Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / 3 cынып Дүниетану Cабақтың тақырыбы: Уақыт және ұзындық өлшемі.

3 cынып Дүниетану Cабақтың тақырыбы: Уақыт және ұзындық өлшемі.


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

11-сабақ.

Cабақтың тақырыбы: Уақыт және ұзындық өлшемі.

Cабақтың мақсаттары:

Білімділік: уақыт және ұзындық өлшем бірліктерін туралы түсінік алады.

Дамытушылық: уақыт және ұзындық өлшем бірліктері туралы білімдерін дамытады.

Тәрбиелік: уақытты үнемдеуге тәрбиеленеді.

Көрнекілігі: слайд суреттер, топтың аты, сұрақ парақтары.

Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау


Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

Уақыт және ұзындықпен ретінде, балаларды мына топтарға бөлдім:

Үй тобы:

I-топ - Миллиметр.

II-топ - Сантиметр.

III-топ - Дециметр.

IV-топ - Метр.

V-топ - Километр.

VI-топ - Ұзындық.

«Топтастыру» стратегиясы

Балалар, I, III,V-топтар: - «Уақыт» дегенде ойға не келеді?

секунд

УАҚЫТ

минут сағат



тәулік апта


ай жыл

ғасыр


II, IV, VI-топтар: - «Ұзындық» дегенде ойға не келеді?


миллиметр

ҰЗЫНДЫҚ

сантиметр дециметр



метр километр


  • Балалар әрқайсысы жеке, одан кейін жұп – көршісімен бөліседі, одан кейін – топ, барлығы ақылдарын ортаға салады. Ақыры – сыныппен жұмыс – топ басшысы ортақ пікірлерін баяндап береді.

Уақыт деген: тәулік, минут, секунд, сағат, апта, жыл, ғасыр, ай.

Ұзындық деген: сантиметр, миллиметр, дециметр,километр, метр.


II. Мағынаны тану.

Келесі кезеңде «Жанұя» тобын 4 топтан тұратын «Жұмыс» тобына бөлдім. Жұмыс тобы:

I-топ - Секунд

II-топ - Минут

III-топ Сағат

IV-топ - Тәулік

Уақыт өлшем бірліктерін ескере отырып: «Секунд», «Минут», «Сағат», «Тәулік» туралы оқулық бетіндегі қысқа мәтіндерді бердім.

Әр оқушы жеке өзі оқиды, жұп болып көршісімен бөліседі, топ болып мәтін бойынша түсінгендерін әңгімелейді, сынып болып ортаға салады. Топ басшысы ортақ бөлімді айтып береді.

Сонымен, сабақтың тақырыбы: «Уақыт және ұзындық өлшемдері», яғни уақыт өлшем бірліктері және ұзындық өлшем бірліктері туралы алған білімдерін ортаға салып, толық мағлұмат алады.

I – топ.

Кез келген сағат пен күнтізбе бар. Сағат уақытты анықтау үшін қажет. Сабаққа кешікпеу үшін сағатқа қарайсың да, үйіңнен уақытында шығасың. Егер мектептегі сабақтан кейін спорт үйірмесінде жаттығуың болса, сен тағы да сағатқа қарайсың. Жаттығуға кешікпеу үшін уақытыңды есептейсің. Егер жануарларға бақылау жүргізсең, онда да сағатқа қарап, бақылау нәтижелерін уақыт бойынша белгілейсің.

Эксперт парағы:

1. Әр үйге сағат неге керек?

2. Сағатты білу не үшін керек?

3. Бір сабақ неше минут жүреді?

4. Уақытты қалай өлшейсің?


II – топ.

Күнтізбеде уақыт айлар және апталарға бөлінген. Күнтізбе бойынша жыл мезгілдерін байқап отырасың. Қазір қай ай, аптаның қай күні екенін білесің.

Сен математика сабағында уақыт өлшемдерімен таныстың. Бір жыл 12 айдан тұрады, 1 ай – 30 – 31 тәуліктен, 1 тәулік – 24 сағаттан, 1 сағат – 60 минуттан, 1 минут – 60 секундтан, 1 апта – 7 күннен, 1 ғасыр – 100 жылдан тұрады.

Эксперт парағы:

1. Қандай уақыт өлшемдері бар?

2. Әр үйге күнтізбе не үшін қажет?

3. Ғасыр деген не?

4. Бір жылда неше ай бар?


III – топ.

Сенің қараторғайға ұя жасауың керек делік. Ұзындығын бірдей етіп бірнеше тақтай кесіп аласың. Бұл үшін нені пайдаланасың ? Әрине, сызғышты және ұзындық өлшемдерін пайдаланасың. Жұмысты қалай атқаратыныңды айт.

Ұзындық өлшемдерімен заттардың мөлшерін, олардың арақашықтығын, қалалардың бір – бірінен қашықтығын, үйлердің, таулурдың биіктігін анықтайды. Ұзындық өлшем бірліктері километр, метр, сантиметр, миллиметр. 1км 1000м. 1м 100см. 1дм 10см. 1см 10мм.

Эксперт парағы:

1. Қандай ұзындық өлшемдерін білесің?

2. Километр, метр мен нені өлшеуге болады?

3. Қараторғайға ұя жасасаң қандай ұзындықты пайдаланасың?

4. Ұзындық өлшем бірліктерімен нені анықтауға болады?


IV – топ.

Сен құмырсқаның илеуін көрдің де, оны сипаттағың келді. Өлшегіш таспамен илеудің енін, оның оңтүстік бөлігінің ұзындығын өлшедің де, дәптеріңе жаздың. Солтүстік жағында түбір тұр. Оны да өлшеп, өлшемін жазып алдың. Илеу маңында қайың, көктерек ағаштары өсіп тұр. Өлшегіш - таспамен ағаштарға дейінгі қашықтықты өлшедің, құбыланамамен олардың орнын анықтадың да, дәптеріңе жаздың. Сөйтіп, құмырсқа илеуі орнының сипаттамасы шықты. Сипаттау үшін сен ұзындық өлшем бірліктерін пайдаландың. Мұндай өлшем бірліктері заттардың қоршаған ортадағы орнын анықтау үшін қажет.

Эксперт парағы:

  1. Неліктен затты сипаттау керек?

2. Сипаттау үшін нені пайдалануға болады?

3. Құмырсқаның илеуін сипаттау үшін не істеу керек?

4. Ондай өлшем бірліктерін (см. дм. мм) қай жағдайда

пайдаланасың?


III. Ой қозғау

Яғни, «Уақытты және ұзындықты немен өлшейді?» деген сұраққа жауап айтып, дәлелдеуі тиіс.

Берілген сурет (слайд) бойынша өз ойын дәлелдеуге тиісті.

Осылай, балалар жаңа сабақты өзара талдап, өздігінен білім алады.


Бағалау.


Үйге тапсырма:

I-топ - Миллиметр туралы бес жолды өлең құрастыр.

II-топ - Сантиметр туралы бес жолды өлең құрастыр.

III-топ - Дециметр туралы бес жолды өлең құрастыр.

IV-топ - Метр туралы бес жолды өлең құрастыр.

V-топ - Километр туралы бес жолды өлең құрастыр.

VI-топ - Ұзындық туралы бес жолды өлең құрастыр.


Бес жолды өлең: 1. 1 зат есім.

2. 2 сын есім.

3. 3 етістік.

4. Төрт сөзді сөйлем

5. Зат есімге қатысты синоним сөз.








Краткое описание документа:

11-сабақ.                          

Cабақтың тақырыбы: Уақыт және ұзындық өлшемі.

Cабақтың мақсаттары:

Білімділік: уақыт және ұзындық өлшем бірліктерін туралы түсінік алады.

Дамытушылық: уақыт және ұзындық өлшем бірліктері туралы білімдерін дамытады.

Тәрбиелік: уақытты үнемдеуге тәрбиеленеді.

Көрнекілігі: слайд суреттер, топтың аты, сұрақ парақтары.

Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау

 

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.                                 

Уақыт және ұзындықпен ретінде, балаларды мына топтарға бөлдім:

Үй тобы:

I-топ    -   Миллиметр.

II-топ   -   Сантиметр.  

III-топ  -   Дециметр.

IV-топ  -   Метр.

V-топ  -    Километр.

VI-топ  -   Ұзындық.

«Топтастыру» стратегиясы

Балалар, I, III,V-топтар: - «Уақыт» дегенде ойға не келеді?

                                            

                                               секунд

                                минут                     сағат

 

 

                      тәулік                                            апта

 

                                  ай                               жыл

                                                 ғасыр

 

 

II, IV, VI-топтар: - «Ұзындық» дегенде ойға не келеді?

Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров521
Номер материала 533890
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх