

7-оқушы:  Көтерілді  жастарымыз  алаңға,

                    Көтерілді  студент  қыз,  балаң  да.

                    Қан  төгілді  намысы  үшін қазақтың,

                    Ерліктің    жайылды  кең  ғаламға.

8-оқушы:Қаһарманын  ұмытпайды  халықтар,

                 Өткен  күнді  тарихымыз  анықтар.

                 Ерлігіне  тағзым  етем  қашанда.

                 Тәуелсіздік  алып  берген  Алыптар!

Ән шашу

9-оқушы:  Желтоқсанның  ызғары-ай,

                  Кірпікке  қатқан  мұздары- ай.

                 «Елім –ай»  деп  егілген,

                 Қаһарман  ұлдар,  қыздар-ай.

10-оқушы: Сәл  аялдап,  тағзым  етпей  бұл  алаңнан  өтпеңдер.

                  Желтоқсанда  ызғырықтан  тітіркеніп  көк  пен  бел.

                  Бұл  жер ,  қалқам,асқақ  рух   жарылысы  өткен  жер.

                  Қайта  оянған   ұлт  намысы   қызыл  қанға   бөккен  жер.

                   Ерте  есейген   ару  қызды  шаштан  сүйреп ,тепкен  жер.

                  Жатты  мұнда  естен  танып  күзге   айналған   көктемдер.

                  Алаң  шетін  қоршап  тұрған  шыршаларға   ала  көк.

                 Жас  бүлдіршін,мұз  құрсанған  шыршаларға   қарап  өт.

                 Сол  арада  сатқындық  та  елестейді  қара  бет.

11-оқушы: Қара  беттің  көбі  бүгін  дара   тұлға,дара  бет.

                 Жас  бүлдіршін,мұз  құрсанған  шыршаларға   қарап  өт.

                 Заманыңның  жеңісі,жеңілісін  санап  өт.

                 Ұлттың  бағы   жанар  ма  екен  жас   тұлпары , нары  жоқ.

                 Ал,  біреулер   намысы   жоқ  , жігер,  қауқар,қары  жоқ.

                 Кемсітпекші « Желтоқсанның  жалаң   аяқтары»   деп.

                 Жоқ! Кешегі  сын  сағатта  көкірегінде  жанып  от.

                 Тұрған    солар  аяз  сорған  қызыл  беттің  ары  боп.

                 Дәуірінің   тауығына  шашылмаған  тары  боп.

12-оқушы:      Тірліктегі   әр  ісінің   жаңғырығы   болады.

                 Бұл  табиғи   жасырын   заң  өзгеріссіз  қалады.

                 Сол  заңға   сай  сені  бақыт ,не  сор  іздеп  табады.

                 Дүниені  дүр  сілкінткен  жас  толқынның  саналы.

                 Даңқын  ешкім,ешкім  бүркей  алмас ,оны  да  еске   алады.

                 Желтоқсанның  бас  алаңы , қайсар  рух   алаңы.

Ән шашу

 

13-оқушы:     1991 жылғы желтоқсандағы «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-дегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Жарлығына байланысты Қазақ КСР-нің 65 бабымен Қ. Ноғайбайұлы, Л.Асанқызы, Е. Сыпатайұлы, С.Мұхамедқызы, Ж.Тайжанұлы ақталды.

14-оқушы: М.Шаханов Желтоқсанда мерт болған Қ.Рысқұлбековтың өліміне ерекше тоқталып, жүзінен намыс алауы лапылдаған осы жігіт тірі болғанда сөз жоқ халқының айбарлы ақыны, үлкен қоғам қайраткері болар еді. Оның түрмеде отырып жазған хаттары, өлеңдері, ой-толғамдары қазір менің қолымда дейді үнсіз ойлана.

Асыл бейне

Көзіңнен айналайын төңкерілген,

Көрікті қабағымен көмкерілген.

Жанарың алға ұмтылып атылып тұр

Сұмдардың өткеліндей өңіменен.

Бұл күнде осы бейнең қайда жатыр,

Үстінде топырақтан бар ма шатыр?

Жазықсыз, жас тәңінді қинағанша

Япырмау, қайда болдым мен бір пақыр?

Мақсатқа тірі болсаң жетер ме едің,

Туғаннан «Халқым» дедің, «Ұлтым»  дедің.

Ұшқанша көкірегіңнен ақтық демін,

Сол сәтте тірлігіңді көрсем егер

Жолыңда құрбан болып кетер едім.

15-оқушы: Еліміз осылай болды егеменді,

Шаңырағым еншілі демек енді.

Бас көтердік жеке-дара мемлекет боп,

Бар әлеммен тең ұстап тереземді.

Ел мақсаты «50-елдің қатарына ену енді»

Республикам елдердің алды болсын,

Құт болсын «Нұр жолы» Нұр-ағаның

Келешекте Қазақстан Республикасы,

Орта Азия Барысы болсын енді.

16-оқушы:  Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім жас өркені халқымның

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп.

Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың,

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның.

Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.

Ән шашу

17-оқушы: 1991 жылғы 16 желтоқсан ҚР-ның тәуелсіздік алған күні. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекеттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түркия Республикасы таныды.

18-оқушы: Тәуелсіз Қазақстанның дипломатиясы тарихында алғаш сенім грамотасын тапсырған – Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі – Арғын Өзпай.

    1991 жылдың соңына дейін Қазақстанның тәуелсіздігін әлемнің 18 елі таныды. 1992 жылдың ортасына қарай Республика тәуелсіздігін жер шарының 30-астам елі мойындады. АҚШ, Қытай, Иран, Пәкістан, Канада, Швейцария болды.

19-оқушы: 1992 жылдың соңы – тәуелсіз республиканы дүние жүзінің  150 мемлекеті танып, 106 елмен дипломатиялық және консульдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50 – астам шетелдік елшілік және халықаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.

   1992 жылғы  наурыз – Қазақстан БҰҰ-на мүше болып қабылданды.

    1992 жылы ҚР Мемлекеттік рәміздері Жалауы, Елтаңбасы, Әнұраны анықталды.

    1993 жылы Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы бекітілді. Ұлттық валюта енгізілді.

20-оқушы: Қара мына ғажапқа,

Теңдік тиді қазаққа.

Езгідегі ұрпағың,

Енді айналды азатқа.

Орыс, ұйғыр, неміс те,

Үнін қосып жеңіске.

Жұдырықтай жұмылды,

Келешегі кең іске.

Ән шашу.

21-оқушы: Пай, пай!

Киелі неткен жер!

Тұлпарлар дүбірлеп төккен жер.

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

Сарылып сал-сері кеткен жер.

Бас иіп, иіске топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер!

    Үлкен жүректі, ұлы сезімді, шалқар шабытты ақын Мұқағали жырына арқау болған, біздің атамекеніміз, қазақ даласы – бабаларымыздың ұрпағына қалдырып кеткен асыл мұрасы.

22- оқушы: Талай-талай, қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай тіршілік иесі нәр алып жаралған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!

Неткен байтақ, неткен ұлы сен елім,

Нендей күйге жүрегімді бөледім,

Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем,

Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.

23-оқушы:

Мұғалім: Тойланып  мың мереке, ұлыс күні

Құйылған шаңырақтан ырыс нұры.

Халқымның бақыты үшін аз байлық па,

Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.

     Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтің мына сөзі «Жасыраты жоқ, кейде мен іштей ойлагамын, түн ұйқымды төрт бөліп, ұйықтамай шығар түндерім де болады. Сондағы бар ойлайтыным – елімнің, жерімнің тағдыры, ертеңгі болашағы. Мұным кейбіреулерге жаттандылау да болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл менің имандай шыным» - дейді. Бұл сөзінің дәлелі қазіргі таңдағы атқарылып жатқан, жетіп жатқан жетістіктеріміз емес пе?

    Ақталды боздақтардың ақ талабы

Әділ іс әрқашанда ақталады.

Елі үшін жанын қиған асыл жандар

Ел есінде мәңгі сақталады – дей келе желтоқсан күніне арналған іс – шарамызды жабық деп жариялаймыз.

Ән шашу.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "1986 жылғы 16 желтоқсан ценари"
Смотреть ещё 6 084 курса

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

   Мақсаты:  1.1986жылғы  16-17  желтоқсандағы  бүкіл  дүние  жүзін  дүр  сілкіндірген  ғаламат  оқиға  жөнінде   жастарымызға   жаңа  тұрғыда  насихаттай  отырып,туған  елі  мен  жеріне   деген  сүйіспеншілігін,  туған   халқын  сүюге, тіліміз  бен  тарихымызға  құрметпен   қарауға   тәрбиелеу.

2. Егемендіктің   мәнін  түсіндіру.

3. Бүгінгі  тәуелсіздікке  қалай   қол   жеткізгенімізді  зерделеу.

   Көрнекілігі:  Желтоқсанға  байланысты   шығарылған   плакат, Желтоқсан  оқиғасының  құрбандарына  арналған   бүктеме,  нақыл  сөздер   жазылған   плакаттар.

                            Барысы.

Мұғалім:  1986 жылғы болған оқиға халық жүрегінде мәңгі сақталады. Біздің бүгінгі кешіміз елінің тәуелсіздігі үшін өмірін қиған жауқазындай ұл- қыздарымыздың рухына арналады. Оның бір айғағы – 1986 жылғы студент жастарымыздың қарақшылықпен жазалануы, қорлануы.

                           Желтоқсан –

                           Дауыс боп бұқан ескенсің,

                           Азаттық күйі қашаннан,

 

                           Көкейін елдің тескенсің.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 366 823 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 02.12.2014 2223
    • DOCX 54 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем 03041980 Бекайдар Бексултанович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    03041980 Бекайдар Бексултанович
    03041980 Бекайдар Бексултанович

    учитель

    • На сайте: 10 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 142956
    • Всего материалов: 16

    Об авторе

    работаю КГУ Тауагашская с р е д н я я ш к о л е преподаю историю и религаведению , Все эти годы я работаю усердно с каждым учеником. В свободное время я занимаюсь спортом : теннис, хоккей, волейболом и иногда шахматы..Опубликовать материал на сайте infourok.ru

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 361 668 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Эффективное проведение тренингов в образовательной деятельности

3 ч.

Подать заявку О курсе

Мини-курс

Помощь населению в цифровой среде: инструменты и методики

5 ч.

Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продуктивность и мотивация в учебной деятельности младших школьников

2 ч.

Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 6 084 курса