Инфоурок Всеобщая история Конспекты§23. Қазақ даласында туған тарихи шығармалар.

§23. Қазақ даласында туған тарихи шығармалар.

Скачать материал

 

«Сатылай     кешенді    талдау  »   технологиясын тарих сабағында  қолданудың    тиімділігі

 

Қарлыға   Қошаева Жамбылқызы,  жоғары  санатты       тарих    пәні    мұғалімі.   

            № 4 Ю. Гагарин атындағы орта мектеп

 

 Еліміздің  бүгіні  мен  жарқын  болашағы   білімді , жігерлі , намысшыл , отаншыл  жалын  жүректі , биік  рухты , өз халқына   адал ,елжанды  ,патриоттық   сезімдегі   ұрпақ  тәрбиесіне  байланысты. Отаншылдық   сезім -  ертеден   қалыптасқан ескірмейтін  әрқашан  жаңа  жақтан  көрініс   табатын ,  мәңгілік   ұғым. Патриотизм  қасиетті  ұғым.Қазақ  ұлттық   энциклопедиясында  «патриотизм   -  отаншылдық ,отансүйгіштік адамның  Отанына  , туған  еліне  ,оның  тіліне , салт-  дәстүріне , мәдениетіне   деген  сүйіспеншілік  сезімі» деп  анықтама  берілген (1).

Отан «Елім» деп еңіреп өткен ерлерден, «алашым » деп аңырап өткен арыстардан, «Бостандық» деп боздап өткен боздақтардан басталады. Отан Алаштың айбынын асырған әрідегі Керей мен Жәнібек ханнан, берідегі Абылай хан мен хан Кенеден басталады. Отан арманда кеткен Әлихан мен Мұстафадан, Сәкен мен Мағжаннан басталады. Отан аруақты батыр-бабалардың көзіндей Бауыржан Момышұлынан басталады. Отан ел азаттығы үшін шиіт болған Желтоқсан көтерілісінің боздақтарынан басталады. Отан Қайрат Рысқұлбековтен басталады.(2)

 Тарих    сабағында    жаңа   технологияның   әдіс-тәсілдерін     кеңінен    қолданамын. Бесінші  сыныпты   ОСКТ   бойынша   оқытып   жүрмін.     ОСКТТ-  ның     тарих  пәнін  оқытудағы    ерекшелігі    мұғалім  мен  оқушы  арасындағы   қарым-қатыныс  жаңа  қағидаға  негізделеді.   Олар:   ынтымақтастық , өзара   сыйластық, түсіністік, әріптестік   сияқты  қасиеттер. Бұнда  оқушыларды  жақсы, жаман,   орташа  деп бөлмей,    тек  материалды   жылдам,   орта,  төменгі   деңгейде   қабылдауына  қарай тапсырманы  он  деңгейге   икемдеп,  барлық  баланың    дамуы  үшін   қолайлы   жағдай    туғызуды  мақсат  тұтады.    Сабақ  барысында    мұғалім   мынандай    қағидаларды  еске   ұстауы  қажет:                                                                                                

  а) баланың   бойындағы   құштарлығын,   қызығушылығын ,  ынтасын   жойып     алмай,оның  алға  жылжыуына  деген  табиғи   талап-тілектерін,  сұраныс  пен  мұқтаждарын  ескеру,   шығармашылығын   жетілдіру       

 ә)  білімді   өз бетінше іздену  арқылы  алуға  қолайлы   жағдай  жасау.            

 б) өзін- өзі  дамытатын  тұлға  қалыптастыру.  Тарих  сабағында    бұл  технологияны   пайдаланудың    жетістігі   оқушылар   білімді   ғылыми   негізде    сатылай,  жүйелі,   кешеді    түрде   меңгереді,   ұлттық  құндылықты  бағалайды,   өткен  білімдерін   еске  түсіріп,  логикалық  ойлауға   дағдыланады,  шапшаңдық   пен   жауапкершілікке,   өз   бетімен  ізденуге,  тақырыпты  жан-жақты  меңгеріп,  шығармашылық   қабілеттері   артады.    Осы  орайда    алдарыңызға    11-  сыныпта   өткізген   бір   сабағымды   ұсынып  отырмын.

 

Сабақтың Тақырыбы: «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының себебі мен салдары»

 

Жоспары:

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

            1. 1980 жылдардағы әлеуметтік,    экономикалық,  саяся жағдайлар.

            2. Желтоқсан оқиасының болу       себебі

            3. Желтоқсан қаһармандары

            4. Демократиялық жаңару

 Қорытынды.

 

Сабақтың мақсаты:                                                                                       

Білімділік:  Оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы толық мағлұмат беру және олардың тарихи танымын қамту.                                              

Дамытушылық:  Оқушылардың өз ойларын, тұжырымдамаларын, толық және мәнерлі жеткізе білу  қасиеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін ашу.

Тәрбиелілік:  Оқушыларды бірлікке, топтық жұмысқа, еңбек сүйгіштікке,  елжандылыққа,  тарихи құндылықтарды  құрметтеуге баулу.

Сабақтың  типі:   Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: Зерттеу шығармашылығы

           

Сабақтың әдісі: ОСКТТ  (Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы)

 

Сабақтың көрнекілігі:  Қазақстан Республикасының саяси  картасы, интерактивтік тақта,  слайд, тірек сызбалалар, тест тапсырмалары.

 

 

«Тарих-бір ғаламат алтын көпір, ұрпақты ұрпақтарға жалғайтұғын»      

Ж. Молдағалиев

1-тапсырма: 
Мағынасын тауып, толық жазбаша, сатылай кешенді талдау жасаңыз.

КСРО   Хр.  1980 ж.

Әміршіл-төрешіл  жүйе

КОКП ОК-ның сәуір пленумы 1985

Әлеуметтік-экономикалық мәселелер     

М. С. Горбачев саясаты                                                          

Ұрандары – жариялылық, жеделдеу, қайта құру    

Дағдарыстан шығу жолы

Өндіргіш күштерді орналастыруда жіберген кемшіліктер мен қайшылықтар нәтижесі     

Жоспарлау

Қаржы

Ғылым мен ағарту мәселесі

Қазақ тілі

Халықтың  тұрмыс деңгейі

 

2 – тапсырма:  

Қысқаша жазылым бойынша талдап, айтылуы бойынша   толық ауызша сатылай кешенді талдау.                                                                                   

Саяси жағдайы    

Маңызды саяси шешім

Қабылданған жері  - Москва                                                         

Аралдың тартылуы

Үздіксіз жарылыс  -  Семей полигоны

Әлеуметтік немқұрайлық                                                  

Қазақстан Копартиясының  ХҮІ сыьезі 

Болған уақыты 1986 ж. 1.03.                                                      

Әлеуметтік – экономикалық дағдарыс                                 

Жекеленген кемшіліктер                                               

Пленум  хр.  1986 ж. 16. 12.                                                                                        

Уақыты 18 минут                                                                     

КОКП Орталық комитетінің хатшысы Г.П.Разумовскийдің ұсынысы

 

3- тапсырма:   

   Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы  Қонаев                     

Туған жылы:  1912 ж.. 12 қаңтар

Туған жері:   Верный қаласы   (қазіргі Алматы қаласы)

Әкесі:  Ахмет,  шешесі:  Зухра,

Зайыбы:  Ялымова  Зухра Шарипқызы

Тарихтағы орны: көрнекті мемлекет және  қоғам қайраткері,  өз заманының ұлы  саясаткері

Білім жолы: Орта мектеп,  хр. 1929 жылы жоғары техикалық  оқу орнының    дайындау  курсы, 1931-36 жылдары Мәскеу түсті металл алтын институты                                                                                       

Мамандығы: тау – кен инженері                                         

Қызметтері:  Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат Рудный машинисі, 

хр. 1938-39 жылдары  бас  инженер директор;

Алтай полиметалл бас инженері орынбасары;

Лениногор кен басқармасының директоры;

1942-57 жылдары Қазақ КСР  МК, орынбасары;

Қазақ КСР  ғылым академиясының академигі және оның президенті; 

1955-60 жж.,  1962-1964 Қазақ КСР  Жоғары Кеңесінің төрағасы;    

1960-1962, 1964-1986 жж. ҚКПОК-ның  бірінші хатшысы;

Марапаттары:  Үш  мәрте Социалистік  Еңбек Ері, Қазақ    КСР Ғылым                      академиясының академигі,  техиика ғылымдарының докторы, КСРО   шетел Ордендері мен медалдарының иегері        

Жетістігі:  Қазақстанның  Кеңес  Одағының ролін нығайтты, Павлодар қаласын    Хрущевград, Маңғыстау обл. Түркменстанға беруден сақтап қалды, Торғай, Жезқазған, Маңғыстау, Талдықорған т.б. жаңа облыстардың ашылуы, томдық энциклопедия жарыққа шықты.  Алматыда ғажайып архитектуралар бой көтерді.                                      

Кемшілігі:   ҚКПОК  1987 жылғы  ҮІІІ-ІХ пленумдарында Д.А.Қонаевтың  қателіктерін әшкерелуге  «талпыныс» болды.  «Бастама»  халықтан  қолдау таппады.

 

Диалог арқылы талдау:   Сұрақ – жауап                                            

 

Г.В.Колбин – кім?

1927-1998 жж.

Грузияда   республикалық  партия ұйымының  екіншісі хатшысы болған.

Ульяновск  облыстық  партия комитетінің бірінші  хатшысы болған.         

Орталық баспасөзде «ұлтаралық қатынастар мәселелерін жақсы білетін маман»   деп сипаттама берілген.

Қазақстанда Г.Колбин  генерал-губернатор миссиясын атқарды.                     

Республика кадрларының жоғары легін  тазалаудан өткізді.                   

1989 жылы   халықтық бақылау комитетінің төрағасы  қызметіне сайланып, Қазақстаннан кетті.

 

Уақытқа талдау

Желтоқсан

Анықтама

Жыл – он екі ай соңы

Дүниені дүр  сілкіндірген тәуелсіздік туын

алғаш көтерген тарихи оқиға

Хронологиялық кезеңі  16-17.12 1986 ж

Болған жері: Алматы қаласы, Орталық комитет ғимараты алдында Л. И. Брежнев атындағы алаң

Түрткі болған жағдай: Г. Б. Колбиннің басшылыққа тағайындалуы

Себебі: Орталықтың өктемдік әрекеттері мен қайта құру жариялық демократиялық ұстанымдар арасындағы қарама-қайшылық

Қозғаушы күштері: Жастар мен студенттер

Сипаты: Бейбіт шеру, саяси

Барысы: Қанды талас-тартыс, жазықсыз жапа шеккендер

Құрбандары: 8,5 мың адам ұсталды, 99 адам айыпталды, 2 адам ату жазасына ұшырады

Құрбандарды ақтау: 1991 жылы желтоқсан

Тарихи маңызы: Қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылуына жол ашты

Берілген баға: Мемлекет қайраткерлері: Н. Назарбаев, А.Ақаев, Тохтко Хаяси-Сан

 

Қайрат Рысқұлбеков

Туған жылы: 13.03.1966 ж

Туған жері: Жамбыл обл, Мойынқұм ауд, Бірлік ауылы

Әкесі: Ноғайбай, зоотехник

Шешесі: Дәметкен, сауыншы

Жанұяда 8 баланың 3-шісі

Білімі: Шу ауд, Төлеби ауылы, Саду Шәкіров    мектеп интернаты, Бірлік орта мектебі

ХР кезеңі:  1984-86 жж. әскери борыш, Амур өл, Белагор қ.1986 ж Алматы қаласы, сәулет құрылыс институты  студенті

Тағылған айып: С.Советскийді өлтірді

Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны

Дүниеден озды: 21.05.1988 ж. Семей қаласы

Ақталуы: 21.02.1991 ж.

Халық  қаһарманы: 09.12.1996 ж.

Ескерткіш: Тараз қаласы

 

Хронологиялық даталарды жатқа жазу бойынша талдаңыз

1920 жылы 20 тамыз – Қырғыз-қазақ автономиялы кеңестік республикасын құру туралы декрет

1936 жылы 5 желтоқсан – КСРО Кеңестерінің төтенше ҮІІ съездінде КСРО Конституцмясының қабылдануы, онда Қазақстанның Қазақ кеңестік социалистік Республика мәртебесіне ие болуы

1990 жылы 25 қазан – Қазақ КСР жоғарғы Кеңесінің (Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы) декларацияның қабылдануы

1991 жылы 16 желтоқсан – Қазақстан республикасының жоғарғы кеңесінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының қабылдануы

 

Үйге тапсырма:

1. Қазақ-жоңғар соғысындағы негізгі шайқастар біріне сатылай кешенді талдау жасаңыз.

2. Тәуелсіздік жолындағы Қазақстан тақырыбына сатылай кешенді талдау жасаңыз

 

Нәтиже:                                                                                                                                            

1. Білім   негіздерін  сатылай  талдау  технологиясы   негізенде  меңгерді.               

2. Уақытты  тиімді     пайдаланды .  Өз ойын   жүйелі   жеткізді.                                     

3. Білімді  өз  бетінше    іздену  арқылы   меңгерді.                                                                   

4. Өзін -  өзі  дамытатын    жеке    тұлға   қалыптасты.                                                    

5. Бір -  бірінің   пікірін    тыңдай    білуге,  бағалауға   дағдыланды.                                        

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "§23. Қазақ даласында туған тарихи шығармалар."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Пәні: Қазақстан тарихы

Сыныбы: 10 «в»

Күні: 4 ақпан 2015 ж

 

Сабақтың тақырыбы: §23. Қазақ даласында туған тарихи шығармалар.

 

Білімділік: Орта ғасырдағы рухани мәдениеттегі жетістіктердің нәтижесі, қазақ даласындағы ғалымдардың еңбектеріндегі тарихи құндылықты анықтау, жылнамалар жинағының мазмұны мен құрылымы және қазақ тарихындағы деректерді білу, зерттеуді үйрену, нәтижесін талдай білу.

 

Тәрбиелік: Оқушылардың туған жеріне деген ұлттық намысын ояту, ізгілікке, бірін-бірі білуге, елжандылыққа және тарихи ескерткіштерді қорғауға, даналарды құрметтеуге баулу.

 

Дамытушылық: Оқушыларды тарихи тіл мен өз ойын тұжырымдап, еркін сөйлеуге қалыптастыру, шығармашылық және интелектуалды  қабілеттерін дамыту.

 

Пайдаланылған қосымша материалдар:

 

1.       Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 7.02.2008. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясатының басты мақсаты.

2.       Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы, 2007 ж, ІІІ том.

3.       Ә.  Байпатша, Қазақ даласының ежелгі тарихы. Алматы, «Санат» баспасы, 1996 ж, 171-181 бб.

4.       Әбдікәкімұлы. Қазақстан тарихы. Алматы, 2005 ж.

5.       А. Төлеубаева, Ә. Науманова, Б. Көпекбай. Қазақстан тарихы. Әдістемелік нұсқау. Алматы, «Мектеп» баспасы, 2007 ж.

6.       Оқулық авторы С. Жолдасбаев. Қазақстан тарихы, 10 сынып. Алматы, «Мектеп» баспасы, 2007 ж.

 

Сабақтың көрнекілігі: Карта,  Дүние жүзі, Қазақстан Республикасы саяси картасы, VІ-ХV ғасырдағы Қазақстанның қалалары, егіншілік, кәсіп және сауда орталықтары, кесте, тірек-сызба, диаграмма, компьютер, бұқаралық ақпарат құралдары, интернет, плакат, пламастер.

 

Қанатты сөздер:   Ей білімдар түзу ұста жібіңді

                            Кетпе ұмытып, ойлан тек пен түбінді

                                                                                     (Ж. Баласағұни)

 

                            Ерлік жырын жерге жазса,

                            Желден жүйрік тұлпарыңның тұяғы

                            Одан да ұшқыр ұлы түркі қиялы

                            Тасқа тарих тастап кеткен

                            Қаныменен алмастырып сияны

                                                         Қазбек Иса «Күлтегін күмбірі»

 

Сабақтың түрі: Тренинг

Сабақтың әдісі: ОҮӨӘТ, СТО «ТОР» топтастыру. Вен диаграммасы

Сабақтың типі: Білім мен іскерлік дағдыны қалыптастыру

Сабақтың барысы:

1)    Ұйымдастыру

І кезең. Үй тапсырмасын сұрау

ІІ кезең. Жаңа сабақ. Мұғалімнің басшылығымен жаңа сабақты өздігінен меңгерту алгоритмі.

ІІІ кезең. Жаңа тақырыпты бекіту

Қортындылау

Үйге тапсырма.

Бағалау парағын есепке алу

 

              

 

 

 

          Жеке. Орта ғасырлардағы ерте және орта кезеңдегі мәдениеттің даму бағыттары туралы нақты деректер бойынша баяндау

 

ТАРИХИ УАҚЫТ

 

                Қандай шығаомалар жазылған. Анықтап сызбаны толтыр

 

                 ІХ ғасыр    →

                 ХІІІ ғасыр  →

                 ХІV ғасыр →

 

ТАРИХИ ҚОЗҒАЛЫС

 

Ғалымдар мен жазба әдебиетінің өкілдері

 

р/с

Аты-жөні

Еңбектері

 

 

 

 

 

 

1)    Мыңжылдық қаһармандары кімдер? (Анықтап, дәптерге жазу)

2)    «Кодекс Кульманикус» жазба дерегі туралы не білесіңдер?

 

ВЕНН жүйесі

 

Білге                                                                   Күлтегін

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                              

 

Әбу Насыр Әль-Фараби                                                      Қожа Ахмет Яссауи

   

 

 

 

 

Тарихи кеңістік

 

 

 

 

Рухани мәдениет дамыған қалаларды картадан көрсету

 

Жаңа сабақ жоспары

 

1.     Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи-и Рашиди»

2.     Қадырғали Қосым Ұлы Жалайыри «Жылнамалар жинағы»

3.     Мазлок Мұхамбет Дос «Шыңғыснама»

4.      Әбілғазы шежірелері

 

 

 

Бұқаралық ақпарат өкілдері: интернет материалдары «бейнені зерттеу»

1)    Камалова Перизат

2)    Қамазғалиева Айдана

3)    Қаржанова Асылай

4)    Хамитова Маншук

 

«Тарихи еңбек»

«Жылнама»

«Шыңғыснама»

«Шежіре»

 

Қазақ даласында туған тарихи шығармалар:

 

Кім жазған –

Тарихи өмірбаяны –

Нақты дерек –

Шығармалар мазмұны, мәні –

Тарихи маңызы, құндылығы –

 

Топ. Оқушылар тапсырмасы

 

Кембридж ойыны

 

 

Сто «Екі жақты күнделік» жұп.

Симаниткалық карта

 

Сабақты қортындылау:

 

 

Үйге тапсырма. №23

Аяқталмаған тапсырмаларды ІІІ деңгей үйден аяқтау

 

Сұрақтар

Тарихи

Жылнамалар жинағы

Шыңғыснама

Әбілғазы шежірелері

Қазақ халқы, оның тарихы, экономикасы туралы қандай мағлұматтар бар?

 

 

 

 

 

«Жамал Карши» туралы баяндама жазу, зерттеу, интернетті пайдалану

 

Бағалау. Деңгейлік тапсырмалар бойынша.

              Бағалау парағын толтыру.

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 308 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.02.2015 2034
    • DOCX 64 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қошаева Қарлыға Жамбылқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қошаева Қарлыға Жамбылқызы
    Қошаева Қарлыға Жамбылқызы
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7469
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 191 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 328 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 324 человека

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 278 человек

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инвестиционные проекты: оценка, эффективность и стратегии

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции