Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы4-сыныптарға арналған "Дүниетану" сабақ жоспары

4-сыныптарға арналған "Дүниетану" сабақ жоспары

Скачать материал

Педагогтің аты-жөні

Күні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы ғылымның дамуы. Ғалым Қаныш Сәтбаев.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.3.3.1 – Қазақстанның ХХ–ХХІ ғасырлардағы ғылым саласында жеткен жетістіктерін айту;

4.3.4.1 – өмірбаяндық мəліметтерге сүйене отырып, шығармашылық жəне еңбек салаларындағы көрнекті қайраткерлердің елімізге сіңірген еңбектері туралы қорытынды жасау.

Сабақтың барысы.

Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Сиқырлы айналу» жылулық шеңбері. «Мен және аспан»

Педагог балалардың назарын аспанның әдемілігіне аударады.Балалар аспандағы бұлттарды түрлі заттарға ұқсатып айтады;үлпілдік ақша бұлттаға,жауар бұлттай түнерген аспанға,мейірімді жылы күнге,ай мен жұлдыздарға,қарлығашқа,бозторғайға,шымшыққа,бүркітке т.б.айналады.

Жұмыс ережесін келісу

*     Сабақта бір-бірімізді  сыйлаймыз, тыңдаймыз!

*     Уақытты  үнемдейміз!

*     Нақты,дәл  жауап  береміз!

*     Сабақта  өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды  көрсетеміз!

*     Сабаққа  белсене  қатысып, жақсы  бағааламыз!

Алдыңғы білімді еске  түсіру (ұжымда)

Бүгінгі сабағымызда Қазақстанның ХХ–ХХІ ғасырлардағы ғылым саласындағы жетістіктері туралы мəліметтер аласыңдар. Сонымен қатар Қазақстан Ғылым академиясының президенті болған ұлы ғалым Қаныш Сəтбаевтың өмір жолымен танысасыңдар. Сабақтың соңында сабағымыздың қалай өткеніне жəне өзімізге баға береміз. Егер барлығын түсінсең, «өте жақсы», кейбір тұстары түсініксіз болса, «жақсы», ештеңе түсінбесең, «нашар» деген баға қоясыңдар. Барлығыңа сəттілік тілеймін.

Психологиялық ахуалға берілген психогиялық жаттыңуларды орындау арқылы  жаңа сабаққа назар аудару.

 

 

 

Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.

 

Жазылым алдындағы тапсырма - Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:  Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер

        

ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.

 

 

Психологиялық ахуал.

 

Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.

Ортасы

 

ХХ ғасырда елімізде ғылым қарыштап дамыды. 1946 жылы Қазақстанның Ғылым академиясы ашылды. Оның алғашқы президенті болып ғалым Қаныш Сәтбаев сайланды. Ғылымдағы жетістіктер өндіріске енгізілді. Биология, медицина, тарих, археология, тіл,әдебиет, өнер және экономика салаларында ғылыми зерттеулер жүргізілді. ХХІ ғасырда еліміздегі ғылымға үлкен мән берілуде. Ондаған ғылыми институттар жұмыс істейді. Еліміздің шаруашылығы үшін техника үлгілері дайындалуда. Бидай, күріш, арпа тәрізді пайдалы дәнді-дақылдардың жаңа сұрыптары жасалуда. Аталған дәнді дақылдар жоғары өнімділігімен ерекшеленеді әрі жергілікті табиғат жағдайлары-

на да жақсы бейімделген. Жылқы, қой тәрізді үй жануарларының жаңа тұқымдары шығарылуда. Біздің елімізде өсірілетін жаңа тұқымды қойлардың бірі – қазақстандық меринос. Осындай тұқымды әр қойдан 15 кг-нан сапалы жүн қырқуға болады. Жаңа Мұғалжар тұқымына жататын жылқылар аса өнімді. Олардан тәулігіне 16 литрге дейін сүт сауылады. Еліміздің табиғат байлағын зерттеуге ерен еңбек сіңірген ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899–1964). Қ. Сәтбаев – Орталық Қазақстандағы Жезқазған мыс кенінің қорын ашқан геолог-ғалым. Жезқазғандағы кен-металлургия комбинаты мен Қарағанды және Балқаштағы металлургия зауыттары осы ғалымның еңбегінің арқасында салынған. Қаныш Сәтбаевты «тыл генералы» деп атайды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Сәтбаев еліміздегі марганец кенінің қорларын ашты. Соның нәтижесінде танктердің сауытына арналған болат өндірісі артты. Болаттың құрамына марганецті қосу танк зауытының беріктігі мен қаттылығын арттырады. Қ. Сәтбаевтың еңбегі біздің елімізде жоғары бағаланды. Университеттер мен көшелерге оның есімі берілді. Ғарышта «Сәтбаев» ғаламшары өзінің мәңгілік сапарын жалғастыруда. «Сәтбаевит» деген жаңа минерал ғалым есімімен аталады. ЮНЕСКО 1999 жылды ғалымның 100 жылдық мерейтойына орай «Қаныш Имантайұлы Сәтбаев жылы» деп жариялады.

(Ж, Ұ) Мұғалім: Балалар, «ғылым» сөзін қандай сөздермен байланыстыруға болады?

(математика, биология, тарих, география, ғалым, профессор, мұғалім, студент, оқу, кітап, зерттеу, іздену, институт, университет, ғарыш, техника, өрлеу жəне т.б.).

Қазіргі қоғам ғылымсыз өмір сүре ала ма?

(Қазіргі қоғам ғылымның арқасында жеткен игіліктерден бас тарта алмайды. Адамдар қоғамда кездесетін мəселелерді шешу үшін ғылымның жетістіктерін пайдаланады).

(Ұ, Ж) «Мəтінді кідіріс жасап оқу»стратегиясы.

Оқулықтағы мəтінді тізбектей басынан бастап оқу.

Оқушылар мəтіннен үзінді оқиды жəне соған қатысты сұрақтарға жауап береді. Осылайша мəтінді үзінділерге бөліп оқиды.

Дескрипторы:

көрнекі тұлғалардың елімізге сіңірген еңбегі  туралы  

әңгімелеп береді;

 

Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.

 

Белсенді оқу тапсырмалары

 

 

 

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

 

 

 

 

 

Форматив

ті бағалау.

 

 

 

 

ҚБ: Бас бармақ  арқылы бір-бірін бағалау.

 

 

 

 

 

Оқылым, жазылым тапсырмалары.

Соңы

(Ж, Ұ) Мұғалім: Балалар, геолог деген мамандықты естулерің бар ма?

Геологтар – жер қойнауын зерттейтін мамандар. Олар жерастынан көмір, мұнай, алтын, темір, мыс кенін, құрылыс тасын, тұз жəне суды іздейді. Геологтардың жұмысы оңай емес. Олар шатырларда тұрып, тамақтарын даладағы отқа пісіреді, жүздеген километрді жаяу жүреді, арқасындағы ауыр сөмкесімен тауларға өрмелейді. Сөмкенің ішінде арнайы балғалар болады. Балғалардың көмегімен тау жыныстарының кесегін ұрғылап алады. Геолог болу үшін күшті жəне қажырлы болу керек. Картаға жəне тұсбағдарға қарап отырып, жолды таба білу керек. Бүгін біз ғылым саласында көптеген жетістіктерге жеткен, өз Отанына аянбай қызмет еткен тұлғамен танысамыз. Ол кісіні «тыл генералы» деп атаған. Ол геология маманы болса да, тарих, əдебиетке қызыққан, мектепке арналған оқулықтар жазған. Ол ұлы тұлға – Қаныш Сəтбаев.

Мұғалім сыныпты төрт топқа бөледі.

(Т) Топтарға тапсырма беру.

«Мəтіннің негізгі ойын анықтау» стратегиясы.

Оқушылар оқулықтағы мəтінді оқып, əр азат жолдың негізгі тақырыбын анықтайды, мұғалім оларды қысқаша жоспар түрінде тақтаға жазып отырады.

Топтар тапсырмаларды көрсетеді:

Мұғалім: Мəтіннен мынадай негізгі тақырыптар шыққанын көріп отырмыз:

1)      Қ. Сəтбаев – Жезқазғандағы мыс кен орнын ашқан геолог.

2)      Қ. Сəтбаев – «тыл генералы».

3)      Қаныш Сəтбаев геологиямен айналыса жүріп, ғылымның басқа салаларына да қызығушылық танытқан.

4)      Елімізде Қаныш Сəтбаев есіміне қандай құрмет көрсетілген?

Электронды қосымшадан «Қазақстанда ғылымның дамуы. Қаныш Сəтбаев» таныстырылымын қарау.

Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

Картинки по запросу светофор для детей 

 

 

 

 


Топтық тапсырмалар.

Кері байланыс

 

«Бағдаршам» кері байланыс.

Картинки по запросу рефлексия сабақта 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Картинки по запросу рефлексия сабақта

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, суретін жібереді.

«Бағдар

шам»

Кері байланыс тақтай

шасы.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 275 995 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.02.2021 999
    • DOCX 594.2 кбайт
    • 34 скачивания
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каденова Ардак Надырхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каденова Ардак Надырхановна
    Каденова Ардак Надырхановна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1330507
    • Всего материалов: 4390

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой