Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Другие методич. материалы / 7 модуль бағдарламасымен құрылған сабақ жоспарларына нұсқау
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • ИЗО, МХК

7 модуль бағдарламасымен құрылған сабақ жоспарларына нұсқау

библиотека
материалов

*“Маған айт, мен оны ұмытамын,

көрсет, мүмкін, есімде сақтармын,

мені қызықтыр, мен сонда түсінемін»

Қытай мақалы

7 модуль бағдарламасы туралы

Қытай мақалында айтылғандай, қысқа мерзімді сабақ жоспарын мұғалім оқушылар үшін қызықты қылып құрастыру қажет. Осыған байланысты қазіргі білім саласында жаңа өзгерістер болып жатқанда Кембридж университетінің ғылымдарының ұсынып отырған бағдарламадағы жеті модульді сабақтарымда қолданып, сабақтарымның сапасы жаңа бір деңгейге көтерілгенін бақыладым.


  1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер:

Оқушылармен жеке, дербес, жұптап, топтап жұмыс істеуі, өзін-өзі реттеуі, ынталандыру, мақтау, мадақтау, өз күшіне және мүмкіншіліктеріне сенім арту, әр түрлі стратегияларды қолдану, сұхбат алу, методология, ой тастау, миға шабуыл, эссе, синквейн, пікірталас, БББ, Блум таксономиясы, басты терминдер, проблемалық сұрақтар қою, қиындықтарды шешуге қажетті стратегияларды құру, интерактивті технологияны қолдану.


  1. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Сұрақтар қою, шешім табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады, өзіндік және жеке ойлау, оқушы нені ойлау керектігін шешу, мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да, сол шешімді негізі бар ссаналы дәлелдермен нақтылай түседі

  • Терең ойлау үшін:

  • фактілер мен идеялар,

  • мәтіндер мен теориялар,

  • мәліметтер мен концепциялар

Сыни тұрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады, синопсис қолдану


  1. Білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау

Формативті бағалауды қолдануы, ынталандыру, мақтау, мадақтау, өз күшіне және мүмкіншіліктеріне сенім арту, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау, жұптарда өзара бағалау, топтардағы өзара бағалау, оқушылардың арнайы қателерді бағалау

  1. Білім беруде ақпараттық-коммуниккациялық технологияларды пайдалану.

Теледидар бағдарламалары, сандық теледидар, интернет, ұялы телефон, ұтқыр қондырғылар, компьютер, ноутбук


  1. Талантты және дарында балаларды оқыту

Сауалнамалар арқылы дарынды және талантты балаларды анықтау, оларға күрделірек тапсырмаларды беру, тапсырманы кеңейту, тереңдетіп оқыту, кең көлемді жобалар немесе зияткерлік тапсырмаларды кеңейту түрінде берілуі


  1. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту

Когнитивтік даму-баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті, зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу, шығармашылақ зияткерлік қабілеттерді дамыту


  1. Білім берудегі басқару және көшбасшылық

Мұғалім көшбасшылылығы: іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алу, өзгерістер еңгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға, бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға, кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті.



2.2. 7 модульді практикада қолдану

2.2.1 Сабақ жоспарына кіріктіру

Жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.

Жаңа әдіс-тәсілдердің бір модулінде біз «Диалог негізінде оқыту», «Қалай оқу керектігін үйретуді» қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог арқылы оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім сұхбаттасып, пікір алмаса алады. «Қалай оқу керектігін үйрету» оқушыларға өз бетінше жалғастыра алатын білім жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.


Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламаның он бойында екі мағынада қарастырылады: оқушының сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімнің сын тұрғыдан ойлауын дамыту. *«Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық есте сақталған мәліметтерді емтихан кезінде ұтымды пайдалануға болады бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде , кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету». Оқушыға қатысты сын тұрғысынан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайлылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сын тұрғысынан бағалауды қамтиды. Оқудың және білім беру үшін тиімді бағалауды түсіну білім мен оқытудағы жаңа тәсілдермен тығыз байланысты.


Бағдарлама аясында мұғалімдер сандық технологияларды және АКТ-ны сабақта тиімді пайдалануды білетін болады. Оқушылар жұмыс, демалыс, және қарым-қатынас үшін АКТ-ны сенімді пайдаланушыларға айналады. Себебі, көп ақпаратты балалар қазір интернет желісінен алып отыр. Берілген тапсырма бойынша балалар интернеттен қосымша мәліметтер жинап бір бірімен бөлісуді ұнатады. Бұл тапсырмаларды көбінесе сыныптағы талантты және дарынды балалар орындайды.


Мектепте мұғалімдерге қойылып отырған талаптың бірі – дарынды балаларды анықтау. Талантты да қабілетті баланы, оқушыны анықтап, оларды білім беру барысында дамыту өте маңызды. Осы бағдарламаның аясында талантты және дарынды балаларды оқытуды дамыту үшін инклюзивті тәсіл пайдаланылтын болады. Сабақ барысында дарынды балаларға еркін ойлауға, өздігінен ізденуге мүмкіндіктерді жасауға тырыстым.

Дарынды талантты балаларға әр сабақта:

  • жеке тапсырма бердім

  • күрделірек тапсырма бердім

  • сыни тұрғадан ойлауға бағытталған тапсырмалар бердім

  • проблемалық сұрақтар қойып отырдым.

Нәтижесі, шағын топта сурет салып отырғанда, оларға сол суреттеріне әңгіме құрастыруға тапсырма бердім, олар әңгімені құрастырумен бірге топтағы балаларға түсіндіріп айтқаны болды.


Оқушылардың жас екрекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу модулі талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланыстырамын. Себебі, екі модульде оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқуға қатысты болып отыр. Бұл модульде тапсырмалар жас ерекшеліктеріне қарай берілуі тиіс.

Білім берудегі басқару және көшбасшылық модулі білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан еңгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптағы мұғалімдердің тәжірибесімен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алдым. Бұл модуль «Сын тұрғысынан ойлауды оқыту» модулімен тығыз байланысты. Тек сыни тұрғыдан ойлаудың арқасында дәстүрлі таным процесі жекелік сипат алып, саналы, үздіксіз әрі өнімді бола бастайды.

Формативті бағалауды қолданған кезде балалар ол тек қана баға қою емес, сонымен қатар бірін бірі мақтау, мадақтау, жылы шырай таныту, бір топ екінші топқа қолдау көрсету, ынталандыру іс-шараларын пйдаланған тиімді екенін түсінді. Қойылған бағалары объективті болуда. Менің байқауым бойынша бұндай бағалауларда бифуркация дамуы анық көрініп, оқушылар өздерінің бұрынғы білімдерін жаңа алған біліммен ұштастырады және оны тиімді пайдалана алады. Ең бастысы қойылған мақсаттарыма жету болып табылады.



      1. Практикадағы нәтижелер

Оқыған күндерімді талдай отырып, мен бағдарламаны толық игердім деп айтпасам да, нақты жұмысты қалай істеуім керек екенін білемін. Мінсіз оқушы жасау менің қолымда, ол үшін жеті модульді толық меңгерумен қатар көп жұмыс істеу керектігіне көзім жетті. Осы курстан көп жаңалық алып, өзгергенімді байқадым. Әрине қиыншылықтар өте көп, дегенмен қиындықтарды жеңе білуге үйрендім, балаларға сенімділік артып олардың қолдарынан барлық нәрсе келетіндігіне, қиындықтарды жеңу өздеріне байланысты екенін түсіндіріп, балалардың да жақсы жаққа өзгерулеріне ықпал жасауды сабақ жоспарларына еңгіздім.

Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастырған кезде төменгідей мәсселелерді қамтуға тырыстым:

  • балалардың ізденісі

  • өзін-өзі реттеуі

  • бірін бірі оқыту арқылы білім алуларын

  • сын тұрғысынан ойлау диалогтық оқыту,

  • қалай оқыту керек туралы айту,

  • сабақтарда АКТны қолдану,

  • сыни ойлау,

  • жас айырмашылығын ескеру,

  • дарынды балалармен жұмыс,

  • бағалау, көшбасшылық, кері байланыс

Осы атап өткен жағдайлардың барлығы балаларды сабаққа қызықтырады. Осыған байланысты, шағын топта балалар өздері бірін бірі қызықтыра алады. Мұғалімнің айтқаны балаларға үйреншікті жағдай, ал өз сыныптастарынан білім алу сабаққа ынтасы жоқ балаларды қызықтырады, ал жақсы оқитын балалардың әрі қарай дамуына ықпал жасайды.

*«Жай мұғалім- хабарлайды

Жақсы мұғалім – түсіндіреді

Керемет мұғалім – көрсетеді

Ұлы мұғалім – шабыттандырады».

Уильян Уорд айтқандай сабақ жоспарын құрастырған кезде мен оқушыны шабыттандыратын жағдайларды жоспарладым, іс жүзінде жақсы нәтижелер болғаны мәлім, сабақтар оқушылардың білім алуға деген уәждемелерін арттырады.

Бірнеше сабақтан кейін оқушыдардың ұйымшыл болғандығын байқадым, бір біріне түсініспеншілікпен қарайтын болды. Сабақтарда мүлдем сойлемейтін оқушылар сабақтарда жауап беріп, суреттерді қорғағанда сөйлей бастады. Оқушылар сабақта барлығы жауап бергендіктен, сабақтарға және сынып сағаттарына жаупкершілікпен қарайтын болды, үй тапсырмасын дайындап келіп отырды.

Сабақта осындай әдіс-тәсілдерді қолдану өте тиімді, сабақ үстінде бірнеше әрекет жасауға мүмкіндік болып отыр, сабақтар балаларды ұйымшылдыққа, түсініспеншілікке үйретеді, нәтижелі болып өтеді.


Ұсыныстар

Қорыта келе, әріптестеріме курс бағдарламасымен танысып, жеті модульді меңгеріп, сабақ беру процессін өзгертсе үлкен жетістіктерге жететіндерін ескерткім келеді. Мектептегі балалардың барлығын осы жаңа әдіспен оқытсақ, өте үлкен нәтижелерге жететініміз анық. Берілген сабақ жоспарларында барлық аталған 7 модульді қамтуға тырыстым. Бұл сайттағы сабақ жоспарлары келешекте курстан өтетін мұғалімдерге үлкен көмек болатынына сенімдімін!



/1160 сөз/

Краткое описание документа:

        Қытай мақалында айтылғандай, қысқа мерзімді сабақ жоспарын мұғалім оқушылар үшін қызықты қылып құрастыру қажет. Осыған байланысты қазіргі білім саласында жаңа өзгерістер болып жатқанда Кембридж университетінің ғылымдарының ұсынып отырған бағдарламадағы жеті модульді сабақтарымда қолданып, сабақтарымның сапасы жаңа бір деңгейге көтерілгенін бақыладым.

 

            Қорыта келе, әріптестеріме курс бағдарламасымен танысып, жеті модульді меңгеріп, сабақ беру процессін өзгертсе үлкен жетістіктерге жететіндерін ескерткім келеді. Мектептегі балалардың барлығын осы жаңа әдіспен оқытсақ, өте үлкен нәтижелерге жететініміз анық. Берілген сабақ жоспарларында барлық аталған 7 модульді қамтуға тырыстым. Бұл сайттағы сабақ жоспарлары келешекте курстан өтетін мұғалімдерге үлкен көмек болатынына сенімдімін!

Автор
Дата добавления 29.11.2014
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2867
Номер материала 161726
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх