Для всех учителей из 37 347 образовательных учреждений по всей стране

Скидка до 75% на все 778 курсов

Выбрать курс
Получите деньги за публикацию своих
разработок в библиотеке «Инфоурок»
Добавить авторскую разработку
и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru
Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы3-сыныптарға арналған "Әдебиеттік оқу" пәні

3-сыныптарға арналған "Әдебиеттік оқу" пәні

библиотека
материалов

Мұғалімнің аты-жөні:

Анарбекова Лаура

Пән/Сынып:

3 « б »  сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

8 апта, 8-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Ана тілің –арың бұл

Сабақтың тақырыбы:

Қ.Мырза-әли  Ана тілің –арың бұл

Сабақ мақсаты:

Шығарманың мазмұнын түсіну және қарапайым сұрақтарға жауап беру

Тыңдалған материалға сүйеніп, ойын, идеясын, сезімін өз сөзімен жеткізе білу

 Мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу/ тізбектеп/ мәнерлеп оқу

 

 

Сабақтың барысы

Уақыты

Кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

 4 минут

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру

-Біздің тіліміз туралы не айтар едік?

-Тіл құдіреті деген ұғымды қалай түсінеміз?

Тақырып және мақсатымен танысу

Қазақ тілі, тіл туралы түсініктерін кеңейту

Не меңгеретінін біледі

 

 

32  минут

Сабақтың ортасы

Автор туралы түсініктерін кеңейту

Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра деп жырлаған белгілі ақын, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әлі 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. Бала кезінде жетім қалған Қадыр кедейліктің тауқыметін көріп өсті. Балалық шағынан бастап кітаптарға қызығушылық танытып, Жымпиты аудандық кітапханасының тұрақты оқырманы болды. Тіпті, кітапханадағы барлық кітаптарды қайта оқып шығып, көркем әдеби шығармалардың жаңа басылымдарын асыға күтетін.

Қадыр Мырзалиевтің өз өмірінде көрген алғашқы кітабы «Қырық батыр» деп аталады. Бұл қарапайым халық оқитын ауылдағы ең сүйікті кітап болды. Онда қазақ халқының аңыздары мен қиссалары, эпостар мен ертегілер жазылған.

Қадыр алғаш рет өлең жазуды алтыншы сыныпта оқығанында, 11 жасында бастады. Бірде ол ауылдарына концерт қоюға келген ақтөбелік әуесқой әртістер тобы орындаған «16 қыз» атты көңілді және әзіл әнді естіді. Ол әннің әрбір өлең жолында әр түрлі қыздар туралы айтылды. Он алты шумақта әр қыздың мінезі суреттелген. Сонда Қадыр сол секілді, бірақ сыныбындағы он алты ер бала туралы өлең жазуды ойлады. Сөйтіп, бес-алты шумақ өлең жазып, ары қарай қолы жүрмеді. Ертесі шығарған өлеңін мектепке әкеліп, сыныптастарын күлкіге қарық қылады. Қадырдың өлеңі сынып жетекшісіне де ұнады. Осылайша, бұл өлең болашақ ақынның алғашқы жағымды сыншысы болды. Бірақ, осы әзіл өлеңнен кейін шығармашылық дағдарыс орын алып, Қадыр үш жыл бойы ештеңе жазбады.

Әкесі қайтыс болғаннан кейін бала Қадыр интернатқа жіберіледі. Онда ол достар туралы, олардың кемшіліктері туралы жаза бастайды. 1954 жылы жас ақын өлеңдерін республикалық «Пионер» журналында жариялап, біртіндеп таныла бастады.

Сөйтіп өлең жазуды әдетке айналдырып, үлкен жинақ жинады. Бірақ, ол өлеңдерін болашақ ақынның жақын досы өртеп жібереді. Бұл оқиға Қадырдың шығармашылық жолындағы алғашқы кедергі болды. Дегенмен, Қадыр досының ол әрекетіне ренжіген жоқ. Ақын керісінше, жаман өлеңдерден құтылуыма көмектесті, бұл менің қолымнан келмес еді деп досына алғысын білдірді.

1958 жылы Қадыр Мырзалиев Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, екі жылдан кейін аспирантураны бітіріп шығады. Оқудан кейін көп жылын журналистикаға арнады. Еңбек жолын, яғни 1958-1962 жылдары «Балдырған» балалар журналының әдеби қызметкері болып жұмыс істеуден бастайды. 1962-1965 жылдары – поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, «Жұлдыз» журналының жауапты хатшысы болды. Қадыр Мырза Әлі 50-ден астам поэзиялық жинақтардың, әдеби-сыни және балалар кітаптарының авторы. Сонымен қатар, оның тағы бір өмірлік қызығушылығы – жұмбақтар. Ол қазақ оқырмандарын әлем халықтарының жұмбақтарымен таныстырған аудармашы. Қадыр Мырза Әлі жүзден астам ұлттың жұмбақтарын жинап, аударған.

Қадыр Мырзаәлиев көп оқыған адам. Бүкіл ғұмырында 7 мыңға жуық кітап жинап, бәрін оқып шыққан. Тіпті, олардың кейбіреуін екі-үш рет қайталап оқыған. Ақынның шығармашылығы әрбір қазаққа белгілі және оқырмандар оның туындыларын сүйіп оқиды.

1993 жылы Моңғолияның Дарын әдеби-шығармашылық ұйымы ақынға жоғары деңгейлі және жоғары шығармашылық әдеби шығармалар үшін Гран-при берді. Конкурстың қорытындысы бойынша Қадыр Мырза Әлі әлем поэзиясына қосқан үлесі үшін Моңғолияның «АВЬЯС» сыйлығымен марапатталды.

2001 жылы «Әдебиет» санаты бойынша «Платина Тарлан» өнер туындыларының тәуелсіз сыйлығының лауреаты атанды. 2005 жылы «Парасат» және 2010 жылы I дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

Сондай-ақ, ақын екі рет Қазақ ССР жоғарғы кеңесінің депутаты, Қазақ КСР жоғарғы кеңесі президиумының мүшесі болды.

Соңғы жылдары Қадыр Мырза Әлінің 16 томдық таңдамалы шығармалар жинағы жарық көрді. 2003 жылы Санкт-Петербургтегі «Славия» баспасында ақынның «Прапамять» деп аталатын бір томдық шығармалар жинағы шығарылды.

 

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі поэма жанрының өсіп жетілуіне көп еңбек сіңірген Қазақстанның халық жазушысы, белгілі ақын Қадыр Мырза Әлі өмірінің соңғы жылдары екі рет инфаркт алып, 2011 жылы 23-нен 24-ші қаңтарға қараған түні жүрегі тоқтап қайтыс болды.

 

Мұғалім түсіндрмесі

Біздің тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз. Өз атамекенімізде жүргендіктен, өз тілімізде сөйлеу – басты парызымыз. Қазақ тілінің құдіреттілігі – оның орындылығында, орасан зор байлығында.

Тіл құдіреті – ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем, таусылмас байлық. Тіл - ұлттың жаны. Біз тіл арқылы айналамыздағы адамдармен араласамыз, кез-келген пікірге ойымымызды жеткіземіз. Ана тіліміз әр кезде де адам баласының анасы секілді.

. Ана тілін білмеген жан сауатты сөйлей алмайды, тіл байлығын жоғалтады. Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Тіл – атадан  балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.  Біз осыны ұмытпайық. Ең бастысы өзіміздің ана тіліміз қазақ тіліне өзге тілдерді араластырмай өз тілімізде сауатты сөйлей білейік. Өз тіліміз қазақ тілін бағалап, құрметтей білейік. Адам үшін өміріндегі ең бағалы құндылықтардың бірі – ана тілі.Ал дүниежүзіндегі барлық тілдерді меңгеріп алсаң, ол өз тіліңді құрметтеп, өзге тілдерге сыйластықпен қараудың белгісі. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші,халық даналығы да осыны меңзейді.

Ана тілін қадірлеу – мемлекетіңді, ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Қазақстан егемендігін баянды етіп, оны әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рөл атқаратындығын санамызға сіңіру, өз Отанымыздың нағыз патриоты болу – бәрімізге ортақ, қасиетті парыз.

1989 жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР-ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек- Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды.    

«Ең қымбат қазына»

  Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:
       «Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып-ашып жүріп, ауылдағы абыз-ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:
     «Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ-па, сірә!» - деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.
    - Cен осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесің бе, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар?
     Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл. Тіл- ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?

 

 

 

ана 4

Өлеңді толық оқыту

Түсінгендерін сұрау

 

«Мен де ақын атамдай, шығарамын өлеңді»

 

Шығармашылық тапсырма

 

Оқушыларға тіл туралы 1 шумақ өлең құрастыруға тапсырма беру

 

 «Ана тілім» тақырыбына шығарма 

Жаздыру

«Мақал-мәтелдер» сайысын ұйымдастыру

Қай бала тіл  туралы  көп мақал айтса, сол жеңімпаз болады

Оқушылардың автор туралы  түсініктері дами түседі

 

https://bilim-all.kz/uploads/images/2015/05/17/104x104/a0222dd794824b11eba5564360cc4747.jpg

 

Аудиожазба

 

 

 

слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

слайд

 

ютуб видео

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 минут

 

 

Сабақтың соңы

Қорытынды

Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де, ой-сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?!
       Олай болса, біздің тілге деген құрметіміз шексіз.
       Оқушылар хормен:

Туған тілім-тірлігімнің айғағы,
                                         

  Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
                                           

Осы тілмен мен де бірге өсемін,
                                         

  Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

 

 

Оқушылар өз ойларын ортаға салады,   өлеңді хормен оқиды

 

 

 

Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Учитель начальных классов
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Использование мини-проектов в школьном: начальном, основном и среднем общем и среднем профессиональном естественнонаучном образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Актуальные проблемы обучения детей с нарушением слуха в образовательных организациях общего и среднего профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Теория и практика инклюзивного обучения в образовательной организации в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система работы учителя-дефектолога при обучении и воспитании детей с особыми образовательными потребностями (ООП) в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методы интерактивного обучения»
Курс повышения квалификации «Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Формирование и развитие ключевых компетенций школьников в интересах устойчивого развития региона»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Репетиторы онлайн

✅ Подготовка к ЕГЭ/ГИА
✅ По школьным предметам

✅ На балансе занятий — 1

Подробнее