Инфоурок Другое Другие методич. материалы2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының есебі.

2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының есебі.

Скачать материал

      2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша оқу-әдістемелік және  тәрбие жұмыстарының есебі.

 

                     Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында I жарты жылдықта 4275 бала дәріс алды, олардың әлеуметтік жағдайлары анықталды. Орталықтағы үйірмеге қатысушы балалардың әлеуметтік талдауы, оның ішінде көп балалы отбасылар саны 70, жартылай жетім балалар саны -71 бала, жетім бала – 3, жағдайы төмен балалар саны-4 бала.

              II  жарты жылдықта жалпы балалар саны 4485 бала болды. Балалардың  әлеуметтік жағдайы анықталғанда олардың ішінде көп балалы отбасылар саны-113, жартылай жетім балалар саны- 91, олардың ішінде анасының қамқорлығынсыз қалған-5, ал әкесінің қамқорлығынсыз қалған-28 бала, жағдайы төмен отбасылар саны-7.

ЖУТҰО-да 2019-2020 оқу жылында нәтижеге бағдарланған әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда төмендегі бағыттар басшылыққа алынды:

1.Жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені зерттеп, жалпылау және тарату.

2.Мекеме мұғалімдерінің біліктілігін көтеру жүйесі, педагогикалық шеберлікті, кәсіптік деңгейін жоғарылатуға бағытталған және педагогтардың шығармашылық потенциалын көтеруді көздейді.

3.Педагогтардың жаңашыл қызметтері - мекеменің оқыту үрдісінің сапасын көтеруге және мұғалімдердің ғылыми-педагогтық қызметтерін жандандыруға бағытталған.

4.Мекеменің әдістемелік қызметін жетілдіру – ол педагогтардың кәсіптік дамуын қолдануға арналған. Мекеменің әдістемелік жұмысы, мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінде шоғырланған және әдістемелік кеңесі арқылы басқарылады. Бұл жұмыс мекеменің негізгі әдістемелік мәселесін іске асыруға бағытталған.

 

Міндеттер:

·      Оқу-тәрбие үрдісін білім беру технологиялар негізінде жетілдіру және шығармашылық тұлға шығаруға бағыттау.

    Әр маман өзінің лауазымдық міндеттерін саналы түрде орындау. Мұғалім мен оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулуды жалғастыру. Мұғалімдердің біліктілік санатын көтеруге қолдау көрсету, озат тәжірибелерін насихаттау.

·      Мұғалімдер үздіксіз өз білімін жетілдіру жұмысын жалғастырып, атқарған іс-қимылдарын нәтижеге бағыттау.

     Ата-аналармен қарым-қатынасты нығайту шараларын қолға алу. Сонымен бірге  Әдістемелік бөлімнің жұмыс жоспарында төмендегі бағыттарда жұмыстар атқарылды:

·      Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережелерімен таныстыру;

·      Педагогикалық технологияларды қолдану әдісі арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру;

·      Оқыту және тәрбиелеу нәтижелерін бақылау және қадағалау;

·      Жаратылыстану-гуманитарлық секция апталығының қорытындысы;

·      Жас мамандармен жұмыстың барысы, жас мамандар апталығының қорытындысы;

·      Білім беру технологиясын пайдалана отырып математика, қазақ тілі сабақтарында білім сапасын арттыру жолдары;

·      Аттестациядан өтетін мұғалімдердің шығармашылық есебі;

Әдістемелік бөлімнің жылдық жоспары, тәрбие бағыттары бойынша жұмыс жоспары, бөлімге қарасты жаратылыстану-гуманитарлық секциясының жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді. ӘБ-нің жұмыс жоспарында секция апталығы, озық іс-тәжірибемен танысу, ашық сабақтардың жоспары, аттестация жайында және басқа да атқарылатын жұмыстар туралы қаралып, есеп берілді.

            Аталған топ мүшелерімен жыл көлемінде жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізіліп, құжаттары толық жинақталды. Жалпы мекеменің ақпараттық насихат жұмысын жандандыру алдағы оқу жылының еншісінде тұр. Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін және оқушылардың өнерін, дарынын көрсететін  апталықтарды өткізудің қорытындысы талқыланды.

Оқу жылының басында үйірме жетекшілерінің күнтізбелік-тақырыптық жоспары, үйірменің тәрбие жоспары жасалып бекітілді. Әдістемелік бөлімге жаратылыстану-гуманитарлық секциясына қарасты 16 үйірме, 34 үйірме ұстазы жұмыс жасайды. Орталықта Жас ұстаздар секциясы жұмыс жүргізуде. Оқу жылының барысында 22 жас маманға тәлімгерлер бекітілді. Секция жетекшісі болып, «Жас биолог» үйірмесінің ұстазы З.Жамашева бекітілді. Жас ұстаздар секциясының жоспары талқыланып,бекітілді. Жас мамандарға сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңес берілді. Секция жетекшісі З.Жамашева үйірме журналын жүргізу туралы жас мамандарға нұсқаулық берді.  «Жас мамандар» секциясының «Жас маман ізденісі-заман талабы»  атты апталығы өтті. Апталық төмендегі жоспар бойынша өтті9.12.2019ж «Шебер ұсздаздар шығармашлығы» -  атты көрме өтілді. Көрмеге ағаш ою, былғары шеберлері, киім дизайны»  үйірмелері қатысты. Жауапты ұстаздар Байтілеуов Н, Дәуірбекқызы А, Тұрғанбаев Б белсене қатысып өз жұмыстарын көрмеге қойып оқушылардың туындыларын көрме барысында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Көрмеге келген қонақтармен оқушыларға үйірмелердің мақсаттары мен міндеттері айқындалып, үйірменің жұмыстарымен таныстырылды. Көрмеде ағаш ою шеберлерінен түрлі бұйымдар түрін көруімізге болады. Атап айтқанда: тақташалар мен бесік, тік ұшақтар мен ағашқа қашап салынған суреттерді көруімізге болады. Тақташаларға салынған ою түрлері оқушылармен келген қонақтар назарын өзіне аударды. «Былғары шебер» - үйірмесінен тұмаршалар мен кітап салатын бұймдар түрі назарларын аударса, «Киім дизайны» үйірмесінің бүрмелеп тігістермен сәнделген жастықшалар қойылды. Сонымен қатар түрлі қуыршақтар көрмеге қойылды.10.12.2019ж «КАРАТЭ-Кекушинкай» үйірмесінің ұстазы Абдиев Р «Дене тәрбиесінің негіздері» - атты  ашық сабақ өтті.  Мақсаты: Дене тәрбиесі нігңздерімен таныстыру. Қарсыласын сыйлау және адамгершілік қасиетке тәрбиелеу. Сабақ барысында қауіпсіздік шаралары мен таныстырылып дене қыздыру жаттығулары орындалды. Сабақтың негізгі бөлімінде дененің дұрыс қалыптасуына арналған түрлі жаттығулар жасалды.11.12.2019ж «Араб тілі» үйірмесінің ұстазы Шымырбаева Ғ «Зат есім» атты ашық сабақ өтті. Ол өз сабағында заманауи әдістерді қолдана отырып, өз тәжірибесімен бөлісті. Балалар сабаққа белесене қатысты. Үйірме жетекшісі сабақ барысында жаңа инновациялық технологияларды қолданып сабақты қызық өтті. 12.12.2019ж «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым!» - атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кеш «Домбыра» үйірмесінің ұстазы Сатымбекова А, «Музыкалық эстетикалық тәрбиелеу» үйірмесінің ұстазы Бекбаев Е, «Жас бологер» үйірмесінің ұстазы Ділдабаева Ф, «Неміс тілі» үйірмесінің ұстазы Адилова Д, «АВС ағылшын» тілі үйірмесінің ұстазы Сухина О, «Қытай тілі» үйірмесінің ұстазы Абдуллаева Б ұйымдастыруымен өтті. Іс-шара барысында Еліміздің мемлекеттік ән-ұраны орындалып, Тәуелсіздігіміз туралы баяндама, өлең шумаққатары, ән-күй орындалып, бір минуттық үнсіздік жарияланды. Орталығымыздың басшысы Ж.М. Куздеубаев орталық қызметкерлерін Тәуелсіздігіміздің 28-жылдығымен құттықтады. Бірнеше үйірме жетекшілері жетістіктері үшін марапатталды.13.12.2019ж «Архимед физика» үйірмесінің ұстазы Асилова Ж «Магнит өрісі» - атты ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Магнит өрісінің пайда болуы және қасиеттері әсері туралы көз қарасты тәрбиелер арқылы түйсіну. Оқушылардың санасында магнит өрісі материяның бір түрі екендігі туралы ұғымды қалыптастыру шараларын ұйымдастыру. Сабақ түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, тәжірибе жасау тәсілдері арқылы жүргізілді. 2019-2020 оқу жылының барысында ұстаздардың біліктілігін көтеру жұмыстары жүргізілді. «Білім беру және Қазақстан педагогикалық академиясы корпоративтік қоры»  16-30-шы қыркүйек арасында 72 сағаттық оқу курсын өткізді. Оқу курсына орталықтың 24 ұстазы қатысты. Оқу курсында білім берудің 7 мазмұны, интербелсенді әдіс-тәсілдер, ойсергектер, топтық жұмыс, пікірталастың түрлері, рольдік ойындар, «Франклин пирамидасы», кластерлер «жүзім шоқтары», «Т-кестесі», «биопоэма», «БББ стратегиясы», кері байланыс түрлері, интервью, миды жаттықтыратын тәсілдер, миды сергітудің 10 тәсілі айтылды. Курсқа қатысқан ұстаздар тізімі төмендегідей:

 

Ұстаздардың аты жөні

Үйірмесі

1

Туленова Гаухар Ермековна

Шебер қолдар

2

Ерметова Хилола Хамитжановна

Пифагор математика

3

Абдиев Расулбек Рахматуллаевич

Каратэ-Кукушинкай

4

Кауымбаев Адилет Арисалимович

Үстел теннисі

5

Акимбеков Досжан Сагинайулы

Қол күрес

6

Асилова Жайсан Ерікқызы

Архимед-физика

7

Идрисова Гүльжазира Жаксылыковна

Орыс тілі

8

Нурлыбай Нурбол Нурханұлы

Волейбол

9

Шымырбаева Газиза Кайратовна

Араб тілі

10

Изимханова Майра Оразбаевна

Компьютер әлемі

11

Сарыбаев Берік Исатайұлы

Шығыс жекпе-жегі

12

Молдабекова Мадина Кулахметовна

Қаржылық сауат ашу

13

Алменбетова Нургул Умаралиевна

Домбыра

14

Сейтбекова Марзия Сейтжапарқызы

Қазақ тілін үйренейік

15

Туткабаева Сара Дүйсенбайқызы

Химия

16

Мухтарова Маргуба Мухтаровна

Жас қаламгер

17

Сатымбекова Ажар Сырлыбекқызы

Домбыра

18

Базарбай Ақерке Қазыбекқызы

Актер шеберлік студиясы

20

Туганбаев Айтлеу Нариманович

Автоауесқой

21

Мухалиева Бактыгул Абдуразовна

Тілашар

22

Жуманова Зарина Есемовна

Компьютер әлемі

23

Култаева Гульмира Амирхановна

Көркем қолданбалы өнер

24

Исаева Нургул Данияровна

АВС Ағылшын тілі

 

 Курстың тақырыбы: «Оқытудың жаңа мазмұнына сай әдіс-тәсілдерді қолдануда баланың шығармашылық әлеуетін дамыту» тақырыбында өтті. Қоғамдық ақпараттар жөніндегі Республикалық Кеңес «Бейнелеу өнері» үйірмесінің ұстазы Г.Жолдасбекова еліміздің оқу-ағарту ісіне сіңірген еңбегі үшін арнайы сертификатпен марапатталды.

2019-2020 оқу жылында ұстаздарды аттестаттаудың жұмыс жоспары жасалды. ҚББ ұстаздарына «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарымен» таныстырды. Қызметшілерді аттестаттау - олардың кәсіптік және біліктілік даярлығының, іскерлік қасиеттерінің деңгейін айқындау бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын рәсімі мен аттестаттауды өткізу тәртібін айтып түсіндірілді. Сондай-ақ 2019-2020 оқу жылының барысында аттестаттаудан өтетін ұстаздар:жоғары санатқа Туленова Г.Е., Молдабекова М.К., Мухалиева Б.А., Мухтарова М.М.,Орынбекова Г.Б.,бірінші санатқа Сейтбекова М.С.,Алменбетова Н.У., Сарыбаев Б.И., Тұтқабаева С.Д., Қауымбаев Ә.А.,екінші санатқа Байғараева Э.А., Ерметова Х.Х.,Тұрғамбаев Б.А., Идрисова Г.Ж., Исмайлова А.А.,Аманов Б.А., Исаева Н.Д. Жалпы айтқанда, жоспарлы түрде 17 ұстаз аттестаттауға өз өтініштерін білдірді. 2019-2020 оқу жылына арналған аттестаттау жоспары бекітіліп, ұстаздарды аттестаттаудан өткізудің кестесі жасалды.Жалпы айтқанда, жоспарлы түрде 17 ұстаз аттестаттауға өз өтініштерін білдірді. Әдістемелік бөлім меңгерушісі Г.Орынбекова аттестаттауға  өтініш білдірген ұстаздарға 2019-2020 оқу жылына арналған  аттестаттау жоспарымен жүйелі таныстырып, жыл бойына осы жоспар бойынша жұмыс жасайтындарын, құжаттарды дайындау мәселесін айтып өтті. 2019-2020 оқу жылына арналған аттестаттау жоспары бекітіліп, ұстаздарды аттестаттаудан өткізудің кестесі жасалды. Сондай-ақ, 2019-2020 оқу жылындағы педагог қызметкерлердің кәсібилік деңгейін және педагогикалық қызметінің нәтижелерін кешенді бағалау мақсатында сараптамалық топ құрылды. Сараптау комиссияның төрайымы болып, Б.Н.Мұстафаев, комиссия мүшелері Орынбекова Г., Молдабекова М., Алшоразова Л., Бегимова Ғ.,Молдиярова А., Мылтықбаев Н., Кумарова А. болып бекітілді. Екінші мәселе бойынша ҚББ ұстаздарының өтініштері нақтыланып, аттестаталатын ұстаздардың тізімі бекітілді. Сонымен бірге 2019-2020 оқу жылына арналған ұстаздарды аттестаттаудан өткізудің кешенді жоспары жасалды.Аттестатталушыларға арналған сауалнамалар дайындалды. Аттестатталушы ұстаздардан сауалнама алынды. Сараптау комиссиясы ұстаздардың өтініштерін қарап, аттестатталушы 17 ұстаздың 7-і екінші біліктілік санатына, 5-і  бірінші біліктілік санатына, 5-і – жоғары санатқа ұсынылып отырғанын анықтады. Комиссия құрамы ұстаздардың біліктілік деңгейін, әдістемелік жұмыстарға қатысуын, оқу жылындағы жұмыс, жоғарғы жетістіктерін қарап, танысып шықты. Аттестаттау заңын  51-бабының 2-ші тармағы 7/тармақшасына сәйкес мерзімінен бұрын аттестатталатын ұстаздар мәселесі мен біліктілік тестілеу талаптарымен таныстырды. Өтінішті білдірген ұстаздардың 8-і мерзімінен бұрын өтуіне байланысты қараша айында тест тапсырды. Олар: Орынбекова Г.Б., Мухтарова М.М., Сейтбекова М.С.,  Алменбетова Н.У., Сарыбаев Б.И., Тұтқабаева С.Д., Қауымбаев, Исмайлова А.А. Аттестатталушы ұстаз Сейтбекова Марзия 5-ші қарашада өз еркімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты аттестатталуы тоқтатылды. Өтініш білдірген ұстаздар  2019 жылдың қарашаның 27-сі күні №20 мектепте тест тапсырды. Аттестатталатын ұстаздар қызметінің  қорытындыларына сараптама тобы кешенді талдау жүргізді. Ұстаздардың  оқу-әдістемелік жұмыстарының нәтижесі, жетістіктері мен оқушыларының жетістіктері сарапқа салынды. Ұстаздардың портфолиосы қаралды. Сараптау нәтижесінде ұстаздардың кемшіліктері айтылып, жетістіктері ескерілді.Сараптау тобының мүшелері аттестатталатын ұстаздардың құжаттарын қарады. Ұстаздардың жетістіктері, педагогикалық еңбек өтілі, өткізілген ашық сабақтары мен ұйымдастырылған іс-шаралары сараптаудан өткізілді. Ұстаздардың жетекшілігімен балалардың халықаралық, облыстық, қалалық жарыстардағы жетістіктері ескерілді. Ұстаздардың соңғы бес жылда өз білімін жетілдіру, біліктілігін көтеру мақсатында ұйымдастырылған оқу курстарына, семинар, конференцияларға  қатысуы, жарияланған оқу-әдістемелік ұсынымдары мен мақалалары сарапқа түсті. Осы өлшемдердің негізінде қызметтік мінездеме түзілді. Педагог қызметкерлердің кәсібилік деңгейін және педагогикалық қызметінің нәтижелерін кешенді бағалау мақсатында ұстаздардың сабақтарына сараптама тобының мүшелері қатысты. 2019-2020 оқу жылының басында аттестатталатын ұстаздардың ашық сабағының кестесі бекітілген болатын. Сол кесте бойынша ұстаздардың ашық сабағы өтілді. Атап айтқанда, Аманов Б. «Жарқын болашақ өрендері» футболдан қалалық ашық біріншілік, Молдабекова М. «Экономика және оның үш сұрағы», Алменбетова Н. «Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары», Қауымбаев А. «Салауатты өмір салтын және үстел теннис спортын насихаттау», Исмайлова А «Ою-ойлы әлем», Туленова Г. «Бұйым бөлшегіне оюды көктеп шығу, оюдың шетін білдірмей тігу». Тұтқабаева С. «Негіздер, олардың құрамы мен жіктелуі», Идрисова Г. «Антонимы», Байғараева Э. «Күн тәртібі», Орынбекова Г. «Қала мәдениетінің дамуы, сәулет ескерткіштері», Мухалиева Б. «Буын. Буынның түрлері», Исаева Н. «Зат есімдер», «Тhe Nouns» ашық сабақтарына сараптау комиссиясының мүшелері қатысты.

Ұстаздарды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына 2020 жылғы 14-ші мамырда №202 бұйрығымен өзгерістер енгізілді. Осы өзгерістер бойынша ұстаздарды аттестаттау тоқтатылып, жаңа ереже бойынша орталық ұстаздары онлайн жүйеде тест тапсыруға тіркелді.

 2019-2020 оқу жылында орталық ұстаздарының ашық сабақтарының  кестесі жасалды. Қыркүйек айында «Ұстаз ұлы тұлға» атты тәрбие сағаты өткізілді. «Қазақстан-достықтың киелі мекені» атты  тәрбие сағаты өткізілді. Ұстаздардың өзара сабаққа ену жоспары бекітілді. Жоспар бойынша өзара сабаққа ену жүргізілді. Қазан айында «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» атты  тәрбие сағаты және «Сақтансаң сақ боларсың» атты тәрбие сағаты өткізілді. 15 қазан белгілі қазақ ақыны, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай тәрбие сағаты өткізілді. Қараша айында «Жол белгілері»  тәрбие сағаты, «Әлем мойындаған тұлғалар» атты баяндама, «Отбасы бақыт мекені»  ашық тәрбие сағаты, «Сөз қызметіне қарай Омоним, Синоним, Антоним» ашық сабақ, «Киелі  сандар» ашық сабақ, «Қосу және азайту» ашық сабақ, Артикль «а» ашық сабақ, «Буынаяқтылар» типі ашық сабақ, «Магнит өрісі» ашық сабақ «Буынның түрлері» ашық сабақ өткізілді. Желтоқсан айында үйірме құжаттарының жүргізілуін, күнтізбелік- тақырыптық жоспарының орындалуын қадағалау мақсатында үйірме ұстаздарының іс-құжаттарын тексеру жүргізілді. Ұстаздардың өз білімін жетілдіру жоспарының орындалу барысы қадағаланды. Аттестациядан өтетін ұстаздардың жетістіктері мен ашық сабақтарының қорытындысы тыңдалды. Осы қорытындының негізінде қызметтік мінездеме түзілді. Аттестатталатын ұстаздардың ашық сабақтарына қатысып, талдау жасалынды. Арнайы қалалық білім басқармасының тапсырмасымен 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мен 16-шы желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткізілетін іс-шаралардың жоспары жасалынды. Жоспар бойынша желтоқсан айында баяндамалар, ашық тәрбие сағаттары өткізілді. «Клуб любителей казахского языка» үйірмесінің ұстаздары «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» атты ашық тәрбие сағатын өткізді Жаратылыстану-гуманитарлық секциясының ұстаздары «Кітап – сарқылмас рухани қазына».атты ашық тәрбие сағатын өткізді. «Жас қаламгер» үйірмесінің ұстазы М.Мухтарова «Жаңа жылдың жарқырайды шамдары» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Байғараева Э «Зат есім» тақырыбында. ашық сабақ өтті. «АВС» ағылшын тілі үйірмесініңь ұстазы Р.Джуматаева «My sport».тақырыбында ашық сабақ өтті. «АВС» ағылшын тілі үйірмесініңь ұстазы Сухина О  «My toys» тақырыбында ашық сабақ өтті. «Пифагор» математика үйірмесінің ұстазы Г.Тиликбаева «Оң және теріс сандар» тақырыбында ашық сабақ өтті. «Пифагор» математика үйірмесінің ұстазы Ерметова Х «Опрос пройденных тем. Логические задачи» тақырыбында ашық сабақ өтті. «Араб тілі» үйірмесінің ұстазы Ғ.Шымырбаева «Зат есім» тақырыбында ашық сабақ өтті. 9-шы желтоқсан 2019ж Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында Нәзік жүректі лирик, ақиық ақын Ф.Оңғарсынованың 80 жылдық  мерейтойына орай сағ. 15.00-де  өтетін «Жүрегім жырлайды» атты поэзиялық кеш  өтті. Кештің қадірлі қонақтары Оңтүстіктің ақын қыздары Эльмира Сарсенбайқызы мен Ақсұлу Сүттібай келді. «Жас қаламгер» ақындар клубының жетекшісі М.М.Мұхтарова ұйымдастырды. Орталықтың атынан Алғыс хаттармен марапатталды. Эльмира Сәрсенбайқызының жеке шығармалары жазылған кітабы сыйға берілді.

ЖУТҰО-ның  мәдени-спорттық іс-шаралардың қорытындысы

    Оқу жылының басында орталықтың мәдени көпшілік іс-шаралар жоспары жасалып,  құжаттары дайындалып, бекітілді. Үйірме кабинеттерінің жаңа оқу жылына дайындығы тексеріліп, қабылдау актісі түзілді. Үйірмелердің қауіпсіздік бұрышы мен құжаттары тексерілді. ЖУТҰО-ның ішкі тәртібі мен қауіпсіздік ережелерімен ұстаздар мен оқушылар таныстырылды және қауіпсіздік журналына қол қойдырылды. Қауіпсіздік ережесі мен еңбекті қорғауға қатысты іс-шаралар жоспары дайындалып бекітілді. Мәдени-спорттық секция ұстаздарының өзара сабаққа ену кестесі мен ашық сабақтарының кестесі, үйірме ұстаздарының сабақтарын қадағалау кестесі бекітілді. 16 қыркүйек күні Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында кіші футболдан қалалық ашық біріншілік өткізілді.Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында балалар мен жасөспірімдер арасында кіші футболдан өткізілетін қалалық ашық біріншілігі өтті. Шымкент қаласы «Футбол» мектебінің «Әскер» командасы, Орталықтан «Болашақ», «Лидер -1» , «Лидер – 2», «Болашақ» футбол мектебінен «Жас қанат» командасы, ЭДМ спорт мектебінен «Жастар» командасы қатысты. Нәтижесінде І орынды Әскер командасы, ІІ Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының «Болашақ» командасы, ІІІ орынды «Жасқанат» командалары иеленді.

17 қыркүйек күні Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аясында «Халқымның мәдениеті мен салт-дәстүрлері» тақырыбында орталық үйірмелерінде ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Қазақ халқының сал-дәстүрлері мен мәдениеті талқыланып, балаларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

27 қыркүйек күні Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында «Салауатты өмір салтын және үстел теннис спортын насихаттау» аясында Үстел теннисінен Республикалық ашық біріншілігі өткізілді. Атырау об/ы Құрманғазы ауданы, Құлсары қаласынан, Ақтау об/ы, Қызылорда об/сы Жаңа қорғанан, Ақмола об/сы, Түркістан об/сы. Бәйдібек ауданы, Шымкент қаласы Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының оқушылары қатысты. Ашық біріншілікке 100 оқушы қатысты. Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының Үстел теннисі үйірмесінің оқушылары 2011 жылғы қыздар арасынан Пак Екатерина І орын иеленсе, Сайфулла Ақерке ІІ орын иеленді, 2011 жылғы ұлдар арасында Сақтаев Досжан І орын, Сиддик Нұрислам ІІ орын, 2009-2010 жылдар ұлдар арасында І орынды  Болатбек Мерей иеленді. 2007-2008 жылғы  ұлдар Сиддик Нуртай І орын, Тұрғынов Диасбек ІІІ орын, 2005-2006 жылғы ұлдар арасында І орын Абезов Ербек, 2005-2006 жылғы қыздар арасында І орын Пернебайқызы Асем, ІІ орын Арыстан Анель, ІІІ орын Шыңғызбаева Аружан иеленді.

4  қазан күні Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының «Жарқын болашақ өрендері» атты ашық күні өткізілді. Ашық есік күніне арнайы қонақ «Шымкент қаласының білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жузумбаев Бекмурат, ардагер ұстаз Дзюба Наталья Леонтьевна мен ата – аналар келіп, құттықтау сөз сөйледі. Орталығымыздың директоры Ж.М.Күздеубаев ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.. Әр үйірме көрме қойды. Ашық есік күніне арнайы концерт ұйымдастырылды. «Балөнер» жас актерлар үйірмесінің оқушылары театрландырылған көрініс көрсетіп, «Юные сердца» би үйірмесінің оқушылары би билесе, «Ля-Ля-Фа» эстрадалық вокал үйірмесі мен «Гитара» үйірмесінің оқушылары ән шырқады. Орталықтың бірнеше үйірмелері шеберлік сабақтарын өткізді. «Балөнер» жас актерлар үйірмесінің оқушылары театрландырылған көрініс көрсетіп, «Юные сердца» би үйірмесінің оқушылары би билесе, «Ля-Ля-Фа» эстрадалық вокал үйірмесі мен «Гитара» үйірмесінің оқушылары ән шырқады. Орталықтың бірнеше үйірмелері шеберлік сабақтарын өткізді. Орталығымыздың «Бейнелеу өнері» үйірмесінің ұстазы Г.Жолдасбекова Республикалық кеңестен еліміздің оқу-ағарту ісіне еңбектері үшін арнайы сертификатпен және төсбелгімен марапатталды. «Шымкент қаласының білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінен 2 ұстаз «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен марапатталды («Көркем қолданбалы өнер» үйірмесінің ұстазы Г.Култаева, «Қаржылық сауат ашу» үйірмесінің ұстазы М.Молдабекова).  Шымкент қаласының білім басқармасының алғыс хатымен 3 ұстаз марапатталды(«Жас өлкетанушы» үйірмесінің ұстазы Орынбекова Г. «Былғары шебер» үйірмесінің ұстазы Тұрғамбаев Б. «Жас эколог» ұстазы Молдиярова А.) «Шымкент қаласының білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінен 4 ұстазға алғыс хат берілді(«Қазақ тілін үйренейік» үйірмесінің ұстазы М.Сейітбекова, «Жас эколог» үйірмесінің ұстазы З.Жамашова, «Ля-ля-фа» үйірмесінің ұстазы Д.Керімбекова, «Ұлттық қолөнер» үйірмесінің ұстазы Ә.Исмайлова). Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының директоры Ж.Күздеубаевтан 4 ұстазға алғыс хат табысталды(«Пифагор» математиктер үйірмесінің ұстазы Х.Ерметова, «Қазақ тілін үйренейік» үйірмесінің ұстазы Э.Байгараева, «Футбол» үйірмесінің ұстазы Б.Аманов, «Араб тілі» үйірмесінің ұстазы Ғ.Шымырбаева). Бастауыш кәсіподақ атынан ұстаздарға сыйлық таратылды.Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында 10 қазан күні ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылау аясында жиналысы өткізілді. Директордың ОТЖ бойынша орынбасары Б.Н.Мұстафаев ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы жайында баяндама оқыды. Орталықтың ұстаздары арасында жолдау талқыланып, ұсыныс пікірлер айтылды. Педагог мәртебесін көтеру мәселесі талқыланды.14 қазан күні Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығындағы барлық үйірмелерде қауіпсіздік шаралары бойынша «Жол жүру ережелері» тақырыбында баяндама оқылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.18 қазан күні Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Діни келісім-бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында орталықтың үйірмелері арасында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Үйірме балаларына дін, әдет - ғұрып, діни экстремизм тақырыбында біраз мәлімет берілді.  Өзге діннің алдауына түсіп, жылан арбаған торғайдай аянышты хал кешкен қандастарымыздың күрделі тағдыры бәрімізді ойландыруы керек екендігі айтылды. Жазушы болсын,  жұмысшы,  қайраткер болсын,  рухтың кемелденуі – ең негізгі қасиеттердің бірі. Рух кемелденуі үшін адам ибалы,  қоғам иманды болуы керектігі талқыланды.Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында 28 қазан күні «Өнер өрендері» атты дәстүрлі ІІ-ші қалалық Жас суретшілер байқауы  өткізілді.Байқауға қаламыздың әр түрлі мектептерінен 60 оқушы қатысты. Байқауға қатысушылар еркін тақырыпта, Тәуелсіз Қазақстан, Менің қалам тақырыптары бойынша бейнелеп салу және графика әдісі бойынша өзара бақ сынасты. Байқауда әділ-қазы мүшелері ретінде Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінен Дизайнерлер одағының мүшесі Тәңірбергенов Медеубек пен ҚР суретшілер одағының мүшесі Естемесов Расул ағай шақырылды. Байқауда орталығымыздың бірнеше оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Жас ерекшеліктеріне қарай 2008-2013жж. арасында І-ші орынды №65 мектеп гимназия оқушысы Әбдіәшім Сымбат иеленді. ІІ-ші орынды №45 мектеп гимназияның оқушысы Мухтарбеков Бахтияр иеленсе, ІІІ-ші орынды №129 жалпы орта мектептің оқушысы Бейсенбай Алихан иеленді. 2005-2008 жж. аралығында І-ші орынды №47 мектеп гимназия оқушысы Ерсұлтан Алима иеленді. ІІ-ші орынды №65 мектеп гимназия оқушысы Абдикадир Мерей иеленсе, ІІІ-ші орынды ЖУТҰО-ның «Бейнелеу өнері» үйірмесінің оқушысы Ниязалы Әсем иеленді. Жеңімпаздарға диплом мен сыйлықтар табысталды. Бірнеше оқушылар дипломант атанды. Байқауға қатысқан барлық оқушыларға сертификат берілді.Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында 24 қазан күні бокстан Республикалық ашық турнирдің ашылу салтанаты өткізілді. Турнирге Республикамыздың әр түрлі облыстарынан, Шымкент қаласының спорт мектептерінен 10 команда, 220 бала қатысты. «Ля-ля-фа» үйірмесінің оқушылары ән айтты. Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру  оқушылар арасында бокстан өткізілген Ашық турнирге «Бокс» үйірмесінің 50 оқушысы қатысты. Нәтижесінде Бахит Азат, Барыбай Қайсар, Әбдууахап Дидар І орын иеленді. 20 кг салмақта Сералы Нұрасыл ІІ орын иеленсе, Сайфуддин Расул ІІІ орын иеленді. 26 кг салмақта Ибрагим Мансұр мен Дауытов Нұрислам ІІІ орын иеленді. 30 кг салмақта Тәжібаев Жомарт ІІІ орын иеленсе, 32кг салмақта Серік Бақдаулет ІІ орын иеленді.5 қараша күні Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының барлық үйірмелерінде қауіпсіздік шаралары бойынша «Өрт тілсіз жау» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 15 қараша күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде өткізілген «ЭКО орталықтың 65 жылдық мерейтойына» арналған іс-шараға ЖУТҰО-ның «Қолөнер туындылары» тақырыбындағы көрмесіне орталығымыздың 5 үйірмесі қатысты. Көрмеге «Былғары шебер» үйірмесі, «Ағаш ою» үйірмесі, «Көркем қолданбалы өнер» үйірмесі, «Бейнелеу өнері» үйірмесі, «Шебер қолдар» үйірмелері оқушыларының қолдан жасаған бұйымдары қойылды. Экоорталықтың әкімшілігі атынан орталығымыздың директоры Ж.Күздеубаевқа «Үздік әріптес» номинациясы бойынша диплом мен сыйлық табысталды. Көрмеде орталығымыз «Ля-ля-фа» эстрадалық вокал үйірмесінің оқушысы М.Шалқарбай «Қазақстаным-гүлістаным» әнін орындады.28 қараша күні Бейнелеу өнері музейінде «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты қалалық көрме байқауына  арналған іс-шараға орталығымыздың өнерпаздарының қатысуымен саз бағдарламасын өткізілді. Іс-шарада орталығымыздың «Жас жүректер» би ансамблі 2 ұлттық би биледі. «Ля-Ля-Фа» эстрадалық вокал үйірмесінің оқушылары патриоттық тақырыпта 4 ән орындаса, «Гитара» үйірмесінің оқушылары «Құстар» әнін жанды дауыста орындады. Экологиялық орталықтың директоры У. Қамытбекова Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Мұстафаевқа және концертті ұйымдастырушы ұстаздарға алғыс хат табыстады. 28 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында «Менің тұңғыш Президентім» тақырыбында қабырға газеттер байқауы өткізілді. Байқауға орталықтың барлық үйірмелері қатысты. Байқау нәтижесі бойынша 1 орынды «Пифагор» үйірмесі, 2 орынды «Араб тілі» үйірмесі, 3 орынды «Компьютер әлемі» үйірмесі алды.4 желтоқсан күні Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының медбикесі «ЖИТС ХХІ ғасыр дерті» тақырыбында үйірме оқушыларына баяндама оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қауіпті аурудың алдын алу жолдарын айтып өтті. Балаларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.9-13 желтоқсан аралығында қауіпсіздік шаралары бойынша Қыс мезгілінде жол жүру ережелері мен Жаңа жылдық іс-шараны өткізудегі қауіпсіздік шаралары бойынша үйірме оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік журналдарына қол қойдырылды.12 желтоқсан күні 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» мерекелік іс-шарасы өткізілді.  Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында 12 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» іс шарасы өткізілді деп айтты. Іс шараға орталықтың ұстаздары мен оқушылары қатысты. Іс шарада Тәуелсіздік туралы әндер мен өлеңдер оқылды. Орталығымыздың директоры Ж.М.Күздеубаев орталық ұстаздары мен оқушыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, желтоқсан оқиғасының ақиқаты жөнінде айтып өтті. Ұстаздарға Шымкент қаласы білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Жүзімбаевтың атынан және орталығымыздың директоры Ж.Күздеубаевтың атынан алғыс хат табысталды. Ауғаныстан ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан Ардагерлері» қауымдастығының төрағасы «Халық қаһарманы» генерал-лейтетант Ертаевтың атынан қайырымдылығы үшін «Сауап» медалімен Мұстафаев Бақытжан Нұрғазыұлын марапаттады Ауғаныстан соғыс ардагерлері «Ауғаныстан ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы «Халық қаһарманы» генерал-лейтетант Ертаевтың атынан әділдігі мен мейірбандығы үшін «Қолдаушы» медалімен Турегелдиев Данияр Байбатыровичті марапаттады.11 желтоқсан күні Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Жастар жылы» аясында «Жалынды жастар» қалалық ән байқауы өткізілді.

Байқауға қала мектептерінен 25 үміткер қатысты. Үміткерлер әр түрлі жас деңгейі бойынша вокалдан ән айтты. Бас жүлдені «Ля-Ля-Фа» эстрадалық вокал үйірмесінің оқушысы Құдайберген Нұрсұлтан жеңіп алды.

 

10   желтоқсан күні Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында «Жырлайды жүрегім» атты мерекелік поэзиялық кеш өткізілді. Поэзиялық кеш М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Педагогика және мәдениет» факультетінің студенттерімен бірлесе өткізілді. Кешке ақын қонақтар Эльмира Сәрсенбайқызы мен Ақсұлу Сүттібай келді. «Жас қаламгер» үйірмесінің оқушылары ақиық ақын Ф.Оңғарсынованың өлең шумақтарын нақышына келтіре оқып шықты. Ф.Оңғарсынованың әндері шырқалды. Кеш соңында келген қонақтар өздерінің жылы ықыластарын білдіріп, орталығымыздың ұстаздары мен оқушыларына бата беріп,  алғыс білдірді.

 

20 желтоқсан күні Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында Шығыс жекпе-жегінен Халықаралық ашық турнирдің ашылу салтанаты өткізілді. Турнирге Өзбекстан республикасынан және Республикамыздың әр түрлі облыстарынан, Шымкент қаласының спорт мектептерінен 200-ден астам  бала қатысты. Орталығымыздың оқу тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Б.Мұстафаев пен Өзбекстан республикасының аралыс жекпе-жектен бас бапкері Салимжанов Жамол Каюмович, демеушіміз Акжигитов Куандық, Алматы облысының бас бапкері Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Идиллаев Имаржан Дилмуратович құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға жеңіс тұғырынан көріне беріңдер деп ізгі тілектерін білдірді. Ашылу салтанатында «Юные сердца» би ансамблі би билеп, «Ля-Ля-Фа» эстрадалық вокал үйірмесінің оқушысы Ниязов Әділжан ән айтты. Жас спортшыларға бас демеуші Акжигитов Қуандық атамыз өз батасын берді. Шығыс жекпе-жегі үйірмесінің ұстазы Б.Сарыбаев келген қонақтарға шапан жауып, орталығымыздың директоры Ж.Күздеубаевтың атынан алғыс хаттар табысталды.

Турнирге 200-ден астам спортшылар қатысты. Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру  орталығының оқушылары арасында бірінші орынды Қойшыманов Бейбарыс, Бубашов Мақсат, Қуандық Бектас, Букенбаев Асхар, Қуандық Сабаржан, Тәңірбергенов Шәкәрім, Қуандық Нұртас иеленсе, Медеу Омар, Ырысбек Естай, Оңғар Азамат 2-ші орынды иеленді. Үшінші орынды Арысбай Диас, Жаманқұлов Мадияр иеленді.

22 желтоқсан күні Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында «Jastar Cup» дзюдодан үшінші дәстүрлі Халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өткізілді. Турнирге Өзбекстан республикасынан, Тәжікстан және Қырғызстан Республикаларынан, Республикамыздың әр түрлі облыстарынан, Шымкент қаласының спорт мектептерінен 600 бала қатысты. Турнирдің өткізілуіне «Оңтүстік агро групп» компаниясының директоры Сәрсенбаев Серік Намазбаевич демеушілік жасады. Бас демеуші Сарсенбаев Серік пен ҚР еңбек Сіңірген жаттықтырушысы Баранов Александр Васильевич және Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Мұстафаевқа сөз берілді. Сарсенбаев Серік Намазбаевичке алғыс ретінде Ауғаныстан ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан Ардагерлері» қауымдастығының төрағасы «Халық қаһарманы» генерал-лейтетант Ертаевтың атынан қайырымдылығы үшін «Сауап» медалі мен спорт басқармасынан алғыс хат табысталды. Жеңімпаз спортшыларға сыйлық ретінде кілемдер берілді. Турнирге 600 спортшы қатысты.  Жарыс нәтижесі бойынша командалық жарыс бойынша Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы бірінші орынды иеленді. 29 кг жасөспірімдер арасында бірінші орынды орталығымыздың спортшысы Бекишов Б. Иеленді. 32 кг арасында Айдарұлы Д. екінші орынды иеленді.38 кг арасында Қыдырәлі Н. үшінші орынды иеленді. 35 кг арасында Ахметов С. бірінші орынды иеленді. 50 кг арасында Шайменов А. үшінші орынды иеленді. 60 кг арасында Сабыр Е. бірінші орынды иеленсе, Кореген Д. үшінші орынды иеленді. 30 кг қыздар арасында Валихан С. екінші орынды иеленді. 36 кг қыздар арасында Юлдашбекова С. бірінші орынды иеленді.

 

Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында 24 желтоқсан күні «Жаңа жылдық ертегі!» жаңа жылдық іс шарасы  өткізілді. Іс шара екі ауысымда төменгі сынып оқушылары мен жоғарғы сынып оқушылары үшін өткізілді. Іс шараға орталықтың 400 ден астам оқушы қатысты. Жаңа жылдық іс шарада оқушыларға ЖУТҰО әкімшілігі тарапынан тегін сыйлықтар таратылды. Жаңа жылдық іс шарада  «Балөнер» театр мектебі үйірмесінің оқушылары  мен ұстазы театрландырылған көрініс көрсетті.

 

  8.01.2020жылы Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңын талқылауға арналған жиналысы өткізілді.  Директордың ОТЖ бойынша орынбасары Б.Н.Мұстафаев «Педагог мәртебесі туралы» заңы туралы баяндама оқыды. Мұстафаев Б. орталығымыздың ұстаздарына ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Педагог мәртебесі туралы» заңын таныстырып, оны ұстаздармен талқылады.

 

30.01.2020 жылы «Шапағат» мүгедектерді оңалту орталығында  Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының «Жан шуағы» атты концерттік іс-шарасы өткізілді. Концертке орталығымыздың «Домбыра» үйірмесінің , «Гитара» үйірмесінің, «Балөнер» жас актерлар театр мектебі үйірмесінің өнерпаздары қатысып, өнер көрсетті. «Шапағат» мүгедектерді оңалту орталығының директоры Нурмаханбетов Г.И. жас талант иелеріне, Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының ұжымына алғыс білдіріп, осындай қайырымдылық концерттерін жиі-жиі ұйымдастырып тұруды ұсынды.

 

05.02.2020жылы Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында салауатты өмір салтын ұстануға баулу мақсатында ұстаздар арасында спартакиада өтті. Спартакиадаға ұстаздар арасынан 30 ұстаз бен М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері қатысып, әр түрлі эстафеталық ойындар, арқан тарту мен волейболдан жарысты. Спартакиадаға қатысқан ұстаздар мен студенттер 3 топқа бөлініп, «Сұңқар», «Бүркіт» және «Қыран» топтары бойынша жарысты. Жарыс барысында ұстаздар сайыстың 3 кезеңі бойынша жарысып, «Бүркіт» тобы бірінші орынды иеленді. Екінші орынды «Сұңқар» тобы иеленсе, үшінші орынды «Қыран» тобы иеленді. Спартакиадаға қатысқан барлық ұстаздарға сыйлық табысталды.

Ақпан айында қауіпсіздік шаралары бойынша үйірмелер арасында «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

26.02.2020 жылы Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында «Жауқазын» көркем оқу байқауы  өткізілді. Байқауға қаламыздың, Түркістан облысының  әр түрлі мектептерінен 50 оқушы қатысты. Байқауға қатысушылар мәнерлеп оқу, ақындық өнер және жазбаша шығарма жанрлары бойынша, Абай оқулары бойынша  өзара бақ сынасты. Байқауда әділ-қазы мүшелері ретінде ақын Сабырбек Нұрман, фантаст жазушы профессор Сарман Ысқақ пен драматург аудармашы ақын Әсет Омартегі шақырылды. Байқауда 6-8 жас аралығы бойынша орталығымыздың «Жас қаламгер» үйірмесінің оқушысы Сапар Талшын бас жүлдені иеленді. Үлкен топтар аралығында бас жүлдені Түркістан облысы Қазығұрт ауданы ұтып алды. Орта топ аралығында бас жүлдені Шымкент қаласының Абай мектебі иеленді. Орталығымыздың бірнеше оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздарға диплом мен сыйлықтар табысталды.

            21.02.2020 жылы Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында «Шеберлер қаласы: ата-бабаларымыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығының қалалық көрмесіне Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының   үйірмелерін қатыстыру үшін іріктеу кезеңі  өткізілді.

Іріктеу кезеңіне орталықтың 7 үйірмесі қатысты. Атап айтқанда: «Былғары шебер» үйірмесі, «Ағаш ою» үйірмесі, «Көркем қолданбалы өнер» үйірмесі,  «Шебер қолдар» үйірмесі, «Ұлттық қолөнер» үйірмесі, «Киім дизайны» үйірмелері көрмеге қатысты. Осы үйірмелерден 30-ға  жуық жұмыстар көрмеге қойылып, соның ішінде 12 жұмыс қалалық көрмеге жіберілуге лайық деп танылды.

1. Тойлыбай Аяулым «Киім дизайны» үйірмесінің оқушысы «Қызғалдақ көктем жанары» жұмысы, жетекшісі Даурбекқызы Айдана

2.  Қаржаубай Арайлым «Киім дизайны» үйірмесінің оқушысы «Үкілі Кәмшат» жұмысы, жетекшісі Даурбекқызы Айдана

3. Қаржаубай Әсемай «Киім дизайны» үйірмесінің оқушысы «Сәукеле қобдишасы» жұмысы, жетекшісі Даурбекқызы Айдана

4. Нұралы Айшабибі «Киім дизайны» үйірмесінің оқушысы «Ою өрнек қыз сәні» жұмысы, жетекшісі Жетібаева Ақмарал

5. Нұрпопа Ұлдана  «Киім дизайны» үйірмесінің оқушысы «Рухани жаңғыру» жұмысы, жетекшісі Жетібаева Ақмарал

6. Тоқташ Іңкәр «Киім дизайны» үйірмесінің оқушысы «Салт-дәстүр асыл қазынам» жұмысы, жетекшісі Жетібаева Ақмарал

7. Назметдинова Эрика «Көркем қолданбалы дизайн» үйірмесінің оқушысы «В степи» жетекшісі Скорина Татьяна Андреевна

8. Садыкова Диана «Көркем қолданбалы дизайн» үйірмесінің оқушысы «Люблю ягоды» жетекшісі Скорина Татьяна Андреевна

9. Садыкова Диана «Көркем қолданбалы дизайн» үйірмесінің оқушысы «Грачи прилетели» жетекшісі Скорина Татьяна Андреевна

10. Тұрлыбек Адиля «Шебер қолдар» үйірмесінің оқушысы «Қызғалдақ эмблемасы» жетекшісі Туленова Гаухар

11. Алымханұлы Бақдаулет «Былғары шебер» үйірмесінің оқушысы «Торсық» жетекшісі Тұрғамбаев Бауыржан

12.  Әбітхан Нұрсұлтан «Былғары шебер» үйірмесінің оқушысы «Қобдиша» жетекшісі Тұрғамбаев Бауыржан

«Шеберлер қаласы: ата-бабаларымыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығының қалалық көрмесіне Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы  үйірмелерінің лайық деп танылған 12 жұмысы қалалық көрмеге жіберілсін деген шешім қабылданды. Қатысушы ұстаздар мен оқушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.

6.03.2020               жылы Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында ұстаздарды «Ана өмір шуағы» Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

 Мерекелік іс-шарада орталығымыздың ер-жігіттері қыз-келіншектерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап, ән айтып, әдемі тілектерін білдірді. Орталықтың бірнеше аруларына орталық директоры атынан алғыс хат берілді.

Наурыз айында қауіпсіздік шаралары бойынша «Су тасқынынан қорғану» шаралары бойынша үйірмелерде баяндамалар оқылды.

9-13 наурыз аралығында үйірмелерде үйірме оқушыларына «Короновирустан қорғану жолдары» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік журналына қол қойдырылды. 1-5 маусым аралығында орталықтың ұстаздарына «Пандемия кезінде жұмыс істеу режимі мен қауіпсіздік шаралары» туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Орталықтың ұстаздары арнайы бұйрықпен танысып, қауіпсіздік журналына қол қойды.

     Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының  негізі міндеті оқушылардың жеке басының дамуына, денсаулығын нығайтуға, кәсіптік  бағдарын айқындауына, шығармашылық еңбегіне,  өздерінің  қабілеттерін іске асыруына қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, олардың бос уақытын  мазмұнды және тиімді  ұйымдастыру.

Қазан айының екінші аптасында орталығымыздың барлық ұстаздары өз топтарында «Қарттарым-асыл қазынам!» тақырыбында баяндамалар оқыды. Мақсаты: үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету-ата-бабадан келе жатқан салтымыз жайлы түсіндіріп өтті. Ата-әжелеріміздің тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдары біз үшін орны бөлек екендігін айтып өтті.

Орталығымызда «Ұлағатты ұстаз» тақырыбында ұстаздар күніне арналған мерекелік іс шара өткізілді. Мерекелік іс шараға оқушылар мен ата-аналар шақырылды. Орталықтың директоры Ж.М.Күздеубаев пен оқу тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Б.Н.Мұстафаев құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздарға қалалық білім бөлімінен, қалалық кәсіподақтан ЖУТҰО-дан алғыс хаттар мен мадақтамалар табыстады. Ұстаздарға арналып ән, өлеңдер айтылды.

Қараша айында Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру  орталығының төменгі сынып оқушылар арасында қаз баланы  ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Күз ханшайымы» атты күз аруы байқауы өткізілді. Орталығымыздың барлық ұстаздары өз топтарынан бір оқушыдан қатыстырды. Оқушылар өте белсенді қатысты.  Оқушыларға  бірінші, екінші, үшінші орындар берілді және номинациялар берілді. Бас жүлдені үйірме жетекшісі Н.Умарова «АВС ағылшын клубы» үйірмесінің оқушысы  Шапағат иеленді.  Қалған оқушыларға номинациялар тағайындалды.

Қараша айының екінші аптасында Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында 9-қараша  «Халықаралық темекіге қарсы күрес» атты  тақырыбында бұрыштар ұйымдастырылды. Орталағымыздың медбикесі Жарасбаева Айнур барлық топтарға темекінің зиянды жақтарын айтып өтті. Медбикемен бірлесе орталығымыздың бұқараралық бөлім меңгерушісі М.Молдабекова және педагог ұйымдастырушылар жүрді. Оқушылар темекінің  зиянды жақтарын толық меңгерді және темекінің зиянды жақтарын плакат  жүзінде орталықтың қабырғасына ілінді.

Қараша айының үшінші аптасында «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» атты баяндамалар оқыды. Оқушыларға «Сыбайлас жемқорлық» - ауыр қылмыс екенін, пара берумен қаншалықты адамдар жазаланып абақтыға қамаып,  қорлықта өмір сүретінін айтып өтілді.

Желтоқсан айының бірінші аптасында Қазақстан Республиксының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, білім алушыларға  өз Отанын,  туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға құрметтеуге  тәрбиелеу мақсатында мерекелік іс шара өткізілді. Орталығымыздың директоры Ж.М.Күздеубаев сөз сөйлеп құттықтап өтті.  Орталығымыздың барлық үйірме оқушылары белсенді қатысты. «Ля-ля-фа эстрадалық вокал» үйірмесінің  оқушылары хор айтты. «Жас қаламгер» үйірмесінің оқушылары өлеңдер оқыды. Желтоқсан айының екінші аптасында 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай орталығымызда «Тәуелсіздік» мақтанышым» тақырыбында қабырға газеттері ілінді, орталығымыздың оқушылары Отанымыз – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы шежіресін, Тәуелсіз Қазақстанның дамуы  мен нығаюы жолындағы Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы білімдерін тексеру барысында оқушылар арасында өткізілді.

Желтоқсанның 24-не  орталығымызда «Жаңа жылдық ертегі» атты мерекелік іс шара өткізілді. Мерекеге барлық оқушылар және ата-аналар қатысты. Мерекелік іс шарада орталығымыздың «Театр мектебі» үйірмесінің ұстазы Ауесбаев Ерлан өз үйірмесіндегі оқушыларымен театрлық қойылым қойды. Орталығымыздың директоры Ж.М.Күздеубаев ата аналар мен оқушыларды Жаңа жылдық мерекемен құттықтап сөз сөйледі. Жаңа жылдық мерекеге  қатысқан барлық үйірме оқушыларына сыйлықтар таратылды. Ата аналар мен оқушылар өз ризалықтарын білдірді.

Қаңтар айының 30-да орталығымызда оқушылар арасында «Көңілді мәре» спорттық сайысы өткізілді. Спорттық сайыста 5 топ жарысты. Олар «Барыс», «Бүркіт»,  «Жас қыран», «Жүйріктер» және «Ордабасы» болып бөлінді. Бірінші орынды «Жас қыран» тобы иеленді. Екінші орынды «Барыс» тобы, ал үшінші орынды «Жүйріктер» тобы иеленді. Барша қатысқан оқушыларға сыйлықтар табысталды.

Қаңтар айының 06.01.2020 жылы Ардагер ұстаз Петрюк Н.А мерей тойы өз деңгейіне өткізілді. Барлық ұстаздар қатысты.

Ақпан айында ұстаздар арасында спартакиада өткізілді. Спартакиадаға 30 ұстаз және М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері қатысып, әр түрлі эстафеталық ойындар, арқан тарту мен волейболдан жарысты. Спартакиадаға қатысқан ұстаздар мен студенттер 3 топқа бөлініп, «Сұңқар», «Бүркіт» және «Қыран» топтары бойынша жарысып, «Бүркіт» тобы бірінші орынды иеленді. Екінші орынды «Сұңқар» тобы иеленсе, үшінші орынды «Қыран» тобы иеленді. Спартакиадаға қатысқан барлық ұстаздарға сыйлық табысталды.  

Ақпан айының екінші аптасында «Ел қорғаны мен болам!»-жігіт сұлтаны байқауында орталықтың ер жігіттері өз өнерлерін ортаға салды.

Наурыз айының 6-де орталықта  барлық ұстаздардың қатысуымен «Ана тіршілік тірегі» Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Барлығы 80 ұстаз қатысты.  Орталығымыздың барлық ер азаматтары қыз келіншектердің мейрамымен құттықтап, мерекелік концерт дайындалды және сыйлықтар табысталды. 

«Наурыз-жыл басы» атты тақырыбында баяндамалар онлайн түрде өткізілді.  Еліміздегі ертеден тойланып келе жатқан ұлық мерекенің тәрбиелік мәні өте зор екендігі айтылып, оқушылар әз-наурыз тарихымен тағылымы жөнінен көптеген ақпараттар алды.

Маусым айының 2-де жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында 1 сәуір күніне орай оқушылар арасында онлайн  КТК ұйымдастырылды. Орталығымыздың «Театр мектебі» үйірмесінің оқушылары, «Ұлттық қолөнер» үйірмесі, «Ағаш ою» үйірмесі және «Былғары шебер» үйірмесінің жетекшілері мен оқушылары төрт топқа бөлінді. Бас жүлдені «Театр мектебі» үйірмесінің оқушылары алды. Маусым айының 9-да 7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай оқушылар арасында  спорттық үйірмесінің  жетекшілер мен оқушылары онлайн түрде спорттық жарыстар ұйымдастырды.

Маусым айының соңғы аптасында жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының арасында «Кәсіпке баулу» кәсіби бағдар беру іс-шарасы онлайн түрде өткізілді.  Кәсіптік бағдар беру жұмысына орталықтың ұстаздары, оқушылары және ата-аналар қатысты.  Көптеген ата-аналарға өз балаларының болашақ мамандығын таңдауда баласының білімін, қызығушылығын немесе таңдалған мамандығының еңбек нарығындағы сұранысын ескермей кәсіптік бағыт берілетіні айтылды.

Шілде айының 4-де «1-Мамыр бейбітшілік мерекесі» тақырыбында баяндама оқылды. Оқушыларға Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге бағыт берілді. Шілде айының 7-де «7-ші мамыр Отан қорғаушылар» күніне «Ерлер-жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты баяндама онлайн түрде оқылды.

 

 

 

Әдістемелік бөлім меңгерушісі:                                           Г. Орынбекова 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының есебі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 829 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2021 3882
    • DOCX 44.2 кбайт
    • 51 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Умбетова Айдана Сапаркуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Умбетова Айдана Сапаркуловна
    Умбетова Айдана Сапаркуловна
    • На сайте: 3 года
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5959
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налогообложение реализации и доходов физических лиц

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 21 региона