Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / А ну-ка, девушки! по технологии 7 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Технология

А ну-ка, девушки! по технологии 7 класс

библиотека
материалов

«Ал, қанеки, қыздар!» атты сайыс
Өтілу формасы: Конкурс (сайыс)
Міндеттері: Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту; Өнерді түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт-бағдар беру; Өнер үйренуде өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру.
Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Ойын сауық, жарыс.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, бейнелеу өнері.
Көрнекілігі: Ұлағатты асыл сөздер жазылған плакаттар, қабырға газеттері, сурет көрмесі, қолөнер бұйымдары.
Жоспары (1 сағатқа арналған).
І. Ұйымдастыру бөлімі:
— сайыстың тақырыбымен таныстыру,
— сайысқа қатысушы топтармен таныстыру,
— әділқазы алқаларымен таныстыру.
— сайыстың шарттарымен таныстыру, (плакатта жазулы тұр)
ІІ. Сайыстың барысы:
ІІІ. Сайыс қорытындысы.
Сайыс барысы:

----


Жүргізуші:
1) Армысыздар қадірменді көрермен қауым,ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер дейміз.

Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,
Өнер –білімге икемді болсын деп,
Бәйтеректей бойшаңдансын деп,
Өрен-өршіл өркенді болсын деп,
Жақсы жолды таңдайық.
Жамандық тәлім алмайық,
Дарынды мектеп дәстүрін
Жаңалайық, жалғайық,
Ары адал, жаны жаз,
Арулар жолын таңдайық, — деп «Ал, қанеки, қыздар» атты кешімізді бастайық.

Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шартарымен таныстырып өтейін.
1-
кезеңі. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр топ атымен, ұранымен эмблемасымен таныстырады.

2- кезеңі «Өнерлі өрге жүзер»өз өнерлерін көрсету
3-
кезеңі. «Бәйге» сұрақ-жауап сайысы.
4
кезеңі -. «Кім жылдам?»
Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)
ә) картоп ашу
б) Инені сабақтап түйіндеу
в) түйме қадау
г) 1 мин ішінде инеге бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).
5-
кезеңі. «Тапқыр болсаң тауып көр»
Жасырылған жұмбақтарды шешу және жауабына қатысты мақал-мәтел айту
6 кезеңі -. «Ас – адамның арқауы» (7 мин) салат түрлерін дайындау.

--------


7 кезеңі -. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі пәндерден сұрақтар беріледі. (Оқушының ой өрісі қандай)
8 кезеңі -. «Шеберлікте шек жоқ» — қолөнер бұйымдарын көрсету үй тапсырмасы

Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын.



Сайыстың 1кезеңі бойынша топтардың атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстыру

2кезең. Көрсетіп өздерінің өнерлерін

Табындырып өнерге көрерменін

Таныстырсын енді олар көпшілікке

Сайысқа қатысушы өрендерін,-деп «Өнерлі өрге жүзер»атты сайысымызды бастаймыз.



3 кезең

Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді.
«Бәйге»
Әр топқа 6-сұрақ беріледі, тез әрі нақты жауап беру керек. Әр қатысушыға 2 минуттан беріледі.
«Бәйге»1 топ

1. Сүзбеден дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
2. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
3. Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4), (жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).
4. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)
5. Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн? (жіңішке ине, кесте жіп)
6. Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер? (кілем тоқу, құрақ құрау, киіз басу, сырмақ сыру)
«
Бәйге» 2 топ
1. Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі)
2.Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек? (3 сағ)
3.Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
4.Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
5.Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)
6.Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)
«Бәйге» 3 топ
1. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)
2. Бидайдан әзірленген ұнтақ (ұн)
3. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (азанда,түсте)
4. Кестелеу үшін қандай құрал керек? (кергіш, оймақ, ине)
5. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
6. Нанның кептірілген бөліктері (сухари)
4 кезең-. «Кім жылдам?»
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (1 қыз түрлі-түсті қағаздан ою ойып беруі керек).
ә) Картоп тазалау. (әр топтан 1 қыз шығып, картопты тез әрі жұқа, әрі үзілмеген етіп аршылуы керек).
б) Инені сабақтап, түйіндеу. (тез әрі дұрыс істеуі керек).
в) Түйме қадау. (түйме мата түсіне сәйкестігіне, ине, жіп түйілгені ескерілуі керек).
г) Бисер тізу. (1 мин ішінде сабақталған инеге бисер өткізу керек. Ең ұзын тізбек тізген оқушы жеңеді)
5-кезең. «Тапқыр болсаң тауып көр»
Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп көрейік.
1-топ
1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине) Оқу инемен құдық қазғандай.

2. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың.
(Тұз) Доссыз адам – тұссыз ас.

3.Екі семсер айқасқан, Асыл қайшы пішуге сән,
Оқта-текте шайқасқан. (Қайшы)
Күміс қасық – ішуге сән.

2- топ Күміс қайшы пішуге сән

1. Арық ат қарны қабысқан
Бір көлді ішіп тауысқан. (Қасық) Құрғақ қасық ауыз жыртар.

2. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қоныс көркі – там,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан) Дастархан көркі – нан..
3. Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады, Жылқыда өт жоқ, Құста сүт жоқ.
Ірімшік май құртыңда. (Сүт)

3-топ

1. Дастарханға шуылдап,
Күніне үш жиылар,
Жарты сағат қимылдап, Шешесін көріп, қызын ал
Жарты сағат жуынар. (ыдыс-аяқ) Ыдысын көріп, асын іш.
2. Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер (Қол) Көз қорқақ, қол батыр.

3. Асты тас ,үсті тас, Нан бар жерде -ән бар

Ортасында піскен ас (Таба нан)

6-кезең «Ас адамның арқауы»
Ендеше іске сәт сайыскерлер!
Ән көңілдің ажары деген ырым
Жақсы ғой тағамның да білген сырын,
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер
Дайындаған жаңашыл салат түрін.
Өнер-білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті. Әр топ салат жасайды. (уақыты 7 минут)

Келесі 7 -кезең «Білімді мыңды жығар» деп аталады. Технология пәнінен сұрақтар беріледі.

1.Мата неден жасалады? (Жіптердің айқасуынан мата пайда болады)

2.Сүт өнімдерін атаңыз (айран,сүзбе,қатық,т.б)

3. Киімге қандай күтім жасалады? (Су киімдерді арнайы киім ілгішке іліп кептіру,аяқ киімдерді сүрту,кремдеу

4.Ең алғаш тігін машинасының жобасын ұсынған өнертапқыш кім?(Леонардо да Винчи)

5. Талшық деген не? (Иілгіш,жіңішкежәне берік затты айтады)

6.Тігін машинасының түрлерін атаңыз. (Қол жетекті,аяқ жетекті,электр жетекті.)

7. Мақта талшығынан қандай маталар жасалады? (шыт,бөз,сәтен 2.Киімге қандай күтім жасалады?

8.Тігістің қандай түрлерін білесің ? (айқас,ілмек,қиғаш, торлау т.б)

9.Тамақ әзірлеудің негізгі әдістері (бұқтыру,қайнату,қуыру)

7.Қандай жақсы майысып тұрғандарың

Бойыңа жиғандай өнер бағың

«Ана көрген тон пішер» деген бар ғой

Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын- деп

Келесі 7-кезең бойынша «Шеберлікте шек жоқ» деген қазақ, енді қыздарымыздың қолөнер бұйымдарын тамашалап, бағалайық.
-----

Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. Жеңген топ марапаттау қағазымен марапатталады.
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.

Қорытынды: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Салт-дәстүрлер қоғамдық әлеуметтік дүние, ол халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз.







45 «Ақ Орда»мектеп-гимназиясы













Ал ,қанеки қыздар.









Сыныбы: 7 а,ә,б

Ұйымдастырушы: Байқонысова Хадиша















2015-2016ж.ж






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 27.10.2015
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров232
Номер материала ДВ-101163
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх