Инфоурок Начальные классы Конспекты1 cынып Ана тілі Cабақтың тақырыбы: Сөйлеу. Көзге көрінбейтін бала.

1 cынып Ана тілі Cабақтың тақырыбы: Сөйлеу. Көзге көрінбейтін бала.

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:    Сөйлеу.

                                             Көзге көрінбейтін бала. 

Сабақтың мақсаты:

           Білімділік:   сұрақтарға толық жауап беруге, азат жолдан өлең, мақал

                                  жазуға  үйренеді, сөйлеу туралы түсініктерін кеңейтеді.

Дамытушылық:  оқушылар  әдемі  көшіріп жазу дағдыларын жетілдіреді 

                                мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуын  дамытады. 

           Тәрбиелік:  оқушылар бір-бірімен бөлісе білуге тәрбиеленеді.

Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

    І.  Ұйымдастыру кезеңі.

І.1. Психологиялық дайындық.

I.2. Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарды  реттеу.

I.3. Жаңа оқулықпен танысу.

Оқулықтың шартты белгілермен, жұмыс тәртібімен танысу, қазақ тілі және ана тілі дәптерлердің айырмашылықтарымен танысады. Дәптер беттерін дұрыс толтыруға үйренеді.

-         Балалар, қазір қай мезгіл?

-         Қазір қыс мезгілі.

-         Ал қыстың қандай айлары бар?

-         Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

-         Қазір қай ай?

-         Қазір қаңтар.

-         Бүгін қаңтардың  нешесі?

-         Бүгін қаңтардың тоғызы.

-         Біз сендермен не істеп отырмыз?

-         Біз әңгімелеп отырмыз.

-         Әңгімеге барлық балалар қатысып отыр ма?

-         Жоқ, барлығы емес.

-         Оны қалай дәлелдейсіңдер?

-         Олар сөйлемей отыр.

-         Ал ендеше, бүгінгі сабағымыз  сөйлеуге байланысты болады.

-         Қалай ойлайсыңдар, сөйлеу өмірде аса қажетті ме? Әлде онша қажет емес пе?

-         ..... Балалардың пікірлері тыңдалады.

-         Тіл арқылы өте көп нәрселерді тыңдыруға болады екен. Ол адамға өте қажет.

-         Ал қазір дәптерлерімізді ашайық. Бүгінгі күнді жазайық.

 

І.4. Дәптерлермен жұмыс.

Қазақ тілі дәптері:

Қаңтардың тоғызы.

Сынып жұмысы.

І.5. Көркем жазу.

Аа  

Астана 

аққұман

І.6. Сөздік диктант.

     Ай, қыс, қар, аяз, тон, шана, қырау, шаңғы, қолғап, коньки.  

Ана тілі дәптері:

9 қаңтар.

Сынып жұмысы.

Көзге көрінбейтін бала.

   ІІ. Бағдарлау-мотивациялық кезең.

-         Оқулықтарымызды 4 бетте ашайық. Неге ертегі «Көзге көрінбейтін бала» деп аталады екен? Қалай ойлайсыңдар?

-         Көзге көрінбейтін бала өмірде кездеседі ме?

-         Неге бұл мәтінді ертегіге жатқызамыз?

-         Олай болса, балалар, жұмбақты шешу үшін ертегімен танысайық.

-         Мәтінді тізбектеп оқып көрейік.

                                           Көзге көрінбейтін бала.

        Баяғыда Үсен деген бала болыпты. (Кім деген бала болыпты? Қашан болыпты?) Бірде ол көршісі Қанаттың ойыншығын тартып алып, бермей қояды. (Оның көршісі кім болыпты? Үсен не істепті? Үсен қандай бола екен? Неге олай ойлайсың?) Қанат жылап, үйіне кетеді. (Қанат не істейді? Неге ол жылайды?) Әжесін ертіп келеді. (Кімді ертіп келеді? Қанаттың орнында сен болсаң не істеуші едің?) Ерегіскен Үсен ойыншықты шалшық суға лақтырып жібереді. (Үсен не істейді? Неге ол солай істейді? Қалай істеу керек еді? ) Қанаттың әжесі ренжіп, бәр нәрсені іштей күбірлеп айтып, Қанатты ертіп кетіп қалады. (Қанаттың әжесі не істейді? Әрі қарай не болады деп ойлайсың?)

        Міне, қызық! Бағанадан бері батырсынып тұрған Үсеніміз лезде жоқ болып кетеді. (Кім батырсынып тұрған екен? Содан кейін не болды?) Қанаттың әжесі мұны өзі де, қасындағы достары да байқамайды. (Үсеніміз лезде жоқ болып кеткенін кім байқады?) Қасындағы достарының біреуі де Үсеннің сөйлеген сөзіне жауап қайтармайды. (Үсен қайда кетті? Неге қасындағы достарының біреуі де Үсеннің сөйлеген сөзіне жауап қайтармайды?)

      Қолындағы тікұшағын Ұланға да, Серікке де ұсынады. (Ұланға да, Серікке де не  ұсынады? Кім ұсынады? Неге Үсен олай істеп тұр?) Олар көрмегендей, естімегендец сыңай танытады. (Ұлан да, Серік те не істейді? Неге олар солай істейді?) Үсен өзінің көзге көрінбейтін балаға айналғанын осы жерде бір-ақ түсінеді. (Үсен нені түсінеді? Қалай оны түсінеді?) Отыра қалып «Мен енді кішілерге тиіспеймін. (Кімдерге тиіспеймін дейді? Неге оларға тиіспеу керек?) Үлкендерді тыңдаймын.  (Кімдерді тыңдаймын дейді? Неге оларды тыңдау керек?) Мен бәріңмен сөйлескім келеді. Ойнағым келеді. Көзге көрінбейтін бала болған қандай жаман!» - деп жылайды. (Неге көрінбейтін бала болған жаман? Саған көрінбейтін бала болғын келе ме?)

      Есік алдына шыққан Қанаттың әжесі Үсеннің жылап отырғанын көріп, аяп кетеді. (Есік алдына кім шығады? Ол нені байқайды? Неге әже Үсенді аяп кетеді?) Үсенді бұрынғы қалпына келтіреді.  (Не болады? Қалай ойлайсың ол тағы да солай істейді ме екінші рет? Неге?)

-         Тағы бір рет оқып шығайық. Сендер көзбен қарап отырыңдар, ал Назерке оқып берсін. Оқушының мәнерлеп оқуы.

-         Ертегінің негізгі кейіпкері кім? (Ертегінің негізгі кейіпкері - Үсен.)

-         Ол қандай кейіпкер? ( Ол жағымсыз, тәртіпсіз бала.)

-         Оқиға қайда болып жатыр еді? (Оқиға балалардың арасында аулада болып жатты.)

-         Үсенмен не болады? (Ол көрінбейтін бала болып кетеді?)

-         Көрінбейтін бала болу оған ұнайды ма?  (Жоқ, көрінбейтін бала болу оған ұнамайды.)

-           ІІІ. Операционалдық-орындаушылық кезең:

   2  жаттығу.

1.     Кіріспе әңгіме.

2.     Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

3.     Оқушылардың оқуы.

4.     Мақалдың мазмұнына қатысты сұрақтар:

-         Мақал  не туралы?

-         Мемлекетіміздің ұлттық тілі қай тіл?

-         Өз ана тілің туралы не білесің?

-         «Туған тілде сыры терең жаным бар», - деп неліктен айтады?

Дәптермен жұмыс.

Тіл қаруы – сөз,

Сөз қаруы – ой.

   3  жаттығу.

   Оқушылар 6 топқа бөлінеді. Әр топтың  оқушылары өзіне бөлінген суреттегі  жануардың, құстың дыбыстауын анықтайды, дәптерлеріне жазады.

     Түйе боздайды. Ешкі маңырайды. Арыстан ақырады. Қасқыр улиды. Үйрек барқылдайды.  Қаз қаңқылдайды. Тауық қыт-қылдайды. Әтеш шақырады. Инелік тызылдайды. Шегіртке шырылдайды.

  Адамға сөйлеудің тигізетін  әсері туралы әңгімелеп береді.

 Сергіту сәті:

                             Тоқ, тоқ тоқылдақ,

                             Шаршамайсың тоқылдап.

                             Емшісі боп орманның,

                             Еңбектендің тоқылдап.

 

    7  жаттығуды ойын түрінде өткізуге болады (мысалы, «Кітапханада»).

    8  жаттығу (жазбаша).

   ІV. Рефлекcиялық–бағалау кезеңі:

    Тест №1.

1.     Тілге байланысты мақалды тап:

а) Мектеп – кеме

    Білім – теңіз.

b) Тіл тас жарады,  тас жармаса бас жарады.

c) Кітап – алтын қазына.

2.  «Туған тілім» қандай мағынаны беріп тұр ененін көрсет:

          а) елім, жерім

          b) сөйлеу мүшесі

          c) ана тілі

3.  Сөйлеу үшін қай мүше қажетті екенін тап:

          а) тіл

          b) қол

          c) кітап

  

V.    Бағалау.

VІ.  Үйге тапсырма: жазуларын аяқтау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "1 cынып Ана тілі Cабақтың тақырыбы: Сөйлеу. Көзге көрінбейтін бала."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Противопожарный инженер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы:    Сөйлеу.

                                             Көзге көрінбейтін бала. 

Сабақтың мақсаты:

           Білімділік:   сұрақтарға толық жауап беруге, азат жолдан өлең, мақал

                                  жазуға  үйренеді, сөйлеу туралы түсініктерін кеңейтеді.

Дамытушылық:  оқушылар  әдемі  көшіріп жазу дағдыларын жетілдіреді 

                                мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуын  дамытады. 

           Тәрбиелік:  оқушылар бір-бірімен бөлісе білуге тәрбиеленеді.

Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

    І.  Ұйымдастыру кезеңі.

І.1. Психологиялық дайындық.

I.2. Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарды  реттеу.

I.3. Жаңа оқулықпен танысу.

Оқулықтың шартты белгілермен, жұмыс тәртібімен танысу, қазақ тілі және ана тілі дәптерлердің айырмашылықтарымен танысады. Дәптер беттерін дұрыс толтыруға үйренеді.

-         Балалар, қазір қай мезгіл?

-         Қазір қыс мезгілі.

-         Ал қыстың қандай айлары бар?

-         Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

-         Қазір қай ай?

-         Қазір қаңтар.

-         Бүгін қаңтардың  нешесі?

-         Бүгін қаңтардың тоғызы.

-         Біз сендермен не істеп отырмыз?

-         Біз әңгімелеп отырмыз.

 

-         Әңгімеге барлық балалар қатысып отыр ма?

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 556 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2015 916
    • DOCX 19.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакишева Светлана Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакишева Светлана Викторовна
    Жакишева Светлана Викторовна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 122876
    • Всего материалов: 38

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 845 человек

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе