Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / География / Другие методич. материалы / 7 сынып Табиғат кешені СТО технологиясы бойынша құрылған.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • География

7 сынып Табиғат кешені СТО технологиясы бойынша құрылған.

библиотека
материалов

§10. Мұхиттағы тіршілік дүниесі

Тірек сөздер

1.Мұхиттағы тіршілік 12.Негізгі қорек

2.11022 м 13.Биомасса

3.200 м 14.Географиялық ендік

4.160 т 15.Полярлық өңір

5.Геологиялық уақыт 16.Қоңыржай белдеу

6.Оттегі 17.Тропиктер

7.«Тіршілік бесігі» 18.Экватор маңы

8.Тіршілік жағдайы 19.150 мың

9.Планктон 20.15 мыңнан астам

10.Нектон 21.Зерттеу

11.Бентос

Қиылыс сұрақтар

1.Мұхитта тіршілік ететін өздерің білетін өсімдіктер мен жануарларды ата. Балықтар, теңіз сүт қоректілері – кит, акула және морж, қолтырауын, теңіз жыландары мен тасбақалар, ірі моллюскалар, теңіз шаяндары, балдырлар, теңіз шөптері, маржан полиптері, т.б.

2.Мұхиттағы тіршіліктің құрлықтағы тіршіліктен айырмашылығы неде? Құрлықтағы тіршілік құрғақ жерде өтсе, судағы кейбір жануарлар суда да, құрлықта да тіршілік етуге бейімделген. Судағы тіршілік иелерінің тіршілік ету қабаттары болады. суда оттегі еріген күйде кездеседі, т.б.

3.Адамдар мұхиттар мен теңіздердің тіршілік дүниесін қалай пайдаланады? Адам өзінің тіршілігінде кеңінен пайдаланады

4.Мұхиттағы тіршілік неге адамзатты әлі күнге дейін таңдандыруда? Мұхит сулары тереңдеген сайын, өзінің табиғаты мен тіршілік дүниесінің құпиясымен адамзатты таңдандыруда

5.Мұхиттағы тіршіліктің құпиялары ашылып болды деп ойлайсың ба? Толық ашылған жоқ

6.Мұхитта тіршіліктің болу себебі неліктен? Мұхитта тіршілік үшін қолайлы жағдайлар мен қоректік заттар жеткілікті болғандықтан

7.Мұхит суының барлық бөліктерінде тіршілік дамыған ба? Мұхит суының барлық бөліктерінде тіршілік дамыған

8.11022 метр тереңдікте тіршілік бар ма? Бар

9.Мұхиттың температурасы мен қысымы жоғары аудандарында да тіршілік бар ма? Иә, мұхиттың барлық бөліктерінде тіршілік бар

10.Дүниежүзілік мұхитта ұзындығы 200 м жететін не нәрсе? Теңіз балдырлары

11.Дүниежүзілік мұхитта салмағы 160 тоннаға жететін қандай жануар? Киттер

12.Ұзақ геологиялық уақыт аралығында мұхиттағы тіршілік мұхит суына қалай әсер етеді? Су массаларының қасиеттерін өзгертіп отырды

13.Судағы оттегі қандай күйде болады? Еріген күйде

14.Суға оттегі қайдан келеді? Судағы жасыл өсімдіктер бөліп шығарады

15.Мұхит суындағы оттегінің көбеюі қандай жағдайға әсер етеді? Оттегінің судағы мөлшері артса, ол ауаға шығу арқылы атмосфера құрамын өзгертеді

16.Неліктен мұхитты «тіршілік бесігі» деп атаймыз? Ауадағы оттегі мөлшерінің көбеюі теңіздегі тіршілік дүниесінің біртіндеп құрлыққа шығып, тіршілік етуіне мүмкіндік береді

17.Мұхиттағы тіршілік дүниесін қанша топқа бөлеміз? 3, планктон, нектон, бентос

18.Планктон дегеніміз не? Мұхиттағы тіршіліктің беткі қабаты

19.Дүниежүзілік мұхиттың планктон қабатында қандай тіршілік иелері таралған? Ағыстардың әсерінен еркін қозғала алатын алуан түрлі біржасушалы балдырлар, әр түрлі қарапайымдылар, ұсақ шаяндар, теңіз құрттары, ішек қуыстылар, бақалшақтар

20.Нектон дегеніміз не? Мұхит суындағы белсенді тіршілік қабаты

21.Дүниежүзілік мұхиттың нектон қабатында қандай тіршілік иелері таралған? Мұхитта еркін жүзе алатын балықтар, теңіз сүт қоректілері, теңіз жыландары мен тасбақалар, ірі моллюскалар

22.Бентос дегеніміз не? Мұхит түбінде бекініп тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қабаты

23.Дүниежүзілік мұхиттың бентос қабатында қандай тіршілік иелері таралған? Мұхит түбінде бекініп тіршілік ететін әр түрлі балдырлар, теңіз шөптері, тікен терілер, шаян тәрізділер, маржан полиптері

24.Жануарлар планктонының негізгі қорегі не? Өсімдіктер планктоны

25.Мұхиттағы тіршілік таралуы неге байланысты? Географиялық ендікке

26.Дүниежүзілік мұхиттың балыққа бай аудандары қай белдеуге сәйкес келеді? Қоңыржай белдеуге

27.Тропиктердегі таяз суларда не түзіледі? Рифтер мен атолдар

28.Тіршілік дүниесіне кедей белдеуді ата. Полярлық белдеу

29.Дүниежүзілік мұхит суларында жануарлар мен өсімдіктердің қанша түрлері бар? 150 мыңға жуық жануарлар, 15 мыңнан астам өсімдіктер түрлері

30.Дүниежүзілік мұхиттағы зерттеулер қалай жүргізіледі? Ғылым ментехниканың ең соңғы жетістіктерімен жабдықталған қуатты ғылыми-зерттеу кемелерінің, мұхит түбінде жұмыс істейтін арнайы автоматты стансалардың, сондай-ақ жасанды Жер серіктерінің көмегімен жүргізіледі

Сыни тұрғыдан сұрақтар

1.Мұхиттағы тіршілік әлемінің сыры ерте кезден-ақ белгілі болған. –

2.Мұхиттағы тіршіліктің құрлықтағы тіршіліктен айырмашылығы – мұхитта жануарлар ғана мекендесе, құрлықта өсімдіктер де, жануарлар да мекендейді.–

3.Адамдар мұхиттар мен теңіздердің тіршілік дүниесін өзінің тіршілігінде кеңінен пайдаланады. +

4.Мұхиттағы тіршілік дүниесі адамзатты таңдандырудан қалған. –

5.Мұхиттағы тіршіліктің құпиялары ашылып болған. –

6.Мұхитта тіршіліктің болуы мұхит суында тіршілікке қажетті қолайлы жағдайлар мен қоректік заттар жеткілікті. +

7.Мұхит суының барлық бөліктерінде тіршілік дамымаған. –

8.11022 метр тереңдіктегі Мариан шұңғымасында тіршілік жоқ. –

9.Температурасы мен қысымы жоғары аудандар тіршілікке қолайсыз болғандықтан, онда тіршілік дамымаған. –

10.Дүниежүзілік мұхитта ұзындығы 200 м жететін киттер кездеседі. –

11.Дүниежүзілік мұхитта салмағы 160 тоннаға жететін теңіз балдырлары бар. – 12.Ұзақ геологиялық уақыт аралығында мұхиттағы тіршілік мұхит суының қасиеттерін өзгертіп отырады. +

13.Судағы оттегі қатты күйде болады. –

14.Суға оттегі құрлықтан келеді. –

15.Мұхит суындағы оттегінің көбеюі теңіздегі тіршілік дүниесінің біртіндеп құрлыққа шығуына әсер етеді. +

16.Мұхиттағы оттегінің көбейіп, артық мөлшердегі оттегі атмосфераға таралуы себебіне байланысты мұхитты «тіршілік бесігі» деп атаймыз. +

17.Мұхиттағы тіршілік дүниесін 5 топқа бөлеміз. –

18.Планктон дегеніміз – мұхиттағы тіршіліктің беткі қабаты. +

19.Дүниежүзілік мұхиттың планктон қабатында аса ірі сүтқоректілер, ескекаяқтылар тіршілік етеді. –

20.Нектон дегеніміз – мұхиттағы тіршіліктің түпкі қабаты. –

21.Дүниежүзілік мұхиттың нектон қабатында балықтар, теңіз сүтқоректілері, теңіз жыландары мен тасбақалар тіршілік етеді. +

22.Бентос дегеніміз мұхиттағы тіршіліктің аралық қабаты. –

23.Дүниежүзілік мұхиттың бентос қабатында тікен терілер, маржан полиптері, шаян тәрізділер тіршілік етеді. +

24.Өсімдіктер планктонының негізгі қорегі жануарлар планктоны. –

25.Мұхиттағы тіршілік таралуы мұхит асты бедеріне байланысты. –

26.Дүниежүзілік мұхиттың балыққа бай ауданы – тропиктік белдеу. –

27.Тропиктердегі таяз суларда рифтер мен атолдар түзіледі. +

28.Экваторлық белдеу дүниежүзілік мұхиттағы тіршілік дүниесіне кедей аймақ. –

29.Дүниежүзілік мұхит суларында жануарлардың 15 мыңнан астам, өсімдіктердің 150 мыңға жуық түрлері бар. –

30.Дүниежүзілік мұхитта зерттеулер жүргізу аса маңызды емес. –


§11. Табиғат кешені

Тірек сөздер

1.Табиғат кешені 12.Компоненттері

2.Географиялық қабық 13.Күн сәулесі

3.Заңдылықтары 14.Табиғат процестері

4.Тұтастығы 15.Полярлық

5.Зат алмасу 16.Экватор маңы

6.Су айналымы 17.Аумақтық кешен

7.Ырғақтылығы 18.Шекара

8.Түрлері 19.Құрлық

9.Тәуліктік 20.Шаруашылық әрекеті

10.Жылдық 21.Антропогендік

11.Ірі кешен


Қиылыс сұрақтар

1.Табиғат кешені дегеніміз не? Өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір аймағы

2.Географиялық қабық дегеніміз не? Литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара күрделі байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын табиғат кешені

3.Географиялық қабықтың заңдылықтарын білу не үшін қажет? Айнала қоршаған табиғатқа нұқсан келтірмей, табиғат байлықтарын тиімді пайдалана білу үшін

4.Географиялық қабықтың заңдылықтарын ата. Тұтастығы, зат және қуат алмасуы, ырғақтылығы, зоналылығы

5.Географиялық қабықтың тұтастығын неден көруге болады? Оның құрамдас бөліктерінің өзара байланысы мен олардың бір-біріне тәуелділігінен

6.Географиялық қабықтың тұтастық заңдылығын білу не үшін керек? Шаруашылық үшін

7.Табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуы дегенді қалай түсінесің? Табиғат кешенінің бір компоненті өзгерсе табиғаттағы тепе-теңдік бұзылады, яғни экологиялық өзгеріске ұшырайды

8.Арал теңізі аймағындағы табиғат кешенінің бұзылуының себебі неде? Арал теңізіне құятын өзендердің суын тиімді пайдаланбаудан

9.Географиялық қабықта су айналымының атқаратын рөлі қандай? Маңызы зор

10.Географиялық қабықтағы компоненттердің өзара байланысы неге байланысты? Табиғатта тоқтаусыз жүріп жататын зат алмасуға байланысты

11.Зат алмасудың қозғаушы күштерін ата. Күннің қуаты мен Жердің ішкі қуаты

12.Зат алмасудың қарқынды жүруін тездететін не? Су, ауа, тіршілік дүниесінің әрекеті

13.Зат алмасудың тұйық болмауынан қандай процесс жүреді? Географиялық қабықтағы біртұтас зат пен қуаттың алмасуы

14.Ырғақтылықтың қандай түрлері бар? Тәуліктік және жыл ішіндегі ырғақтылық

15.Тәуліктік ырғақтылыққа не себепші болады? Жердің өз білігінен айналуы

16.Тәуліктік ырғақтылыққа мысал келтір. Күн мен түннің ауысуы, мұхит суының толысуы мен қайтуы, бриз желдерінің бағытын ауыстыруы, т.б.

17.Жыл ішіндегі ырғақтылықтың болу себебі неде? Жердің Күнді айналуына байланысты

18.Жыл ішіндегі ырғақтылыққа қандай жағдай мысал бола алады? Жыл мезгілдерінің ауысуы, өзендердегі су режимі, құстардың қайтуы, т.б.

19.Географиялық қабықтың ең ірі табиғат кешендерін ата. Материктер мен мұхиттар

20.Географиялық қабықтың компоненттері арасында байланыс бар ма? Әрине, олар бір-бірімен тығыз байланысты

21.Экватор маңында табиғат процестері неге анағұрлым тез жүреді? Жылу мен ылғалдың мол болуына байланысты

22.Құрлықтағы табиғат кешендері қанша уақытта қалыптасады? Ұзақ уақыт аралығында

23.Табиғат кешендерінің географиялық ендікке байланысты өзгеру себебі неде? Географиялық қабықта Күн сәулесінің әркелкі таралуына байланысты

24.Қай белдеуде табиғат процестері анағұрлым тез жүреді? Экваторлық

25.Полярлық ендіктерде табиғат процестерінің баяу жүруі неліктен? Жылу мен ылғалдың жеткіліксіздігінен

26.Табиғат кешені не себепті аумақтық табиғат кешеніне жіктеледі? Географиялық қабықтың ішкі айырмашылықтарына байланысты

27.Әрбір табиғат кешенінің өзіндік нақты шекарасы бар ма? Бар

28.Мұхиттағы және құрлықтағы табиғат кешендерінің бір-бірінен айырмашылығы бар ма? Иә, мұхиттағы табиғат компоненттерінің құрлықтағы табиғат компоненттерінен айырмашылығы бар. Әрі мұхитта тереңдікке байланысты ажыратылатын табиғат кешендері де бар

29.Адамның шаруашылық әрекеті мен табиғат кешенінің арасында байланыс бар ма? Табиғат кешендерінің барлығы да әр түрлі дәрежеде адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне ұшырауда

30.Антропогендік табиғат кешені дегеніміз не? Адам әрекеті нәтижесінде күшті өзгеріске ұшыраған табиғат кешендері (адам қолдан жасаған)

Сыни тұрғыдан сұрақтар

1.Табиғат кешені дегеніміз – Жер қыртысының дамуы. –

2.Географиялық қабық дегеніміз – мұхиттар мен материктердің жер бедері. –

3.Географиялық қабықтың заңдылықтарын білу – айнала қоршаған табиғатқа нұқсан келтірмей, табиғат байлықтарын тиімді пайдалана білуге мүмкіндік береді. +

4.Географиялық қабықтың заңдылықтарына тұтастығы, зат және қуат алмасуы, ырғақтылығы, зоналылығы жатады. +

5.Географиялық қабықтың тұтастығын құрылымынан көруге болады. –

6.Географиялық қабықтың тұтастық заңдылығын білу картамен жұмыс істеу үшін керек. –

7.Табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуы деген табиғаттың бір компонентіне кері әсер ету арқылы толық табиғат кешенін өзгерту. +

8.Арал теңізі аймағындағы табиғат кешенінің бұзылуының себебі климаттың өзгеруінде. –

9.Географиялық қабықта су айналымының атқаратын рөлі аса маңызды емес. –

10.Географиялық қабықтағы табиғат компоненттерінің өзара байланысы жоқ. –

11.Зат алмасудың қозғаушы күштері Күн қуаты мен Жердің ішкі қуаты. +

12.Зат алмасудың қарқынды жүруін тездететін табиғат кешені. –

13.Зат алмасудың тұйық болмауынан географиялық қабықтың дамуы жүреді. +

14.Ырғақтылық түрлері сағаттық, тәуліктік, айлық деп бөлінеді. –

15.Жердің Күнді айналуы тәуліктік ырғақтылыққа себеп болады. +

16.Тәуліктік ырғақтылыққа жыл мезгілдерінің алмасуы жатады. –

17.Жердің өз білігінен айналуы жыл ішіндегі ырғақтылықты тудырады. –

18.Жыл ішіндегі ырғақтылыққа күн мен түннің алмасуы жатады. –

19.Географиялық қабықтың ең ірі табиғат кешендері – ормандар мен тоғайлар.–

20.Географиялық қабықтың компоненттері арасында байланыс болмайды. –

21.Табиғат процестердің экватор маңында тез жүруінің себебі, полюстерден алыс жатуына байланысты. –

22.Құрлықтағы табиғат кешендері ұзақ уақыт аралығында қалыптасады. +

23.Жер бетіне Күн сәулесінің әркелкі түсетіндіктен табиғат кешендері географиялық ендікке байланысты өзгереді. +

24.Қоңыржай ендіктерде табиғат процестері анағұрлым тез жүреді. –

25.Полярлық ендіктерде табиғат процестерінің баяу жүруі жылу мен ылғалдың молдығына байланысты. –

26.Табиғат кешені жер бедері мен мұхиттардан алыс-жақындығына байланысты аумақтық табиғат кешендеріне жіктеледі. +

27.Әрбір табиғат кешенінің өзіндік нақты шекарасы жоқ. –

28.Мұхиттық табиғат кешендері құрлықтағы табиғат кешендерінен айырмашылық жасайды. +

29.Адам өзінің шаруашылық әрекетінде табиғат кешенімен ешқандай байланыс жасамайды. –

30.Антропогендік табиғат кешені дегеніміз – табиғат кешенінің табиғи күйде сақталып қалуы. –


§12. Географиялық зоналылық

Тірек сөздер

1.Географиялық зоналылық 8.Ендік зоналылық

2.Алуан түрлілігі 9.Биік таулар

3.Заңдылық 10.Биіктік белдеу

4.Зоналылық 11.1000 м

5.Табиғат зоналары 12.Ерекшеліктері

6.Атауы 13.Сипаты

7.Климаттық белдеулер 14.Айырмашылығы


Қиылыс сұрақтар

1.Жер шарының табиғат кешендері бір-бірінен қалай ерекшеленеді? Алуан түрлілігімен

2.Табиғат кешендерінің алуан түрлілігіне мысал келтір. Аптапты ыстық шөлдер, мұз құрсауында жатқан аудандар, мәңгі жасыл ормандар мен ми батпақтар, т.б.

3.Табиғат кешендерін құрайтын табиғат компоненттері неге сәйкес өзгереді? Экватордан полюстерге қарай географиялық зоналылық заңдылығына сәйкес

4.Географиялық зоналылық заңдылығы неге байланысты болады? Күн сәулесінің әркелкі таралуына

5.Құрлықтағы зоналылық неге тәуелді? Жылу мен ылғалдың арақатынасына

6.Сырт көзбен қарағанда табиғат зоналарының қай компоненті бір-бірінен айырмашылық жасайтындығы бірден байқалады? Өсімдік жамылғысы

7.Құрлықтағы табиғат зоналарының аттары неге сәйкес келеді? Өсімдік сипатына

8.Құрлықтағы табиғат зоналарының аттары өсімдік жамылғысына сәйкес келуінің себебі неде? Сырт көзбен қарағанда табиғат зоналарының өсімдік жамылғысы бір-бірінен айырмашылық жасайтындығы бірден байқалатындықтан

9.Мұхиттарда табиғат зонасының экватордан полюстерге қарай өзгеруінің себебі неде? Себебі, мұхиттарда да судың температурасы, тұздылығы, химиялық құрамы, тіршілік дүниесі экватордан полюстерге қарай өзгереді

10.Мұхиттағы табиғат зоналары құрлықтағы табиғат зоналарынан қандай айырмашылық жасайды? Мұхиттардағы зоналар құрлықтағы сияқты айқын ажыратылмайды.

11.Мұхиттағы табиғат зоналарының аттары неге сәйкес, қалай аталады? Географиялық орнына сәйкес, климаттық белдеулердің атымен аталады

12.Табиғат зоналарының орналасуы тағы немен тікелей байланысты? Климаттық белдеулермен

13.Ендік зоналылық заңдылығы дегеніміз не? Күн сәулесінің түсу бұрышының азаюы мен ылғалданудың әркелкілігіне байланысты табиғат зоналарының экватордан полюстерге қарай алмасуы

14.Ендік зоналылықты не себепті негізгі заңдылық дейміз? Зоналылық аумағына қарамастан, барлық табиғат кешендерінде кездесетіндіктен

15.Табиғаттағы зоналылық тек жазық жерлерде байқала ма? Жоқ, биік тауларда да байқалады

16.Таудағы табиғат кешендері қай бағытта өзгереді? Таудың етегінен биік шыңдарына дейін

17.Таудағы табиғат кешендері не себепті өзгереді? Биіктеген сайын тауда температура мен қысымның өзгеруіне байланысты

18.Биіктік белдеу деген не? Таудағы табиғат зоналарының биіктікке байланысты алмасуы

19.Таулардағы биіктік белдеулер жазықтағы зоналарға қарағанда қалай алмасады? Тезірек алмасады

20.Таулардағы биіктік белдеулердің жазықтағы зоналарға қарағанда тезірек алмасатынын байқау үшін қанша метр биіктікке көтерілу жеткілікті? 1000 м-ге көтерілу жеткілікті

21.Егер тау тайга зонасында орналасса, ол таудан қай табиғат зоналарын көруге болады? Тайга, таулы тундра, мәңгі қар мен мұздықтар

22.Егер тау экваторға жақын орналасса, әрі тау биік болса нені байқаймыз? Ылғалды экваторлық ормандардан бастап таудың биіктігіне байланысты бірнеше табиғат зоналарын кездестіреміз

23.Әрбір табиғат кешенінің жеке өзіне ғана қатысты қандай сипаты болады? Әр материктің бірдей ендікте жатқан табиғат зоналары ерекшелік жасауы мүмкін

24.Еуразияның қоңыржай белдеуіндегі орман зоналарының бір-біріне ұқсамау себебі неде? Материктің көлеміне, даму тарихына, жер бедеріне, климат жағдайына байланысты

25.Әр материктегі табиғат зоналарының ерекшеліктері неге байланысты қалыптасады? Материктің пішініне, көлеміне, даму тарихына, жер бедеріне, климат жағдайына байланысты


Сыни тұрғыдан сұрақтар

1.Жер шарының табиғат кешендері бір-бірінен ерекшеленбейді. –

2.Табиғат кешендерінің алуан түрлілігіне ыстық шөлдер, ми батпақ, ну орман, биік таулар, кең байтақ жазықтар мысал бола алады. +

3.Табиғат кешендерін құрайтын табиғат компоненттері батыстан шығысқа қарай географиялық зоналылық заңдылығына сәйкес өзгереді. –

4.Географиялық зоналылық заңдылығының Күн сәулесінің жер бетіне әркелкі таралуына қатысы жоқ. –

5.Құрлықтағы зоналылық жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. +

6.Сырт көзбен қарағанда табиғат зоналарының жануарлар дүниесі бір-бірінен айырмашылық жасайтындығы бірден байқалады. –

7.Құрлықтағы табиғат зоналарының аттары жануарлар дүниесінің аттарына сәйкес келеді. –

8.Құрлықтағы табиғат зоналарының аттары өсімдік жамылғысына сәйкес келуінің себебі – сырт көзбен қарағанда табиғат зоналарының өсімдіктер дүниесі бір-бірінен айырмашылық жасайтындығы бірден байқалатындықтан. +

9.Мұхиттарда табиғат зонасының экватордан полюстерге қарай өзгеруінің себебі, мұхит суының температурасы, тұздылығы, судың химиялық құрамы, тіршілік дүниесінің өзгеруінде. +

10.Мұхиттағы табиғат зоналары құрлықтағы табиғат зоналарына қарағанда айқын ажыратылады. –

11.Мұхиттағы табиғат зоналары да өсімдік жамылғысына сәйкес, өсімдіктердің аттарымен аталады. -

12.Табиғат зоналарының орналасуы климаттық белдеулермен тікелей байланысты. +

13.Ендік зоналылық заңдылығы дегеніміз – табиғат зоналарының Күн сәулесінің түсу бұрышының азаюы мен ылғалданудың әркелкілігіне байланысты экватордан полюстерге қарай бірін-бірі алмастыруы. +

14.Ендік зоналылықты негізгі заңдылық дейтін себебіміз, барлық табиғат кешендерінде кездеспейтіндіктен. –

15.Табиғаттағы зоналылық тек жазық жерлерде байқалады. –

16.Таудағы табиғат кешендері ендік бағытта өзгереді. –

17.Таудағы табиғат кешендерінің өзгеру себебі, төменнен жоғарылаған сайын тауларда температура мен қысымның төмендеуіне, таулардағы жарық пен ылғалдың әртүрлілігіне байланысты. +

18.Биіктік белдеу деген табиғат зоналарының Күн сәулесінің түсу бұрышының азаюы мен ылғалданудың әркелкілігіне байланысты экватордан полюстерге қарай бірін-бірі алмастыруы. –

19.Таулардағы биіктік белдеулер жазықтағы зоналарға қарағанда тезірек алмасады. +

20.Таулардағы биіктік белдеулердің жазықтағы зоналарға қарағанда тезірек алмасатынын байқау үшін 500 метр биіктікке көтерілу жеткілікті. –

21.Егер тау тайга зонасында орналасса, ол таудан ылғалды экваторлық ормандар, саванналар мен сирек ормандар табиғат зоналарын көруге болады. –

22.Егер тау экваторға жақын орналасса, ол таудан ылғалды экваторлық ормандардан бастап таудың биіктігіне байланысты бірнеше табиғат зоналарын кездестіреміз. +

23.Әрбір табиғат кешенінің жеке өзіне ғана қатысты ешқандай сипаты болмайды. –

24.Еуразияның қоңыржай белдеуіндегі орман зоналарының бір-біріне ұқсамау себебі, бұл белдеудің енді, әрі көлемді жерді алып жатуына байланысты. +

25.Әр материктегі табиғат зоналарының ерекшеліктері тек жер бедеріне ғана байланысты қалыптасады. –

Оқушылар нені білуі керек:

  • Материктер табиғатының басты белгілері, географиялық орны, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер;

  • әрбір табиғат компонентінің ерекшеліктері және олардың материктердегі орналасу заңдылықтары;

  • материктердегі ірі аймақтардың құрылымы мен елдердің орналасу заңдылықтары, халқының құрамы, аса ірі мемлекеттерінің ерекшеліктері.


Оқушылардың іскерлік дағдысы:

  • жоспар бойынша материктің географиялық орнына сипаттама беру;

  • кескін картамен жұмыс жасай білу;

  • картаны пайдалана отырып, климаттық белдеулерге сипаттама беру;

  • номенклатура жаттап, тапсыра алу.


Краткое описание документа:

                                           §11. Табиғат кешені

                                                 Тірек сөздер

                           1.Табиғат кешені           12.Компоненттері

                           2.Географиялық қабық 13.Күн сәулесі

                           3.Заңдылықтары       14.Табиғат процестері

                           4.Тұтастығы                   15.Полярлық

                           5.Зат алмасу                   16.Экватор маңы

                           6.Су айналымы              17.Аумақтық кешен

                           7.Ырғақтылығы            18.Шекара 

                           8.Түрлері                        19.Құрлық

                           9.Тәуліктік       20.Шаруашылық әрекеті

                         10.Жылдық                      21.Антропогендік

                         11.Ірі кешен                                      

 

                                            Қиылыс сұрақтар

1.Табиғат кешені дегеніміз не?  Өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір аймағы

2.Географиялық қабық дегеніміз не?  Литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара күрделі байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын табиғат кешені

3.Географиялық қабықтың заңдылықтарын білу не үшін қажет? Айнала қоршаған табиғатқа нұқсан келтірмей, табиғат байлықтарын тиімді пайдалана білу үшін

4.Географиялық қабықтың заңдылықтарын ата. Тұтастығы, зат және қуат алмасуы, ырғақтылығы, зоналылығы

5.Географиялық қабықтың тұтастығын неден көруге болады?  Оның құрамдас бөліктерінің өзара байланысы мен олардың бір-біріне тәуелділігінен

6.Географиялық қабықтың тұтастық заңдылығын білу не үшін керек?  Шаруашылық үшін

7.Табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуы дегенді қалай түсінесің?  Табиғат кешенінің бір компоненті өзгерсе табиғаттағы тепе-теңдік бұзылады, яғни экологиялық өзгеріске ұшырайды

8.Арал теңізі аймағындағы табиғат кешенінің бұзылуының себебі неде?  Арал теңізіне құятын өзендердің суын тиімді пайдаланбаудан

9.Географиялық қабықта су айналымының атқаратын рөлі қандай?  Маңызы зор

10.Географиялық қабықтағы компоненттердің өзара байланысы неге байланысты?  Табиғатта тоқтаусыз жүріп жататын зат алмасуға байланысты

11.Зат алмасудың қозғаушы күштерін ата.  Күннің қуаты мен Жердің ішкі қуаты

12.Зат алмасудың қарқынды жүруін тездететін не?  Су, ауа, тіршілік дүниесінің әрекеті

13.Зат алмасудың тұйық болмауынан қандай процесс жүреді? Географиялық қабықтағы біртұтас зат пен қуаттың алмасуы

14.Ырғақтылықтың қандай түрлері бар?  Тәуліктік және жыл ішіндегі ырғақтылық

15.Тәуліктік ырғақтылыққа не себепші болады?  Жердің өз білігінен айналуы

16.Тәуліктік ырғақтылыққа мысал келтір.  Күн мен түннің ауысуы, мұхит суының толысуы мен қайтуы, бриз желдерінің бағытын ауыстыруы, т.б.

17.Жыл ішіндегі ырғақтылықтың болу себебі неде? Жердің Күнді айналуына байланысты

18.Жыл ішіндегі ырғақтылыққа қандай жағдай мысал бола алады?  Жыл мезгілдерінің ауысуы, өзендердегі су режимі, құстардың қайтуы, т.б.

19.Географиялық қабықтың ең ірі табиғат кешендерін ата.  Материктер мен мұхиттар

20.Географиялық қабықтың компоненттері арасында байланыс бар ма?  Әрине, олар бір-бірімен тығыз байланысты

21.Экватор маңында табиғат процестері неге анағұрлым тез жүреді? Жылу мен ылғалдың мол болуына байланысты

22.Құрлықтағы табиғат кешендері қанша уақытта қалыптасады?  Ұзақ уақыт аралығында

23.Табиғат кешендерінің географиялық ендікке байланысты өзгеру себебі неде?  Географиялық қабықта Күн сәулесінің әркелкі таралуына байланысты      

24.Қай белдеуде табиғат процестері анағұрлым тез жүреді? Экваторлық

25.Полярлық ендіктерде табиғат процестерінің баяу жүруі неліктен?  Жылу мен ылғалдың жеткіліксіздігінен

26.Табиғат кешені не себепті аумақтық табиғат кешеніне жіктеледі? Географиялық қабықтың ішкі айырмашылықтарына байланысты

27.Әрбір табиғат кешенінің өзіндік нақты шекарасы бар ма?  Бар

28.Мұхиттағы және құрлықтағы табиғат кешендерінің бір-бірінен айырмашылығы бар ма?  Иә, мұхиттағы табиғат компоненттерінің құрлықтағы табиғат компоненттерінен айырмашылығы бар. Әрі мұхитта тереңдікке байланысты ажыратылатын табиғат кешендері де бар

29.Адамның шаруашылық әрекеті мен табиғат кешенінің арасында байланыс бар ма?  Табиғат кешендерінің барлығы да әр түрлі дәрежеде адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне ұшырауда

30.Антропогендік табиғат кешені дегеніміз не? Адам әрекеті нәтижесінде күшті өзгеріске ұшыраған табиғат кешендері (адам қолдан жасаған)

                                          Сыни тұрғыдан сұрақтар

1.Табиғат кешені дегеніміз – Жер қыртысының дамуы. –

2.Географиялық қабық дегеніміз – мұхиттар мен материктердің жер бедері. –

3.Географиялық қабықтың заңдылықтарын білу – айнала қоршаған табиғатқа нұқсан келтірмей, табиғат байлықтарын тиімді пайдалана білуге мүмкіндік береді. +

4.Географиялық қабықтың заңдылықтарына тұтастығы, зат және қуат алмасуы, ырғақтылығы, зоналылығы жатады. +

5.Географиялық қабықтың тұтастығын құрылымынан көруге болады. –

6.Географиялық қабықтың тұтастық заңдылығын білу картамен жұмыс істеу үшін керек. –

7.Табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуы деген табиғаттың бір компонентіне кері әсер ету арқылы толық табиғат кешенін өзгерту. +

8.Арал теңізі аймағындағы табиғат кешенінің бұзылуының себебі климаттың өзгеруінде. –

9.Географиялық қабықта су айналымының атқаратын рөлі аса маңызды емес. –

10.Географиялық қабықтағы табиғат компоненттерінің өзара байланысы жоқ. –

11.Зат алмасудың қозғаушы күштері Күн қуаты мен Жердің ішкі қуаты. +

12.Зат алмасудың қарқынды жүруін тездететін табиғат кешені. –

13.Зат алмасудың тұйық болмауынан географиялық қабықтың дамуы жүреді. +

14.Ырғақтылық  түрлері сағаттық, тәуліктік, айлық деп бөлінеді. –

15.Жердің Күнді айналуы тәуліктік ырғақтылыққа себеп болады. +

16.Тәуліктік ырғақтылыққа жыл мезгілдерінің алмасуы жатады. –

17.Жердің өз білігінен айналуы жыл ішіндегі ырғақтылықты тудырады. –

18.Жыл ішіндегі ырғақтылыққа күн мен түннің алмасуы жатады. –

19.Географиялық қабықтың ең ірі табиғат кешендері – ормандар мен тоғайлар.–

20.Географиялық қабықтың компоненттері арасында байланыс болмайды. –

21.Табиғат процестердің экватор маңында тез жүруінің себебі, полюстерден алыс жатуына байланысты. –

22.Құрлықтағы табиғат кешендері ұзақ уақыт аралығында қалыптасады. +

23.Жер бетіне Күн сәулесінің әркелкі түсетіндіктен табиғат кешендері географиялық ендікке байланысты өзгереді. +        

24.Қоңыржай ендіктерде табиғат процестері анағұрлым  тез жүреді. –

25.Полярлық ендіктерде табиғат процестерінің баяу жүруі жылу мен ылғалдың молдығына байланысты. –

26.Табиғат кешені жер бедері мен мұхиттардан алыс-жақындығына байланысты аумақтық табиғат кешендеріне  жіктеледі. +

27.Әрбір табиғат кешенінің өзіндік нақты шекарасы жоқ. –

28.Мұхиттық табиғат кешендері құрлықтағы табиғат кешендерінен айырмашылық жасайды. +

29.Адам өзінің шаруашылық әрекетінде табиғат кешенімен ешқандай байланыс жасамайды. –

 

30.Антропогендік табиғат кешені дегеніміз – табиғат кешенінің табиғи күйде сақталып қалуы. –

Автор
Дата добавления 20.02.2015
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров5484
Номер материала 401205
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх