Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Рабочие программы / 9 сыныпқа арналған Геометрия пәнінен курстық бағдарлама « Планиметрия есептерін шығару практикумы »
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Математика

9 сыныпқа арналған Геометрия пәнінен курстық бағдарлама « Планиметрия есептерін шығару практикумы »

библиотека
материалов

Қызылжар орта мектебі







9 сыныпқа арналған

Геометрия пәнінен курстық

бағдарлама




Тақырыбы « Планиметрия есептерін шығару практикумы »












Құрастырған Ақсу ауданы Қызылжар орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі Жұпан Алданыш









«Планиметрия есептерін шығару практикумы»

Түсінік хат

Бүгінгі таңда азаматтардың жоғары индустриялды және ақпараттық қоғамға қарқынды түрде өтуіне байланысты өркениеттің бет-бейнесі тұтастай өзгеруде. осы кезеңде білім беру үрдісі де түйінді мәселеге айналып отыр.

Қазақстандағы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қазақ мемлекеттілігінің құрылу кезеңінен бастап ұзақ уақыт бойы елдегі болып жатқан саяси-әлеуметтік және мәдени өзгерістерінің көрсеткіші болып табылады. Белгілі бір кезеңдердегі болып жатқан білім беру үрдістеріндегі объективтік көріністерінің қажеттілігі қазіргі отандық тарихи-педагогикалық ғылымда пісіп жетілген.

Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.

Математикалық білім беру мазмұнының жаңарту мәселесі туындауынан, ғылыми техникалық прогресс, ғылымның басқа салаларының дамуы жаратылыстану ғылымның құрылымын анықтау үшін математиканың білім алу ерекшеліктеріне қызығуды арттыруда математиканың орасан зор маңызы бар.

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытып, математикаға қызығушылығын арттыру мақсатында жаратылыстану-математикалық бағытында оқитын 9-сынып оқушыларына құрылған курстың тақырыбы «Планиметрия есептерін шығару практикумы» деп аталады.

Геометриялық есептерді шығару барысында 3 негізгі әдіс қолданылады:

  1. Геометриялық. Мұнда белгілі теоремалардың ішінен талап етілген тұжырымдама логикалық ойлау арқылы шығарылады.

  2. Алгебралық. Ізделінді геометриялық шаманы геометриялық фигуралардың арасындағы тәуелділікті пайдалана отырып және теңдеу құру арқылы шешу.

  3. Аралас. Есеп шығару барысында геометриялық та, алгебралық әдістер та пайдаланылады.

Қай әдісті қолдансақ та теоремаларды білу керек және оларды есеп шығару барысында қолдана білу қажет.

Бұл курстың тиімділігі – оқушыларды геометриялық есептер шығаруға үйретеді. Мысалы, үшбұрыштың медианасын, биіктігін, биссектрисасын және үшбұрышқа іштей, сырттай сызылған шеңбердің радиусын табу.

Геометриялық есептерді шығарудың алғашқы және маңызды кезеңі – есепетің суретін сала білу . Суреті бойынша берілгені мен ізделінді шаманы табу.

Сонымен, геометриялық есептерді шығара білу үшін суретін салып, шығару әдісін, геометриялық фактілер мен теоремаларды білу, есептер қорының жеткілікті болуы керек.

Курстың материалы тақырыптарға бөлінген және геометриялық фигуралардың түрлері бойынша жүйеленген.

Ұсынылған есептердің қиындық деңгейі әртүрлі, бірақ әдістемелік жағынан мұғалімге пайдалы.

«Планиметрия есептерін шығару практикумы» курсы негізінде және математика пәні бойынша орта білім стандартына сәйкес жасалған. Бұл бағдарламаны жасау барысында элективті курс білім берудің компоненті ретінде танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға және танымдық, практикалық әрекеттердің жаңа түрлерін қалыптастыруға бағытталғандығы ескерілді.

Көп ғасырлар бойы геометрия математиканың ғана емес, басқа да ғылымдардың даму көзі ретінде қызмет етіп келді. Математиканың ойлау заңдары геометрия арқылы қалыптасты. Көптеген геометриялық есептер жаңа ғылыми бағыттардың пайда болуына әсер етті. Керісінше, көптеген ғылыми мәселелер геометриялық әдістер арқылы шешілді. Қазіргі ғылымды геометриясыз және оның жаңа бөлімдерінсіз елестету мүмкін емес. Мысалы, топология, дифференциалдық геометрия, графтар теориясы, компьютерлік геометрия және т.б. оқушылардың математикалық білім алуында геометрияның алатын рөлі орасан зор.

Сонымен, геометриялық білім жалпы мәдениеттің маңызды элементі болып табылады. Геометриядан есептеу шығарып үйрену алгебрадан қарағанда қиын.

Курстың мазмұны жаңа бағдарлама бойынша мектептегі математиканы оқыту тұжырымдамасының негізгі элементтерін жүзеге асыру принциптерін сақтай отырып жазылды.

Курстың тақырыптары 3 тарауға бөлінген: үшбұрыштар, төртбұрыштар және шеңбер. Әр тараудың тақырыптарынан кейін жаттығулар берілген. жаттығуларға дәлелдеулер мен оқушыларды тереңдете ойлауға жетелейтін тапсырмалар мен есептер енгізілген.

Осы курс оқушылардың планиметриялық есептерді шығарудың стандартты емес әдістерімен танысуына мүмкіндік береді және интеллектуалдық қабылдау, жаңа ақпататты меңгеру қабілетін, логикалық ойлау тәуелсіздігі сияқты қасиеттердің дамуына және қалыптасуына әсер етеді. ҰБТ-да геометриядан кездесетін есептерді шығаруға көмектеседі.

















Курстың мақсаты:

  • оқушылардың планиметрияның негізгі бөлімдері бойынша білімдерін жалпылау және жүйелеу;

  • оқушыларды планиметриялық есептерді шығарудың кейбір әдіс-тәсілдерімен және мысалдарымен таныстыру;

  • оқушыларың алған білімдерін стандартты емес есептерді шығаруда қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;


Курстың міндеті:

  • оқушылардың білімін есептерде кездесетін қолданбалы теоремаларымен толықтыру;

  • оқушыларда планиметриялық есептерді шығарудың әдіс-тәсілдері туралы білімдерін кеңейтіп, тереңдету;

  • интеллектуалдық біліктерін еркін қолдану деңгейінде меңгеруге көмектесу;

  • оқушылардың геометрияға деген қызығушылықтарын және оң мотивациясын дамыту.


Осы курсты оқып шығу нәтижесінде оқушылар білуі тиіс:

  • теорииялық білімін нақты және дәлме-дәл жеткізу және есеп шығару барысында өз ойларын жеткізе білу;

  • дәлелдеуге, салуға арналған есептерді еш қиындықсыз шеше білу;

  • геометриялық есептерді шығаруда алгебра және тригонометрия аппаратын қолдана білу;

  • есеп шығаруда геометриялық түрлендірулер қасиеттерін қолдана білу.












Тақырыптық - оқу жоспары


9 сынып


тақырыбы

сағат саны

1-2

Үшбұрыштар . Тік бұрышты үшбұрыштардағы метрикалық қатынастар.


2

3-4

Медиана, биіктік және биссектриса қасиеттері.

2


5-6

Кез келген үшбұрыштардағы метрикалық қатынастар.


2

7-9

Үшбұрыштардың ауданы.


3

10-12

Параллелограмм қасиеттері, ауданы

3

13-15

Трапеция ауданы, орта сызығы

3

16-17

Төртбұрыштарға есептер шығару

2

18-19

Фалес теоремасы


2

20-21

Пифагор теоремасы

2

22-23

Тест тапсырмалары

2

24-25

Шеңберлер

2

26-28

Шеңбер мен үшбұрыш

3

29-31

Шеңбер мен төртбұрыш

3

32

Бақылау жұмысы

1

33-34

Қорытынды сабақ

2


барлығы

34








Оқу курсы тақырыптарының мазмұны


9 сынып


  • Үшбұрыштар.Тік бұрышты үшбұрыштардағы метрикалық қатынастар.

  • Медиана, биіктік және биссектриса қасиеттері.

  • Кез келген үшбұрыштардағы метрикалық қатынастар.

  • Үшбұрыштардың ауданы.

  • Параллелограмм қасиеттері, ауданы

  • Трапеция ауданы, орта сызығы

  • Төртбұрыштарға емептер шығару

  • Фалес теоремасы , Пифагор теоремасы

  • Шеңберлер

  • Шеңбер мен үшбұрыш

  • Шеңбер мен төртбұрыш





























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Атанасян Л.С. и др. Геометрия 7-9 кл.: М. Просвещение, 1996

  2. Математика. Большой справочник для школьников и поступающих в вузы

  3. Погорелов А.В.. Геометрия. Учебник для 7-11кл. Средней школы

  4. Шарыгин, И.Ф. Геометрия. 9-11 кл М: дрофа

  5. Энциклопедический словарь юного математика































Краткое описание документа:

Курстың  мақсаты:

·        оқушылардың планиметрияның негізгі бөлімдері бойынша білімдерін жалпылау және жүйелеу;

·        оқушыларды планиметриялық есептерді шығарудың кейбір  әдіс-тәсілдерімен және мысалдарымен таныстыру;

·        оқушыларың алған білімдерін стандартты емес есептерді шығаруда қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;

 

Курстың  міндеті:

·        оқушылардың білімін есептерде кездесетін қолданбалы теоремаларымен толықтыру;

·        оқушыларда планиметриялық есептерді шығарудың әдіс-тәсілдері туралы білімдерін кеңейтіп, тереңдету;

·        интеллектуалдық біліктерін еркін қолдану деңгейінде меңгеруге көмектесу;

·        оқушылардың геометрияға деген қызығушылықтарын және оң мотивациясын дамыту.

 

 

Автор
Дата добавления 22.01.2015
Раздел Математика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1113
Номер материала 327289
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх