Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / «Ақ анашым, анашым, сендей бар ма жанашыр»
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"

«Ақ анашым, анашым, сендей бар ма жанашыр»

библиотека
материалов

Маутқанова Ж.К. тәрбиеші

«Ақ анашым, анашым, сендей бар ма жанашыр»

(залға ұлдар шығады)

Ұлдар: «Біз бақыт ел ұланы»

Қайыргүл: Жігіттер біздің топтың қыздары қайда? Оларсыз мерекені қалай бастаймыз?

Есдәулет: Бәлкім, бізге ренжіп қалған шығар? Кім ренжітті қане айтыңдар.

Ұлдар: Жоқ (бастарын шайқайды)

Есдәулет: Ешкім ренжітпесе, олар қайда, қане іздеп көрейік.

(ұялы телефонын алып шығып, звандайды)

Есдәулет: Алло, Сәлеметсіз бе? Бұл сұлулық салоны ма?

Жаңыл: Сәлемет пе ия сұлулық салоны.

Есдәулет: Қарлығаш тобының қыздары сіздерге келді ме?

Жаңыл: Ия келді, қыздар әдемі көйлектерін киіп, сұлу болып құлпырып, жаңа ғана шығып кетті.

Есдәулет: Сонда қайда кетті?

Жаңыл: «Ертөстік» ясли-бақшасына аналар мерекесіне арналған ертеңгілікке кетті.

Есдәулет: Сізге көп рахмет, сау болыңыз.

Қайыргүл: Біздің қыздарымыз келе жатқан сияқты қане, қарсы алайық.

(ортада ұлдар екіге бөлініп, қыздарды қарсы алады)

Қайыргүл: Міне, барлығымыз жиналдық ертеңгілігімізді жалғастыруға болады. Қайырлы күн! Құрметті әріптестер! Сіздерді 8-наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз!

Есдәулет: Баурап алар бірақ ауыз сәлемі,

Қазақ қызы әдепті де әдемі

Қазақ қызы -ақылына көркі сай,

Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.

Қайыргүл: «Мен қазақтың қызымын» әнің қабыл алаңыздар.

(ұлдар қыздарды орындарына отырғызады)

Қайыргүл: Бүгінгі мерекеміз ерекше болмақшы себебі біздің мерекеге көктем келеді.

Көктем: Сәлеметсіңдер ме балалар?

Балалар: Сәлеметсіз бе?

Қайыргүл: Төрлет, төрлет көктем, біздің балалар өзінді асыға күтті.

Көктем: Ал, ендеше балалар сендер көкеністер мен жемістерді ажырата аласындар ма?

Балалар: Ия ажырата аламыз.

Көктем: Ендеше «Екі аспазшы» ойының ойнайық.

Шарты: Ортаға екі бала шығып, біреуі борщ біреуі компот дайындайды.

Жүргізуші: Асқар тау,биігіміз сенсің- әже

Жүрегің теңіздей кеңсің- әже

Ұл қызың армансыз болар еді

Мәңгілік сен бізбен бірге күлсең- әже

Есдәулет: О,балалар, алақай! Әжеміз келе жатыр. Жоғары шығыңыз отырыңыз.

Қайыргүл: Хош келдіңіз әже.

Ерасыл: Әжем менің әлі де

Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді

Қажет болса бәріне (Қолын аяғын уқалайды).

Сабира: Біз дәрісін табамыз

Қамқорлыққа аламыз

Әжемізді өзіміз

Демде емдеп аламыз. (Дәрі беріп, су береді)

Әже бізге ертегі айтып беріңізші:

Әже: Айтайын қарақтарым. Бүгін сендерге «Шалқан» ертегісін айтып берейін. Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.

Ильяс: Шаршағаным ай біраз радиомды қосып ән тыңдап алайыншы.

Қайыргүл: «Наз» вокал үйірмесінің балаларының орындауында «Әжемнің шәйі» (Исмайл А, Исмайл К, Медина, Інжу, Айша Қ, Сабира, Альбина, Малика, Алимжан, Нұрали, Жасмин, Нұрай, Есдәулет)

Ильяс: Әже туралы ән айтып, кемпірімді еске түсіріп жібердіңдер ғой, көмекке неге кемпірімді шақырмаймын. Кемпірім, кемпірім кел, маған шалқанды жұлуға көмектесші.

Амина: Мені, неге шақырдың, анандиди көріп отыр едім, шалқан қалай үлкен болып өскен, кел көмектесейін.

Әже: Кемпірі көмекке келеді. Әжей атайдың белінен ұстайды, атай шалқанның желкесінен ұстайды. Екеуі ары тартады, бері тартады шалқанды жұла алмайды да әжей немересін шақырады.

Амина: - Қызым, қызым бері келші, бізге шалқанды тартысып жіберші.

Зере: Мені, неге шақырдыңыздар, Әже сіздер мына шалқанды бәрібір суыра алмайсыңдар. Мына жақта әжелердің мерекесі болып жатыр ендеше бір тынығып әжелердің биін тамашаласақ қайтеді.

Би: «Бабушки старушки» (Ерасыл, Алимжан, Алинұр, Азим)

Амина: Қой қызым атаңа көмектесіп мына шалқанды тартайық.

Әже: Немересі әжесінің белінен ұстайды, әжей атайдың белінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. Үшеуі ары тартады, бері тартады шалқанды жұла алмайды да немересі күшігін шақырады.

Амина: - Күшігім, күшігім бері келші бізге шалқанды жұлуға көмектесші.

Жүргізуші: Күшік көмекке келгенше біз балалардың аналарға арналған тақпақтарын тыңдайық.

Ерасыл: Жүрегімізге қараңыз,

Бал күлкілі баламыз.

Бізге қымбат күншуақ

Бізге қымбат анамыз

Еркеназ: Жақсы көрем күлгенді

Айналайын ақ анам

Менің анам сүйкімді,

Бәрінен де жақсы адам

Той пердесін ашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық.

Бимұхаммед: Анашым анам

Ризамын саған

Тілінді алам

Ақылды болам.

Алинұр: Менің анам, ақ анам,

Жұмсағанда тіл алам.

Ойыншыққа толтырды

Айналайын ақ мамам.

Әже: - Күшік көмекке келеді.

Қайыргүлі: Күшік қош келдің бүгін аналардың мейрамы болып жатыр, балалар аналарын құтықтап би билеп бермекші сенің де көңілің көтеріліп қалсын.

Би: «Ча-ча-ча» биі (Жасмин, Сабира, Есдәулет, Исмайл А, Исмайл К, Ильяс, Нұрали, Інжу, Амина М, Амина А)

Қайыргүл: Біздің балалар ағылшын тілінде аналарына арнап тақпақ айтып бермекші.

Зере:[Ай лайк зэ уэй ю лук]

[Ай лайк зэ уэй ю кук]

[Нау ай уонт ту сэй]

[хәппи мазас дэй]

Ансар: [Зәт ис е маза]

[Ай эгри ши ис файн]

[Ю лав ё маза]

[Әнд ай лав майн]

Ұлан: [Мами Ай лав ю]

[Мо зән ю си]

[Ю хәв олвэйс бин зэя]

[Уэн ай ниид ту би]

Әже: Күшік немересінің көйлегінің етегінен ұстайды, немересі әжесінің белінен ұстайды, әжей атайдың белінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. Төртеуі ары тартады, бері тартады шалқанды жүла алмайды да, күшік мысығын шақырады.

Жандос: Мысығым, мысығым бері келші бізге шалқанды жұлуға көмектесші. Әже: Мысық көмекке келеді. Мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немересінің көйлегінің етегінен ұстайды, немересі әжесінің белінен ұстайды, әжей атайдың белінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. Бесеуі ары тартады, бері тартады шалқанды жұла алмайды да мысық тышқанды шақырады.

Еркеназ: Тышқан, тышқан бері келші бізге шалқанды жұлуға көмектесші.

Азим: Сендер маған би билеп беріңдер мен сонда ған сендерге көмектесемін.

Қайыргүл: Тышқанның көңілін көтеріп би билеп берейік. Би: «Кішкентай жұлдыздар» (Нұрай, Айзере, Медина, Альбина, Айша Қ, Айша)

Әже: Тышқан көмекке келеді. Тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немересінің көйлегінің етегінен ұстайды, немересі әжесінің белінен ұстайды, әжей атайдың белінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. Барлығы бірігіп шалқанды ары тартады, бері тартады да шалқанды жұлып алады. Сөйтіп барлығы үй ішімен шалқанды жұлып алып мәре - сәре болады.

Жаңыл: Әже, сізге көп рахмет, енді Балым қызымыз сізге арнап «Ақ анам» әнің орындап береді.

Рахмет саған Балым

Жаңыл: Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де! Дей отыра аналарымызға арнап ән айтып берейік.

Ән: «Анашым»

Наурыздың ең әсем күнінде,

Анашым мейрамың бүгін бе.

Жанымда жадырап жүре бер,

Анажан әрқашан күлімде.

Ештеңені аямаған баладан,

Әлемдегі ең сүйкімді дара жан.

Шын көңілден құттықтаймын мен сізді

Мейрамыңыз құтты болсын, Анажан!

Құрметті әріптестер осымен біздің аналар күніне арналған ертеңгілігіміз яқталды. Келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-532460

Похожие материалы