Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / 7 сыныпқа арналған сынып сағат жоспары Тақырыбы: Ұлы Абай,дана Абай, дара Абай қазақта

7 сыныпқа арналған сынып сағат жоспары Тақырыбы: Ұлы Абай,дана Абай, дара Абай қазақта


библиотека
материалов

Ұлы Абай,дана Абай,дара Абай қазақта

Сабақтың мақсаты: 1) Ұлы ақынның тұлғалық касиетінің қалыптасуымен, өмірі және шығармашылығымен танысу.

2) Оқушыларды Абай ақын жөнінде білімдерін кеңейтуге,

шығармашылыққа,ізденушілікке тарту.

3) Ұлылық,даналық,даралық қасиеттерге ұмтылуға,имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап,көрініс,іздену т.б.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,ақынның портреті,слайд

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі:

2) Ақын өмірі мен шығармашылығын таныстыру.

3) Абай аудармалары

4) «Бала Абай» көрініс

5) Абайдың өлеңдерін (мәнерлеп оқу) , әндері

6) Абайдың қара сөздері ,шағын пікірлесу өткізу

7) Абайдың нақыл сөздері

Мұғалім: Алыстан сермеп

Жүректі тербеп,

Шымырлап бойға жайылған.

Қиядан шауып

Қисынын тауып

Тағына жетіп қайырған.

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл - деп бүгінгі тәрбие сағатымызды бастаймыз.Оқушылар бұл кімнің өлеңі?Әрине Абай атамыздың өлеңі.Ендеше Абай кім?

Топтастыру.Әрбір оқушы атап шығады.

Ұстаз

Аудармашы

Сазгер

Ұлы ақын

hello_html_m4b301528.png





Тлеумаганбетова Жанар: Қашан бір бала ғылым-білімді махаббат пен көксерлік болса сонда ғана оның аты адам болады.(Абай)


(Абайдың өмірі мен шығармашылығын таныстырады)


Хожанепесов Бекзат: Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели... қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс. – (Қайсын Кулиев)


Тлеумаганбетова Ж: Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз.

Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс. – деп елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай кезекті Абай аудармаларына береміз.


Хожанепесов Бекзат: ...әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш Абай сөзі, Абай аты боларға керек... Бәлки, мұнан кейін Абайдан үздік артық ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғарғы, ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай. – деп Міржақып Дулатов айтқандай, келесі кезек оқушылырымыз дайындаған «Бала Абай» көрінісіне береміз.


Хожанепесов Бекзат:

Білімді сол кісіден ізденелік!

«Әдейі іздеп біз келдік сізге»делік.

«Өмір зая болмастық өнер үйрет,

Ақылыңды аяма бізге»делік.


Тлеумаганбетова Ж: Қуат алып Абайдың тіл-күшімен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден. – .


Бақпен асқан патшадан

Мимен асқан қара артық.

Сақалын сатқан кәріден

Еңбегін сатқан бала артық.

-дей отырып кезекті Абай өлеңдерін(мәнерлеп) оқуға береміз





Тлеумаганбетова Жанар: Білімдіден аяман сөздің майын,

Алты өлеңмен білдірдім әннің жайын.

Ездің басы қаңғырсын,ердің көңілі

Жаңғырсын деп ойладым айтқан сайын.

Көкірегінде оты бар ойлы адамға

Бұл сөзімнің суреті тұрар дайын.


Хожанепесов Бекзат: Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйлі

Тыңдағанда көңілдің әсері бар.

Келесі кезек Абай әндері.


(Көзімнің қарасы) әнін орындайтын Сағынбаева Л.

Ән шашу. Абайдың «Сегіз аяқ» әнін бейнеклип арқылы тыңдыңдату.


Хожанепесов Бекзат:

Өлді деуге бола ма,

Ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына

сөз қалдырған. –деп Абай атамыз айтқандай, кезекті Абайдың қара сөздеріне береміз.


Тлеумаганбетова Ж:

Қуат алып Абайдың

тіл – күшінен,

Жыр жазамын Абайдың

үлгісімен.

Абай болып табынсам

бір кісіге,

Абай болып түңілем,

бір кісіден.

Мұқағали Мақатаев







Хожанепесов Б: Толғауы тоқсан

қызыл тіл

Сөйлеймін десең

өзің біл.

Өткірдің жүзі,

кестенің бізі

өрнегін сендей

сала алмас .

Келесі кезекті қарасөздерден, жиырма тоғызыншы сөзінен алған тағылым,үлгі алу мақсатында «Ата-анадан тәтті жоқ» тақырыбына шағын пікірлесу өткізу.



Тлеумаганбетова Ж:

Білгенге маржан,

білмеске арзан,

надандар бәһра

ала алмас.

Қиналма бекер,

тіл мен жақ,

Көңілсіз құлақ –

ойға олақ... дей отырып кезекті Абайдың ( достық,еңбек,адам,тіл мен сөз,білім мен ғылым) туралы айтқан нақыл сөздеріне береміз.


Хожанепесов Б:

Тлеумаганбетова Ж: Біреулерге болғанымен айдала,

Басын иіп тәу етеді бар дана.

Ұлы Абайды дүниеге әкелген

Құдіретіңнен айналайын сардала!-дей отырып бүгінгі Ұлы Абай,дана Абай,дара Абай атты ашық сынып сағатымызды аяқтаймыз! Қош сау болыңыздар!






«№8 жалпы білім беру орта мектеп» КММ











Ашық сынып сағаты.

Тақырыбы: Ұлы Абай,дана Абай, дара Абай қазақта

7 «Г» Сынып:

Сынып жетекшісі: Мухамедова К.

29.01.2015ж





hello_html_m5e0931ba.png



Атымды адам қойған соң,

Қайтіп надан болайын...

(Абай)

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты: 1) Ұлы ақынның тұлғалық касиетінің қалыптасуымен, өмірі және шығармашылығымен танысу.

2) Оқушыларды Абай ақын жөнінде білімдерін кеңейтуге,

шығармашылыққа,ізденушілікке тарту.

3) Ұлылық,даналық,даралық қасиеттерге ұмтылуға,имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап,көрініс,іздену т.б.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,ақынның портреті,слайд

Сабақтың барысы:1) Ұйымдастыру кезеңі:

2) Ақын өмірі мен шығармашылығын таныстыру.

3) Абай аудармалары

4) «Бала Абай» көрініс

Общая информация

Номер материала: 386794

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG