І.кезең
(2 минут)
Қызығушылықты ояту кезеңі.
* Сиқырлы айналу. Жылулық шеңбері
Балалар үнтаспадан «Ертегілер» әнін тыңдап,әуенге сай билейді.Мұғалім қолына «сиқырлы таяқшаны » алып,әр баланы түрлі ертегі кейіпкеріне айналдырады.
Балалар бір-біріне ертегі кейіпкерлері атынан тілектер айтады: « Мен -бауырсақпын,сендердің бір-біріңе ыстық ықылас танытып,құрметтей жүрулеріңе тілектеспін.......Мен-Қар ханшайымымын,сендерге қайырымды,сыпайы болуды тілеймін....» т.с.с.
Ертегілер әнің аяғына дейін тыңдату. Тыңдаған ән туралы ойларын сұрау.
1.Бұл
ән не туралы деп ойлайсыңдар?
2.Бұл
әннің біздің сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?
3.
Ертегілер туралы не білесіңдер?
|