Инфоурок География Другие методич. материалы№17 А Кастеев ЖОМ

№17 А Кастеев ЖОМ

Скачать материал

Сынып:  10 «а»

Сабақтың тақырыбы: «Қазіргі кездегі демографиялық проблемалар»

 

Мақсат:  Демографиялық мәселелердің өзектілігі, олардың туындау себептері және мәселені шешу жолдары  туралы мағлұмат беру.

 

Міндеттері:
Білімділік: Дүние жүзі елдерінің демографиялық жағдайы туралы, демографиялық мәселенің өзектілігі және оны шешу жолдары туралы тұңғыш дерек көздерінен, құжаттардан, қосымша əдебиеттерден, оқудан тыс ізденістер барысында алынған оқушылардың білімдері тереңдетіледі, жүйеге келтіріледі жəне бақыланады; дүниетанымдық бағыт-ұстанымдары , бағалау-сұрыптау ой-пікірлері жүйелі бекімге келтіру.

Дамытушылық:

- Үлкен көлемдегі ақпараттармен жұмыс жасау.

- Мәселені шешу тұрғысында өз көзқарасын білдіру.

- Статистикалық таблицаларға, карта-сызбаларға талдау жасау, 

 -Білімі мен білік -дағдыларын өз көзқарасын дәлелдеуде қолдану.

Тәрбиелік: оқушыны өз интеллектуалдық қабілеттерін бағалай білуге, көп алдында өз пікірін ашық жеткізуге тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы

Сабақтың түрі: семинар –сабақ

Оқытудың әдістері мен формалары:

Білім көздері бойынша: ауызша, көрнекті.

Танымдылық қызметінің түрі бойынша: жартылай-ізденіс;


Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы”, 

 

Сабақтың жүрісі:

1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын және жүрісін таныстырып өту:

 

–Оқушылар, бүгінгі сабағымыз дәстүрлі өткізіліп жүрген сабақтардан өзгеше формада –семинар түрінде ұйымдастырылып отыр.Семинарға алдын ала талқыланатын тақырыптар бойынша өздеріңізге тапсырмалар берілді. Бүгінгі семинар–сабағымыздың барысында семинар қатысушылары «Мамандар» және «Ізденушілер» тобы болып 2 топқа бөлініп, жаңа тақырып бойынша баяндамалар, хабарламалар немесе презентациялар  түрінде өздеріне берілген тақырып төңірегінде ой тұжырымдайды. Семинар барысында олардың мағлұматтары  тыңдалады, талқыланады және толықтырылады.

 

 

2.  Жаңа сабақ кезеңі:

 

Свиток: горизонтальный: «Ауызша айтқаныңды ұмытып қалам,
Көрсеткенің есімде сақталады,
Ал өзіме орындауға мүмкіндік берсең – мәңгілік жадымда қалады».
                                                                        Қытай даналығы
                                                                                                            Қытай даналығы.

Эпиграф:

 

 

 

 

 

 

 

 

-Оқушылар бүгін біз «Адамзаттың ғаламдық проблемалары» тақырыбы бойынша өзекті мәселелердің бірі- Қазіргі кездегі демографиялық проблемалар төңірегінде сөз қозғайтын боламыз.

Осы тақырып бойынша алдымен «Ізденушілер» тобының мүшелері өздеріне берілген тапсырма бойынша дайындап әкелген жұмыстарын презентация немесе ауызша баяндама, бейне баян түрінде  таныстырады.

         Семинарға қатысушылар баяндамашыға сұрақтар қояды. Егер оқушы жауабы толық болмаған жағдайда немесе осы мәселе төңірегінде терең мағлұматтар беру үшін «Мамандар» тобының мүшелері  көмекке келеді.

 

Семинарда талқыланатын мәселелер:

 

1.     Дүние жүзі халқының саны мен өсу қарқыны.

2.     Демографиялық проблеманың туындау себептері.

3.     Дүние жүзі халқының өсімі қандай аймақтардың есебінен артуда?

4.     Демографиялық жарылыс проблемасы- бүкіл әлем қауымдастығының проблемасы.

5.     Халықтың ұдайы өсуінің 2 типі бойынша демографиялық жағдайға талдау.

6.     Демографиялық жағдайға әсер етуші әлеуметтік-экономикалық себептер.

7.     Демографиялық жарылыс елдеріндегі халық санының шектен тыс артуымен байланысты туындайтын  проблемаларлар.

8.     Дамыған елдердегі халық санының азаюынан туындайтын проблемалар.

9.     Демографиялық саясат және оның түрлері.

10. Қазақстандағы демографиялық жағдай.

 

3. Бекіту: Тест –activote арқылы оқушылардың бүгінгі сабақтан алған  білімдері пысықталады.

 

4. Қорытынды:  Мұғалім қысқаша қорытынды жасайды.

Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған әсері туралы пікірлері кесеге толырылады.

 

Мағлұматтар

Пікірі

Мақалмен ой қорыту

 

 

 

 

 

 

 

5. Бағалау. Сабақ соңында мұғалім бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқушыларды «5» және «4»  3 бағаларына сәйкес

 

6. Үй тапсырмасы (оқушының таңдауына қарай):

1.     Жазбаша жұмыс( эссе)

2.     Мәтін соңында берілген сұрақтарға жауап беру

3.     Екі елдің демографиялық жағдайына баға беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тест

 

1. 2025жылға қарай дүние жүзінің  халқының саны қанша адамға жетеді деп болжанған?

А)  6,5 млрд

Б)   7 млрд

В)   8 млрд

Г)   9 млрд

 

2.Дүние жүзі халқының шектен тыс көбеюі:

А) «Демографиялық жарылыс»

Б) «Демографиялық дағдарыс»

В) «Демографиялық көктем»

Г) «Депопуляция»

 

3. «Демографиялық жарылыс» аймағы:

А)  Еуропа

Б)  Азия

В)  Африка

Г)  Солтүстік Америка

 

4. «Демографиялық дағдарыс» елдері:

А)  Германия, Швеция 

Б)  Үндістан, Қытай

В)  Бразилия, АҚШ

Г)  Нигерия, Эфиопия

 

5. «Отбасын жоспарлау»  саясатын ұстанатын елдер:

А) АҚШ, Италия

Б) Қытай, Үндістан

В) Жапония, Ресей

Г) Қазақстан, Түркия

 

6.Қазақстан демографиялық саясаттың қандай бағытын ұстанады?

А) Тууды арттыру бағытында

Б) Тууды шектеу бағытында

В) Шетелдегі қазақтарды елге тарту бағытында 

Г) Көп некеге рұқсат ету арқылы бала санын арттыру бағытында

 

7. Демографиялық проблеманы шешу жолдары:

А) Дамушы елдердің экономикалық-әлеуметтік даму деңгейін көтеру, өмір сүру сапасын жақсарту

Б) Халқы көп елдерге қаржылай және материалдық көмек беру

В) Ел халқын басқа аймақтар мен елдерге көшіру арқылы адам санын азайту

Г) Тууды шектеу

 

 

 

 

8. Демографиялық проблеманың туындау себептері қандай?

А)  Халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеп кетуі

Б)  Халық санының көбейіп кетуі

В)  Дамушы елдердегі «демографиялық жарылыс» пен дамыған елдердегі «демографиялық дағдарыс»

Г) Халық санының азайып кетуі

 

9. «Демографиялық жарылыс» қандай елдерде байқалады?

А) Дамушы

Б) Дамыған

В) Екеуінде де

Г) Өтпелі экономикалы

 

10. Орташа өмір сүру жасы мен қарт адамдардың үлесі қай елдерде жоғары боп келеді?

А) Дамушы елдерде

Б) Дамыған елдерде

В) Өтпелі елдерде

Г) Аталған барлық елдерде

 

 

Жауабы:

 

1.     Г

2.     А

3.     В

4.     А

5.     Б

6.     А

7.     А

8.     В

9.     А

10. Б

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "№17 А Кастеев ЖОМ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 554 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.11.2015 713
    • DOCX 32.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ибрагимов Нишанали Сафашович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ибрагимов Нишанали Сафашович
    Ибрагимов Нишанали Сафашович
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3584
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по географии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 442 человека

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 980 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 3 376 человек

Курс повышения квалификации

Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 114 человек

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные практики по работе с тревожностью

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 111 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе