Қ дыбысы мен әрпі

Предпросмотр материала:

Сабақтың тақырыбы: Қ дыбысы мен әрпі

 

Сабақтың мақсаты: Қ дыбысы және әрпімен таныстыру. Қ дыбысына тіл ұстарта отырып сөз құрату, буындарды оқу, Қ дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасауға үйрету.  Қ әрпінің жазба түрін жазуға үйрету. Ұқыпты, таза жазуға тәрбиелеу. Астананың көрікті жерлерімен таныстыру.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық мәдениетімізді құрметтеу.

        Ұйымдастыру.

   Психологиялық дайындық
Қуанамын менде

    Қуанасыңсен де

    Қуанайық достарым

    Арайлап атқан күнге

Қазір бізде әліппе сабағы. Әліппе сабағынан не үйрендіңдер?
 Дыбыстарды айтып, әріптерді жазып үйрендік. Буынға бөлуді, сөйлем құрауды үйрендік.

 Өткен сабақты пысықтау.

1. Дыбыс деген не? (Естиміз, айтамыз)
2. Әріп дегеніміз не? (Көреміз жазамыз, айтамыз)
3. Дыбыс нешеге бөлінеді? (Дауысты, дауыссыз)
4. Дауысты дыбысты қандай түспен белгілейміз?                                           
5.Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?

6.Дыбыстың таңбасы не?

7.Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?

8.Сөзден не құралады?

9. Сөйлем қандай әріптен  басталады?

10. Сөйлем соңына не қоямыз?

Енді өткен дыбыстарды қайталау үшін тақтаға қарайық.

 Берілген дыбыстардың дауысты, дауыссызын ажыратып, шеңберге орналастырамыз.

 

 

Венн диаграммасы

Дауысты дыбыстар:а, о, ы, і, ә, ө,у

Дауыссыз дыбыстар:р,л,ш,с,д,т,м,н,ң,ғ,ж,у,

Жаңа сабақ

 Жоғары қарап күн көрдім

Төмен қарап жер көрдім

Оңға солға бұрылып

Егеменді ел көрдім

Егеменді ел дегенді қалай түсінесіңдер?

Егеменді ел дегеніміз Қазақстан Республикасы. Қазақстан біздің отанымыз

- Осы сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
- «Қ» дыбысы.
Бүгін осы Қ дыбысымен танысамыз. Міне, мынау әріп таңбасы баспа түрі . Қ- бас әрпі. қ- кіші әрпі. Кәне, балалар айтып көрейікші

Қ дыбысын көк түспен белгілейміз .
 Өйткені Қ дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс. Қ дыбысын айтқанда тіліміз артқа тартылады, ерніміз созылады, тістің арасы ашық, тілдің ұшы астыңғы тіске тиеді, тілдің түбірі  таңдайға тіреледі. Дем жоғары көтерілгенде тіл мен таңдай арасынан атылып шығады.
Сөздің басында, сөздің ортасында және соңында кездеседі.Сөздің аяғында кездескенде қ дыбысы өзгеріске ұшырап, ық болып оқылады.  Тақтаға қарайық. Ненің суретін көріп тұрсыңдар? Қуыршақ сөзін буынға бөлейікші . Қ дыбысын естіп тұрсыңдар ма? Нешінші буында естіліп тұр?  Осы қуыршақ текшемен жазып, дыбыстық талдау жасайық.

қала, , қуыршақ, қасқыр, тауық суреттерін көрсетіп,буынға бөліп, текшемен жазу,дыбыстық талдау жасау.

Мәтінмен жұмыс

Егеменді ел дегеніміз Қазақстан. Қазақстан біздің отанымыз, біздің еліміз, туған үйіміз, туып өскен жеріміз деп айтып кеттік.

-Қазақстан Республикасының Президенті кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

-Ту, Елтаңба, Әнұран

-Біздің елордамыз, бас қаламыз қай қала?

-Отан  ,Астана туралы кім тақпақ біледі?

 

Отанымның төрінде

Сары арқаның өрінде

Ту ұстаған Астанам

Әсем, қалам, бас қалам

 

 

Отан деген атамекен

Отан деген туған жер

Отан ана, отан үлкен

Қазақстан туған ел

 

 Алтын орда Астана

Ғасыр үні бастама

Есіл бойын жағалап

Көз тартады бас қала

 

Астана арман қала

Бағы бір жанған қала

Тұрады ол жап- жас болып

Мен үлкен болғанда да

Астана- елімнің бас қаласы

Астана- ән қала

Астана- сән қала

Еліңмен егеменді өркендей біл

Ақ қала, Арман қала, Астана

Мәтінмен жұмыс

Бағандап оқу .Түсінбеген сөздерді айту, мағынасын түсіндіру (қоға, ноқта)

Дәптермен жұмыс

Енді    дыбыстың таңбасы қ әрпінің жазылуын үйренеміз..

Қаламды жазу жолының жоғарғы сызығына қойып, тік қиғашпен төмен түсіп, қайтадан әріп ортасына дейін көтеріліп, қиғашпен оңға-жоғары көтеріліп, жол сызығына келіп, сәл төмен түсеміз. Қаламды алып, әріп ортасына қойып, "орындық " жасап, аяғын ілмектеп,төменгі қосымша жолдан "ілмек жіп"жалғаймыз.

Ауада жазу

 Би "Қара жорға"

"Кім шапшаң"ойыны

Буыннан сөз құрау

Қа-  ра              Қа-ла           Қа-лам               Қа-сық

Қо-  ра                   Қо- ға                              Қо-ла

 Жаңа әріпті тап

Қарлығаш, қарындаш,оқушы, қар, тақта (сөйлем құрау)                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

Сабақты қорытындылау

Балалар, бүгін қандай әріппен таныстық?

Қандай текшемен белгіледік?

Қандай сөздер үйрендік?

Венн диаграммасы       А,ә,ө,ы,і,о, н,ш,д,ж,т,р,с,м,л,у,ң,ғ,

Краткое описание материала

Қ дыбысы мен әрпі

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Нигметова Аселим Амангелдиевна

учитель

  • На сайте: 11 лет и 1 месяц
  • Всего просмотров: 15250
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 2
  • 15250
    просмотров
  • 2
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Нигметова Аселим Амангелдиевна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~230

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: