Инфоурок Директору, завучу Конспекты5-сынып оқушыларының орты мектепке бейімделуі (педконсилиум)

5-сынып оқушыларының орты мектепке бейімделуі (педконсилиум)

Скачать материал

 

 

 

Әдістемелік кеңеске 5-сыныбына сыныптық-қорытынды бақылау нәтижесі.

 

Педагогикалық консилиумның негізгі мақсаттары:

  • Оқушылардың бастауыш сыныптан негізгі мектепке өту кезеңіндегі бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында оқушылар ұжымында педагогикалық жағдай туғызу;
  • Негізгі жағдаяттарды талқылау;
  • Туындаған жағдаяттарды шешудегі әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтау;
  • Педагогикалық ұжым мен оқушылар ұжымының бірлескен негізгі жұмыс бағдарын  анықтау;
  • Оқушылардың бастауыш сыныптан негізгі мектепке өту кезеңіндегі мұғалімдердің тәжірибе алмасуы.

Оқушылар өміріндегі ең күрделі кезеңдердің бірі- бастауыш сыныптан негізгі мектепке өту кезеңі. Біріншіден бастауыш сыныпта бірнеше жыл бойы бір мұғалімнен ғана білім алып, қалыптасып қалған оқушыларға бұл кезеңге психологиялық жағынан өту қиындық туғызса, екінші жағынан оқу бағдарламасына жаңа пәндердің енгізілуі және әр пәннің жеке бөлмелерде өтілуі де оқушыларға зор әсер етеді. Оқушылар жеке бас ерекшелігі мен даму психологиясына, қабілетіне орай бейімделу процесі әр түрлі жағдайда өтеді, сондықтан педагогикалық ұжым алдында 5-сыныптың орта буынға көшкен кездегі қиындықтарды бірге шешіп, оқушылардың табысты бейімделуін қамтамасыз ету міндеті тұр.

Оқушылардың білім сапасын, сынып ұжымының қалыптасу деңгейін, білім алудың екінші сатысындағы балалардың бейімделу деңгейін бақылау мақсатымен жоспарға сәйкес 10 қыркүйек пен 15 қазан аралығында 5 «А»сыныбында сыныптық-қорытынды бақылау жүргізілді.

Бақылау барысында келесідегідей жұмыстар атқарылды:

1.       5 «А»сыныбындағы барлық пәндер бойынша сабақтарға қатыстылып, талдау жасалды.

2.       Оқу жылының басындағы кіріс бақылау жұмыстарының нәтижелері талданды.

3.       Қазақ тілі, орыс тілі, математика пәндерінен дәптерлері тексерілді.

4.       Оқушылардың күнделіктері тексеруге алынды.

5.       5«А»сыныбындағы пәндер бойынша білімділік деңгейлеріне диагностика жасалды.

Мектеп психологы тарапынан төмендегідей жұмыстар жүзеге асырылды:

  1. оқушылардың мотивация деңгейін зерттеу;
  2. оқушылардың ойлау процестерінің даму деңгейін зерттеу;
  3. оқушылардың еске сақтау деңгейін зерттеу.

Сынып жетекшісі сыныптағы әлеуметтік-психологиялық ортаға талдау жасады.

5 «А»сынып оқушыларының жалпы даярлықтарын және негізгі мектепке оқуларын анықтау мақсатында қазақ тілі, математика, орыс тілі пәндерінен «кіріс» тексеру жұмыстары ұйымдастырылды.

Орыс тілі  пәнінен 8.09.09. күні кіріс бақылауы алынды.Өткен оқу жылында орыс тілі пәнінен білім сапасы 43%, ООД 39% көрсеткен болатын.

Кіріс бақылауының нәтижесі:

  • Білім сапасы-25 %
  • ООД -38%
  • Ортақ баға – 3
  • Үлгерім -80%

24 оқушының 22-сі түбірдегі екпін түспейтін дауытылардың жазылуынан қате жіберген. Сондай-ақ, әріп тастап жазу, жіңішкелік белгісімен жазылатын сөздерден, ұқсас ж/ш, ча-ща буындарынан қателер жіберген. Мұғалім Ахметова Ш.Қ. білім сапасын жоғарлату мақсатында меңгерілмеген тақырыптарға орай қосымша жұмыстар жүргізуді жалғастыру қажет.

Математикадан 14.09.09. күні кіріс бақылау жұмысы алынды. 4-сыныпта білім сапасы 50% , ООД -46% болған. Ал, кіріс бақылауының нәтижесі:

  • Білім сапасы-35 %
  • ООД -44%
  • Ортақ баға – 3,2
  • Үлгерім -77%

Оқушылар есептеуден, теңдеу шешуден, мәселе есептерді шешуден қателер жіберген.

Прогресс көрсеткен: Қамберов 2-3

Регресс керсеткендер: Рамазанова 5-4, Қабылжапарова 4-3, Исамутдинова 4-3, Баженова 4-3, Имаш 5-4.

Сондықтан мұғалім Турсиянова Н.А. алдағы уақытта оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды шешу мақсатында дұрыс меңгерілмеген тақырыптарға қосымша жұмыстар жүргізуді жалғастыру қажет.

Қазақ тілі пәнінен оқушылар былтырғы оқу жылын 65пайыз білім сапасымен ООД 53 пайыз көрсеткішпен аяқтаған. 19.09. 09.күнгі кіріс бақылауында бұл көрсеткіш

·         60 % білім сапасымен

·         ООД-57%

·         Ортақ баға -3,6

·         Үлгерім-82 % көрсеткіш көрсетті.

Жіберілген қателер: тыныс белгілерінен, әріп қалдыру, шылаулар емлесінен және ұқсас н/ң, қ/ғ, қ/к әріптерді ажыратпау, дифтонг дауыстыларды жазуда.

Прогресс көрсеткен:Еңсебаева 3-4

Регресс көрсеткендер:Абусағитов Д. 3-2, Ерболова Д. 3-2, Сейітқайыров Е. 3-2, Марксов Р. 4-2, Жеңісов 5-4, Нұрмұқанбетова 5-4.

Мұғалім Илюбаева А.А. оқушылардың қателерін ескере отырып, орфографиялық дағдыларын жетілдіруде арнайы жаттығулар ұйымдастыруды жалғастыру керек.

 5 «А» сынып оқушыларының оқу техникасы тексерілді.

Мемлекеттік стандарт бойынша 5-сынып оқушылары дауыстап оқығандағы сөз саны оқу жылында 100-120 сөз. Тексеру нәтижесінде оқу жылы басында оқу техникасының нормасын 3 оқушы. Олар:Базарбекова Н., Исамутдинова К., Жәнібеков Е. Нормадан жоғары оқығандар саны-3. Имаш Г., Рамазанова А., Әжікенов Ш. Өте нашар көрсеткіш деңгейін көрсеткендер Абусағитов Д.-36сөз, Жомартқанов Т.-38 сөз, Сейітқайыров Е.-51 сөз. Оқушылардың сауатты оқулары бойынша білім сапасы 72%, мәнерлеп оқуы бойынша 77%, түсініп оқуы бойынша 86% көрсеткіш болды. Сондықтан, оқушылардың оқу деңгейлерін көтеру мақсатында барлық пән мұғалімдері мәтіндермен жұмыс істеу, мәтінге өзіндік талдау жасату, оқылғандағы негізгі ойды тапқызып мазмұндату жұмыстарын жүргізу керек.

5 «А» сыныбындағы бақылау барысында 18 сабаққа қатысылды.

Қатысылған сабақтарда оқушылардың негізгі мектепке бейімделуін зерттеу, сабақ кезінде оқушылардың жеке бас ерекшелігі мен жас ерекшелегінің ескерілуі, сабақ мазмұнын ашуда мұғалімдердің әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап ала білуі, сабақта физиологиялық, гигиеналық талаптардың орындалуын байқау мақсаттары қойылды. Сыныпта барлығы 24оқушы бар.

   Қатысылған  қазақ тілі пәнінің «Сөздің тура және ауыспалы мағынасы» атты сабақта мұғалім Илюбаева А.А. бастауыш мектептің білім беру процесіндегі ұйымдастырудың негізгі тәсілдері мен түрлерін сақтап, дамыта білді. Оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлініп, жұмыстар арасында арнайы демалыс жаттығуы жасалды. Сынып бөлмесінде санитарлық норма сақталды. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес көрнекілік әдістері қолданылды. Мұғалім Илюбаева А.А. оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға арналған  жұмыстар жүргізіп, сабақта олардың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс түрлерін ұйымдастырды. О Сондай-ақ, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға назар аударып, олардың өзіндік тапсырмаларды орындауда таңдау жасай білуге баулыды. Дегенмен бұл сабақта  мақсат қойылмады. «Синонимдер қатары»  тақырыбындағы сабақта мұғалім сабақ мақсатын қоя отырып, оқушылар мотивациясын туғызды. Сабақ барысында оқушыларды жұмыстарға өздері бағалау жасауға, қойылған бағаларға оқушылардың комментарий жасауына жағдай туғызды. Жас ерекшеліктеріне сәйкес ойын элементтері қолданылып, сабаққа оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын туғыза білді. Білімді өз бетімен игерутуге бағыттап, ережелер шығартты. Дегенмен, мұғалім келешекте сабақ тығыздығын арттыруға, сабақта қолданылған көрнекіліктің эстетикалық мәдениетіне көңіл аудару керек.

   Қазақ әдебиетінен «Керкұла атты Кендебай» сабағында оқушылар үй тапсырмасына берілген сахналанған көрініс даярлықтары арқылы олардың шығармашылығын, әдеби тілдік мәдениетінің  дамуына жағдай туғызды. Сабақта проблемалық жағдаяттар шешкізе отырып, олардың байқағыштық, еске сақтау қабілеттерін жетілдіруіне назар аударды. Сабақта пәнаралық байланыстар жүзеге асырылып, оларды өз ойларын дәлелдей білуге баулыды және мәтінмен жұмыс барысында мәнерлеп, сауатты оқуға көңіл бөлінді. «Өтірік өлең» тақырыбында мұғалім оқушылардың жалпы оқу дағдыларына көңіл бөліп, жас ерекшеліктеріне сай алфавиттік жұмбақтармен оқушылардың пәнге қызығушылығын туғызды. «не болды? Не болады?» кестесі арқылы өзіндік ой мен қиялды дамытуға жағдай жасады. Сабақта гигиеналық талаптар орындалды. Жұптық жұмыстар, жеке жұмыстар арқылы деңгейлеп оқытуды жүзеге асырды. Дегенмен, мұғалім ауыз әдебиетін оқытуда 5-сыныптардың жас ерекшелігіне сәйкес сөздік жұмыстарын жүргізе керектігін ескеріп, тақырыпқа жан-жақты мәтіндік талдау жасауды ұйымдастыру қажет.

    Математика сабағын Турсиянова Н.А. жүргізеді. «Өрнектер, формулалар» тақырыбындағы қайталау сабағында мұғалім сабақ кезеңдерінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдану арқылы оқу мазмұнының нәтижелі меңгерілуіне жағдай туғызды. Көрнекі құралдарды жас ерекшеліктеріне сай тиімді пайдалана отырып, пәнге оқушылардың қызығушылығы мен білімді саналы меңгеруіне жетеледі. Қатараралық сайыстар және қатармен оқыту, жеке оқыту, топтық және жұптық жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар ұтымды ұйымдастырып, 5-сыныптықтардың белсенділігін арттырды. Әр жұмыс соңында қорытындысы шығарылып, ескертулер мен табыстар айтылып отырылуы арқылы оқушылардың өзіндік бағалау жұмыстарын жасай білуге баулыды. Мұғалім оқушылардың ауызша есептеу, тез есептеу  дағдыларына баса назар аударды. «2-ге, 5-ке,10-ға бөлінгіштік белгілері» тақырыбындағы сабақта сабақтың гигиеналық талаптардың орындалуына назар аударылды. Мұғалім сабақта оқушыларды дәлелдей білуге жетелеу арқылы жаңа ұғымды өзіндік игеруге баулыды. Пәндік тілде сөйлеуге назар аудырылып, әр формулаға ойдан мысал келтірткізді. Сөйтіп, оқушылардың қорытынды шығара білу дағдыларының қалыптасуына назар аударды. Сабақтың өмірмен тығыз байланысын жүргізді. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес жақсы энергияны бойға сіңіру туралы айтып, олардың келесі сабаққа психологиялық даярлықтарын жасады.

     Орыс тілі пәнінен «Звуки и буквы» тақырыбындағы сабақта мұғалім Ахметова Ш.Қ. сабақ мазмұнын меңгертуде түрлі көрнекіліктер мен тірек жазбаларын кеңінен қолданып, оқушылардың жас ерекшелігін ескерді. Сабақта тақырыптың нәтижелі меңгерілуіне оқылған орай өлеңді әнімен айтқыза отырып, олардың  психологиясына әсер етіп, жағымды эмоция туғызды. Орыс тілінде сөздердің мазмұнын ашуға арналған түрлі салыстыру тәсілдері қолданылды. Оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, жаңа материалдың өзіндік меңгерілуіне жетеледі. Теорияны практикамен байланыстыруға назар аударды. Сабақта сергіту сәті жүргізіліп, гигиеналық талаптар орындалды. Алдағы уақытта мұғалім сабақ уақытын үнемді пайдалану керек.

   Бейнелеу өнері сабағында «Затқа қарап сурет салу» тақырыбында мұғалім Құрманғалиева Ә.Б. интерактивті тақта арқылы сызбалар мен көрнекіліктерді ұтымды қолданды. Топтастыру жұмысы жүргізіліп, оқушыларды өткен сабақтарда алынған білімдерді жинақтауға жетеледі. Қосымша материалдар жинастырып келген оқушылардың жұмыстары арқылы сабақтың өмірмен байланысын жүзеге асырды. Сөздік-терминдермен жұмыстар жасай отырып, сабақ мазмұнының ғылымилығына баса назар аударды. Сабақта бейнелеу өнеріне оқушылар мотивациясын туғызды. «Қазақтың сәндік бұйымдары және аяққап салу» тақырыбындағы  сабақты мұғалім мектептегі «Атамұра» мұражайына саяхатқа бару арқылы бастады. Мұражаймен оқушыларды таныстыра отырып, оқушыларды қазақ халқының сәндік бұйымдарымен, ою-өрнек түрлерімен таныстырды. Практикалық бөлімінде оқушылар көргендерін қызығушылықпен орындап,өз бетімен жұмыстарды белсенділікпен жасады. Математика пәнімен байланыс жасалды. Дегенмен, мұғалім пәннің өзіндік жүргізілу ерекшелігіне, яғни  суретті салудағы дидактикалық жүйенің дұрыс ұйымдастырылуына  назар аудару керек.

  Жаратылыстану  пәнінде «Ғарышты зерттеу» тақырыбында мұғалім Бисатова Ғ.Ш. сабақ мақсатын нақты қоя отырып, сабақтың әр кезеңінде олардың орындалуын оқушыларға жариялап отырды. Сабақта жалпы және арнайы оқу дағдыларының орындалуына назар аударды. Деңгейлеп оқыту арқылы әр оқушының қабілеттері ескерілді. Оқушылардың сабақ барысында ізденуіне жетелеу сұрақтарын ұйымдастырды. Сабақтың өмірмен байланысы жүзеге асырылып, оқушылар оқулықтағы негізгі ойды іріктей мысылдар келтірді. Қазіргі заман жаңалықтарымен таныстырылып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге жағдай туғызды. Үй тапсырмасын олардың іздену, зерттеу  жұмыстарына бағыттай беру арқылы олардың шығармашылық қабылеттерінің дамуына жағдай жасады.

  Қазақстан тарихы сабағында жаңа педагогикалық технологиялардың тиімді әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылды. Сабақтың Қазақстан әнұранымен басталуы, суреттер арқылы туған жер табиғатын мақтанышпен бейнелеп айтқызу арқылы мұғалім Мейменбаева Ә.Ж.оқушылар бойында азаматтық патриотизмнің дамытуына жетеледі. Сабақта жеке бас қабілеттері ескеріліп, деңгейлік жұмыстар ұйымдастырылды. Аймақтық компонент сабақтың әр кезеңінде жүргізіліп отырылды. Сабақта сәйкестендіру тестілері, аяқталмаған терминдер, аудармашы ойыны, тірек сигналдармен сөйлеу тәрізді жұмыстар сабақтың тығыздығын арттырып, сабақ мазмұнының толық меңгерілуіне жағдай жасады. Сабақ барысында гигиеналық және физиологиялық талаптар орындалды. Термин сөздігін жүргізе отырып, оқушылар алдына проблемелық жағдаяттар туғызды, ойлануға жетеледі.

  Технология пәнінің «Қол тігістерін қолдану» тақырыбындағы қыз балалармен сабақта мұғалім Жадринова З.Ж. сабақта оқушылардың жас ерекшелігін ескере, жұмбақтар шешкізу арқылы сабаққа  қызығушылықтарын туғызды. Сән үйіндегі мамандықтармен таныстырып, кәсіпке баулыды. Топтық шағын-жоба жасап, оқушылардың шығармашылық, іздену қабілеттерін дамытты. Сабақта өзара бағалату, жұмыстарға комментерий жасай білуге баулыды. СТО технологиясының «ББҮ» стратегиясын қолданып, оқушылардың өзіндік ойлауын, айтылған ойды дәлелдей білуге жетеледі. Сабақта математика, география, биология пәндерімен байланыс жасалып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге жағдай жасалды.Сабақтың ғылымилық қағидасы орындалып, тығыздығы жоғары болды. «Темір металды түзету мен майыстыру» тақырыбындағы ұл балалармен сабақта мұғалім Кубентаев Рахат Арғынбекұлы оқушылардың теориядан алған білімдерінің практикада қолдана білуіне жетеледі. Сабақта қауіпсіздік ережелернің сақталуы қайталанып, станоктормен жұмыс жасауда ерекше назарда болды. Оқушылар темірді балғамен түзету, формаға келтіріп қайшымен қию, станокпен майыстыру,  егеумен тегістеу, станокпен егеу жұмыстарын қызығушылықпен істеді. Дегенмен мұғалім келешекте сабақтың теориялық жағын өткізудегі әдіс-тәсілдердің тиімді түрлерін таңдап қолдану қажет.

   Ән-музыка пәнінің  «Ұлттық музыкалық аспаптар» тақырыбындағы сабақ «НЕ? Қайда? Қашан?»  атты танымдық ойын арқылы жүргізілді. Топтық жұмыспен өткізілген сабақтағы қолданылған әдіс-тәсілдер оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болды. Әсіресе, сабақта қолданылған «Жанды сұрақтар» бөлімі өте сәтті ұйымдастырылды. Сабақта оқушылардың эстетикалық мәдениетін дамытуға бағытталған әуендерге талдау жасату, музыка аспаптарының қоданылуы, күрделі оркестрдегі музыкалық аспаптардың дауыстарын ажырата білу жұмыстары жүргізілді. Музыкалық аспаптардың құрылысы  жайлы білімдері есепке алынып, жасалу жолдары қайталанды. Оқушылардың өздерінің әндері тыңдату арқылы жеке бас қабілеттері ескерілді. Дегенмен, мұғалім оқушылардың орындаушылық қабілеттеріне назар аудару қажет.

  Сыныптың қорытынды бақылау кезеңінде қазақ тілі, математика, орыс тілі пәндерінің дәптерлері тексеруге алынды.

Тексеру мақсаты:

  • Сыныптың бірыңғай орфографиялық тәртіпті сақтауы;
  • Пән мұғалімдерінің оқушылардың жұмысын жүйелі тексеруін қадағалау;

5 «А»сынып оқушыларының дәптерлерін тексеру қорытындысы:

   Оқушы дәптері негізгі мектеп құралдарының бірі. Бастауыш сыныптан негізгі орта буынға өткенде дәптерге қойылаиын бірыңғай талаптар жалғастырылуы керек. Оқушы дәптерге сынып жұмыстары мен үй жұмыстарын, шығармашылық жұмыстарын, сызбалар мен кестелерді түсіре отырып еске сақтау қабілеттері мен орфографиялық сауаттылықтары жетілдіріледі. Осы мақсатпен  сынып оқушыларының дәптерлері тексерілді.

15 қазанда қазақ тілі пәнінен 22 оқушының дәптерлері тексеруге алынды. Тексеру нәтижесінде төмендегідей жағдайлар анықталды. Таза, ұқыпты ұсталған дәптерлер: Еңсебаева Камила, Нұрахметова Динара, Едигенова Самал, Рамазанова Алида, Базарбекова Назерке, Әжікенов Шыңғыс, алайда бұл оқушының дәптерінің беті толық емес. Дәптердің сыртқы бетін қате толтырылған оқушылар: Жаныбеков Ерасыл, Жеңісов Ерасыл, Қауенова Аида, Қадылманапов Елдар. Жомартқанова Мөлдірдің дәптері қапталмаған. Исамутдинова Камиланың дәптерінің сыртқы беті жыртылған. Жеңісов Ерасыл қойылған бағаны шимайлап тастаған. Сондай-ақ, кейбір дәптерлер жүйелі тексерілмеген. Жанысбеков Е. 10.09. Қамбаров Е.30.09.тексерілмегені анықталды. Мұғалімнің каллиграфиялық үлгі жазуы өте сирек кездеседі. Жекеленген оқушыларда ғана ескертпелер жазылған. Пән мұғалімі Илюбаева А.А.. оқушы дәптеріне қойылатын бірыңғай талапты жүйелі жүргізу керек. Осы күні орыс тілі пәнінен 17 оқушының дәптерлері тексерілді. Қамбаров Е, Исамутдинова К, Базарбекова Н, Жомартқанова М , Едигенова С, Қадылманапов Е, Нұрахметова Д, Қамбаров Е. дәптерлері таза, ұқыпты. Енсебаева Камиланың дәптерінің мұқабасы қате толтырылған. Орыс тілі пәнінен 6 оқушының орфографиялық сауаттылықтары өте төмен . Жомартханов Т, Арыстанқұлова, Абусағитова Д., Ерғазина Д.,Марксов Р.

Пән мұғалімі дәптерлерді жүйелі тексеріп отырған, дегенмен әріптердің жазу үлгілері көрсетілмеген.

Орыс тілі пәндерінің дәптерлерінде бір оқушыда ескерту жазылғанмен оқушының мотивациясын көтеруге арналған жазбалар мүлдем жоқ.

  20 қазан күні математика пәнінен 20 оқушының дәптерлері тексеруге алынды. Барлық дәптерлердің сырты қапталған. Мұғалім жүйелі түрде дәптерді тексеріп, ұқыптылығына көңіл аударып отыратындығы байқалды. Ескертулер мен оқушыны ынталандыратын жазбалар жазылған. Оқушылардың дәптерлерінің сыртқы мұқабалары қатесіз, ұқыпты толтырылған.

  Жоғарыда айтылған пәндердің бірде-бірінде оқушының өзара тексеру жүргізуі, өзін-өзі бағалауы, бірін-бірі тексеріп, қарындашпен бағалар қоюы кездестірілмеді. Қазақ тілі мен орыс тілі пәндерінің дәптерлерінде сауаттылығы мен ұқыптылығына, тапсырмаларды орындауына арналған арнайы бағалар жоқ. Оқушылардың  әр түрлі шығармашылық жұмыстарды орындаулары өте сирек.

5 «А» сыныбының күнделік тексеру қорытындысы.

   Оқушы күнделігі оқушының бірден-бір негізгі құжаты болып табылады. Мектеп пен ата-ананың, сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің, олардың оқушының ата-аналарымен байланыс құралы ретінде күнделіктің маңызы зор. Баланың күнделікті оқу үлгерімі, өсу динамикасы, сабаққа ынтасы, мұғаліммен қарым-қатынасы, тәртібі, қоғамдық істердегі жетістігі, мұғалімдердің мадақтаулары мен алғыстары, ескертпелері күнделіктен көрініс тауып отырады.

5-сыныпта бейімділікті байқаудың құралы ретінде қазан айының 17-сінде күнделіктері тексеруге алынды. Тексеруге 22 оқушы күнделіктерін берді. Барлық күнделіктердің ұсталуы, үй тапсырмасының жазылуы, сынып жетекшісінің тексеруі, пән мұғалімдерінің баға қоюы, ата-аналардың күнделік арқылы мектеппен қарым-қатынасы, мұғалімдердің ескертпелері, күнделіктің ұқыптылығы есепке алынды. Тексеру барысында төмендегідей жағдайлар анықталды.

   Барлық күнделіктер сынып жетекшісінің тексерілуінде болған. Сынып жетекшісі Бисатова Ғ.Ш. күнделіктердің дұрыс толтырылуын қадағалап отырған. Күнделіктерін ұқыпты ұстаған оқушылар:Едигенова Самал, Рамазанова Алида, Жеңісов Ерасыл, Имаш Гүлсім, Баженова Сәуле. Дегенмен, сынып оқушыларының  күнделіктердің ұсталуынан төмендегідей кемшіліктер кеткен.

   Арыстанқұлова Әсел мұғалімнің аты-жөнін кіші әріппен жазған, баға түзетілген, баға қоры аз;

    Ерболова Диананың күнделігінде тапсырмалар толық жазылмаған, баға қоры аз;

  Сейілқайыров Елжан күнделікті ұқыпсыз ұстаған, мұғалімдердің аты-жөні қате және кіші әріппен жазылған, үй тапсырмалары толық жазылмаған;

   Жанибеков Ерасыл, Самат Әли, Қамбаров Рүстем, Жомартқанов Темірландарда пән мұғалімдерінің аты-жөні қате жазылған, тапсырмалар толық емес;

   Қамбаров Елнар сабақ кестесі жазылмаған, баға аз, 21.09.бастап ата-анасының қолы қойылмаған.

 Марксов Руфатта 5.10.бастап ата-анасы тексермеген, күнделік ұқыпсыз ұсталған, тапсырмалар толық жазылмаған.

   Күнделіктерге ағылшын пәні мұғалімі Сайлыбаева А.С. оқушылардың жақсы үлгеріміне орай мадақтау сөздерін жазып отырады. Басқа пән мұғалімдерінен және сынып жетекшісінен  мұндай жазбалар байқалмады. Тек ескерту белгілері қойылған. Күнделікке оқушылардың қоғамдық жұмыстарға қатынасы, табыстары жазылып отырылуын ескеру керек.

Ұсыныс:

   Сынып жетекшісі Бисатоова Ғ.Ш. оқушылардың табысты бейімдеу кезеңін ұйымдастыру үшін сынып ұжымын қалыптастыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру қажет.

   Мектеп психилогы Саденова А.Е. 5-сыныптың бейімделуін психологиялық зерттеу жұмыстарын жалғастыру қажет.

  Пән мұғалімдері Илюбаева А.А., Құрманғалиева Ә.Б. оқушылардың пәндік арнайы білім дағдыларын жетілдіруге бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді кең көлемде қолдануды жалғастыру керек.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "5-сынып оқушыларының орты мектепке бейімделуі (педконсилиум)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по коллекторской деятельности

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жұмыста мектепте 5-сынып оқушыларын орта буынға бейімделуді зерттеу жұмыстары берілген. Сабақтарға талдау жасау, зерттеу жұмыстарыныңқорытындысы келесі мақсаттар негізінде берілген:

  • Оқушылардың бастауыш сыныптан негізгі мектепке өту кезеңіндегі бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында оқушылар ұжымында педагогикалық жағдай туғызу;
  • Негізгі жағдаяттарды талқылау;
  • Туындаған жағдаяттарды шешудегі әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтау;
  • Педагогикалық ұжым мен оқушылар ұжымының бірлескен негізгі жұмыс бағдарын  анықтау;
  • Оқушылардың бастауыш сыныптан негізгі мектепке өту кезеңіндегі мұғалімдердің тәжірибе алмасуы.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 631 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.04.2015 46088
    • DOCX 79 кбайт
    • 1007 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Саньязова Бекзат Кабдуалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Саньязова Бекзат Кабдуалиевна
    Саньязова Бекзат Кабдуалиевна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 453151
    • Всего материалов: 51

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности диспетчерской деятельности в автомобильном и городском наземном электрическом транспорте

36 ч.

1580 руб. 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Управление организацией

Руководитель организации

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 191 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 205 человек

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 20 регионов

Мини-курс

Состав и анализ финансовой отчетности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе