Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / "Ақ Орда" (7 класс) тақырыбында сабақ жоспары

"Ақ Орда" (7 класс) тақырыбында сабақ жоспары



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Ақ орда(ХІІІ-ХҮғ.б.)»

Күні:

Мақсаты:

Білімділік: ХІІІ-ХҮ ғасырдың басында өмір сүрген Ақ Орда мемлекетінің құрылу тарихы, ішкі-сыртқы, экономикалық жағдайы туралы мағлұмат беру;

Дамытушылық: Оқушыларды жүйелілікке, логикалық ойлауға, салыстырмалы талдауға, тарихи оқиғаларға өз бетімен баға беріп, қорытынды жасауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: Өз елінің тарихына құрметпен қарауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті:

  • Монғолдардың қазақ жеріне шапқыншылығы кезіндегі басты саяси оқиғаларды

еске түсіру;

  • ХІІІ-ХҮғғ. тарихи тұлғаларды тану;

  • Тарихи тұжырым, қорытындыға келу.

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақ әдіс-тәсілдері: оқулықпен жұмыс, баяндау, СТО стратегиялары

Сабақтың көрнекілігі: флипчарт, карта, үлестірмелі материалдар, кітаптар көрмесі,

«Тайна Чингизхана», «Қазақ елі» бейнефильмдері

Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз беттерімен білім алуға дағдыланады, қазақ халқының тарихи дамуын 150-200 жылға кешеуілдеткен монғол шапқыншылығынан кейін құрылған Алтын Орда және Ақ Орда мемлекеттерінің ішкі-сыртқы жағдайына қатысты оқиғаларды ажыратады, билеушілердің елжанды әрекеттері туралы қажетті білімді игеріп, оны ойтолғаныс кезінде іске асыра алады.


С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы:

Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, түгендеу,

Сынып ұжымының назарын сабаққа аудару

Білім қуған шәкірттерім,

Үмітім мол сізден күтер

Тарихын біліп елінің

Ғылымға бойлап түзелер

Белсенді болып сабақта

Қонақтарды тәнті етер

Тілек тілеу

Сабақтың ұраны:

«Бір-бірімізді тыңдаймыз,

Қате кетсе – түзейміз,

Ойды толықтырамыз,

Белсенді боламыз»

Қызығушылықты ояту

«Тапқыр болсаң тауып көр» айдары

Бейнесюжет

  • Бұл көрсетілімде қазақ халқының қаралы беттерін айшықтайтын қандай оқиға бейнеленген?

  • Монғол шапқыншылығы

  • Монғолдардың шапқыншылық жорықтары мен қазақ жерінде құрылған ұлыстары жөнінде сараптайтын боламыз.

Қазақтың жері ежелден

Тарихқа куә боп келді

Тегіміз біздің түркіден

Түркіден қытай үркіген

Білге қаған, Култегін

Талайдың жерін сілкіген

Алтыншы ғасыр далада

Болыпты тіпті қалада

Тараз, Отырар, Испиджаб,

Сығанақ сынды дара да

Тарих деген сахнаға

Тыңдаңыз енді кім келер

Шыңғыс кепті Монғолдан

Дешті біздің қыпшаққа

Барыпты біздің қыпшақ та

Сонау Венгр Дунайға

Осының бәрін саралар

Тарих шіркін оңай ма?

Миға шабуыл

«Дұрыс жауабын табыңыз» айдары

1. Шыңғыс ханның өзін қорғайтын жасауыл қалай аталған?

А) ”Батыр”

В) ”Кешіктен”

С) ”Жасақ”

D) ”Уәзір”

Е) ”Түмен”

2. Шыңғысхан 1217 жылы Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға кімді аттандырды?

А) Жошыны

В) Шағатайды

С) Жебе ноянды

D) Үгедейді

Е) Батыйды

3. 1219 жылы Шағатай мен Үгедей қоршауға алған қала:

А) Иасы

В) Испиджаб

С) Сығанақ

D) Отырар

Е) Баласағұн

4. Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдардың иелігіне өткен уақыты:

А) 1219-1220 ж.

В) 1220-1222 ж.

С) 1223-1224 ж.

D) 1225-1226 ж.

Е) 1227-1228 ж.

5. Шыңғысхан жаулап алған жерлерін балаларына інжу ғып бөліп берген.

Үлкен ұлы Жошыға тиісті ұлыс қай жерлерді қамтыды?

А) Жетісу

В) Ертіс өзенінен батысы Еуропаға дейін.

С) Алтай,Тарбағатай,Ертістің жоғарғы ағысы

D) Монғолия.

Е) Мәуераннахр

  • Жошы ұлысының орнына құрылған, Бату хан негізін қалаған алғашқы мемлекет қалай аталады?

  • Алтын Орда

  • Ендеше, алтын босағалы «Ақ Орда» атанған Алтын орданы билеген хандар қызметіне тоқталамыз

«Ой ашар»

1

Бату

А

Әмір Темірдің көмегімен билікті иемденіп, 1382ж Мәскеуді өртеді

2

Берке

Ә

Алтын Орданың соңғы билеушісі ретінде тарихта қалды

3

Өзбек

Б

Ислам дінін мемлекеттік мәртебеге көтерді

4

Жәнібек

В

1342-1357жж ел билеген, мемлекеттің гүлден кезі сәйкес келетін билеуші

5

Тоқтамыс

Г

1236-1242жж – Батысқа жорық жасап, Солтүстік Кавказ, Қырым бойы, Орыс княздіктерін салық төлеуге мәжбүрледі

6

Шейх Ахмед

Ғ

Монғол империясынан тәуелділіктен құтылды. Әзірбайжанда мешіт салдырды.

1- 2- 3- 4- 5- 6-


Ой қозғау

  • Оқушылар, Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шежіресін еске түсірейікші, Шыңғыс хан Жошыдан туған немерелеріне өз алдына мемлекет құрып, үйлерін тігіп берген еді. Олар кімдер және мемлекеттері қалай аталады?

  • Батый, Ежен, Шайбан

  • Біздерге алғашқысы таныс, ендеше бүгінгі сабағымызда Орда Ежен құрған күміс босағалы Көк Орда атанып, талай тарихшыларды жолынан тайдырған Ақ Орда мемлекетімен танысамыз

Мағынаны тану

Жаңа сабақтың мақсаты хабарланып, оқушылардың міндеттері айшықталады

Сынып үш қатар бойынша бөлінеді

Жоспар:

  • Ақ Орданың құрылуы, жер аумағы

  • Орданың ішкі-сыртқы жағдайы

  • Шаруашылығы

Оқушылардың өз бетімен жұмыстануына берілетін тапсырмалар:

  1. Мәтінмен танысу

  2. Негізгі мәліметті анықтау

І топ: тарихи анықтамалық;

ІІ топ: хронологиялық кесте;

ІІІ топ: тірек-сызба жасау

  1. Қорғауға дайындық

Негізгі мәлімет

1. Тарихи анықтамалық

Хронологиялық шеңбері

ХІІІ-ХҮғ.б - 240жыл

Аумағы

Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейінгі, Сырдарияның орта және төменгі ағысы

Негізін қалаушы

Орда Ежен

Халқы

Түркі тілдес тайпалар

Астанасы

Сығанақ (Сырдарияның орта ағысы)

Сипаттамасы

Қазақстан аумағында монғолдар шапқыншылығынан кейінгі құрылған алғашқы мемлекет


2. Хронологиялық кесте

Мерзімі

Оқиғалар желісі

ХІVғғ

ІІ жартысы

Ақ Орда мемлекеті Алтын Ордадан бөліне бастайды

1327-1328жж

Мүбәрәк хан Сығанақта теңге соқтырды

1368-1369жж

Ұрұс хан өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырды

1374-1375жж

Ұрұс хан Еділ бойына қарай жорық жасап, Сарайды, Қажы-тарханды алып, Кама бұлғарларын бағындырады.

1379ж

Тоқтамыс Темір-Мәліктіжеңіп, Сығанақты біржола өз қолына алады.

1380ж

Тоқтамыс Алтын Орданың бірқатар жерін өзіне қаратып, Мамай ордасын басып алды.

1395ж

Ақ Орда тағына Қойыршақ оғлан хан сайланды

ХVғ.б

Барақ Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер жасады.

1428ж

Билікті Шайбан әулетінің ұрпағы Әбілхайыр иемденіп, өз хандығын құрады

3. Шаруашылығы

hello_html_478386ba.gifhello_html_6469a5ec.gif

Егіншілік Жартылай көшпелі мал шаруашылығы

Ерзен кезінде Жайылымдары: Алтай, Ұлытау, Орал таулары

қалалық мәдениеті Қыстаулары:Арал бойы, Сырдың орта, төменгі ағысы

дами түседі. Шудың төменгі ағысы

Отырар, Сауран,

Жент, Баршынкент

Ойтолғаныс

«Ойды аяқта»

1. Ақ Орданың аумағы Шайбан хан мен ____________сынды Жошы балаларының иелігін қамтыды.

2. Ақ Орда мемлекеті_________________ өмір сүруін тоқтатты.

3. Түй – Қожаның ұлы Тоқтамыстың қашып баруы ___________________Алтын Орданы басып алмас бұрын Ақ Орданы әлсіретуді көздеген мақсатына табылған себеп болды.

4. Ақ Орданың Алтын Ордадан біржола бөліне бастаған уақыты_____________________ сәйкес келеді.

5. Ақ Орда соңғы билеушісі болған Барақ хан _______________________қалаларды қайтару мақсатын алдына қойды.

Кілт сөздер:

Әмір Темірдің, XV ғасырдың басында, Орда Ежен, Сырдария бойындағы, XIV ғ– ң II ширегіне

«Сен білесің бе?»

Бейнесюжет

  • Бейнесюжеттен нені көрдіңіздер және бұл жөнінде не білесіздер?

  • Ақорда. Елбасының Астанадағы Резиденциясы

Салыстырмалы кесте(карта, сурет)

Ақ Орда

Ақорда

ХІІІ-ХҮғғ мемлекет

Елбасы резиденциясы, ғимарат

Шығыс Дешті Қыпшақ

Астана

  • Ақорда жөнінде не білеміз? Мағлұмат беру

Қорытындылау

Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті.

«Қазақ елінің озып, үдеген кезі де, тозып, жүдеген кезі де аз емес.
Өткеннің өкінішін айтқанда елдің еңсесін езе түсетіндей етіп емес, тарихтан тағылым алып, кемшіліктерден безе түсетіндей етіп айту керек» Н.Ә.Назарбаев

Бағалау

Үйге тапсырма беру:§ 23 оқу, «Қазақстан тарихы очерктерінің» беттеріндегі

мәліметпен танысу


















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 07.11.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров435
Номер материала ДВ-132657
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх