Инфоурок / Иностранные языки / Рабочие программы / 5-сыныпқа арналған диктанттар жинағы.

5-сыныпқа арналған диктанттар жинағы.

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов


Түсіндірме диктант.Ол мұғалімнің айтуымен жазылып, соңынан түсіндіріледі.Диктанттың бұл түріне тақтаны да пайдалануға болады.Тақтаға шыққан оқушы жазып болғаннан кейін, мұғалім тапсырманың орындалуын бүкіл сыныпты қатыстыра отырып тексереді.

Терме диктант.Оқушыларға белгілі бір мәтін ұсынылып, соның ішінен я фонетикалық, я лексикалық немесе грамматикалық тапсырмаларға сай сөздерді теріп жазуға тапсырма беріледі.

Өздік диктант. Оны оқушылар мұғалімнің айтуымен емес,жатқа жазады.Оның бірнеше жолы бар.Олар:

а) Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім диктант мәтінін тақтаға жазып, жеке сөздердің жазылуын, грамматикалық ережесін түсіндіреді. Мәтін бірнеше рет оқылады.Содан кейін тақтадағы мәтін жауып қойылады да, оқушылар оны жатқа жазады.Жазып болған соң, олардың жазғандары тақтадағы мәтінмен салыстырылады.

ә) Мұғалім мәтінді кітаптан көрсетіп береді. Оны оқушылар 5- 10 рет оқып шыққан соң, кітапты жауып қойып, жатқа жазады.Содан соң кітаппен салыстырылады.

б) Оқушыларға жатқа жаздыру.

Шығармашылық диктантта оқушылар тақтаға жазылған жеке сөздер мен сөйлемдерді қатыстырып, сөйлем немесе шағын мәтін құрайды.Тақырып қойып, ойларын өз сөздерімен жазу талап етіледі.

Еркін диктантта оқушылар өздері оқыған мәтіндерінің мазмұнын өз сөздерімен айтып жеткізеді немесе мұғалім мәтінді алдымен оқып шығады да, мазмұнын оқушыларға айтқызады.Содан кейін оқушылар оны өздігінен жазуға кіріседі.Мұнда мәтін сөздерін толық сақтау міндет емес.

Сөздік диктантта жеке сөздердің мағынасын терең түсіну мен олардың дұрыс жазылуын меңгеруі көзделеді.Онда оқушыларға орфографиялық немесе фонетикалық жағынан ауырлық келтіріп жүрген сөздерге ерекше назар аударылады.

Диктанттың ендігі бір түрі бақылау диктанты. Бақылау диктантында мәтіннің құрылымы мен құрамы толық сақталып орындалады. Бақылау диктантын арнайы сабақ ретінде жүргізуге болады.Онда оқушы оқу бағдарламасының ағымы бойынша тиісті мақсатқа сай бүкіл сабақ бойы диктант жазып, өзінің дайындық деңгейін көрсетеді.Оның көлемі: 5 сынып- 50-60 сөз, 6 сынып- 60-70 сөз, 7 сынып 70-80 сөз.

Қатеден сақтандыру диктанты оқушылардың жіберген қателері бойынша жүргізіледі.Мұндай диктантты түсіндірме диктанты түрінде жүргізсе тиімдірек.






І модуль. «Менің мектебім. Лексика»


Сөздік диктант

Мұғалім, жіңішке, өшіргіш, сүрту, қабат, үйірме, қарындаш, тәртіпті, суару, дәріс, орналасқан (11 сөз)


Терме диктант

Сынып

Сыныптың қабырғасы ақ, төбесі биік, едені сары. Сыныпта үш терезе бар. Оладың әйнегі үлкен. Қабырғада әдемі сурет ілінген. Сыныпта парталар үш қатар қойылған. Парталардың үстінде дәптерлер, қаламдар, оқулықтар, қағаздар, күнделіктер жатыр. Сыныпта үстел, тақта, орындық, бор, шүберек бар. Орындық үстелдің жанында тұр. Тақтаның түсі қоңыр. Есіктің түсі ақ. парталардың түсі көк. Біздің сынып таза, жарық. (55 сөз)

Тапсырма. Мәтіннен омоним болатын сөздерді теріп жазып, омонимдік мағынасын түсіндіріңдер. Мысал келтіріңдер.


Бақылау диктанты

Мектеп

Қыркүйек айы жақындап қалды. Мектептегі жөндеу жұмыстары аяқталып, оқушыларды таза сыныптар, сырланған есіктер, терезе, парта, тақталар күтіп тұрғандай. Жаз бойы дем алып тыныққан оқушылар көтеріңкі көңілмен мектептеріне сағынышпен оралады. Біздің мектеп өте әдемі, биік. Мектепте компьютер сыныптары бар. Мектепте өте білімді мұғалімдер сабақ береді. Мектептің үлкен спорт залы бар. Ол еш уақытта бос болмайды. (54 сөз)

Тапсырма. Жұмыс, әдемі, оқушы, мұғалім, сабақ, сырланған сөздерінің синонимдерін жазыңдар.


Шығармашылық диктант

Оқу құралдары

Кітап, қалам, дәптер, өшіргіш, қарындаш, сызғыш, сөмке, күнделік, ұштағыш, қайшы. (10 сөз)


ІІ модуль. «Танысу. Фонетика. Дыбыстар»


Сөздік диктант

Тұрамын, аты-жөнім, сіңлім, түскі, тамақ, әдепті, өзім, шұғылданамын, сәлеметсіз бе, қуаныштымын. (10 сөз)


Еркін диктант

Сәлемдесу

Сәлемдесу – әдептіліктің белгісі. Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір-біріне аман – саулық тілеп, ниеттестігін білдіруі. Әрбір адам «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш!» деген сөздерді сәлемдесуге қосып, тәуліктің үш мерзімінде де бір-бірімен ақ жарқын сәлемдесуге тиіс.Қазақ салтында адам амандасқанда, оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын иеді, немесе, қол алысып амандасады. (48 сөз)


Түсіндірме диктант

Түскі тамақ

Таңертең бала ешбір жұмыссыз үйде отырады. Түскі асты ішетін уақытта шешесі ет пен сорпа қояды. Баласы сорпаны ішіп: «Таңертеңгі сорпадан мына сорпа дәмдірек екен», - дейді.

Сонда шешесі: «Бұл таңертеңгі сорпаның қалғаны еді, саған бұл сорпаның дәмді болғаны – сен түске дейін жұмыс істеп, шаршадың. Таңертең ешбір жұмыссыз үйде отырған соң, ас саған дәмсіз көрінді», - деді. (54 сөз)


ІІІ модуль. «Қазақ тілі сабағында. Буын. Екпін. Тасымал»

Сөздік диктант

Үйренеміз, заң, арың, мемлекеттік, сөйлейміз, құрметтеу, буын, тұйық, ән айтамыз, мақал – мәтелдер. (10 сөз)


Өздік диктант

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлі (І тарау, 4-бап)
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi.
Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;
қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi. (91 сөз)

Бақылау диктанты

Қазақ тілі сабағында

Біз бесінші сыныпта оқимыз. Бізде қазақ тілі сабағы жүреді. Онда біз көптеген жұмыстар істейміз: берілген тақырыптарға сұрақтар қойып, жауап береміз. Мәтіндерді қазақ тіліне аударамыз. Қазақ тілінің ережесін қайталаймыз. Сурет бойынша әңгіме құраймыз. Қазақша ән үйренеміз. Мұғалім қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі.

Біз қазақ тілі сабағында қазақша сөйлейміз. (51 сөз)

Тапсырма. Фонетикалық талдау

ІV модуль. «Менің отбасым. Үндестік заңы»

Сөздік диктант

Әкем, шешем, үйім, пәтер, шылдыр шүмек, ұлты, жасым, көше, дәстүрлер, сыйлау. (10 сөз)


Шығармашылық диктант

сіңлім (қарындасым), отбасы, тату – тәтті, тұрамын, жұмыс жасайды, ата-анам, зейнеткер, балалар бақшасы, сүйемін, үйім. (10 сөз)


Терме диктант

Менің бөлмем

Менің бөлмем үлкен, кең, жарық, жылы, таза. Онда екі терезе бар. Терезеге перделер ілінген. Алдында гүлдер тұр. Қабырғада әдемі сурет ілінген. Бөлменің ортасында үстел тұр. Оның жанында төрт орындық бар. Бөлменің оң жағында төсек, сол жағында кітап сөрелері орналасқан. Еденде алаша жатыр. Мен оны шаңсорғышпен тазалаймын. Менің бөлмемде жиһаз аз. (50 сөз)

Тапсырма. 1. Үндестік заңына бағынбайтын сөздерді теріп жазыңдар.

2. Буын үндестігі мен дыбыс үндестігіне сай жазылған сөздерді

теріп жазыңдар.


V модуль. «Күз. Сөз құрамы»

Сөздік диктант

Күз, көкөністер, жемістер, жидектер, өзгеріс, сарғаяды, жиі, ұшады, піседі, шие (10 сөз)


Еркін диктант

Күз

Күзде салқын күндер жиі болады. Аспан бұлттанып, жаңбыр жиі жауады. Тұман түседі. Күзде ағаштардың жапырақтары сарғаяды. Күзде табиғат сары тонын киеді. Шөптер мен гүлдер солады. Жемістер мен көкөністер піседі. Диқаншылар піскен егінді комбайнмен жинайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жаңа оқу жылы басталады.Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. (48 сөз)


Бақылау диктанты

Жусан

Біздің республикамызда жусанның сексен бір түрі өседі. Жусан – көп жылдық шөптесін өсімдік. Оның құрамында қоректік заттар көп,эфир майы бар. Ол - қой-ешкінің жақсы азығы.Жусан кебірсіген топырақтың бетін жел үрлеп кетуден сақтайды, қыста қар ұстайды.

Ермен мен дермене де жусанның түрлері болып табылады.Ерменнің биіктігі кейде екі метрге дейін жетеді.(51 сөз)

Тапсырма. Мәтіннен негізгі және туынды түбірге 5 сөз жазыңдар.

VІ модуль. «Мен және менің досым. Көптік жалғауы»

Сөздік диктант

Мінезі, достық, айналысамын, жәрдемдесу, ұялшақ, сұлу, ұзын, би билеу, ермегі, оқиды (10 сөз)


Өздік диктант

Достық

Достық – асыл қазына. Біреумен дос болсаң, достыққа адал болу керек. Адал дос – сенің көмекшің, тірегің. Қазақ халқында мынадай мақал бар: «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады». Оның мағынасы: дос сенің кешшілігіңді бетіңе айтып, түзетуге тырысады, ал дұшпан сенің бетіңе күліп, сыртыңнан жамандайды.Әрқашан досыңды сыйлап, достықты сақтай біліңдер. (48 сөз)


Түсіндірме диктант

Табиғат

Табиғат. Бұл – ормандар, теңіздер, өзендер, жұлдыздар. Табиғаттан көптеген тамаша құбылыстарды көруге болады. Аққан жұлдыздарды, жарқылдаған найзағайды, кемпірқосақтарды, қымбат тастарды көруге болады. Табиғаттағы барлық нәрселер өзара тығыз байланысты.

Адамдар табиғатты өз қалауынша өзгертпеу керек. Оны сақтап, табиғаттың берген сыйларын ұқыпты пайдалану керек. Табиғатты қорғау деген сөз – адамның өзін –өзі қорғауы деген сөз. ( 51 сөз)


VІІ модуль. «Менің қалам. Септік жалғаулары»

Сөздік диктант

Көрікті, сүйікті, азық – түлік, ескерткіш, тігін, өндіріс, септік, сатып алу, саябақ, көне. (10 сөз)


Шығармашылық диктант

Көрнекті орындар, тарихы, саяхат, тұрғызылған, зауыт, орналасқан, табиғаты, темір жол, өзен, пайдалы қазбалар (10 сөз)


Бақылау диктанты

Орал

Орал – Солтүстік – Батыс Қазақстандағы ескі қала. 1713 жылы негізі қаланған. Емельян Пугачев көтерілісінің орталығы болған. Василий Чапаев қаза тапқан майдан осында болған. Оралда ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу өнеркәсібі дамыған. Оның ішінде, тері зауыты, ет қалбырлау зауыты, ұн – жарма комбинат республикадағы ең ірі кәсіпорындар болып табылады. Мұнда металл өңдеу өндірісі де бар. (50 сөз)

Тапсырма: Септік жалғаулары бар сөздерді теріп жазып,құрамына қарай талдау.



VІІІ модуль. «Менің Отаным. Зат есім. Тәуелдік жалғауы»

Сөздік диктант

Оңтүстік, солтүстік, тәуелсіз, шекараласады, ұлан-байтақ, ызғарлы, ауа райы, ұлттық, қабылданды, рәміздер. (10 сөз)


Терме диктант

Біздің рәміздеріміз

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Оны пырақтар қанаты көмкеріп тұр.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының ортасында шұғылалы күн бейнеленген. Оның астында қалықтап ұшқан қыран көрінеді. Күн және қыран бейнесі алтын түсті. Көгілдір тудың сол жағында алтын түсті ұлттық өрнегі бар тік жолақ орналасқан. (50 сөз)

Тапсырма. Тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жазыңдар.


Бақылау диктанты

Туған жерімнің табиғаты

Менің туған жерім өте әсем.Айнала биік таулар, жасыл жазықтар, әдемі қызғалдақтар, сарқырап аққан бұлақ суы. Табиғаттың әсемдігіне қарап таң қаласың.Туған жердің әрбір тасы, әрбір аң-құсы, әрбір гүлі ыстық, әрі қымбат. Туған жердің көкте күлген күні, көк аспаны адам үшін қымбат. Алысқа кетсек, туған жерді сағынамыз, көруге асығамыз. Біз туған жердің табиғатын көркейтуге көмектесеміз.(56 сөз)

Тапсырма: Тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жазып, құрамына қарай талдаңдар.


Бақылау диктанты

Қазақстан таулары

Қазақстандағы таулар: Алатау, Қаратау, Алтай, Тарбағатай, Көкшетау, Сауыр, т.б Ол таулардың биіктіктері әр түрлі. Өсімдіктері де әр түрлі.

Алатаудың басында үнемі қар жатады. Қойнауларынан мөлдір бұлақтар ағады. Баурайында неше түрлі ағаш пен шөп өседі. Алма, өрік, жаңғақ ағаштары мол.

Көкшетау – өте көркем тау. Баурайында көп көлі бар. Қарағай қалың өскен тауды «Қазақстанның Швейцариясы» деп атайды. (55 сөз)

Тапсырма. Мәтіннен бес зат есімді таңдап, морфологиялық талдау жасаңыз.


ІХ модуль. «Қыс. Сын есім»


Сөздік диктант

Шаңғы, тебеді, тойлаймыз, суреттейді, борайды, суық, ұйық, киеміз, бөрік, безендіреді. (10 сөз)


Еркін диктант

Қыста

Қыс келді. Жапалақтап жауған қар жер бетін жауып тастады. Бүгін ауа райы салқын. Күн суық, аяз. Анда – санда боран соғады. Балалар қысқы демалысқа шықты. Олар мұз айдынында шана, шаңғы, коньки теуіп жүр. Кішкентай балалар қардан аққала тұрғызды. Барлық адамдар жылы киінген. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қысқы мерекелер: Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл. (51 сөз)


Терме диктант

Абай

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай 1845 жылы қазіргі Семей облысының Абай ауданында туған. Абайдың әкесі қатал адам болса, анасы Ұлжан қайырымды, мейірімді, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан оған қызықты ертегілер мен күлкілі аңыз – әңгімелерді айтып, тәрбиелеп отырған.Әкесі Абайды тоғыз жасында Семейдегі діни мектепке береді. (51 сөз)

Тапсырма. Сын есімдерді теріп жазып, морфологиялық талдау жасаңыз.


Х модуль. «Жануарлар әлемі. Есімдік»


Сөздік диктант

Төрт түлік, шөл, кісінейді, мөңірейді, шұжық, төзімді, қорғаймыз, мекендейді, қоректенеді, бұзаулайды. (10 сөз)


Бақылау диктанты

Ақылды мал.

Жылқы – ақылды мал. Шекарадағы әскерлердің аттары бөтен кісіні жанына жолатпайды.Мұндай аттардың кейбіреуі біздің елімізде жасырын өткен жауларды иісінен сезеді.Олардың тығылып жатқан жерлеріне шекарашыларды өздері бастап алып барады.

Жылқы өте күшті.Ол ыстыққа да, суыққа да төзімді. Қазақстанның көп жерлерінде жылқы қыс бойы далада жайылады.Жылқы қасқыр сияқты жауынан да қорғана біледі.(53сөз)

Тапсырма. Есімдіктерді тауып, морфологиялық талдау жасаңдар.


Өздік диктант

Аю туралы

Бұл күнде жер шарында аюдың сегіз түрі бар. Оларға жүнінің түсіне қарай ат қойылған: ақ, қоңыр, бамбук аюы. Аюдың ұрғашысын қазақша кірекей, баласын қонжық деп атайды. Мұзды мұхиттың жағалаулары мен аралдарды мекендейді. Ақ аю қыста ұйқыға жатпайды. Ақ аюдың терісінің температурасы өзі жүрген мұз бетінің температурасына сәйкес келген. Сондықтан ешқашан ол тоңбайды. (52 сөз)


ХІ модуль. «Ұлттық ойындар. Етістік»

Сөздік диктант

Ойындар, тоғызқұмалақ, бүк, шік, сүйек, жеңеді, жеңіледі, тәйке, мергендік, ұяшық. (10 сөз)


Шығармашылық диктант

кезектерін біледі, ұпай, қозғамау керек, таласады, алшы түспесе, 162 құмалақ, есепке жүйрік, ойлану, қойшы, ойлап тапқан. (10 сөз)


Еркін диктант

Олимпиадалық ойындар

Олимпиадалаық ойындар алғаш рет Грецияда әрбір төрт жылда өткізілген. Осындай екі ойын аралығы «Олимпиада» деп аталған. Өткен ғасырдың аяғында олимпиадалық ойындар өткізу рәсімі қайтадан қолға алынған. Сөйтіп,1896 жылдан бастап жазғы олимпиадалық ойындар, 1924 жылдан бастап қысқы олимпиадалық ойындар өтетін болған. Әрбір төрт жылда бүкіл жер шарының спортшылары үлкен мерекелік жарысқа жиналады. Олимпиадалық ойындардың символы- өзара біріктірілген бес шығыршық. (59 сөз)


ХІІ модуль. «Еңбек. Мамандық. Етістіктің шақтары»


Сөздік диктант

Мамандық, жүргізуші, егінші, диірменші, тігеді, аулайды, бағады, жүзеді, болғым келеді, ұнайды.(10 сөз)


Түсіндірме диктант

Білім

Адам баласы пайда болғаннан бері білімге ұмтылып келеді. Білім мен ғылымның арқасында машина, трактор, теледидар, ұшақ, зымырандар дүниеге келді. Өзінен бұрынғы әке- ағалары жасаған ғылымды кейінгі ұрпақтың одан әрі дамытудың арқасында қазір осындай биікке көтерілдік. Сондықтан білім, ғылымды игерсең, еш қор болмайсың. Жас дос, жақсы адам болғың келсе, білімге ұмтыл! (52 сөз)


Бақылау диктанты

Мамандық

ХХІ ғасыр күн тәртібінде аса өзекті мәселе қойып отыр. Ол – мамандық. Қазір уақыт талабы басқа. Еңбек нарығы үнемі өзгерісте болады. Соған орай жастар дайын болады. Бұрын адамдар өмір бойы бір мамандықпен жұмыс істеді. Енді бір мамандықпен өмір сүру қиын. Әрбір жас өзін өмір бойы оқуға дайындау керек. Бұл өзіне де, мемлекетке де пайдалы. (53 сөз)

Тапсырма. Етістіктерді шаққа қойып жазу.

ХІІІ модуль. «Көктем. Үстеу»


Сөздік диктант

Көктем, ериді, жылынады, табиғат, мереке, киінеді, ағады, бейбітшілік, пісіреді, жинайды. (10 сөз)


Терме диктант

Саяхат

Біз саяхатқа шығу үшін заттарымызды жинадық. Кейін әуежайға келіп, ұшаққа міндік. Ұшақ дереу жоғары көтерілді. Жер төменде қалды. Баратын жеріміз алыс. Бірақ аз уақытта ол да жақындап қалды. Төменде өте жарық қала шамдары көрінді. Аспанда біршама уақыт қалықтадық. Ұшақ ұшуын жайлап бәсеңдетті. Ол Оралдан Астанаға дейін онша көп ұшқан жоқ.

(50 сөз)

Тапсырма. Үстеулерді теріп жазып, морфологиялық талдау жасаңыз.


Өздік диктант

Көктем

Қыс та кетті ызғары мен қарды ала,

Көктем келіп, оянды өңір, бар дала.

Жер - Ананың жасарған бір сәтіндей,

Бар дүние құлпырды енді жандана.


Ел - жұртыма ырыздық боп кел, көктем!

Кел әлемге тыныштық боп жер - көктен!

Бітік өнген егін боп кел жайқалып,

Диқан қауым ащы тамшы, терге еккен! (47 сөз)

(Жолбарыс Баязитов)


ХІV модуль. «Уақыт. Сан есім»

Сөздік диктант

Уақыт, қанша, өлшемдер, сейсенбі, қымбат, бағалау, көбейту, қалды, жарым, кетті. (10 сөз)


Бақылау диктанты

Сексеуіл

Қазақстан сексеуілге бай. Ол 10 миллион гектардан аса жерді алып жатыр. Бұл - барлық сексеуіл қорының 76 пайызы Қазақстанда деген сөз.

Сексеуілді отын ретінде пайдаланады. Мысалы, 1 гектар сексеуіл орманынан 2 тоннадан 50 тоннаға дейін отын алынады. Ал 1 текше метр сексеуілдің беретін жылуы 1,7 текше метр қайың отынына тең.

Сексеуіл - құм мен желге қарсы күзетте тұратын, өте баяу өсетін ағаш.

(60 сөз)

Тапсырма. Мәтіннен сан есімдерді тауып, жазумен жазыңдар.


Шығармашылық диктант

Уақыт алтыннан қымбат

Уақыт алтыннан қымбат. Неліктен олай айтылған? Өйткені адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне белгілі бір бағыт белгілейді. Халықтың тіршілігі, мәдениеті, тарихы, сол тарихтағы өзгерістер уақыттан тыс бола алмайды.

Адамзаттың дамуы да уақытқа байланысты. Уақыт кері жүрмейді, қаншама тарихи өзгерістердің бәріне куә - уақыт. Сондықтан біз «уақыт - алтынды» бағалай білейік. (50 сөз)


ХV модуль. «Адамның дене мүшелері. Шылау.»

Сөздік диктант

Мүшелер, ұстаймыз, көреміз, құлақ, естиміз, жүгіреміз, мұрын, сезу, кеңестер, денсаулық. (10 сөз)


Еркін диктант

Адамның дене мүшелері

Адамның дене мүшелеріне бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, қарын, иық жатады. Мұны адамның қаңқасы дейді. Адамның бас мүшесінде бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, ерін, тіс, тіл, таңдай сияқты мүшелер орналасқан. Адамдар баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақтанады, тілмен сөйлейді, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды. Дене мүшелерін таза ұстау керек.

(60 сөз)


Терме диктант

Дені саудың - жаны сау

Денсаулық - табиғаттың ең қымбат сыйы. Денсаулық сақтау үшін дұрыс тамақтану және уақытында демалу, дене шынықтырумен айналысу керек.

Сен дұрыс тамақтанасың ба? Себебі тамақтанудың маңызы өте зор. Бірақ көп адамдар бұны ескермейді.

Денсаулыққа темекі шегу мен ішімдік ішудің зияны көп. Өйткені темекі түтінінің құрамында отыздан астам зиянды заттар бар. Сондықтан бұлардан аулақ болу керек. (53 сөз)

Тапсырма. Мәтіннен шылауларды теріп жазыңыз.


ХVІ модуль. «Жаз. Сөз тіркесі. Сөйлем. »

Сөздік диктант

Демаламыз, шомыламыз, қыздырынамыз, торғай, қыдыру, көмектесу, ыстық, суарамын, саяхаттау, көлеңке.(10 сөз)






Түсіндірме диктант

Аққу

Аққу - өте ірі, күшті құстардың бірі. Ол сонау көне заманнан бері сұлулық пен махаббаттың белгісі болып саналады. Оны көп халықтар киелі құс санап, ерекше құрметтеген.

Аққу суда дыбыс шығармай, жеңіл жүзеді. Ал орман ішіндегі көлде оңаша жүзген аққуды көру өте керемет. Аққудың әрбір қимылы әдемі.

Аққудың сұңқылдақ, қарақу, сыбырлауық деген түрлері бар. (52 сөз)


Бақылау диктанты

Жазда

Жазда күн желсіз, аспан бұлтсыз ашық болады. Маусымның 22-сінде күн мен түн теңеледі. Жаз айларында табиғат қысқы ұйқысынан оянып, бақтарда құстар ән салады. Жаз айының ауасы да ерекше. Хош иісті ауаны жұтып, қыдыра бергің келеді. Балалар кеште далада ойнауды ұнатады. Жаз айында балалар ерте тұрып, кеш жатады. Өйткені жазғы жұмыс көп. (51 сөз)

Тапсырма. Мәтіндегі бір сөйлемге синтаксистік талдау жасау.


ХVІІ модуль. «Менің ауылым. Төл сөз. Қаратпа сөз. Диалог.»

Сөздік диктант

Ауыл, көрнекі орындар, үлкен, зауыт, өркендейді, сүйемін, жақын, туған жер, дүниеге келдім, қызықты.(11 сөз)


Шығармашылық диктант

Ойлы-қырлы, созылған, аралас, жолдары, әдемі жерлер, саябақ, нан шығарады, дүниеге келдім, сүйемін, мағынасы. (10 сөз)


Бақылау диктанты

Дастарқан басында.

Ажар апам дастарқан мәзірін жасады. Кең дастарқанға балдай бауырсақ, жент, май, құрт, ірімшік қойды. Төрт жасар Төкен Жақып атамызды:

  • Ата, тамаққа жүріңіз, -деп асқа шақырды.

Бірінші дастарқан басына атамыз отырды, кейін біз отырдық. Атамыз бірінші болып дәм татты. Бәріміз ас ішіп болған соң, атамыз бізге:

- Дастарқан қайырын берсін! -деп бата берді. Ас өте дәмді болды. Біз Ажар апамызға алғыс айттық.(60 сөз)

Тапсырма. Мәтіннен қаратпа сөз бен төл сөзді табыңдар.












Краткое описание документа:

Түсіндірме диктант.Ол мұғалімнің айтуымен жазылып, соңынан түсіндіріледі.Диктанттың бұл түріне тақтаны да пайдалануға болады.Тақтаға шыққан оқушы жазып болғаннан кейін, мұғалім тапсырманың орындалуын бүкіл сыныпты қатыстыра отырып тексереді.

  Терме диктант.Оқушыларға белгілі бір мәтін ұсынылып, соның ішінен я фонетикалық, я лексикалық немесе грамматикалық тапсырмаларға сай сөздерді теріп жазуға тапсырма беріледі.

  Өздік диктант. Оны оқушылар мұғалімнің айтуымен емес,жатқа жазады.Оның бірнеше жолы бар.Олар:

 а) Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім диктант мәтінін тақтаға жазып, жеке сөздердің жазылуын, грамматикалық ережесін түсіндіреді. Мәтін бірнеше рет оқылады.Содан кейін тақтадағы мәтін жауып қойылады да, оқушылар оны жатқа жазады.Жазып болған соң, олардың жазғандары тақтадағы мәтінмен салыстырылады.

  ә) Мұғалім мәтінді кітаптан көрсетіп береді. Оны оқушылар 5- 10 рет оқып шыққан соң, кітапты жауып қойып, жатқа жазады.Содан соң кітаппен салыстырылады.

  б) Оқушыларға жатқа жаздыру.

  Шығармашылық диктантта оқушылар тақтаға жазылған жеке сөздер мен сөйлемдерді қатыстырып, сөйлем немесе шағын мәтін құрайды.Тақырып қойып, ойларын өз сөздерімен жазу талап етіледі.

 Еркін диктантта оқушылар өздері оқыған мәтіндерінің мазмұнын өз сөздерімен айтып жеткізеді немесе мұғалім мәтінді алдымен оқып шығады да, мазмұнын оқушыларға айтқызады.Содан кейін оқушылар оны өздігінен жазуға кіріседі.Мұнда мәтін сөздерін толық сақтау міндет емес.

  Сөздік диктантта жеке сөздердің мағынасын терең түсіну мен олардың дұрыс жазылуын меңгеруі көзделеді.Онда оқушыларға орфографиялық немесе фонетикалық жағынан ауырлық келтіріп жүрген сөздерге ерекше назар аударылады.

    Диктанттың ендігі бір түрі бақылау диктанты. Бақылау диктантында мәтіннің құрылымы мен құрамы толық сақталып орындалады. Бақылау диктантын арнайы сабақ ретінде жүргізуге болады.Онда оқушы оқу бағдарламасының ағымы бойынша тиісті мақсатқа сай бүкіл сабақ бойы диктант жазып, өзінің дайындық деңгейін көрсетеді.Оның көлемі: 5 сынып- 50-60 сөз, 6 сынып- 60-70 сөз,  7 сынып 70-80 сөз.

    Қатеден сақтандыру диктанты оқушылардың жіберген қателері бойынша жүргізіледі.Мұндай диктантты түсіндірме диктанты түрінде жүргізсе тиімдірек.

Общая информация

Номер материала: 288752

Похожие материалы