Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / " Ертегі еліне саяхат. "

" Ертегі еліне саяхат. "

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Ертегі еліне саяхат




Топ: ІІ сәбилер 
Білім беру аймағы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық» 
Бөлімдер: «Көркем әдебиет», «Тіл дамыту», «Сурет», «Құрастыру» 
Тақырыбы: «Ертегі еліне саяхат» 
Бағдарлама мазмұны: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту. 
Таныс ертегінің соңын басқаша құрастыру, көркем-тілдік және орындау қабілеттерін қалыптастыру, халық шығармашылығына қызығушылықтарын таныту. [Г], [Ш] дыбыстарды дұрыс артикуляциямен айтуға пысықтау. 
Саусақпен сурет салуға үйрету, конструктардан өз еріктерімен жұмыс істеуге пысықтау. 
Сөздік жұмыс:__ «Саяхат»___________________________________________ 
Билингвалды сыңары: _Саяхат - путешествие , ертегі – сказка.__________ 
Заттық-дамыту орта: «Шалқан» ертегісіне арналған көстюмдер, «Шалқан» муляжі, «Шұбар тауық» ертегісінің мнемокестесі, «Бауырсақ» - доп, конструктор, сары түсті гуашь, ақ қағаз, «Лақтар мен қасқыр ертегісінің суреттері», Аю мен шұбар тауықтың костюмы, шырша мен ағаштар. 

Тәрбиеші: Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сиқырлы пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. Қане, бәріміз пойызға отырып, кетейік. 
Балалар бір-бірінің иығынан ұстап «Пойыз» өлеңін айтып жүреді. 

I аялдамаға келдік. Ата-аналардың қатысуымен «Шалқан» ертегісін сахналау. 
Балалар жарты шеңбер құрып отырады. 

II аялдама. «Сергіту сәті» - балалар «Аңшы» сергіту сәтінің сөзіне қимылдар жасайды. 

III Ертегілердің үзінді аялдама сұрақтар қояды. 
Мынау аялдамаға қызық суреттер ілініп тұр. – Бұл қандай ертегі? 
- «Лақтар мен қасқыр» 
- Осы ертегіні айтып беріңдер суреттерге қарап. 
- Суретте не салынған? 
- Ешкі тамаққа кеткен кезде лақтарға не айтып кетті? 
- Ал мынау суретте не көріп тұрсыңдар? 
- Қасқыр не істеп тұр? 
- Ол не үшін аңдып тұр? 
- Ал мынау суретте не көріп отырсыңдар? 
- Лақтар не істеп тұр? 
- Ең соңғы суретте не көріп отырсыңдар? 
- Ешкі лақтарымен не істеп тұр? 
Балалар тағы да пойыз құрып келесі аялдамаға барады. 

IV аялдама. «Орман». Сол орманда Аю жылап тұр. 
Тәрбиеші: Аю, сен неге жылап тұрсын, саған не болды? 
- Қалай мен жыламаймын, мына жерде үйшік тұрды, мен оған сыймай 
сындырдым, содан бәрі қашып кетті, кім маған көмектеседі? – деп балалардан сұрайды. 
Тәрбиеші: Жылама Аю, біздің балаларымыз сондай әдемі, үлкен үйшікті жасай алады. Бізбен бірге сиқырлы пойызға отырып келесі аялдамаға барайық, сол жерде біздің балаларымыз саған үйшік соғуға көмектеседі. 
Аю мен балалар пойыз құрып келесі аялдамаға жетеді. 

V аялдама. «Шұбар тауық». 
Сол аялдамада оларды Шұбар тауық күтеді. Олармен сәлемдеседі. Мнемотаблицаны көрсетеді. 
- Балалар, сендер мынау мнемотаблица бойынша ертегіні айтып бере 
алысыңдар ма? 
Бір-екі бала мнемотаблица бойынша ертегіні айтып береді. 
«Шұбар тауық» рақмет айтады. 
- Сендер менің балапандарыма тары жасай аласыңдар ма? – деп 
сұрайды. 
Балалар: Ия, біз оны жасай аламыз – дейді. Қыздар суретті салуға кетеді, саусақ арқылы балапандарға тары салады. 
Тәрбиеші: Аю, саған біздің ұл балаларымыз үйшік соғуға көмектеседі. 
Аю мен ұл балалар конструктордан үйшік соғады. 
Аю мен Шұбар тауық балаларға рақмет айтады, ал балалар сиқырлы пойызға отырып, өз тобына кетеді. 

VI Сюрприз. Бауырсақ секіріп топқа кіреді. 
Балалардан сұрайды: 
- Мен кіммін? 
- Мен кімнен қаштым? 
Балалар: Сен бауырсақсын, атадан, әжеден, қояннан, қасқырдан, аюдан қаштын. 
Тәрбиеші: Ал сені түлкі жеп қоймады ма? 
Бауырсақ: Мен оны алдадым, түлкінің тұмсығына отырмадым деп айтып береді. Сіздің балаларыңыз өте ақылды екен, олар маған қайда барғандарын айтып бере алады ма? Сендер не көрдіңдер, не істедіңдер? Егер сендер маған толық жауап берсендер, мен сендерге сыйлық беремін. 
Балалардың жауабы: 
- Біз сиқырлы пойызға отырдық. 
- Ертегілер еліне саяхатқа бардық. 
- «Шұбар тауық», «Шалқан», «Үйшік» ертегісін еске түсірдік. 
- Шұбар тауыққа тары жасадық, Аюға үйшік жасадық, сергіту сәтін 
орындадық, қайтадан топқа келдік. 
Бауырсақ: Мен өз ертегіме барайын, ал есіктің артында сендерге сыйлығым бар, ол сендерді күтіп тұр. 

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Бағдарлама мазмұны: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Таныс ертегінің соңын басқаша құрастыру, көркем-тілдік және орындау қабілеттерін қалыптастыру, халық шығармашылығына қызығушылықтарын таныту. [Г], [Ш] дыбыстарды дұрыс артикуляциямен айтуға пысықтау.
Саусақпен сурет салуға үйрету, конструктардан өз еріктерімен жұмыс істеуге пысықтау.
Сөздік жұмыс:__ «Саяхат»_
Заттық-дамыту орта: «Шалқан» ертегісіне арналған көстюмдер, «Шалқан» муляжі, «Шұбар тауық» ертегісінің мнемокестесі, «Бауырсақ» - доп, конструктор, сары түсті гуашь, ақ қағаз, «Лақтар мен қасқыр ертегісінің суреттері», Аю мен шұбар тауықтың костюмы, шырша мен ағаштар.


Автор
Дата добавления 19.03.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров399
Номер материала 450052
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх