Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Рабочие программы / § 29 ХІХғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік-территориялық реформалар (8 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

§ 29 ХІХғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік-территориялық реформалар (8 сынып)

библиотека
материалов

«Балқаш қаласы, лингвистикалық

бағыттағы жалпы білім беретін

16 орта мектебі» тарих пәнінің

мұғалімі Исина Мадина Сатбековна


Мерзімі 12.03.2014

Сабақ: Қазақстан тарихы

Мұғалімі: Исина Мадина Сатбековна

Сыныбы: 8 Б сынып

Сабақ реті: 50

Сабақтың тақырыбы: § 29 ХІХғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік-территориялық реформалар

Сабақтың мақсаты: XIX ғ. 80 - 90ж. ж патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген әкімшілік реформаларының мәні мен мақсаты және өзгерістер барысы туралы білімдерін тереңдету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: XIX ғ. бойында Қазақстанда жүргізілген реформалардың бір - бірімен байланысын, ерекшеліктерін ашып көрсету.

Дамытушылық: Жүйелі ойлау мен талдай білу, оқушының жан-жақты іздене білуін қалыптастыру, бірлесіп және өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, еркін сөйлеп, ойын жеткізе білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушының бойына ұлтжандылық сезімін қалыптастыру, тарихи оқиғаларды объективті жағынан қарауға тәрбиелеу, Отанымыздың тарихын қастерлеп,бағалай білу, имандылыққа тәрбиелеу

АҚТ құралдары: MyTest-бағдарламасы, ЦБР-орталығымен онлайн байланыс, Activstudio құрылғылары. Radmin- компьютерлерді қашықтықтан басқару.

Әдісі: Сатылай кешенді талдау, тест түрлері (ашық, жабық, сәйкестендіру, хронологиялық), кесте толтыру, «фишбоун»-стратегиясы, картамен жұмыс, кейстерді модельдеу, алгоритмдік талдау, дәлел-дәйек, семантикалық карта, оқулықпен жұмыс, тезис конспект жасау.

Түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақ кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық

  4. Жаңа сабақты меңгерту

  5. Сабақты түсіну және қабылдау

  6. Алған білімді қорыту және жүйелендіру

  7. Үй тапсырмасын беру

  8. Бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

  • Сынып бөлмесін әзірлеу (санитарлық-гигиеналық тазалықты орнату)

  • Оқушыларды орындарына отырғызу

Қоңырау соғылады

а) Оқушылармен амандасу

б) Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру

в) Оқушылар назарын сабаққа аудару

г) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

        1. Дәптердегі үй тапсырмасын сұрау

  • 1868-1870 жылдардағы шаруалар қозғалысына сатылай кешенді талдау- 2 оқушы

        1. MyTest-бағдарламасы арқылы компьютерлік тапсырманы орныдау.

Тапсырма деңгейі:

  • Жеңіл тапсырма

  • Ойлану тапсырмасы,

  • Күрделі тапсырма

Оқушылар тапсырманы компьютерлік желі арқылы орныдайды. Тапсырманы толық аяқтағаннан кейін компьютер жауаптың дұрыстығын анықтап бағасын шығарады.

  • MyTest

Жеңіл тапсырма:

  • берілген сұраққа 1 ғана дұрыс жауапты белгіле

hello_html_m4e30d817.png

  • берілген тапсырмада бірнеше дұрыс жауапты анықта


hello_html_77eca939.png

Ойлану тапсырмасы

  • оқиғаларды уақыт кеңістігін сақтай отырып оранластыр

hello_html_1c97ea31.png

  • хронологиямен жұмыс


Күрделі тарсырмаhello_html_m5111c8d5.png

hello_html_29daa2f7.png

Тапсырманың орындалу нәтижесі мен бағасы әр баланың жұмыс үстелінде көрінеді. Бас компьютер арқылы мұғалім оқушылардың алған бағасын, жіберген қателіктерін, уақыт межесін көре отырып өзіндік бақылау жүргізеді.

  1. Өткенді материалды қорытындылау

Ресей империясының 18-19 ғасырларда жүргізген отаршылық саясаты көшпелілер өмірінде өшпес із қалдырды.

  1. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық

  • - оқушылардың қызығушылығын ояту тапсырмалары.

  • Жалпылама сұрау

  • Қазақ хандығы мен Ресей империясы арасындағы байланыстың орнауының алғышарттарын атау.

интерактив тақтаның перде құрылғысын пайдалау арқылы негізгі фактілерді атау.

Ресей

-

-

-

-



Қазақстан

-

-

-

-

















  • Ресей империясының қазақ жерін отарлау неден басталды?

оқушылар хронологиялық тізбек бойынша Ресей империясының салған бекіністерін атайды. 1 оқушы – картограф-интербелсенді тақта алдында пазл картасын жинақтайды.

1640

Гурьев

1735

Ор

1847

Қапал, Ақтау, Алатау

1716

Жәміш, Омбы

1743

Орынбор

1854

Верный

1717

Темір

1752

Петропавл

1855

Сергиополь, Лепсі

1718

Семей

1761

Бұхтырма

1859

Кастек

1720

Коряков, Өскемен

1845

Ырғыз, Торғай


hello_html_6f3cfc18.pnghello_html_m7e29396a.png


  • Қазақ хандығындағы дәстүрлі биліктің жойылу себептері

2 оқушы алдарындағы компьютерге «Фишбоун» стратегиясы арқылы тапсырманы орындайды.

  • Себебі

  • Мәселе- фактрлермен келтіруі.

  • Салдары анықтау

«Radmin»- компьютерлерді қашықтықтан басқару бағдарламасының көмегімен демонстациялық көрсетілім арқылы қорғайды.



hello_html_m6bafe4f3.png


Қорытындылау:


  • «Ой-түрткі салу»

Оқушылар топ ішінде өзара жұптасу арқылы келесі тапсырмалар тізбегін орындайды.

Тапсырма

  • Қазақстан жеріндегі ХІХ ғасырлардағы реформалардың

ерекшеліктерін анықтаңыздар

Оқушылар жұптасып ХІХ ғасырдағы әкімшілік басқару жүйесінің реформалау кезеңдерін анықтайды.

  • 1 қатар -1822 ж

  • 2қатар - 1824 ж

  • 3 қатар – 1867-1868жж

  • 1-2 оқушы- «жылдар» , «есімдер» кейстерімен жұмыс істейді

  • 3-4 оқушы- «ережелер» , «Орталықтар» кейстерімен жұмыс істейді

  • 5-6 оқушы – «құрамына кірген аймақтар»,«басқару жүйесі» кейстерін ашады.

hello_html_m622a6556.png

Тапсырманы алдарында тұрған компьютердің көмегімен орындап, бас компьютерге дұрыс жауап нұсқасын жібереді. Жауабын «Radmin»- компьютерлерді қашықтықтан басқару бағдарламасының көмегімен демонстациялық көрсетілім арқылы қорғайды.

1 2

hello_html_12cedcaf.pnghello_html_1a5f1418.png

3

hello_html_4a0c8397.png

Қорытындылау


  1. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі

Сабақтың тақырыбы: § 29 ХІХғ. 80-90 жж әкімшілік-территориялық реформалар

Жоспары:

  1. 1886-18891 жылғы әкімшілік реформаның жалғасуы

  2. Басқару жүйесіндегі өзгерістер

  3. Реформаның тарихи маңызы

Сабақты ауызша түсіндіру.

ХІХ ғасырдың 60-жылдарында қабылданған әкімшілік, сот, басқару реформалары бірден іске аса қойған жоқ. Қазақ шаруаларының көтерілістерінің салдарынан бұл «Ережелерді» заңдастыру 20 жылдан астам артық уақытқа созылды. Капиталистік қатынастардың ел өміріне енуіне байланысты бұл өзгерістерді құқықтық жағынан негіздеуді қажет етті. 1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», ал 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды. Бұлар енді уақытша ережелер емес, нақты заң ретінде қабылданды.


Сандық білім беру ресурсын (ЦОР) Онлайн режімінде қолдана отырып сабақты одан әрі теориялық негізде түсіндіру. http://e-history.kz/

Жаңадан қабылданған ережелерге сәйкес Қазақ жерінде екі генерал- губернаторлық құрылды.

1. Түркістан генерал-губернаторлығы, орталығы Ташкент қаласы болды. Ал оның құрамында Ферғана, Самарқан және Сырдария облыстары кірді. Облыстар уезге бөлініп, бұрынғы әкімшілік бөлініс жүйесі сақталды.

2. Дала генерал-губернаторлығы, орталығы Омбы қаласы болып бергіленді. Оның құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу облыстары енді. 1890 жылы ақпанда «Закаспий облысын басқару туралы уақытша ережесі» қабылданды. Бұл ереже бойынша Закаспий облысына Маңғыстау, Красноводск, Ашхабад, Теджен, Мерв уездері кірді.

  • Дәптермен жұмыс және оқулықпен жұмыс:

  1. Оқушылар дәптерге тезистік конспек жасайды.

  2. Алдарында тұрған компьютерден талдау жұмысын орындайды «

Флипчарт арқылы Activstudio құралын пайдалана отырып жасырын тұрған жауаптарды шығару.

Ережені алгаритмдік талдауға салу.

- ереже-

- қабылданған жыл-

- генрал-губернаторлық-

- орталығы-

-облыстар -

Radmin»- компьютерлерді қашықтықтан басқару бағдарламасының көмегімен демонстациялық көрсетілім арқылы қорғайды

Сот құрылымындағы өзгерістер. 1867-1868 жылдардағы уақытша сыннан өткізу үшін іске асырыла бастаған әкімшілік-сот саласындағы өзгерістер 1886-1891 жылғы жарлықтарда заң жүзінде бекітілді.

1891 жылғы ереже бойынша сот істері өзгертулерге ұшырады. Ол бойынша:

А) Соттардың төтенше съезі деп аталып кеткен уездік және болыстық тұрғындарға қатысты мәселені шешетін сот жиыны тек әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды

Б) Бітістіруші сот-облыстық, уездік билеушілердің мүддесін қорғады.

С) Төменгі сот буыны – халықтық сот болды. Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын. Қазақстанда бұрынғы билер соты жойылды.

Реформаның салдары: ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде патша үкіметінің әлеуметтік езгіге салу саясатын мынандай жағдайлардан көрінді. Қазақстандағы жер байлығын мемлекеттің меншігі деп жариялады, жайылымды жерді пайдалануды ережемен шектеді

Патша өкіметінің езу, қанау саясатына қарсы бағытталған ереуілдер болды. Оған басты себеп болған капиталистік қатынастар.

  • өндіріс орындарында жұмыс қолының 60-70 % құраған қазақтар әр түрлі ауыр еңбектерге тартылды

  • зауыт-фабрика ережелерімен таныс емес, дегенімен қара жұмысқа шыдамды қазақтар өз еңбегінің құнын білмеді.

  • Ер жұмыскерлерінің жетіспеуі әйелдер мен жасөспірімдердің еңбегін де кең пайдалануға мәжбүр етті. 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің жұмысшылар арасындағы үлесі 14 дейін көтерілді.

Жұмысшылардың таптық қарсылықтары өндіріс орнын тастап кету еді. ХІХ ғ соңында жұмыс орнын тастап кеткендерді 3 айға абақтыға қамау жазасын қолданды. Қарсылықтың тағы бір түрі – ереуілдерге шығу. Алғашқы бас көтерулер 1849- Көкшетауда, 1888- Өскеменде, 1893-1895-1899 жж- Батыс Сібі теміржолшылары мен Омбы теміржолшыларының ереуілдерімен жалғасты.

Бұл көтерілістерінің тарихи сипаты қазақ жеріндегі алғашқы жұмысшылар қозғалысы еді. Алғашқы өлке жұмыскерлеінің әлеуметтік күресі біртіндеп тәжірибе жинай бастады. ХХ ғасырдың басындағы саси оқиғаларды дайындауда осы қарсылықтардың сабағы ескерілді.

  1. Сабақты бекіту

        1. Сабақты бекіту кезеңінде дебат технологиясындағы « дәлелдер мен дәйектер» келтіру формасын пайдалау.

артықшылығы

кемшілігі

ұсыныс

дәйек

дәлел

дәйек

дәлел
































        1. Сандық білім беру ресурсы арқылы (ЦОР) Онлайн режімінде семантикалық тапсырмасын орныдау.

hello_html_mfd0592f.png

        1. Тест шешу

  1. Бағалау

  2. Сабақты қортындылау

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстан территорясы 7 облыстан құрылды. 1928 жылы ҚазақАКСР аумағы бекітіліп 13 облыстан тұратын болды. Бүгінгі күні Қазақстанның әкімшілік құрылымы 4 сатылы жүйеде құрылған, яғни орталық, облыс, аудан, ауылдар. Еліміз 5 аймаққа, 14 облысқа және Республикалық маңызы бар 2 ірі қалалдан тұрады.

Қазақ елінің тарихы тереңде. Жарқын болашақтың кепілі болатын жастар өз елінің тарихын терең түсініп, құрметтеп, асқақтатып, өзгеге танықса қазақ тарихы мәңгілік тарих болмақ. Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Мәңгілік ел – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

  1. Үйге тапсырма беру

  • § 29 ХІХғ. 80-90 жж әкімшілік-территориялық реформалар мазмұндау

  • ХІХ соңындағы қазақ жұмысшыларының ереуілдеріне сатылай кешенді талдау жасау.








Краткое описание документа:

1869—1880 жылдары Кіші жүзде болған көтерілістер патша үкіметі жүргізген реформалардың әлі аяқталмаған сипаты бар екенін дәлелдеп берді.

Реформаларды одан әрі жалғастыру қажеттігі басқа да себептерге байланысты болды. Қазақстанның үш генерал-губернаторлыққа бөлінуі Ресейдің еуропалық бөлігіндегі шаруаларды Қазақстанға көшіруге байланысты мәселелерді жедел әрі жүйелі түрде шешуге мүмкіндік бермеді. Орта Азияның Ресей империясына әскер күшімен қосып алудың сәті түсті. Мұның өзі орасан зор кең-байтақ аумақты басқаруды қайта құруды және қаржы мәселесін үнемдеуді талап етті. Патша үкіметі бұл міндетті қазақ өлкесін Ресейдің өзге бөліктерімен бірте-бірте біріктіру арқылы шешуді жоспарлады. 1867-1868 жылдардағы ережелердің әуел баста-ақ уақытша, яғни өтпелі сипаты болып еді.

Көп жылға созылған талқылаудан кейін Ресей императоры III Александр 1886 жылғы 2 маусымда Түркістан өлкесін басқару туралы жарлыққа қол қойды. Ол 1867 жылғы «Уақытша ережеге» кейбір қосымшалар енгізді. Жаңа Ереже бойынша Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына Сырдария, Ферғана және Самарқан облыстары кірді. Оған 1897 жылы Жетісу облысы қосылды. Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкент қаласы болды.

1890 жылдың ақпан айында «Закаспийск облысын басқару туралы уақытша Ереже» бекітілді. Бұл әкімшілік бірлігінің құрамына негізінен түркімендер тұратын бес уезд -Красноводск, Ашхабад, Теджент, Мерв және Маңгыстау уездері кірді. Маңғыстау уезінде Кіші жүз, соның ішінде адай руының қазақтары тұратын.

Үшінші құжат — «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торгай облыстарын басқару туралы ереже». Оған 1891 жылғы 25 наурызда қол қойылды. «Ереже» бойынша Дала генерал-губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Қазақстанның Сырдария облысынан өзге барлық облыстары түгел кірді. Жаңа аумақтық құрылымның орталығы Омбы қаласында болды.

Сөйтіп, бұрынғы үш генерал-губернаторлықтың орнына енді екі генерал-губернаторлық құрылды. Маңғыстау уезі олардың ешқайсысының құрамына енгізілмеді. Бұдан «бөліп ал да, билей бер» деген империялық пиғыл айқын аңғарылды. Сөйтіп бұрынғы біртұтас Кіші жүз енді үшке бөлінді. Соның салдарынан оның бір бөлігі Ішкі Ордaның, екінші бөлігі Закаспийск облысының, ал үшінші бөлігі Дала генерал-губернаторлығының құрамында болды. Патша үкіметінін мұндай қадамға баруы Кіші жүз қазақтарының қайта-қайта көтеріліс жасай беруіне байланысты еді.

Автор
Дата добавления 25.11.2014
Раздел История
Подраздел Рабочие программы
Просмотров3076
Номер материала 154305
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх