Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / « Ақпараттар әлемі » сайысы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Информатика

« Ақпараттар әлемі » сайысы

библиотека
материалов

Имамниязова Селимам Ибраимахуновна

«Ақтам орта мектебі мектепке дейінгі

шағын орталығымен» мемелекеттік мекемесі

информатика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы : « Ақпараттар әлемі » сайысы

Сабақтың мақсаты : Оқушылардың информатика пәніне болған қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа баулу.

Ақпараттану күнбе – күн

Өрге басып келеді.

Таппай іздеп жүргенің

Компьютерге енді.

Интернетке қосылу

Бір – ақ жұмыс керегі!

Барлық пәндер жазылып,

Дискілерді тұрады

Кезекпенен ағылып,

Экранға шығады,

Тілін білген мамандар

Қырын, сырын біледі!

Компьютер – сенің көмекшің

Қаламың, әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың – деп отырып, сайысымызды бастаймыз!

Армысыздар, бүгінгі сайысқа жиналған информатиканы сүюші қауым, ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді " Ақпараттар әлімі " не шақырамыз.

Олай болса сайысымызды бастаймыз .

Ал, оқушы, ұстаздар

Ортаға назар салайық

Сайыскерлер шықпақ сайысқа

Қол соғып қарсы алайық

І . « Интернет » тобын ортаға шақырайық

ІІ. « Компьютер » тобын шақырымыз

Нақты білім, терең ой саналады.

Баға берер әділқазы ортамызда,

Сіздерге құрметпен қол соғылады.

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары әділ шықты.

Білім мен тапқырлардың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты – дей отырып, әділ қазы мүшесімен таныс болайық.

Әділ қазы алқасы мен таныс болдық, енді сайыс кезеңдерімен танысайық.

Бүгінгі сайысымыз 7 – кезеңнен тұрады.

1 – кезең. Ақпаратты беру

2 – кезең. Ақпаратты табу

3 – кезең. Ақпарат әзілі

4 – кезең. Ақпарат алмасу ( Көрермендер қоржыны )

5 – кезең. Ақпаратты сәйкестендіру

6 – кезең. Ақпаратты өңдеу

7 – кезең. Ақпаратты жеткізу

Әр кезең біткен соң әділ қазы алқасы топтарға ұпай санын береді, жоғарғы ұпай 5, төменгі ұпай 3.

Алдағы біз баратын бағыт анық,

Озат жан екеніңді тағы таныт,

Информатика әлеміне аяқ басып,

Компьютер тілінде біз жарысалық – дей отырып, сайыскерлерге сәттілік тілейміз , бірінші кезең таныстыруды бастаймыз.

1 – кезең. « Ақпаратты беру »

І . « Интернет » тобын ортаға шақырайық

ІІ. « Компьютер » тобын шақырымыз

Бұл кезеңнің шарты бойынша әр топ өзін таныстырады.

2 – кезең. « Ақпаратты табу »

Білімнің ұшқырлығын танып келген

Асып тасып, асықпа, қалыспа сен

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр

Тапқырлық пен шапшаңдық қажет екен – деп , келесі « Ақпаратты табу » атты кезеңімізді бастаймыз. Топтарға информатика сабағы бойынша жұмбақтар жасырылады. Ал қанеки олай болса екінші кезеңімізді бастаймыз.
1 - жұмбақ
Екі батырмалы,
Бір бұрандалы.
Жалғыз өзі - ақ,
Сансыз іс тындырады. ( Тышқан )
2 - жұмбақ
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан. ( Компьютер )
3 - жұмбақ
Биологияда бұл паразит

Көзге зорға көрінер

Информатикада өлшем бірлік

Ақпаратты өлшейтін ( Бит )

4 - жұмбақ
Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағаз - қаламсыз. ( Пернетақта )
5 - жұмбақ
Бар құрылғы әркім білмес,
Ғаламтормен байланыстырар.
Телефонға жалғанып ап,
Ақпаратпен алмастырар ( модем )

6 – жұмбақ

Әдетте үнсіз тұрамын

Белгі берсең ұғамын

Жазуы бар қағаздың

Құралы боп шығамын ( принтер )

7 - жұмбақ
Компьютердің айнасы

Бағдарыңды таңдашы

Сурет пен сөзін көрсетіп

Тиер саған пайдасы ( монитор )

8 - жұмбақ
Барлық сурет, мәтінді

Компьютерге енгізген

Керек емес жерін де

Компьютерден өшірген ( сканер )

9- жұмбақ

Қысы – жазы шешпейтін,

Көйлегі бар жасылдан.

Өзгертпейді еш кейпін

Жаралғандай асылдан. ( шырша )

Әділ қазылар алқасынан 2 – кезең бойынша сайыскерлердің ұпай сандарын білсек.

3 – кезең. « Ақпарат әзілі »

Қиындықтан өткізер

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың – дей отырып « Ақпарат әзілі » атты кезеңімізді бастаймыз. Бұл кезеңде сайыскерлеріміздің үй тапсырмалары бойынша информатика әлеміне байланысты дайындап келген көріністерін тамашалайық.

Әділ қазылар алқасынан 3 – кезең бойынша сайыскерлердің ұпай сандарын білсек.

4 – кезең. « Ақпарат алмасу » ( Көрермендер қоржыны )

Ал бүгінгі сайысқа қалайсыңдар.

Сендер өтер әлі де талай сын бар,

Сұрағыма жауап бер, қымсынбай – ақ .

Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар – дей отырып залда отырған көрермендерімізді ойынға шақырайық. Логикалық есептердің жауабын дұрыс тапқан оқушыға сыйлығымыз бар.

1. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? ( 50 саусақ )

2. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші нені жағасыз? ( сіріңкені )

3. Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі — екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің баласы емес. Сонда кімі болғаны? ( әкесі мен қызы )

4. Қатарынан тұрған 6 натурал санды қосқанда қандай сан алынады , жұп па әлде тақ па? ( тақ )

5. Төрт ойыншы 4 сағат шахмат ойнады. әрқайсысы неше сағат ойнады?

( төрт сағат )

6. Термомертр аяз болғасын – үш градус суықты көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? ( үш )

Әділ қазылар алқасынан 4–кезең бойынша сайыскерлердің ұпай сандарын білсек.

5 – кезең. « Ақпаратты сәйкестендіру »

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

Топ басшыларына сұрақтар беріледі. Кім тез және көп сұраққа жауап берсе, жеңіс сол оқушыныңкі

1-ші оқушы:

1. Мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы? (монитор).
2. Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын құрылғы ( пернетақта )

3. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын құрылғы (тышқан ) 4. Мәтіндік құраттар құруға арналғаг программа ( Word )
5. Ең көп таралған, қолайлы принтер ( лазерлік ).
6. Қай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды? ( нөл )
7. Тышқаның ағылшынша аталуы – (маус).
8. Текстің қазақша аталуы – (мәтін).
9. Мәліметті басып шығару құрылғысы – (принтер).
10. Қазақ тілінде неше сөз табы бар ? ( 9 )

11. Ақпарат өлшем бірлігі – (байт).

12. Жанұяда 7 қыз бар. Әрқайсысының бір інісі бар. Жанұяда қанша бала бар? ( 8 )

2-ші оқушы:

1. Өзінен зиянды сәуле шығатын, адам көзін құрытатын жалмауыз.

( монитор )
2.
Дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы? (пернетақта).
3. Вирустың кері әсерін жоятын программа ( Антивирус )

4. Алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы – (модем).
5. Информацияның ең кіші өлшем бірлігі ( бит )
6. Бір – бірінен тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар? ( қарама – қарсы сандар )
7. Кескінді құрайтын кішкене нүктелер – (пиксель).
8. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ( интернет )
9. Компьютерлік ойындарда қоданылатын қолмен басқарылатын тетік - (джойстик).

10. Қазақ тілінде неше септік бар ? ( 7 )

11. Microsoft Word қандай редактор? (Мәтіндік)

12. Жолда екі баласы, екі әкесі келе жатыр. Жолда неше адам келе жатыр? (3)

Әділ қазылар алқасынан 5–кезең бойынша сайыскерлердің ұпай сандарын білсек.

6 – кезең. « Ақпаратты өңдеу »

Мақал – мәтел жинағы

Білгір топ озып шығады

Дұрыс жауапты тауып айтсаңыз

Жанғаны онда топтың шырағы – дей келе келесі кезеңімізді бастаймыз. Бұл кезеңде ақпаратты мақал – мәтелдермен сәйкестендіріп, өңдейміз, яғни мақалдың түп нұсқасын табу керек.

  1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала. ( Жігітті досына қарап, бағала )

  2. Байт биттен қуралады. ( Тенге тиыннан құралады )

  3. Вирустан қорққан, Интернетке шықпас.( Шегірткеден қорққан, егін екпес )

  4. Компьютердің жұмысы, иесін мәлім. ( Аттың сыры, иесіне мәдлім )

  5. Веб – дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса. ( Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса )

  6. Білмесең, «анықтама» – дан сұра. ( Білмесең білгеннен сұра )

  7. Антивирусы күштіні – Вирус ала алмайды? ( Досы күштіні – жау алмайды )

  8. Күлсең ескірген компьютерлерге күл. ( Күлсең кәріге күл )

  9. Компьютерде екі калонка, дауысы жер жарады. ( Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады )

  10. Бір ядролы процессор жақсы , ал екі ядролы одан да жақсы. ( Бір ақылдан, екі ақыл артық )

Әділ қазылар алқасынан 6–кезең бойынша сайыскерлердің ұпай сандарын білсек.

7 – кезең. « Ақпаратты жеткізу »

Айыра біл, жақсыменен жаманды,

Айыра біл қарындаш пен қаламды.

Айыра біл соқпағында өмірдің,

Айыра біл, тапсырмаңды алдағы – деп кезекті « Ақпаратты жеткізу » сайысына береміз.

Бұл сайыста сайыскерлерімізге « Информатиктер әлемі * » сөзі беріледі. Оқушылар осы сөздегі әріптерді пайдалана отырып, информатика әлеміне байланысты сөздер құраулары керек. Жұлдызшаны жоқ әріптер орнына әр бір сөзде бір рет пайдалануға болады.

Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды,

Ал қазір әділ – қазы сөз алады.

Ойнымыздың жеңімпазын анықтап,

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады – дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Краткое описание документа:

                                                     Имамниязова  Селимам  Ибраимахуновна

                                                    «Ақтам орта мектебі мектепке дейінгі

                                                   шағын  орталығымен» КММ

Саусақтарды  билететін, экранға  мәтінді  сый  ететін, жоқ  деп  мүлде  айта  алмайтын  құрылғы  ( пернетақта )

3. Пернеден  жасқанатын, адам  көмегімен басқарылатын  құрылғы (тышқан ) 4. Мәтіндік  құраттар  құруға  арналғаг  программа  ( Word )
5. Ең  көп  таралған,   қолайлы принтер ( лазерлік ).
6. Қай  сан  оң  санға  да, теріс  санға  да  жатпайды? ( нөл )
7. Тышқаның ағылшынша аталуы – (маус).
8. Текстің қазақша аталуы – (мәтін).
9. Мәліметті басып шығару құрылғысы – (принтер).
10.
Қазақ  тілінде неше  сөз  табы  бар ?  ( 9 )

11. Ақпарат  өлшем  бірлігі – (байт).

12.  Жанұяда  7  қыз  бар. Әрқайсысының  бір  інісі  бар. Жанұяда  қанша  бала  бар? ( 8 )

2-ші   оқушы:

1. Өзінен  зиянды  сәуле  шығатын, адам  көзін  құрытатын  жалмауыз.

( монитор )
2.
Дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы? (пернетақта).
3.
Вирустың  кері  әсерін  жоятын  программа ( Антивирус )

4. Алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы – (модем).
5. Информацияның  ең  кіші  өлшем  бірлігі  ( бит )
6. Бір – бірінен  тек  қана  таңбаларымен  ажыратылатын  сандар? ( қарама – қарсы  сандар )
7. Кескінді құрайтын кішкене нүктелер – (пиксель).
8. Дүниежүзілік  компьютер  арасындағы  байланыс  ( интернет )
9. Компьютерлік ойындарда қоданылатын қолмен басқарылатын тетік - (джойстик).

10. Қазақ  тілінде  неше  септік  бар ?  ( 7 )

11. Microsoft Word қандай редактор? (Мәтіндік)

12. Жолда екі баласы, екі әкесі  келе  жатыр. Жолда  неше  адам  келе  жатыр? (3)

   Әділ қазылар  алқасынан  5–кезең  бойынша сайыскерлердің  ұпай сандарын білсек.

6 – кезең.  « Ақпаратты  өңдеу »

Мақал – мәтел  жинағы

Білгір  топ  озып  шығады

Дұрыс  жауапты  тауып  айтсаңыз

Жанғаны онда  топтың  шырағы – дей   келе  келесі  кезеңімізді  бастаймыз.   Бұл  кезеңде  ақпаратты  мақал – мәтелдермен  сәйкестендіріп, өңдейміз, яғни  мақалдың  түп  нұсқасын  табу  керек.

1.     Жігітті  компьютеріне  қарап,  бағала. ( Жігітті  досына қарап, бағала )

2.     Байт  биттен  қуралады.  ( Тенге  тиыннан  құралады )

3.     Вирустан  қорққан, Интернетке  шықпас.( Шегірткеден  қорққан, егін екпес )

4.     Компьютердің  жұмысы, иесін  мәлім. ( Аттың  сыры, иесіне  мәдлім )

5.     Веб – дизайншының  өз  еркі, сайтты  қалай  жасаса. ( Қазаншының  өз  еркі, құлағын  қайдан  шығарса )

6.     Білмесең,  «анықтама» – дан  сұра. ( Білмесең  білгеннен  сұра )

7.     Антивирусы  күштіні – Вирус  ала  алмайды?  ( Досы  күштіні – жау  алмайды )

8.     Күлсең  ескірген  компьютерлерге  күл.  ( Күлсең  кәріге  күл )

9.     Компьютерде  екі  калонка, дауысы  жер  жарады.  ( Айдағаны  бес  ешкі, ысқырығы  жер  жарады )

10.       Бір  ядролы  процессор  жақсы  , ал  екі  ядролы  одан  да  жақсы. ( Бір  ақылдан, екі  ақыл  артық )

   Әділ қазылар  алқасынан  6–кезең  бойынша сайыскерлердің  ұпай сандарын білсек.

7 – кезең.  « Ақпаратты  жеткізу »

Айыра  біл, жақсыменен  жаманды,

Айыра  біл  қарындаш  пен  қаламды.

Айыра  біл  соқпағында  өмірдің,

Айыра  біл, тапсырмаңды  алдағы – деп  кезекті  « Ақпаратты  жеткізу »  сайысына  береміз.

  Бұл  сайыста  сайыскерлерімізге  « Информатиктер  әлемі * »  сөзі  беріледі. Оқушылар  осы  сөздегі  әріптерді  пайдалана  отырып, информатика  әлеміне  байланысты  сөздер  құраулары  керек. Жұлдызшаны  жоқ  әріптер  орнына  әр  бір  сөзде  бір  рет  пайдалануға  болады.

Кешіміздің  соңғы  сәті  таяп  қалды,

Ал  қазір  әділ – қазы  сөз  алады.

Ойнымыздың  жеңімпазын  анықтап,

Мақтау  қағаз, сыйлықтарын  тапсырады – дей  отырып  бүгінгі  сайысымызды  аяқтаймыз. Сөз   кезегін  әділқазылар  алқасына   береміз.

Автор
Дата добавления 22.02.2015
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров376
Номер материала 403518
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх