Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / 5 - 11 сыныптарға арналған сабақтан тыс шара "Математикалық дәмхана"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Математика

5 - 11 сыныптарға арналған сабақтан тыс шара "Математикалық дәмхана"

библиотека
материалов
Математикалық дәмхана
Ас мәзірі: «Мәңгі ұмтылмас» салаты «Математикалық винегрет» «Біздің столдан...
«Квадрат» тобы «Үшбұрыш» тобы «Трапеция» тобы
«Мәңгі ұмтылмас» салаты
«Математикалық винегрет»
«Біздің столдан сіздің столға»
 «Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщ
«Рагу»
«Қаймақпен көпіршіктелген балмұздақ» десерті
«Мерекелік шашу торты»
«Мезим»
Назарларыңызға рахмет!
12 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Математикалық дәмхана
Описание слайда:

Математикалық дәмхана

№ слайда 2 Ас мәзірі: «Мәңгі ұмтылмас» салаты «Математикалық винегрет» «Біздің столдан
Описание слайда:

Ас мәзірі: «Мәңгі ұмтылмас» салаты «Математикалық винегрет» «Біздің столдан сіздің столға» «Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщ «Рагу» «Қаймақпен көпіршіктелген балмұздақ» «Мерекелік шашу торты» «Мезим»

№ слайда 3 «Квадрат» тобы «Үшбұрыш» тобы «Трапеция» тобы
Описание слайда:

«Квадрат» тобы «Үшбұрыш» тобы «Трапеция» тобы

№ слайда 4 «Мәңгі ұмтылмас» салаты
Описание слайда:

«Мәңгі ұмтылмас» салаты

№ слайда 5 «Математикалық винегрет»
Описание слайда:

«Математикалық винегрет»

№ слайда 6 «Біздің столдан сіздің столға»
Описание слайда:

«Біздің столдан сіздің столға»

№ слайда 7  «Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщ
Описание слайда:

«Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщ

№ слайда 8 «Рагу»
Описание слайда:

«Рагу»

№ слайда 9 «Қаймақпен көпіршіктелген балмұздақ» десерті
Описание слайда:

«Қаймақпен көпіршіктелген балмұздақ» десерті

№ слайда 10 «Мерекелік шашу торты»
Описание слайда:

«Мерекелік шашу торты»

№ слайда 11 «Мезим»
Описание слайда:

«Мезим»

№ слайда 12 Назарларыңызға рахмет!
Описание слайда:

Назарларыңызға рахмет!

Краткое описание документа:

         Математикалық дәмхана атты сайыс.

Мақсаты:

Білімділік: Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне леген қызығушылығын ояту.

Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ой - өрісін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: ойын тақырыбына байланысты плакат, математикаға байланысты нақыл сөздер, үлестірмелі карточкалар.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу.

Ойын барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: ойын шартымен таныстыру, қатысушыларды анықтау.

II. Ойын жоспары: Командаларды таныстыру, сайыс тапсырмалары:

Ас мәзірі:

«Мәңгі ұмтылмас» салаты

«Математикалық винегрет»

«Біздің столдан сіздің столға»

«Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщ

«Рагу»

«Қаймақпен көпіршіктелген балмұздақ»

«Мерекелік шашу торты»

«Мезим»

III. Жеңістерді анықтау, марапаттау.

Сайыс барысы:

Сәлеметсіздер ме оқушылар!

Нақты білімге қызығушылар

Естігенін естіп тұрып,

Оқығанын миға тоқушылар.

Сәлеметсіздерме ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Біз оқытқан оқушылардың,

Сәті келді сыналар.

Есепті түрлі – түрлі шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысармыз.

Ойламды сұрақ, жеңіл сұрақ бәрі де бар,

Әзіл есепке бүгінгі кеште де орын бар.

Олай болса, бұл не тұрыс,

Кешімізді біз бастайық.

Әділ бағаға қалтасы толы,

Әділ – қазыларды ортаға шақырайық!

(Әділ – қазы алқасымен таныстыру)

Сіздерден кафенің «Бухалтерлік мекеме» - деп аталатын бөлмесіне жалғасуларыңызды сұраймыз!

Сонымен қатар есепшілер: Есепшілерді таныстыру.

Қымбатты математика жанкүйірлері мен осы залға жиналғандар! Сіздерге осы ойынға қатысушылар атынан қатал да, қатесіз математикалық сәлем!

Математика – бұралаңсыз нақты ілім,

Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.

Айдыныңда сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,

Тарқалмайды қуаныш пен шаттығын – деп

Мектебімізде өтіліп жатқан «Математикалық дәмханаға» хош келдіңіздер демекпін! Біздің дәмханада бүгін математиканың алғырлары, тапқырлары білімдермен сынасады. Осы кафенің ашылуына орай арнайы шақырылған меймандарымыз бар ендеше, олармен таныс болыңыздар!

Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от көздеріндей жалын бар – дей келе,

ортаға кішкентай қонағымыз 6  сыныбындағы

«Квадрат» тобын халайық,

Қол соғып қарсы алайық!

Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,

Алға қойған мақсатын.

Әрқашанда мектепте,

Шығып жүрген жақсы аты – деп

7 сынып оқушыларынан құралған «Үшбұрыш» атты тобын ортаға шақырамыз!

Асып әсте саспайтын,

Батыл қадам бастайтын.

Еркін билеп барынша,

Жарыстан сірә қалыспайтын – деп ортаға  8  сыныбы «Трапеция» тобын шақырамыз!

Құрметті дәмхана қонақтары! Өздеріңізге арнайы әзірленген столдарға жайғасыңыздар. Өздеріңіздің үйлеріңізде отырғандай еркін сезініңіздер!

Сондай – ақ бұл дәмханда математиканы сүйіп оқитын, оның қыр – сырын меңгеруге құлшынысы бар барлық математика жанкүйірлеріне де орын бар. Сіздер әрқашан біздің кафенің тансық тағамдарына тамсанып, сіздер қызықты да мазмұнды уақыттарыңызды өткізесіздер деген сенім білдіремін! Кафе мәзірінен калориялы тағамдармен қатар, ыстық және суық тағамдарды, сонымен бірге тіл үйіртетін, мәңгі есіңізден кетпес, дәмімен денеңізді балқытатын десерт пен сусындарды таба аласыз. Сонымен бірге біздің кафеде өз қызметін, ас мәзірін ұсынатын даяшылар мен бармендер әрқашан да сіздердің қастарыңыздан табылады. Ендеше, астарыңыз дәмді болсын!

Құрметті кафе қонақтары! Сіздер қандай қонақ екендеріңізді, қандай тілде сөйлесетіндеріңізді білгіміз келеді, және де осы ішкен астарыңыздың ақысын қалай өтемексіздер! Ендеше, өздерінді таныстырып өтсеңіздер!

Бұл бөлімде таныстырумен қатар, әр топ өздерінің тобымен таныстыра отырып, өздері дайындаған газет немесе буклеттерін таныстырып өтуі тиіс.

Сонымен, ортаға: (әр топ өздерін таныстырады)

Таныстыру сайысы бойынша сөз кезегі әділ – қазы алқасына беріледі. Ал, ендеше құрметті көрермендер! Нақты сайысымызды бастайық!

1 – сайыс:  Құрметті кафе қонақтары! Біз сіздерге кафенің аспаздары әзірлеген сұрақтар соусынан тұратын «Мәңгі ұмтылмас» салатын ұсынамыз.Бұл салат сіздердің бойларыңызға жағымды сіңуі үшін командаларға кезектесіп сұрақтар қойылады. Егер бір команда сұраққа дұрыс жауап бере алмаса, онда басқа команда жауап беру құқығына ие болады. Дұрыс жауап бір балмен есептеледі.

Сұрақтар:

6-сынып: Ол оқушы құралы,

                 Қатенді түзетіп тұрады.  (Өшіргіш)

7-сынып: Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай)

8-сынып: Математик, дәрігер, ақын, музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы кім? (Әл - Фараби)

6-сынып: Балаларды жазалау үшін қандай геометриялық фигура қолданылады?    (бұрыш)

7-сынып: Қар жауғанда жауатын ақшақардың формасы қандай фигураға негізделген?  (алтыбұрыш)

8-сынып: 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма? (тең)

( Әділ – қазы бағасы)

2 – сайыс: Қадірменді қонақтар сіздерге келесі кезекте «Математикалық винегрет» ұсынылады. Даяшылар ұсынған астан алып отырыңыздар! Сіздерге ұсынылған тағамда бейнеленген геометриялық фигуралар қандай да бір әріпке сәйкес келеді. Қоршауда тұрған фигуралардың орнына осы әріптерді қойсақ қандай сөз шығады екен? Ол нені білдіреді? Жауап іздеп көрелік. Кім тапқыр? Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. (Математика ми гимнастикасы)

3 – сайыс: Келесі кезекте әр команда өздерімен кафеде бірге көңіл көтеріп көрші столда отырған адамдарға ас сыйлауы керек. Ол сыйлық-  «Біздің столдан сіздің столға» деп аталады. Бұл ұсынылған астан алу үшін әр команда үй тапсырма ретінде әзірлеп келген қызықты да тартымды сұрақтарын кезектесіп қоюы керек.

4 – сайыс: Ендігі кезекте сіздерге кім үлгерсе, сол ішер дегендей біздің аспаздар «Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщын ұсынады. Оқушылар ұсынылған астан алып отырыңыздар! Ол үшін орны ауыстырылып берілген сөздерден математикаға байланысты сөздер құрастыру керек. Ойлануға 3 минут уақыт беріледі.

Сөздер: уткабура(кубатура), имртеиямс (симметрия), келшөб(бөлшек), гарифу (фигура), картвад(квадрат), акрофитамни(информатика).

Командалар уақыт бітті. Жауаптарыңызды даяшыларға берулеріңіз сұралады! (Даяшылар әділ-қазыға жауаптарын береді)

5 –сайыс: Қадірменді қонақтар! Келесі кезекте зейін мен ойланудан тұратын әр түрлі тілүйіртер ащы дәмдеуіштер қосылған «Рагу» ұсынылады. Егер команда бірінші кезектен жауабын тапса, онда оған 15ұпай беріледі, екінші кезектен тапса 10ұпай, үшінші кезектен тапса 5ұпай беріледі. Астан алып отырыңыздар!

1-топқа: Теңдеу.

 а/ Бұны орындағын келмесе де, орындайсың, оны білмейтін сияқтысың, бірақ оны білгін келсе, лезде таба аласың. (15ұпай)

ә/ Оның өсімдік сияқты сабағы, тамыры бар ма білмеймін, бірақ онда өсімдікке қажеттісі бар. (10ұпай)

б/Кей кезде есептер оның көмегімен шешіледі. Кейбір оқушылар оны шеше алмағандықтан шешкісі келмейді. (5ұпай)

2 – топқа: Түбір

а/ Адамдар қатты мазасызданғанда кей кезде дәрігерге барғанда да осы сөзді қолданылады. (15ұпай)

ә/ Ол өсімдіктерде қажет нәрсе  аталады. (10ұпай)

б/ Оны табу үшін терең білім қажет. (5ұпай)

3 – топқа: Пифагор

а/ Ол ғалымның фамилиясымен атанған. Ол ғалым оны оқымағандардың өзіне де әйгілі. (15ұпай)

ә/ Онда біз бала кезімізден білетін бір фигура туралы айтылады. Мектепке келгенде ол туралы кеңінен оқимыз. (10ұпай)

б/ Одан біз ол фигураның қабырғалары туралы білеміз. Оны дәлелдеу керек. (5ұпай)

( Әділ – қазы бағасы)

Есепшілер: 3-5 сайыс қорытындысын әзірлегенше өз кезегін

6 – сайыс: Енді құметті қонақтар! Сіздерге «Қаймақпен көпіршіктелген балмұздақ»десертін ұсынамыз.

Ол үшін сіздерге, сандарға байланысты мақал – мәтелдер ұсынылады. Сіздер мақал – мәтелдердегі сандарды дұрыс табуларыңыз керек. Әр дұрыс жауап 1 балмен бағаланады.

6-сынып:

....(екі)жақсы қас болмас, ....(екі) жаман дос болмас.

Досыңды ...(үш) күн сынама, ...(үш) жыл сына.

...(10) рет айтқаннан ...(1) рет көрсеткен артық.

Білгенің бір ...(9), білмегенің ...(99)

Ер қаруы - ...(5) қару.

7-сынып:

Жұмысқа ...(үш) жылда үйренеді, жалқаулыққа ...(үш) күнде үйренеді.

...(6) жыл аш болсан да, атаңның салтын ұмытпа.

Болар бала.....-інде (15) баспын дейді, болмас бала ...(25)- інде жаспын дейді.

...(бір) елі ауызға -...(екі) қақпақ.

Жерді ....(екі) рет жыртқан, өнімді ...(екі) есе өнім алады.

8-сынып:

Біреуге ...(5) күн алдында келсе, біреуге ...(5) күн кейін келеді.

...(бір) күн тұзын татқаға, ...(40) күн сәлем.

Оқымаған ...(бір) бала, оқыған (екі) бала.

Жақсы жігіт ....-інде (15) де жас емес, ...-ге (100) келсе де пәс емес.

...-ау (6) ала болса ауыздағы кетеді, ...-еу(4) түгел болса төбедегі жетеді.

7- сайыстың қорытындысы бойынша сөз әділ-қазыда.

7-сайыс: Құрметті қонақтар! Кафе әкімшілігі сіздерге әлі де осы кафеден басқа кафелерге кетіп қалмай біздің бас аспазшымыз ұсынған тағамдарды жақсы бағалап отырғандарыңыз үшін өз ризашылықтарын білдіреді. Осы құрметтеріңіз үшін кафе әкімшілігі сый құрмет ретінде. «Мерекелік шашу» тортын ұсынады. Тортты кесуден кім шеберлік көрсетеді екен көрелік? Ол үшін сіздер мерекелік тортты үш кесу арқылы тортта орналасқан жемістер әр бөлінген бөлікте біреуден қалатындай етіп кесулеріңіз керек. Ойлануға 3 минут уақыт.

 

 

 

 

 

8-сайыс: Бүгінгі кеште сіздер біздің аспазшылар әзірлеген астардың дәмділігіне риза болып, барлық ұсынылған ас мәзірлерінен бас тартпадыңыздар. Кейбір адамдарда қабылдаған астары тез қортылады, ал кейбірінде іштерін ауыртып мазасыздандырады. Асты көп қабылдаудан іштері ауратындарға, сонымен қатар бүгінгі ас бойларыңызға тез сіңуі үшін сіздерге асқазан үшін таптырмас дәрі «Мезимді» ұсынамыз. Логикалық есептермен жұмбақтар береміз.

1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3кг болады, ал егер екі аяғымен тұрса, оның салмағы қанша?  (3кг)

2.Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5бұрыш)

3. Нәрселерді санағанда,

    Керек ол бізге ауадай,

    Айтыңдаршы, бұл қандай сан,

    Жан-жағыңа қарамай?                         (натурал сан)

4. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

    Ұзындығы жазылып тұр бойында.     ( сызғыш)

 

Командалар уақыт бітті. Сайысымызды қортындылағанша

Осыменен бұл қызықты тәмамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман олсақ.

 Шынымыз биік болар, білім қусақ.

Өмір деген өнермен үйлеспей ме?

Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ.

 

Құрметті қонақтар! Сіздердің құрметтеріңізге дәмхана қызметкерлері әзірлеген барлық тағамнан ас тартпай, қадірлі қонақ бола білгендеріңіздің құрметіне және шынында да кафеде отырғандарыңызды сезіндіру үшін мектебіміздің сүйікті әншісі Нұрболат Нұржанат  орындауында жандарыңызды жадыратар бір ән ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!

Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды,

Ал, қазір әділ-қазы сөз алады.

Кешіміздің жеңімпазын анықтап,

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

       Қорытындылау: Жеңімпаздарды мар

Автор
Дата добавления 12.02.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров469
Номер материала 384141
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх