Пәні:әдебиеттік оқу
Сыныбы: 3-сынып
Сабақтың
тақырыбы: В.
Сухомлинский Ақ шаш. Ғ.Орманов Ана.
Сабақтың мақсаттары:
1) Білімділік: Оқушылардың Василий Сухомлинский және Ғали Орманов туралы
түсінігін кеңейту; «Ақ шаш» әңгімесінің мазмұны мен идеясын ашу, оқушылардың
таным мүмкіндіктерін ашу.
2) Дамытушылық: Сабаққа деген қызығушылығын арттыру; ана туралы
мақал-мәтелдер айту; қиялын дамыту; дүниетанымын кеңейту; оқушылардың сөздік
қорын, ой-санасын дамыту.
3) Тәрбиелілік: Оқушыларды имандылыққа, үлкенді сыйлауға, анасын
қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: мультимедия, парақшалар.
Сабақ әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой шақыру, қорыту, Венн
диаграммасы, шығармашылық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Балалар
-гүлім менің,
Балалар
-күнім менің.
Балалар
- нұр сыйлайтын,
Бүгінгі
күнім менің-дей отырып,балалар сендерді өзіме қуат алатын шуақты күнге
теңеймін!
Өздеріңе
мынадай шуақты күн төсбелгісін сыйлаймын.
1. Шаттық шеңбері
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі
әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
2. Топқа бөлу. І-топ Қамқоршы. ІІ-топ Мейірімді
- Ендеше, топтың ережелерін еске түсірейік.
1. Сабақта тыныш отыру.
2. Бір-бірімізді дұрыс тыңдау.
3. Топпен жұмыс жүргізу.
4. Сабақты мұқият тыңдау.
3. Үй тапсырмасы.
Армысыздар,
балалар,
Дайынбыз ба, сабаққа?
Шебер, шешен өнері
Сай келетін талапқа.
Бар ма үйден дайындық?
Тапсырмамыз дұрыс па?
Оқымасақ уайым жеп,
Тығылмайық қуысқа.
Ойымызды айтайық,
Білімімізді бастайық.
Мына отырған ұстаздар,
Қалсын бір сәт марқайып.
Тест
1. Шеген ауылының жылқышылары
егіншілерге не істеді?
А) жақсылық
ә) үстемдік
3) мейірімділік.
2. Оларға кім араша түсті?
А) Шеген
ә) Жазықбай
б) Шоқан
3. Шоқан егіншілерге қандай сезім білдірді?
А) аяушылық
ә) реніш
б) қаталдық.
4. Әкесі Шоқанды қалай түсінді?
А) қате
ә) дұрыс
б) дұрыс емес.
5. Шыңғыс Шегенге неге қарсылық білдірмеді?
А) қорықты
ә) сескенді
б) аға деп сыйлады.
Өткенді
қорытындылау
1 .Шоқанның
әкесі кім? Шыңғыс
2. Егіншілерге
өрескіл үстемдік көрсеткен кімдер? Жылқышылар
3. Егіншілердің
егінінің шығынын өтеген кім? Шыңғыс
4. Күзек
дегеніміз не? Қойды күзде қырқатын орын
5.Шоқан қандай
адам? мейірімді, ақылды...
6. Мәтінде ұлттық
әдеп туралы не айтылған? Аға алдына шықпау
Ой шақыру:
Балалар қандай сурет көріп отырсыздар?
Ана мен баланың суреті
3. Жаңа сабақ.
Болар күнде алаң,
Жанашыр кім
саған? (Ана)
-Егер болсаң жаман,
Кейитін кім
саған? (Ана)
-Таң қалғандай ғалам,
Кім ең
сұлу адам? (Ана)
Дүниеде анаға жыр арнамаған
жыршы, күй арнамаған күйші, ән арнамаған әнші, шығармасын арнамаған жазушы бар
ма екен?
Ананы жырлаймын деп ақын тебіренсе, ана бейнесін мүсіндеймін деп суретші
ойланды.
«Құрметтейік те, қадірлейік те ғазиз Ананы, өйткені ол дүниедегі асылдың асылы
– өмір сыйлайды ғой!» - деп тебіренеді Ғ.Мүсірепов.
«Әлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар, ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің
күлкісі» дейді орыс жазушысы М.Горкий.
«Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес
пе! Па шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді!» - дейді Баубек
Бұлқышев.
Сонымен ана дегеніміз – төзімділік пен адамгершііліктің тәңірісі.
4. Қазір Ана сөзінің
мағынасын ашып алайық.
Ана тілі
Ана Отан ана
Жер ана
І-топ. «Ана тілі» деп неге айтамыз?
ІІ-топ. «Отан ана» деп неге айтылады?
ІІІ-топ. «Жер ана» деп неге айтылады?
5. Жалпы ана атаулыға тән, бәріміздің анамызға ортақ оқулығымызда тамаша бір
шығарма беріліпті. Ол Василий Александрович Сухомлинскийдің «Ақ шаш» әңгімесі.
В.А.Сухомлинский Украина Республикасында дүниеге келген. Украина халқының
атақты ұстазы, жазушысы.
Ғали Орманов 1907
жылы қазіргі Талдықорған облысында Ақсу ауданы Ешкі өлмес тауының бауырайында
дүниеге келген.Ол ақын,жазушы.
Оқулықпен жұмыс.
«Болжау» стратегиясы.
а) Балалардың алдына әңгімеден үзінді беру, яғни оны оқушылар ары қарай
жалғастырып, оқиғаның немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізеді.
ә) Оқулықтағы мәтінді оқып беру.
б) Мәтінді оқушылар ойымен салыстыру.
4.Сұрақтар
мен тапсырмалар:
1-топ
-Мәтінде
басты кейіпкер кім?
-Мишаның іс-әрекеті
дұрыс па?
2-топ
- Мәтінде негізгі ой қандай мәселеге құрылған
?
- Мишаның байқампаздығын қалай аңғардың?
6. «Екі жақты күнделік» стратегиясы.
1-топ. Мәтіннен өздеріңе әсер етіп, ойыңда қалған үзіндіні көрсет.
Сұрақ: Анының жүрегі қай кезде ауырады? (бірденеге қапаланғанда, ренжігенде,
уайымдағанда).
2-топ. Мишаның келесі сұрағына анасы не деп жауап берді деп ойлайсың, соны
көрсет.
Сұрақ: Ананың жүрегі қай кезде толқиды? (қуанғанда, шаттанғанда)
Бәріне. «Ананың көңілі балада. Баланың көңілі далада»
мақалының мәтінге қандай қатысы бар?
Сұрақ: Сөз анасы не? Сөз анасы – құлақ.
Су анасы не? Су анасы – бұлақ.
Рөлге бөліп оқу: балаларды ортаға шығару
Өлеңді оқу. Ана
Қызыл түспен жазылған сөздерді түсініп оқы.
Мәпелейсің,(аялау,әлпештеу,қамқорлау)
Айтқаныңды екі етпей,
Ақ сүтіңді өтермін.
Жан ана
2. Жағдаяттық сұрақтар.
І-топ: - Сен сабақтан нашар баға алып келдің. Анаң қандай күйде болады?
Қандай жол тауып анаңды көңілдендіресің?
ІІ-топ:-Сен байқамай анаңның сыйға алған құмырасын сындырып алдың. Анаң
қандай күйде болады? Анаңның осы күйін қалай түсінер едің? Не істейсің?
І-топ: - Марат анасының айтқанын тыңдамай , оның жүрегін ауыртты.
Баласының осы қылығына анасы басын шайқады да қала берді. Сен орнында болсаң не
істер едің?
ІІ-топ: - Ойнап жүріп бір жеріңді қанатып немесе қатты ауыртып алдың.
Сол кезде анаң қандай күйде болады деп ойлайсың? Ана жүрегін ауыртпас үшін сен
не істеуің керек еді?
І-топ Менің
қандай қылықтарым анамды қуантуы мүмкін.
ІІ-топ Менің қандай қылықтарым анамды ренжітуі мүмкін.
Мишаның орнында болсам
мен не істер едім
Сергіту сәті.
«Қимылмен сөйле»
- Аналарыңды неге
теңейсіңдер? \ күнге\
-Аналарыңа
қалай еркелейсіңдер? \ қимыл \
-Дүниеге
келгенде біз қандай болдық? \ отырады\
-Әке-шешеміздің
арқасында қалай өстік? \ тұрады\
-Аналарыңды
қалай жақсы көресіңдер ? \ өздерін қатты құшақтайды\
7. Топтастыру
стратегиясы.
1 топ – Дүниеде не қымбат? (Ана)
Ана неден қымбат? (Бәрінен)
«Бәрі» ұғымына не кіреді? (Ананың аялы алақаны, мейіріміне тең келер нәрсе жоқ.
Ана біз үшін тіпті жалпақ дүниеден де қымбат).
2 топ – Анаға деген махаббат қай күннен басталады? (Құндақта жатқан кезден)
Құндақта сөзін қалай түсінеміз? (Жөргекте жатқанда, нәсертелік шақ)
3-топ. Жылап, уанбай, шырылдағанда кімді іздейсің? (Ананы)
Уанбай сөзімен мағыналас қандай сөздер бар?
жұбанбай
Уанбай жылай беру
еш нәрсеге көнбеу
8. «Әдебиет үйірмесі»
Өлеңді аяқта
... .... сыйлаймын.
... .... тыңдаймын.
.... .... аламын,
.... .... боламын
Мәтіннің мазмұнына сай нақыл сөз, мақал-мәтел немесе шешендік сөз жаз.
10. Слайд көрсету.
Ана дүниеге жарық сыйлаушы ғана емес, бүгінгі таңда ана – жұмысшы, ана –
ақын, ана – жазушы, ана – батыр, ана – әнші, ана – дәрігер, ана – депутат, ана
– мұғалім, ғалым, ел басқарушы болып әр салада қызмет етуде.
11. Қорытынды
Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында.
Ана – бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербетеді.
Қорыта айтқанда барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың
шашына ақ түсірмей, тек осы пейілді жандардың бақытты болуын ойлау керек.
Оқушыларға жүрек қима қағаздар таратып, соған өз аналарына деген тілектерін
жаздырып тақтаға ілгізу.
Жүректен – жүрекке
12. Топ басшыларына бағалату.
13. Үйге тапсырма.
1) Мәтінді түсініп оқу.2) Ана өлеңін жаттау.
Ақ шаш
Миша мамасының
басынан үш тал ақ шаш көрді.
-Мама басыңда
үш тал ақ шаш бар екен,-деді.
Мамасы езу тартып
күлді де қойды.Бірнеше күн өткен соң Миша шешесінің басына төрт тал ақ шаш
түскенін байқады.
-Мама,-деді
Миша таңданып,-басыңда төртеу болыпты.... Бұрын үшеу еді ғой.
Неге тағы біреуі
ағарып кеткен?
-Ауырғаннан,-деді
шешесі,-ананың жүрегі ауырса,шашы ағарып кетеді.
-Жүрегің
неден ауырады?
-Есіңде ме,
сен өте биік ағаштың басына өрмелеп шықтың ғой....
Мен оны терезеден
көріп тұрғанмын.Сенің жіп-жіңішке бұтақ үстінде тербеліп тұрғаныңды көріп,жүрегім
ауырып кетті, содан шашым ағарды.
Миша үнсіз ойланып
ұзақ отырды...
Ақ шаш
Миша мамасының
басынан үш тал ақ шаш көрді.
-Мама басыңда
үш тал ақ шаш бар екен,-деді.
Мамасы езу тартып
күлді де қойды.Бірнеше күн өткен соң Миша шешесінің басына төрт тал ақ шаш
түскенін байқады.
-Мама,-деді
Миша таңданып,-басыңда төртеу болыпты.... Бұрын үшеу еді ғой.
Неге тағы біреуі
ағарып кеткен?
-Ауырғаннан,-деді шешесі,-ананың жүрегі ауырса,шашы ағарып кетеді.
-Жүрегің
неден ауырады?
-Есіңде ме,
сен өте биік ағаштың басына өрмелеп шықтың ғой....
Мен оны терезеден
көріп тұрғанмын.Сенің жіп-жіңішке бұтақ үстінде тербеліп тұрғаныңды
көріп,жүрегім ауырып кетті, содан шашым ағарды.
Миша үнсіз ойланып
ұзақ отырды...
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.