1-
тапсырманы орындай отырып, оқытушы оқушыларға
мынадай жағдаятты ұсынады: сынып бүгін дәлізде кезекшілік етуде, олар
бір-бірінен жеті қадам қашықтықта тұрады. Оқытушы 7-ден санауды ұсынады.
Жаңаны
ашу.
Оқушылар
оқушының басшылығымен 7 санына көбейту мен бөлу кестесіндегі қалдырылып
кеткен сандарды толтырады. Оқушылардың назарын көбейту кестесін толтыруды
неге 7∙7 мысалынан бастау керек екендігіне аудару маңызды.
Есептің
жаңа түрін шығаруға дайындалу үшін оқушылар 3-а) тапсырманы орындайды –
есептер бойынша өрнектер құрастырып, оларды шығарады, 3 ә) тапсырмада есептің
қысқа жазуын толықтырып, оны шешулері қажет.
4-тапсырмада
оқушылар есепке берілген суретті және кестені қарайды. Алдымен бір тауардың
бағасын анықтау, содан кейін бағасы мен санын біле отырып, құнын анықтау
керек екендігін көрсету маңызды.
-
Есептің сұрағына жауап беру үшін нені білу керек екенін түсіндір?
-
Бір дәптердің бағасын қалай білеміз?
-
Бір дәптердің бағасын біле отырып, осындай 8 дәптердің құнын тап.
Түсіндіре
отырып алғашқы бекіту
Алғашқы
бекіту үшін балалар оқытушының басшылығымен сурет және 5 және 6 кестелер
бойынша есепті құрып, оны шығарады.
|