30 – тамыз Конституция күні

Предпросмотр материала:

Ақсу қаласы. Қызылжар ауылы мектеп ішіндегі шағын орталық

 

 

 

 

 

 

30 – тамыз

Конституция күні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешісі: Иманберлинова К.Н.

Тақырыптық сабақ

Тақырыбы: Конституция

Мақсаты: балаларды конституциямен таныстыру, оның ең басты құжат екенін, мақсатын түсіндіру, баптармен таныстыру. ҚР рәміздерін қайталау, отанға деген сүйіспеншіліктерін нығайту, адал болуға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: көрнекілік, түсіндіру, әңгіме, сұрақ – жауап.

Көрнекіліктер: конститутция кітабының суреті, рәміздер суреттері, ән ұран жазылған үн таспа.

 

Сабақтың барысы

I.                    Мотивациялық – қызығушылық

Балаларды кілемнің үстіне қатармен тұрғызу. Сабақты ҚР – ның ән ұранымен бастау.

Ән ұран орындалады.

Балаларды орындықтарға отырғызу, сабақты бастау.

-          Балалар біз жаңа қандай әнді орындадық? Ол не?

-          Бұл ҚР – ның ән ұраны. Рәміздердің бірі.

-          Ал неге біз сабағымызды ән ұраннан бастадық қалай ойлайсыңдар?

-          Себебі бүгін мереке, ҚР – ның Конституция күні. Ол біздің мемлекет үшін, жалпы басқа мемлекеттер үшін Конституция күні өте асыға күтетін мереке болып саналады, себебі бұл біздің ата заңымызды қабылдаған күн екен балалар.

-          Мен сендерге бүгін осы Конституцияның бірнеше баптарын айтып, түсіндіремін сонда сендер оның мақсатынимда, оның бізге қаншалықты маңызды құжат екеніне көздерің жететін болады.

-          Жалпы Конституцияда 99 бап бар балалар. Ал мен сендерге қазір тек қарапайым адамдарға, балаларға қажетті баптарын айтып берейін.

-          10 бап: ҚР – ның азаматы өз азаматтығынан өз келісімінсіз еш бір жағдайда айырылуы мүмкін емес. 

-          11 бап: ҚР мемлекеттен тыс аймақтарда қамқорлық пен кепілдік береді.

-          12 бап: конституцияға байланысты ҚР – ның азаматына бостандық пен құқыққа кепілдік беріледі. Бостандық пен құқық әр адамға тууылғаннан беріледі. Адамдардың бастандық пен құқығы басқа адамдардың құқығы мен бостандығын бұзбау тиіс.

-          13 бап: әр адам өз құқығын сақтауға құқылы.

-          15 бап: әр адам өмір сүруге құқылы.

-          16 бап: әр адам жеке бостандыққа құқылы.

-          24 бап: әр адам еркін еңбек түрін таңдауға құқылы.

-          Міне балалар мен сендерге қажет деген мағлұматты бердім.

 

 

Сергіту сәті

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатты жұмысқа.

Тасты алды қолына,

Тасты қойды жолына.

Оңға қарады,

Солға қарады.

Үлкен тау деп ойлады.

-          Балалар ал енді маған ҚР – ның рәміздеріне не жататынын қайталап айтып беріңдерші.

-          Ту, Елтаңба, Ән ұран.

-          Ал біздің мемлекетті басқаратын адамды кім деп атаймыз?

-          Ел басы деп айтамыз.

-          Ал Ел басымыз кім?

-          Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-          Астанамыз қай қала?

-          Астана қаласы.

-          Керемет балалар сендер көп ақпаратты білесіңдер.

-          Ал қазір біз сендермен мақал – мәтелдер жаттап алайық.

Мақал – мәтелдер

1.      Заңның құрығы бәрінен ұзын.

2.      Тәрбие отбасынан басталады.

3.      Заңды сыйлаған еркін жүреді.

-          Балалар сендер сабаққа керемет қатыстыңдар. Сендерге көп рахмет.

 

Краткое описание материала

30 – тамыз Конституция күні

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Иманберлинова Кымбат Наскебаевна

Тәрбиеші

  • На сайте: 11 лет и 1 месяц
  • Всего просмотров: 14570
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 5
  • 14570
    просмотров
  • 5
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Иманберлинова Кымбат Наскебаевна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~230

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: