Логотип Инфоурока

Получите 30₽ за публикацию своей разработки в библиотеке «Инфоурок»

Добавить материал

и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru

Чёрная пятница

-75%

На все курсы повышения квалификации и профессиональной переподготовки

Инфоурок Директору, завучу СтатьиАқынның мөлдір әлемі.8 сынып

Ақынның мөлдір әлемі.8 сынып

Скачать материал
библиотека
материалов

Ақынның мөлдір әлемі



Бірманова Қ.И.

Рудный қаласы әкімдігінің

«Бейімбет Майлин атындағы

7мектеп-гимназиясы»КММ директоры

Рудный қаласы,Қостанай облысы



Дүрмекке толы дүние дүбірі жүріп өткенмен, тарихи дәуірдің шежірелік ізі сайрап жатыр. Сәулелі үміттей жоғалмай, дәуірімізге жеткен құнды мұралар сыры кеткенімен сыны кетпеген сырлыаяқ сынды. Түпкірінде қым-қуытты тарих сілемдері із қалдырған.

Ұлтын ұлықтар  жас ұрпаққа артылып отырған жүк, сенім мен серт ерекше болса керек-ті.  Асыл құндылықтарымызбен қайта қауыштырып, ұлттың ұлжандылық өресімен өзіндік үн қосу һәм дара пайымын қалыптасуына септігін тигізетін де ұлы ақынның шығармалары. Небір керім күндердің куәсі тұңғиық сыр көмкерген тылсым дүниелер. Сол құнды дүниелердің сырына үңілген қай жан болмасын шоқтығы биік ұлы тұлғаға соқпай кетпейтіндей. Бабалардың дара жолы өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениеті тарихында айқын із қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық сақтауда. Мұның өзі заңдылық, өйткені, әрбір ұлы тұлға адамзатпен бірге жасайтын өшпес, ескірмес идеяларды көтереді.

Биыл 175 жасқа толған  Абай Құнанбайұлының қазақ ұлты үшін орны бөлек: ол қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ұлы ақын, аудармашы,қоғам қайраткері.

Абай Құнанбайұлы ел басын біріктіру тұрғысында халықтың келешегі үшін алдына мақсат етіп қойды: бастысы - халықтың ой-санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. Оған оның барлық іс-амалы мен бізге қалдырып кеткен мұралары куә Өзінің өнегелі өмірі, тынымсыз ізденісі, жан- жақты таланты арқылы танылған Абай шығармаларының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны орасан зор.

Абай Құнанбайұлы — нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен данышпан ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған парасат иесі. Сөз өнерінің үздік үлгісі де,сөз маржандарын еркін төккен. Абай орақ тілді жырларымен, ғасырлар қазынасын шежіре еткен, ортағасырлық поэзия үні естіледі Той қарасаңында барша атырап жаңғыртып жеткізіп жатырғандай. Мөлдірлік тұнған тазалықтан, адалықты тоғыстырған Абайдың ақындық табиғатын аңғартатын поэтикалық бейне. Заман тынысын сездіретін өлеңдері, өлең тілі бедеріндегі іздерін айшықтау мен ақын тілінің бүгінгі күннен қалай ерекшеленетіні , жалпы қазақ ақындарының тілін саралауда қайта-қайта ұлы Абайға жүгінуге тура келеді. Керемет тілдік үлгіні дүниеге келтірген Абай . Абай әлемі-адамзатты ардақтап, жалпы қазақ жұртына ой салатын құдірет.Дала бесікте тербелген қара сөздерінің астарында айтпас ойы,жасалған пайымды оқырман еншісіне қалдырады. Бір сөзбен айтқанда , бүгінде барша қазақ халқының аса зор құндылықтарына айналған оның асыл мол рухани мұралары ұрпақ игілігіне қызмет ете берері сөзсіз. Ол тарихи дара тұлға. Халықтың рухани болмысын, арғы тегін танытатын ,ұлттық келбетін айқындайтын келешегінің айнасы сынды темірқазық. Санасы уланғандарды Абай осының бәрін көріп білген. Бұдан шығу жолы толық адам ілімі.Абай дүниетанымы мен көзқарасы. Ол бүкіл адамзаттың ортақ игілігі. Абайдың рухани әлемі мен пәлсапалық лирикасына Шығыс та Еуропа да жете қойған жоқ. Жыр дариясынан небір інжу-маржанды тере аласыз. Олай болса Абайдың ақындық мұрасы-қайран қазағының өркениет көшінде өзге жұртпен терезесі тең болуына жөн көрсететін жарық нұр. Абайдың жас ұрпақққа тағылымы білім мен өнерді, еңбек пен табысты, достық пен адалдықты, ақыл мен қайратты, ерік пен жігерді тануға көмектеседі. Даналыққа толы нақылдарына, баурап алатын қара сөздеріне, кемеңгерлігіне , тылсым сырларына және өрнекті өлеңдеріне мұқтажбыз. Рухты жырларымен өз үнін естірте келген. Ізгілік пен парасат, иман, нұрлы ой-өрнектер қашанда адамзаттың рухының ізгілікке ілгерілетіп, кемелденіп толысуына ұтымды із қалдырады. Адамзатты ақиқат жолына үндеуші. Рухы биік айбыны асқақ. Ал рухты қалай биіктетеміз? Рух көзі-білім, ғылымда. Білім, ғылымның қайнар бастауы- кітап. Кейінгілерге жеткен асыл қазына кітап арқылы игілігімізге айналды. Өйткені Абай еңбектері рухани өсиет, рухани мұра. «Ұстаным ұлағатқа ұластырады»,- деген міне, осы шығар?! Абай әлемі- асқаралы асуы шығыс әлемі мен ислам дүниесі екендігі ақиқат. Дүние сырын шешкен данышпандар Әбу Насыр Әл-Фараби , Әбу Әли ибн Сина, Махмұт Қашқари, Абай ой кермегін татып толғанған, шымырлап аққан ой құдіретін ұрпақ тәрбиесіне арнаған. Ұлттық әдебиетіміз бен тарихымыздағы ерекше тұлғалар. Ұлылық,данышпандық, өлмес сөз, өзгермес ой , ол -Абай сөзі, Абай- даналығы, Абай-үні, Абай- барша қазақ елінің айнасы . Қара сөздерінің алғы шарты-шеберлік. Шеберік дегеніміз-ой, тіл, сезім ғой. «Абай қақаған қыстың аязында құз-қияға жұмыртқа салып, соның суыққа тоңып, шыдағанын ғана бауырға басатын қыран бүркіт анаға-қазақ елі мен өзін теңейді». Абайдың аңсағаны – аузын айға білеген тастүлек ұландар. Сөздің құнын, меңзейді. Ойы терең, көркем өзінше айтсақ, «іші алтын , сырты күміс» сөз жақсысын жаза білген. Абай өсиеті бойынша ақыл, қайрат, жүректі тең ұстаған толық адам өмірде адаспайды. Артында өшпес із қалдырған ұлы ақын адами болмыстың, тектілігі, ақылы, парасаты, мейірімі, отбасынан бастау алады. Халқымыздың аяулы ұлының тағылымды мол шығармаларының бүгінгі ұрпаққа берері мол. Қоғамдық өмірдің басқа да салалары секілді рухани азық, әдебиет әлемі өз алдына керемет дүние. Кейіпкер бейнесі, шығармада біте қайнасқан адамның тіршілік-әрекеті, болмысы, бейнелі сөз құдіреті арқылы сөз айшықтарымен бедерлеп оқырман жүрегіне жақын керемет өнер туындысы бұл Абай шығармаларынан көрініс табады.  Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік асқар шыңы – Мұхтар десек, Мұхтардай тума таланттың қалыптасуы үшін білімнің, өнердің қайнар бұлағы бола білген Абайдың өскен ортасы мен дәстүрінен тағылым алған. Бұл жерде таланттар шоғырланған қасиетті өлке Семей өңірі қасиетті десе қасиетті-ау?!

«Абайды Абай еткен Мұхтар ғана,

Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана,

Қазақтың қос арысы, қос данасы.

Қалайша бас имессің оған, сірә»,-деген өлең шумақтарынан қазақтың маңдайға біткен ұлы тұлғаларынан халқымыздың оқып тауыса алмай келе жатқан даналық мектебін көремін. «Шынайы тарихтың шөкімдей түйірі де қастер тұтар сондайлық сирек зат»-деп ғұламаларымыз айтып кеткендей, барлық қазақ қоғамының, ұлтының тұтастығы мен бірлігі көрсетілген.

А.Құнанбайұлының данышпандылығы керемет суреткер екендігі сондай-ақ шығармаларында адам тәрбиесінің маңыздылығы, құндылықтар, адамгершілік қасиет басым. Қаламгердің сөз кестесі мен өрнекті сөз мәйегі даралығы, парасаттылығы, халықтылығымен құнды. Қазақ елінің мәдениетін, бағытын айқындай отыра өркениетке жеткізер жалғыз жол- өнер мен білімді жоғары бағалаған. Абай шығармаларынан ізгілік сәулесінің нұрын аңғарамыз. Сөз өнерін дамытуға, өрнекті сөз бедерін қалыптастыруда орны ерекше. Абай тұтастай ұлтымыздың сөз өнерінің шыңы. Қай шығармасы болмасын үлгі өнеге түйінді шешім қабылдап, өзіндік ой қорытар мағыналы маржан сөздер, ұлағат емес пе? Әдебиет қашанда електен өткізіп таңдаулыларын ғана жеткізеді. Абайдың мөлдір әлемі оқушы қауымына жол тартып,  білім нәрімен сусындатар асыл мұра. Өз заманының озық ойлы парасатты кемеңгерлері бар. Асыл сөздің зергерлерінің мұрасын әдебиеттен таныспыз. Шығармалары теңдесі жоқ асыл мұралар. Абай әлемі мәңгілік десеңіз,міне мәңгілік емес пе шығармалары?! Қай халықтың тарихын да әдебиетін де алсақ, халықтың өмірі әдебиетпен тығыз байланысты. Өз заманында бір тұлғаға емес, мың тұлғаға көмегі тиген дара кемеңгер. Абай тек қана өз ұлтына қызмет етуді мақсат тұтқан. Келешек ұрпақ рухани азықты даналар мұраларынан алатыны сөзсіз. Ұлылардың ойынша айтсам, сайын даланың ақыл-санасымен, парасат-пайымын да дархан даналығы мен кемел кемеңгерлігін де мирас еткен. Ұлтқа ұйытқы болған ұлы тұлға. Рухани байлығының көзі-әдебиетті дамытуға үлес қосты.Қалайша мақтаныш етпеске?! Жазушының арман-мақсаттары бүгінгі таңда орындалды. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан соның дәлелі.  Заңғар жазушының жан дүниесі-кең көлемді мол қазына, терең таусылмас асыл да сырлы мұра. Ұлы ақын шығармаларында адамгершілік, ізгілік, қайғы, қуаныш, өнеге, пәспалалық ой бәрі тұтас жатыр. Шығармалары тамыры тереңге бойлаған аса терең мағыналы, даралық келбетін жақсы аңғартатын және ұлы жазушының өзіндік қолтаңбасы айқын көрініс табады.Шығармаларында бар болмысыңмен біте қайнасып отырасың.. Ол мәңгілік. Себебі адамзатқа игі қасиеттерді бойға сіңіртуге, жақсы жаманды ажыратып саралаудың тағылымды жолын ұсынады. Ол әрқашан ұрпақпен бірге жасай береді. Ақындық құдіретінің бір ғажабы шығармаларын оқыған сайын оқиғаның өрбуі шарықтауында да ішкі сезім түйсігімен барша жан дүниеңді баурап алады. Санаңды сәулендіреді. Ғазал жырларынан мейірің қанғанша сусындайсың. Қазақ әдебиетін өркендетуге қосқан үлесі, озық үлгілері баға жетпес туындылар.Өскелең ұрпақ рухани қажеттілігін А.Құнанбаев мұраларынан алатыны даусыз.Бабалар тарихындағы алып тұлға, шын асылымыз, ұлы ақын туралы тың деректерден алар өнегеміз көп. Ұлт арасында аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістер орын алғанын тарих парақтары растайды,ғажайып құлшыныспен, терең тебіреніспен айтылған айшықты да асыл мұралары еш көнермейді.

  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:

Абай Құнанбайұлы ел басын біріктіру тұрғысында халықтың келешегі үшін алдына мақсат етіп қойды: бастысы - халықтың ой-санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. Оған оның барлық іс-амалы мен бізге қалдырып кеткен мұралары куә Өзінің өнегелі өмірі, тынымсыз ізденісі, жан- жақты таланты арқылы танылған Абай шығармаларының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны орасан зор

Проверен экспертом
Общая информация
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Менеджмент в образовании»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Специальная оценка условий труда»
Курс профессиональной переподготовки «Обеспечение закупок для государственных, муниципальных и корпоративных нужд»
Курс повышения квалификации «Методика проведения электронного аукциона по 44-ФЗ»
Курс повышения квалификации «Стратегическое управление образовательной организацией»
Курс повышения квалификации «Маркетинг образовательных услуг: инструменты продвижения»
Курс повышения квалификации «Современный переговорный процесс в практике образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Психологические основы управления педагогическим коллективом в рамках реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности структурного подразделения в сфере профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Целеполагание как основа современного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Руководство и управление образовательной организацией»
Курс повышения квалификации «Применение современных педагогических технологий в образовательном процессе в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Управление процессом финансового планирования и консультирования в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Философия управления»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.