Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
1 слайд
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ
Блиц-сұрақтар:
1. Инерция деп нені айтады?
2. Денеге еш нәрсе әрекет етпесе, ол қандай күйде болады?
3. Инерция сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
4. Инерция құбылысын ашқан кім?
5. Денелердің өзара әрекеттесуі деген не?
6. Күш дегеніміз не?
7. Күш қандай шама? Белгіленуі
8. SI жүйесінде күштің өлшем бірлігі?
2 слайд
Өткен тақырыпты қорытындылау
“Суретті тест”
3 слайд
Сабақтың тақырыбы:
Тартылыс құбылысы.
Ауырлық күші.
Басқа планеталардағы ауырлық күші.
4 слайд
Болжау стратегиясы
Исаак Ньютон
?
бағыты
белгілеуі
өлшем бірлігі
Физикалық шама
5 слайд
Тартылыс құбылысы.
Жер барлық денелерді өзіне тартады.
денелерге Жер тарапынан күш әрекет етеді.
денелердің бір-біріне тартылуы бүкіләлемдік тартылыс деп аталады.
Ағылшын ғалымы И.Ньютон бұл құбылысты зерттеп, табиғаттың ұлы заңы-Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады.
6 слайд
Ауырлық күші
денелердің Жерге тартылу күшін ауырлық күші деп атайды
ауырлық күшін Fa әрпімен белгілейді.
ауырлық күшінің дене массасына қатынасы тұрақты
Бұл тұрақты шаманы g әрпімен белгілейді
ауырлық күші дене массасына тура пропорционал:
Тұрақты g-дің шамасы жуықтап алғанда 9,8 Н/кг тең.
Өлшем бірлігі [Н] (Ньютон)
7 слайд
Басқа планеталардағы ауырлық күші
Әр түрлі планеталарда массалары бірдей денелерге әрекет ететін ауырлық күші де түрліше болады
Планетаның массасы неғұрлым аз болса, оның ауырлық күші соғұрлым аз болады
Әр түрлі аспан денелері үшін тұрақты g- ның мәні түрліше болады.
Жерде g= 9,8 Н/кг
Меркурийде g= 3,7 Н/кг
Шолпанда g= 8,8 Н/кг
Марста g= 3,8 Н/кг
Юпитерде g=24 Н/кг
Сатурнда g=9,1Н/кг
Уранда g= 9,8 Н/кг
Нептунда g= 13,5 Н/кг
8 слайд
Бекіту
-тест
1) Мына техника түрлерінің қайсысының ауырлық күші көп болады?
а) ә) б)
2) Әрбір оқулықтың массасы 1 кг болса, үш кітаптың үстелге түсіретін ауырлық күшінің мәні қандай болады? Еркін түсу үдеуін шамамен 10 Н/кг-ға тең деп алыңдар.
а) 30Н; ә) 20Н; б) 15 Н.
3) Салмағы 250 г үнді шайының массасын ХБЖ-не айналдыр.
а) 2,5 кг ә) 25 кг б) 0,25 кг
4) Еркін түсу үдеуінің мына мәндерін салыстыр: g=9,8066 Н/кг және g=9,780 Н/кг
а) g=g ә) g > g б) g < g
5) Суретте көрсетілген баланың салмағы 25 кг болса, онда оның ауырлық күшінің мәні нешеге тең болады? Еркін түсу үдеуін шамамен 10 Н/кг-ға тең деп алыңдар.
а) 2,5Н; ә) 25Н; б) 250Н.
9 слайд
Кім жылдам?
Есептер шығару
1-есеп:
Массасы 250 г бақаға әсер ететін ауырлық күші неге тең? (Жауабы: F=2,45Н)
2-есеп
Ауырлық күші 980 Н болатын арыстанның массасы қандай болады? (Жауабы: 100 кг)
3-есеп.
Үстелдің үстінде компьютер тұр делік. Үстелдің массасы 5 кг, компьютердің массасы 12 кг болса, онда осы жүйенің жерге түсіретін ауырлық күші неге тең болады? (Жауабы: F=166,6 Н)
10 слайд
3-есеп.
Үстелдің үстінде компьютер тұр делік. Үстелдің массасы 5 кг, компьютердің массасы 12 кг болса, онда осы жүйенің жерге түсіретін ауырлық күші неге тең болады? (Жауабы: F=166,6 Н)
11 слайд
“Тартылыс құбылысының маңызы”
тақырыбында эссе жазу
12 слайд
Үйге тапсырма:§ 29,30
Венн диаграммасын толтыру
Жердегі тіршілік- Айдағы тіршілік.
И.Ньютон туралы оқып-білу.
13 слайд
Назарларыңызға рахмет!
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Сабақтың мақсаты: Тартылыс құбылысы және ауырлық күші туралы түсінік беру.
\
Білімділік: А) Барлық заттар өзара тартылыс құбылысы арқылы байланысатының түсіну.
Ә) Тәжірибе нәтижелеріне жүгініп ауырлық күшінің формуласын тағайындау.
Б) Тақырыпқа байланысты есептер шығарып үйрену.
Дамытушылық: Тәжірибелік фактілерді анализдеу арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ұжым алдында жауапкершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалмен таныстыру.Аралас сабақ
Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, динамометр, жүкшелер.
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)
Өткен тақырыпты қайталау (5 мин)
Блиц сұрақтар
өткен тақырыпты бекіту үшін «Суретті тест»
Жаңа тақырыпты түсіндіру (10 мин)
Бекіту ( 15 мин)
-тест
-жай есептер
-күрделі есептер
қорытындылау, бағалау (5 мин)
Сабақтың барысы:
ұйымдастыру кезеңі (5 мин)
Сәлеметсіздерме! Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбын ашу үшін «Болжау стратегиясы» бойынша экранда көрсетілген суреттер бойынша тауып аламыз. Оқушылар жауап береді яғни сабақтың тақырыбы : “Тартылыс құбылысы. Басқа планеталардағы ауырлық күші. Ауырлық күші”.
7 367 170 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Доскельдинова Хадиша Тимуровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВам будут доступны для скачивания все 364 293 материалы из нашего маркетплейса.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.