Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / « Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет »
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

« Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет »




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

« Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет »

Н.Назарбаев


Қазіргі ақпараттық қоғамда басқа оқыту технологияларына қарағанда ақпараттық қатынастық технология басымдық алып отыр. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде жаңа ақпарттық қатынастық технология, компьютерлік оқытудың технологиясы, компьютерлік педагогикалық технологиялар сияқты терминдер жиі кездеседі. Зерттеулерде ұғымның әлі дұрыс қалыптаспағандығы байқалады, сондықтан қазіргі оқыту технологиялары мен қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқытудың ақпарттық қатынастық технологиясы ұғымына тоқталып, оған берілген анықтамаларды саралай келе, біріншіден ақпарттық қатынастық технология – оқыту әдісі, ақпарттық бағдарламалық жабдықтарды оқыту үрдісінде пайдалану және оның әдістемесі, ал екіншіден – ақпарттық үрдістерді компьютердің көмегімен жүзеге асыру жабдығы деп түсінеміз.

Білім беруді ақпараттандыру –жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Ақпараттық қатынастық технология құралдарын оқыту үдерісінің барлық кезеңдерінде, атап айтқанда, жаңа тақырыпты түсіндіруде, алынған білімді бекітуде, қайталауда, білім, білік, дағдысын бақылау барысында қолдануға болады.Сондықтан оқытудың ақпараттық қатынастық технология құралдарын интерактивті деп атайды, себебі ол оқытушы мен оқушының іс-әрекетіне араласып, онымен сұхбаттасуға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, ол келесі қызметтерді атқарады:

Оқу үрдісіне қолдану барысында:

-оқыту құралы;

-көрнекілік құрал;

-дидактикалық құрал;

-диагностикалау және бақылау құралы;

Ақпараттық –коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының сабаққа қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, шығармашыл оқушы даярлауда үлесі мол.

Оқушылар ақпаратты тек қана қабылдап қана қоймай, сонымен

бірге оны өңдеп, жеткізу әрекеттерін орындайды. Бұл жағдайда оқытушының мақсаты оқушыларда қажетті ақпаратты табу, сұрыптап, оны жүйелеу мен жеткізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Ол оқу пәнінің тақырыбын қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар мен жағдайлрды және проблемаларды шешумен байланыстыра отырып, оқушыларға жобаны дайындау тапсырмасын ұсынады. Бұл тапсырманы орындау мен оны қорғау кезені оқушылардың топ алдында сөйлеу мәдениетін, пікірталасу арқылы ойын жүйелей білу мен өзіндік көзқарасын және ой-пікірлерін қорғай білу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай тапсырмалады қорғау топтың алдында орындалады және олардың өзара қарым-қатынасын талап етеді.

Ал мультимедиалық жобаны құру – оқушыларға қажетті теориялық білім мен танымдық қызығушылық қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді әдіс болып табылады.

Бастауыш мектепте оқу үрдісінде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсатымыз оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру болып табылады. Оқушыларда танымдық қызығушылықтың болуы олардың сабақта белсенді, білімінің сапалы болуына, оқуға жағымды түрткісін қалыптастыруға, оқыту үрдісінің тиімділігін арттыруға, белсенді өміршең позицияны ұстауға мүмкіндік береді.

Егер бастауыш сынып мұғалімдері оқытудың ақпараттық қатынастық технологиясын қолдану әдістемесімен қаруланып,оны нәтижеге бағдарланған білім беру үрдісінде пайдаланса, онда бастауыш сынып оқушылырының ауызекі сөйлеу тіл байлықтарын дамуы жаңа сапалық деңгейге көтеріледі, өйткені ақпараттық қатынастық технологияны қолдану бастауыш білім мазмұнын тиімді меңгеруге ықпал етеді.

дамытудың әдістемесін жасау тәжірбиелік-эксперимент арқылы тиімділігін тексеру.

-бастауыш сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу тіл байлықтарын дамытудың аталған технологияға сәйкес ғылыми - әдістемелік ұсыныстарын практикаға ендіру.

Ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға негізлелген үш түрін қолданамыз:

-оқу материалының мазмұны;

-оқушының оқу іс-әрекетін ұйымдастыру;

-оқыту үдерісіндегі оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынас.

Сабақта оқушылардың ақпараттық қатынастық технология құралдары арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін түрлі әдістер де қолданылады. Оларға толығырақ тоқталайық.


Әдістің теориялық мақсаты білім берудің мақсатына негізделеді де, әр түрлі жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу арқылы жүзеге асады. Осы үдірісте төмендегідей оқу дағдылары: нысандарды талдау; талданған нысандарды түсіндіру; нысандарды дәлелдеу; нысандардың өзіндік белгілерін санап көрсету;оны оқушылардың өзіндік талдауы арқылы қалыптастырады. Білім мен дағдының өзара бірігуі арқылы мұғалім теориялық және практикалық әдістерді саралап пайдалануға жаттығады. Соның нәтижесінде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолдану арқылы оқыту әдістері жүйеленіп берілсе, білім берудің сапасы артады.

Ақпараттық қатынастық технология құралдарын оқу үдерісіне қолдану әдістері сан алуан. Осы әдістерді жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден, оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі артады, үшіншіден, компьютерлік технологияны пайдаланып оқытуда мұғалімнің атқаратын қызметі жеңілдейді.

Ауызекі сөйлеу әдістемесін суреттеуге келгенде ауызекі тілде ойдағыдай сөйлеудің төмендегі негізгі шарттарын ескергеніміз жөн: 1.ауызекі тілде сөйлеудің монологты және диалогты формалары оқытудың барлық кезеңдерінде қатар жүреді; 2. Тілді меңгеруге кешенді түрде ықпал ету жүзеге асырылады. Яғни бұл ауызекі тілде сөйлеу мен оқытуға бір мезетте үйрету, тілдік және сөйлетуге арналған дайындық жаттығуларының жүйелі түрде орындалуы;

3. Қосымша оқыту құралдарының жиі-жиі қолданылуы;

4. лингафонда, компьютерлі кабинеттерде ауызекі тілде сөйлеуге бағытталған жаттығуларды кең көлемде қолдану.

Ауызекі тілде сөйлеу ептілігін дамытуға үйретудің қажеттілігі, әсіресе диалогты құрастыра білуге үйрету, өзімізге белгілі болғандай, түсіне отырып тыңдауға үйретудің барлық торабымен тығыз байланысты. Осы орайда, бірінші кезеңде төрт өзекті мәселе туындайды: диалогты және монологты түсіне отырып тыңдау, сонымен қатар диалогты және монологты формада сөйлей білуге үйрету.

Сонымен, бастауыш сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу тіл байлықтарын ақпарттық қатынастық технология арқылы дамыту дегеніміз – оқушының өзіндік білім алу іс-әрекетін компьютерлік бағдарламалық және техникалық жабдықтардың көмегімен іске асыру.


Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио –және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

- Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;

-Алған білімді жүйелеу - Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

-Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру

-Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:

- Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды

- Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады

- ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.

- Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.

- Сабақтың өнімділігі артады.

- Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді

- Оқушылар компьютерді тез меңгереді.

Кез келген уақытта АКТ-ны колдану арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға болады. Мұғалім әрбір сабақта көрнекіліктерді қолданады. Сол көрнекіліктерді неге интерактивтік тақтамен көрсетпеске.

Интерактивті тақта да сондай ақ экранды, айырмашылығы ол компьютерге қосылған, оны экраннан алыстамай басқаруға болады.

Интерактивті тақтада компьютерде жасайтын жұмыстарды да жасай аласыз: мәтінді теріп және сақтай аласыз, фильмдер мен слайдтар көрсете аласыз, интернеттен қажетті ақпараттар іздестіре аласыз. Мұғалімнің берген сабағын оқушылар тақтадан анық көре алады, олар енді өзге жаққа алаңдай ала ма?

Оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де интерактивті тақталар тапсырмаларды тартымды ететінін, әр түрлі көрнекіліктерді пайдалануға болатынын және ынтасын жақсартатынын байқауға болады. Сонымен бірге, бұл интерактивті тақтаға аудио немесе видео құрылғыларын қосуға болады

Бұл мұғалімдерге оқытудың көлемді ресурс спектрлерін пайдалануға жол ашады. Атап айтқанда:

  • презентациялық бағдарламамен қамтамасыз ету;

  • мәтін редакторлары;

  • интернет;

  • көріністер (экрандағы көріністер, диаграммалар, суреттер,фотолар);

  • видеофайлдар (теледидарлық бағдарламалардан көрініс, видеокассеталар немесе сандық видеокөріністер);

  • дыбыстық файлдар (басқада мұғалімдер немесе оқушылар жасаған көшірмелер, кассетадан немесе радиодан үзінді). Тақтаға колонка қосылса CD-ROM-дағы немесе интернет-парақтарындағы кез-келген дыбыс естіледі.

  • интерактивті тақтаны бағдарламамен қамтамасыз ету;

  • электрондық оқулықтарды қолдану

Жаңа ақпараттық технология мұғалімдердің еңбек сапасы мен біліктілік дүниесіне ғана емес, педагогикалық шеберлігіне де қатаң талап қояды.

Мұғалім ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолдану кезінде төмендегідей жағдайларды қарастыруы керек.

  • оқушылардың жас ерекшеліктерін;

  • оқушылардың орнын;

  • деңгейін;

  • сабақтың мақсаттары мен мазмұнын;

  • оқу материалын дайындаған кезде, көрнекіліктердің безендірілуі яғни түсі оқушылардың көзін ауыртпайтындай болуы керек;

  • сабақта көз жаттығуларын өткізіп отыру керектігін ескеру.

hello_html_m147acaf.gifhello_html_m4ab7bdd2.gifhello_html_4bc3be90.gif

Презентацияларды жасаған кезде өте көп мөлшерде сөз жазудың қажеті жоқ. Слайдқа тым көп сөз (ұсақ жазумен жазылған болса) балалар тез шаршап кетуі мүмкін. Ең негізгі ақпаратты теріп алып, қысқаша ғана жазып, көрсеткен дұрыс болар.

hello_html_m3d532633.gifhello_html_189b6749.gifhello_html_48c61bb4.gif

Презентацияларды жасаған кезде мыналарды ескерген жөн:

  • Тақырыбын жазу үшін үлкенірек жазумен жазған дұрыс;

hello_html_m406d3f22.gifhello_html_62a93e78.gif

  • Соңғы партадағы оқушыларға тақтадағы жазулар анық көрінуі керек;

  • Слайдтардың түстері көзді ауыртпайтындай жағымды түстер болуы керек;

  • Бір слайдты көрсету үшін 2-3 минуттай уақыт қажет, яғни оқушылар слайдтың барлық элементтерін көріп үлгеруі тиісті;

Слайдқа дыбыс қосылған жағдайда дыбысы аса қатты немесе жағымсыз болмау керек.2-сыныпта өткізген сабақтарымның үлгісін ұсынамын



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 13 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

« Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет »     Қазіргі ақпараттық қоғамда басқа оқыту технологияларына қарағанда ақпараттық қатынастық технология басымдық алып отыр. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде жаңа ақпарттық қатынастық технология, компьютерлік оқытудың технологиясы, компьютерлік педагогикалық технологиялар сияқты терминдер жиі кездеседі. Зерттеулерде ұғымның әлі дұрыс қалыптаспағандығы байқалады, сондықтан қазіргі оқыту  технологиялары мен қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқытудың ақпарттық қатынастық технологиясы ұғымына тоқталып, оған берілген анықтамаларды саралай келе, біріншіден ақпарттық қатынастық технология – оқыту әдісі, ақпарттық бағдарламалық жабдықтарды оқыту үрдісінде пайдалану және оның әдістемесі, ал екіншіден – ақпарттық үрдістерді компьютердің көмегімен жүзеге асыру жабдығы деп түсінеміз.

 

 

Общая информация

Номер материала: 151859
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 13 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>