Инфоурок Другое Статьи"Ақ халаттылардың әлегі" макала

"Ақ халаттылардың әлегі" макала

Скачать материал

АҚ ХАЛАТТЫЛАРДЫҢ ӘЛЕГІ

 

 

Тынығу уақыты. Аурухананың емделу  бөліміне барып, танысымның шығуын күтіп отыр едім. Қасыма бір әжей келіп жайғасты.  Ол да күтуде... Бесіктен белі шықпаған кіп-кішкене немересі ауыр жарақатпен түскен екен... Әңгіме болсын деп, әжейді біраз сөзге тартып едім, көз жасына ерік бере алмай жылап жіберді...

« - Шырағым-ай, несін айтайын?! Заманымыз қай арнаға бұрылып барады. Жанымыз қысылғанда өмірімізді өз қолдарына сеніп тапсыратын, әлгі, «ақ халатты абзал жандар» деп айтамыз ғой, дәрігерлердің өзі қазір қатал ма, әлде қатігез болып кеткен бе шеттерінен?! Жақында келінім немеремді алып «Невропатологқа қаралатын уақытымыз болыпты» деп кеткен ауруханаға. Қайдан білейік, ол невропатологтары ауылдың адамдарын бір-ақ күн қарайтынын?! Ауылдікі екенін білген соң есікте «кәртішкелерді» жинап тұрған мейірбикесі келінімді кіргізбейтінін айтыпты. «Сонша жақтан келдім, оның үстіне кезек те жоқ, 3-4 ақ адам отырмыз ғой, қабылдасыншы» деп өтінген. Кабинетке бір кіріп шыққан мейірбике келінімнің әлі кезекте тұрғанын көріп, бәрібір кіргізбейтінін айтқан.

« - Дәрігер рұқсат бермей қойды», - депті мейірбике.

« - Дәрігер кім екен?»

« - Әсел»....

«- Мейліңіз, мен бірақ ұзақ уақытқа командировкаға кетіп бара жатырмын. Келесі апта алып келетін ешкім жоқ баланы, өзіммен бірге кетеді. Бірақ кейіннен ұрсып жүрмеңіздер бізге тағы да...»

«-Бар, бар, бара бер»... – дейді мейірбике тезірек кетсін дегендей кейіппен. Кабинетке кіретін аз ғана адам болғанымен, залда ары-бері өтіп жатқан адамдар қаншама. Мейірбике болсын, басқа болсын сыпайылық танытса нетер еді?! Елдің көзінше пациенттерге ауыр сөз айтпасын аурухана қызметкері...»

...Әжей көзінің жасын бір сүртіп алды да, әңгімесін әрі қарай жалғады.

« - Содан келінім баланы көтеріп базарға, яғни ауылға жүретін таксилер жаққа бара жатып, көк тайғақты басқара алмай жығылған. Бейшара, балам-ай... Әдейі істеген жоқ қой... Өзіне ештеңе болмаған абырой болғанда, бірақ немерем келінімнің астында қалыпты құлағанда... Жүру түгілі, әлі еңбектеп үлгермеген балапанымыздың бел-омыртқасына зақым келген.

«Қырсық бір айналдырса, шыр айналдырады» деген осы болар. Әуелі дәрігер қабылдамай қойды. Кейіннен табан асты жазым болды... Жазмыштан  озмыш жоқ шығар, сірә. Не болса да, сабырлық танытып, шыдап жүрміз. Бірақ осынау бейбіт заманда, адамдар да өзінің жан тыныштығын ғана ойлайтынына қайран қаламын. Білдей дәрігерлер, оқыған-тоқыған адам деп өмірімізді өзгеге емес, дәл соларға ғана сеніп тапсырамыз, «ақ халатты абзал жандар» деп құрметтейміз, ал олар болса жайлы креслода отырып алып, адам менсінбейтін дәрежеге жетіпті. Есіктеріне іліп қояды екен «ана ауыл ана күні, мына ауыл мына күні келсін» деп. Сонда бұл қатып қалған қағида болғаны ма? Бұл ережені бұзса, бастарын ала ма екен, әлде?

...Қарт ана ызадан жарылардай-ақ болып отыр, алайда сабырлығы да басым. «Құдайдан қайтсын» дейді.

Иә, өзгені қарғап-сілегеннен пайда жоқ, ашуын ақылына жеңдіріп отырған мұндай кісілер аз-ақ... Ал дәрігерлер жайына келетін болсақ, осыдан бір-екі жыл бұрын өз көзіммен көріп, құлағыммен естіп едім бір дәрігердің оңашада танысына «Бәлембай  соммада ақша таба алсаң, пенсияға шығарып беремін»  деген сорақы сөздерін. Қайран қалдым. Дәрігерлер де ақымақ емес, кіммен қандай жерде сөйлесу керектігін біледі. Мені байқаған жоқ, ал мен болсам олардың әңгімелері аяқталғанша тұрған орнымнан тапжылмадым. Ең сорақысы байланыстары жоғарыда көрінеді. Әттең, қолымда телефон да болмай қалды сонда суретке түсіріп алатын, аталған есімдерді де жадымда сақтай алмаппын. Мұндағы ойым біреуге жаманшылық жасау емес, тек сыбайлас жемқорлықтың жойылуын қалаймын. Сап-сау адамға мүгетектік қағазын ұстатып, бекерден-бекер өкіметтің ақшасын жеу деген, сұмдық қой. Көпке топырақ шашпаймын, алайда жемқорлық атты жегі құрттың тамырына қашан балта шабылады?! Көптің сенімін арқалап отырған «ақ халатты абзал жандары» неге ел сенімінен шықпай жүр? Әлде, сонша шіренетіндей «көкелері» керемет мықты болғаны ма?!

 

Тоғжан НҰРҒАЛИҚЫЗЫ.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ақ халаттылардың әлегі" макала"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по переработке нефти и газа

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 772 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.03.2016 759
    • DOCX 14.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каскарбаева Тогжан Нургаликызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 41953
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Продуктовый успех: стратегии и инструменты для создания, улучшения и продвижения продуктов на рынке

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Медиа и коммуникации в современном обществе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Интерактивные материалы на печатной основе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек