Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / « Қысқы демалыс уақыттын тиімді пайдаланудың адам өмірінде маңызы бар ма?» дөңгелек стол

« Қысқы демалыс уақыттын тиімді пайдаланудың адам өмірінде маңызы бар ма?» дөңгелек стол



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Султаналина Куляш Боранбаевнаның тәрбие сағаты.

Тақырыбы: "Тыңда- есте сақта"
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережісін білудің маңызды екенін түсіндіру.
Көрнекілік:
Жол ережесі туралы суреттер, сызылған жол, бағдаршам, жол белгілерінің макеттері.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Құрметті балалар, біз бүгін жолда жүру ережесін қаншалықты білеміз, жол белгілерін айыра аламыз ба, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба осы тақырыпта ой бөлісеміз.
Жүргізуші:
Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтармен
Ойынымыз басталсын сәлемменен

Бүгінгі «Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік» атты ойын - сауығымызға автоинспектор келіп отыр. Сөз кезегін берейік.
- Сәлеметсіңдер ме, балаларІ
Мен сендерге жұмбақ жасырайын
«Үш көзі бар қаз - қатар
Кезек - кезек ашады
Үшеуінен байқасам
Үш түсті нұр шашады.» https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTarzoiYbYY6GvdC2cphlx3jl9I_vyp-m2TKJU6kZ3WPr4U1gmYzQ


Мұғалім:
- БІЗДІҢ БАЛАЛАР көліктер туралы көп мағлұмат біледі.
Велосипед, самокат, машинасы бар балалар келеді.
- Ей, неге жолда иіріліп тұрсыңдар, қағып кетсек қайтсіңдер?
Автоинспектор:
- Әр түрлі көліктерің болғаны жақсы екен, бірақ жол ережесін сендер де білулерің керек. Кәне таныс болайық. Балалармен танысу.




Заманбек.
- Менің атым, Заманбек. Велосипедпен үнемі зуылдап жүремін. Ал мына белгілер көшеде қаптап тұр. Мен оларды қайтем, мен оларсыз - ақ зуылдатам.
Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек белгідегі велосипедті көреді.
- Әй, мынау қандай белгі, мынау менің велосипедім емес пе? Мен үшін жасалған белгі ме?
- Ия, сен үшін, бұл белгінің аты -«Велосипед жүрмейді»
- Жүрмейді, тапқан екенсіңдер, мен жүрмейтін жер жоқ, білдіңдер ме, мен үшін көше де саяжай да, арық, аула бәрі ашық. Сендерше айтқанда, қалай еді?... Зеленный свет
/Сақтандыру белгі ұстаған балаға келеді/
- Мұны да белгі дейді - ау, көшеге пәтердің жылу батареясы белгісі не үшін керек?
- Заманбек - ау бұл да саған керек белгі. Айталық сен велосипедпен зуылдап келесің дейік, қарсы алдыңнан осы белгі кездесті, ендеше алдыңда темір жол бар деген сөз. Ұқтың ба?
- А.. аа Бұл белгінің де қажеті бола қоймас, салдырлап - гүлдірлеп поезд жеткенше өтіп үлгерем.
/ Адам сұлбасы салынған көк нұсқау белгісі жанына келеді/
- Ал, мына белгі не үшін керек?
- Қара, бұл адамдар өтеді.
- Велигім тұрғанда мұны қайтем? Автоинспектор басын шайқап.
Балалар, ж олда жүру ережесін, белгілерді Зуылбекті үйретейік. «Сақтансаң сақтаймын» деген сөз бар.
- Мынау қандай белгі?
Айналасы қызыл жолақпен көмкерілген, үшбұрыш.
- Ескерту белгісі Нүкеш
Қып - қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам
«Қауіптен сақ бол»- деп сәт - сапар жолдағам
Аман - сау жүреді жаяу да көлік те
Мен берген белгіні Сақтағың, қолданғын
*****
Тиым салу белгісі - Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек
Қызылмен боялған, шеңберлі аумақты Сұлу
Тиымшыл белгімін, қаталмын, салмақты
Мен тұрған жерлерде қақың жоқ жүруге
Қауіп бар бағдарла, көз салып жан - жаққа.
**
Нұсқау белгісі - көк түсті төртбұрыш
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын Мерей
Үн - түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамын
Күндіз де түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.
Зуылбек:
- Балалар сендерге көп рахмет, мен зуылдайын. Сау болыңдар. Сау болыңыз, аға автоинспектор.
- Балалар сендер бұл белгілерді біліп жүріңдер. https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRH5fclF9c943ZnEdJRjLs8AhRBnWI_ADgl0GPruVO9taXPHTdAMNfMIA

Ал, енді қауіпсіздік ережелерін есімізге сақтайық
1. Жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден өт
2. Жолдан өтерде алдымен солға ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара
3. Жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт
4. Егер, жаяу жүргіншілрге арналған жол болмаса жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жолмен жүруге тиісті.
5. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.
6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесіп жүгірме.
7. Машинадан түскенде артынан айналып өту керек.


- Ал, балалар бағдаршамның үш көзі туралы айтып беріңдерші
- Бір көзім «кідір» дейді,
- Бір көзім «жүгір» дейді,
- Бір көзім «абайла» дейді,
Карап ал маңайға дейді.
Бағдаршам:
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін жасқанба. https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRjYx5aKLQJFf5RZpu6ZRvBooub8licC6rj7l9bjkaUS0ljYlc5MA


Ал қазір «Жолдан дұрыс өт» ойынын ойнайық. Балалармен бірге жолдан өтеді.
Жарайсыңдар, балалар! Бәрің де жолдан дұрыс өттіңдер! Жолда үнемі осы жүргіншілерге арналған жол арқылы жүріп, жол ережесін есте ұстаңдар.
Ендеше біз ойынымызды әнмен аяқтайық.
«Көшеде сақ бол!»
Көшеде біз сақ болайық,
Қайғырмасын ата - ана.
Жолда сен бол лайықты,
Балалар атына.
Жолда жүру ережесін,
Білгенің бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап.
Рахмет, жарайсыңдар, балалар! Сендер үшін қуаныштымын. Көше тәртібін қарау үшін қызметіме кеттім. Сау болыңдар, балалар.











































C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\эмблема\2222222.png








Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік,

аман - есен жүрейік »









Өткізген: Султаналина К.Б.

Бастауыш сынып мұғалімі











2014-2015 оқу жылы





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

 Тақырыбы: « Қысқы демалыс уақыттын тиімді пайдаланудың адам өмірінде маңызы бар ма?» дөңгелек стол
Мақсаты: Оқушыларға уақыттың құндылығын түсіндіре отырып, қалай тиімді пайдалануға болатындығы жөнінде мәліметтер беру.
Күтілетін нәтиже: күнделікті өмірінде уақытты жоспарлай білуі, уақытты тиімді пайдалануы, уақытын босқа өткізбеуі.
Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!
Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізбепсің?
Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?
(АБАЙ. Он бесінші қара сөз)

Автор
Дата добавления 04.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров451
Номер материала 473741
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх