Инфоурок Математика Конспекты20-ға дейінгі сандарды қосу және азайтудың кестелік жағдайларын меңгеру деңгейін тексеру

20-ға дейінгі сандарды қосу және азайтудың кестелік жағдайларын меңгеру деңгейін тексеру

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау. 20-ға дейінгі сандарды қосу және азайтудың кестелік жағдайларын меңгеру деңгейін тексеру

Білімділік мақсаты: 20- дейінгі сандарды кестелік қосу және азайтудың кестелік жағдайларының бастапқы деңгейін анықтау, есептеу білігі мен білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық мақсаты: осы сандық кесіндіде  сандардың ондық құрамы негізінде қосу мен азайтудың  есептеу тәсілдерін қарастыру

Тәрбиелік мақсаты: сандардың өзара ерекшеліктерін ажырата алуларына үйрету

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Тірек білімді пайдалану.

Ауызша жаттығулар:

«Санды тап» ойыны. Мұғалім тапсырманы оқиды:

·        14 шығу үшін қандай санға 9-ды қосу керек

·        9 шығу үшін  қандай саннан 2-ні азайту керек

·        «Мен бір сан ойладым, оған тура сондай санды қосса, нәтижесі 14 болады. Мен қандай сан ойладым?»

«Қай мысал шығарылғанын тап?» ойыны.

Мұғалім тақтаға мысалдар жазады:

5+6                 12-4              9+5

7+5                14-5              8+5

Содан кейін былай дейді: «Мен осы  мысалдардың бірін шығардым, нәтижесі 13 болды. Қай мысалды шығардым?» және т.б.

Сандар құрамымен жұмыс. «Жұбын тап» ойыны.

Мұғалім тақтаның оң жағына 10, 11, 12, 13, 14 сандарын, ал сол жағына жазылған сандардың құрамына кіруі мүмкін сандарды жазады: 5, 5, 6, 6, 7, 6, 7, 7, 4. «Екі таңбалы санды санның құрамына кіретін сандармен екі сызық арқылы біріктіріңдер».

Математикалық диктант «Дұрыс немесе бұрыс».

Мұғалім амалдарды оқиды:

·        8 бен 5-тің қосындысы  14-ке тең

·        7 мен 4-тің қосындысы 11-ге тең

·        Бірінші қосылғыш- 9, екінші - 5. Қосындының мәні 14-ке тең.

·        9 саны 2-ге арттырылды. Нәтижесі 11.

     

 

 

ІІІ. Өздік жұмысы.

1-нұсқа

2-нұсқа

7+5                 13-8                   12-4+3

11-9                4+8                    17-9-6

9+5                 16-8                   4+7-3

7+6                12-7                11-5+3

18-9               5+8                 12-9-2

7+5                14-7                6+7-3

Х+5=12                     а-9=5

9+х=13                    а-6=6

Әлия бір ай ішінде12 кітап оқыды, ал Айдын 3 кітап кем оқыды. Айдын барлығы неше кітап оқыды?

Дәуреннің ойындар жазылған13 дискісі бар, ал Жанаржа одан 5 диск кем. Жанарда барлығы неше диск бар?

 

      ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығуды орындай отырып, ауызша жұмысты жалғастыруға болады.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 282 954 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.03.2016 679
    • DOCX 38.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тастенова Куралай Алтынбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33330
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой