Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / «Ақ бата» 4 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

«Ақ бата» 4 сынып

библиотека
материалов

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ақ бата»

Тәрбие сағатының мақсаты:1)Бата, тілек және батаның түрлері туралы

түсінік беру.

2)Мәнерлеп сөйлеуге дағдыландыру.

3) Бір-біріне ынта-ықыласын,адал ниеті мен жақсы

тілектер айтуға баулу.

Көрнекілігі: киіз үйдің жабдықтары,дастархан,ұлттық киімдер,мақал-мәтелдер.



1.Ұйымдастыру кезең.

2.Кіріспе сөз.

Туған соң адам боп, Бауырласқа тәнтіміз

Білімсіз жаман жоқ Бұзылмаған антымыз.

Ел дәстүрін білмесең, Кең даланың ежелгі,

Жұрт айтады «надан» деп. Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

-Бата-адамдардың бір-біріне деген ынта-ықыласын,адал ниеті мен жақсы тілектерін білдіретін мәні зор рәсім. «Батамен ер қөгерер, жаңбырмен жер көгерер» деген сөз адамды ізгілікке, парасаттылыққа, мейірімділікке жетелейді.

1.Бұл сағатты «Ақ бата» деп атадық, 2.Ал, батамыз бастайды екен шың-құзға

Үлкендерден жүрейік деп бата алып. Инабататты,ұмытпасақ ізетті.

Ақ батамыз бастайды екен ақ жолға, Айналамыз біз адами жұлдызға.

Шалыс болып кетпесін деп шатасып.

3. Рөлдік ойынды өткізу

А) Сахналық көрініс.

Қонақ күту .Қарсы алу.-Балалар!Қараңдаршы!Бізге қонақтар келе жатыр. Біз оларға жол берейік. Барып амандасайық.

Балалар:- Ассалаумағалейкум!-деп қолдарын ұсынады.Сосын барып:Амансыз ба, апа, -деп әжейге амандасады.

Балалар:-Ата, апа төрге шығыңыздар, отырыңыздар,-деп көрпеше төсеп, төрден орын ұсынады.

Ата мен апа:-Рахмет, қарақтарым, өркендерің өссің,-дейді.

-Балаларым, сендер өнерлі бала сияқтысыңдар, қандай өнерлерің бар, қане тыңдайық,-дейді ата.

1-бала 2-бала 3-бала

Атам менің әманда Алдын үлкен кісінің Сәлем берсің иіліп

Кішіпейіл бол деген. Кесіп өтпей көлденең Сәлеміңе сүйініп.

Ақыл сөзі санамда, Жөніменен кішілік Атам жақсы көреді,

Мақтанбауды жөн көрем Әдеппенен қол берем. Ақ батасын береді.

Ата: -О, бәрекелді , айналайындар.Мен сендерге жұмбақ жасырайын, қане, шешіп көріңдерші.

-Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, қонақтарды көңілдене сыйлайды.Ол не?

(дастархан)

-Ерінбей еңбек еткен, онсыз тамақ ішпеген. (қасық)

-Үсті тас,асты тас, ортасында піскен ас. (таба нан)

Ата: -Рахмет ,балаларым, жұмбағымның шешімін дұрыс таптыңдар.

-Міне, балалар, білімдеріңмен, еңбектеріңмен халқымыздың кең даласына аппақ үйімізді тігіп отырсыңдар.Бұл үйде кім турады екен? Бұларды ,бір сөзбен қалай айтамыз?

-Отбасы мүшелері.

(Қонақ келді деп балаларды қарсы алып,үйге кіргізеді.Балаларды дөңгелек үстелде жағалай отырады.Ас келеді.)

-Тамақ ішіп болған соң не істейді?

-Бата береді.

-Бата кім береді?

-Үлкен қадірлі ақсақал береді.(Ақсақал болып киінген балалар)

-Дұрыс айтасыңдар, осы үлкен ,қадірлі ақсақалдың атынан кім дастарқанға бата береді?

Асыға бата берейін

Үстем болсын мерейің.

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Дастарқаның мол болсын.

Абыройың зор болсын!

-Ал мына үйде не болып жатыр?

-Осы үйдің кенже ұлы, әскерге жүрмекші.Осы азаматқа кім бата бере алады?

Мәнісін ұқ батаның Берсін жолдың төтесін.

Борышын өте Отанның. Екі жылдық міндет

Амандық пен сұлулықты Абыроймен өтелсін

Мен де тілеп отырмын. Бере берсін тілеуді,

Аман барып, сау қайтып Бейбітшілік жасасын!

-Тұнғыш ұлы үйленіп отау тікті.Осы жасжұбайларға кім бата береді?

Қосылып туған қос ұлан.

Игілікті, алаулы болыңыздар,

Халыққа қалаулы болыңыздар.

Мейірбанды махабатпен

Үлкендерді сыйлаңдар.

-Балалар, бұл үйде де той болып жатыр.(«Тілашар әнін орындау») Атаның немересі мектеп есігін ашып,бірінші сыныпқа барады.Осы балаға да бата беріп жіберіңдер.

Қайырлы болсын,қарағым, Сөмке артып арқаңа

Мектеп есігін ашқаның. Айналайын дарын бол,

Білімге қадам басқаның. Сөнбейтуғын жалын бол!

Жақсы оқып,ержетіп Қатардан асқан ғалым бол!



Нәрестеге берілетін бата: Сәбиге берілетін бата:

*Азамат болсын көрікті, Көтерейік білекті,

Ғұмыры болсын берікті, Нұрға бөлеп жүректі

Қолқанаты көп болып, Бөбекке бата берейік

Артынан ерте берсін серікті! Ағынанайтып тілекті.

Азамат болсын ардақты, Сәбиіміз сүйкімді болсын,

Мінезі болсын салмақты, Өнер-білімге икемді болсын,

Өнері болсын жан-жақты, Бәйтеректей бойшаңданып,

Осы айтқанның бәрі келсін, Өрен-өршеіл, өркенді болсын.

Алла берсін зор бақытты. Жақсы жолды таңдасын

Даналардың дәстүрін

Жаңаласын, жалғасын.

Тұсаукесрде айтылатын бата: Қарияларға берілетін бата:

Жас ұрпақ өмірлі болсын, Түндерің тыныш болсын,

Тұрмысы көңілді болсын. Үйлеріңе ырыс толсын.

Ата-анаға мейірлі болсын, Келіндерің есті болсын,

Ағайын-туысқа пейілді болсын. Ұлдарың сесті болсын.

Өнеге-білімге зейінді болсын Балаларың қуаныш әкелсін,

Онсаусағы майысқан шебер болсын, Немерелер жұбаныш әкелсін.

Ел қорғайтын батыр болсын, Орындарың төр болсын,

Шындықты айтар ақын болсын, Дастархандарың мол болсын.

Жұрттың қамқор тірегі болсын, Қатарларың көп болсын,

Абыройы өрлесін, Уайым-қайғыларың жоқ болсын.

Жаманшылық көрмесін! Еліңде бірлік болсын!

Жарасты тірлік болсын!



Жас жұбайларғаберілетін бата: Дастарханға арналған бата:

Қосылып тұрған қос ұлан, Дастархандарыңа берке берсін,

Игілікті,алаулы болыңдар Бастарыңа мереке берсін.

Халыққа қалаулы болыңдар Астарыңа адалдық берсін,

Үлкендерді сыйлаңдар, Бастарыңа амандық берсін.

Өкпеге де қимаңдар!

Көшкендерге берілетін бата: Жаңа туған айға берілетін бата:

Көштерің көлікті болсын, Ай көрдім.

Жолдарың көрікті болсын. Аман көрдім.

Қоныстарың құтты болсын, Баяғыдай

Босағасы мықты болсын, Заман көрдім.

Ауру-сырқаудан аман болыңдар, Ескі айда есіркедің

Бастарыңа айырылмас бақ қонсын, Жаңа айда жарылқа.

Мейірбанда Алла сендерге жақ болсын!

Жарапазан батасы: Наурызда берілетін бата:

Міне, бата, ақ ниет, Ұлыс оң болсын!

Бола берсін,ақ ниет. Ақ мол болсын!

Қиын дейді қиямет, Қайда барса жол болсын!

Жақын дейді ақырет. Ұлыс береке берсін,

Құлшылық қыл Аллаға, Бәле-жала жерге енсін.

Қыл көпірден таймай өт! Әрдәйім халқымызға

Кірсін дәулет, Осындай төл мереке берсін! Шықсын бейнет.

Алла атымен ниет ет,

Тәнірі сені қолдасын,

Уайым-қайғы болмасын,

Қабыл болсын оразаң,Әулетіңді оңдасын!

Даналар берген баталар

Төлебидің батасы: Жамбылдың батасы:

Атасызға ата бол! Сұрасаң бата берейін,

Батасызға бата бол! Үстем болсын мерейің!

Арып-ашқан қарғыстың Ықыласпен қол жайсаң,

Жел жағынана жота бол! Ақ тілекті төгейін,

Панасызға пана бол, Дастарханың мол болсын,

Кек сақтамас бала бол! Абыройың зор болсын,

Дос сүйіп, қас силар: Көк жайлауда жайнасаң,

Асу бермес дара бол! Тай,құлынды байласаң,

-Ал, енді үй есіне батаны кім берер? Келін тұрсын керіліп,

Ардақты үйдің иесіне Сатанатты көрініп,

Молайтып мал бер, Сабаң толсын қымызға

Көбейтіп бас бер, Шараң толсын уызға.

Ұзақ жас бер!

Ырызығы таусылмайтын

Ықылас бер!

-Үлкен кісі мына отырған сендерге қандай бата берер еді?

Әлемнің бетін жарық ет! Ұл-қызды түгел білімді ет! Келесі оқу жылына Аман есен, түгел жет!

--Өздерің не айтасыңдар?

«5»болсын алар бағамыз, Өнер-білім көп тоқып, Өсе берсін санамыз.

-«Батамен ер қөгерер, жаңбырмен жер көгерер» деген сөз адамды ізгілікке, парасаттылыққа, мейірімділікке жетелейді.Ендеше, осындай баталарды үйреніп жүрейік.



«В.И.Ленин атындағы орта мектеп»ММ

Катонқарағай ауылы











«Ақ бата»

(рөлдік ойын)

1-сынып

















Өткізген :Жагабаева Г.А.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Номер материала ДВ-411665
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх