«Көркем әдебиет» орталығы
(Ноутбук
арқылы балықтардың суреттерін көрсетеді)
Суда өседі, өнеді, сыртқа шықса өледі. (балық)
«Алтын балық»
ертегісін ноутбук пен слайд арқылы әңгімелейді.
Ертегі
кейіпкерлерінің жағымды-жағымсыз әрекеттерін ажыратады.
Шал – мейірімді,
қайырымды, айтқан сөзіне тұрады.
Кемпір –
тойымсыз, қатыгез, билікқұмар.
Алтын балық –
сұлу, мейірімді, ақылды, қайырымды.
Ертегі
желісі бойынша балалардан қайта сұрайды.
Сергіту сәті:
«Аяқпенен топ-топ» әні бойынша қимыл жасауды ұйымдастырады.
«Өнер» орталығы
Су асты патшалығын өте бай, оның қол
астында мыңдаған түрлі балығы, жәндіктері және балдырлары болады.
Балықтар су астында және аквариумда
мекендейді.
Таңғажайып сәт: Аквариумдағы балықтарды
көрсетеді.
-
Аквариумда нелерді көріп тұрмыз?
-
Балалар, бұлардың барлығы не үшін қажет?
Олар шөптердің арасына кіріп тығылады, жем іздейді.Аквариумдағы балықтар
үнемі адамдардың қамқорлығында болады. Қалай ойлайсыңдар балықтардың қарны
ашпас үшін оларға не керек?
Мынадай
қалтадағы жемдерді береміз. Балықтар тағы не жейді деп ойлайсыңдар?
- Жарайсыңдар! Аквариумдағы балықтар күніне таңертең кешке екі шымшымнан
ғана ас жей алады, одан артық беруге болмайды.
Жиектелген көк
қағазды пайдаланып аквариумдағы балықтарды және оның балдырларын
айқұлақтан жапсыруды ұйымдастырады.
Балалардың
жұмыстарын қадағалайды
Жасаған
жұмыстарына тақпақ айтады.
Ақ балық – ау,
ақ балық,
Үйрек балық, сақ
балық
Суды үнемдеп
тазалап,
Балықтарды
сақтайық.
Жасаған
жұмыстарын мадақтайды.
Айғұлақпен
нені жапсырдық?
Балықтар
қайда мекендейді екен?
Аквариумдағы
балықтар немен қоректенеді?
Сергіту сәті:
«Аяқпенен топ-топ» әні бойынша қимыл жасауды ұйымдастырады.
«Математика» орталығы
Сәлеметсіздер
ме балалар! Сендер «Математика» орталығына келдіңдер.
Бүгін
мен сендерге су асты патшалығымен таныcтырамын.Су астында балықтар, сегізаяқ,
теңіз жұлдызы, балдырлар, шөптер болады.
Ендеше
балалар қиылған геометриялық пішіндерден балық пен су асты тастарын
құрастырамыз.
Ол үшін: алдымыздағы сопақшадан балықтың денесін, үшбұрыштан жүзбе қанаттары
мен құйрығын, дөңгелектен тастарын құрастырамыз.
-
Жарайсыңдар, балалар, әр- түрлі әдемі балықтар жасап шығардыңдар
Әр
баладан қандай геометриялық пішіннен құрастырғанын сұрайды.
Дидактикалық
ойын: «Балыққа не жетпейді»
Мақсаты:
Қыстырғышпен балықтың қанатын құрастыру
Балықтардың
дене бітімі қандай пішінге ұқсас екен?
Су
астында балықтан басқа не болады екен?
Сергіту сәті: «Аяқпенен топ-топ» әні бойынша қимыл жасауды
ұйымдастырады.
«Ғылым» орталығы
(слайдпен
каспий теңізі мен балық түрлерін көрсетеді)
Каспий
теңізімізде бекіре, табан, сазан, итбалық деген балықтар бар.
Балықтар
негізінен су тіршілігіне бейімделген, олар жүзу жағынан өзге
жануарлардан асып түседі.
Жануарлар мен жәндіктер жерде тіршілік
етіп көбейсе, ал балықтар суда тіршілік етіп, уылдырығы арқылы көбейеді.Жалпы
балықтардың 22 000 астам түрі бар.Оның иіс сезу, көру, есту, сезім
мүшелері жақсы дамыған.
Күміспен
апталған,
теңгемен
қапталған. (сазан)
Сазандар –
қамысты жерлерге жиылып жайылады. Олар өсімдіктермен, құрттармен қоректенеді.
Өзен, көлдерде өмір сүреді.
Қатырылған балықтың дене мүшелерімен
таныстырады. Ол үш бөліктен тұрады: Бас, кеуде, құйрық.(басы, желбезегі,
құйрығы,жүзбе қанаттары, балықтар өкпе арқылы емес, желбезегі арқылы дем
алады, арқасындағы, бауырындағы жүзбе қанаттары арқылы суда еркін жүзеді)
Сазанның ішкі дене мүшелерімен
таныстырады (уылдырық, омыртқа сүйегі, қылтандары)
Балықтың басында дем алатын несі болады?
Балықтың
денесіне жалғасқан қандай мүшесі жоқ?
Балықтың
денесінің сыртында не болады?
Сергіту сәті: «Аяқпенен топ-топ» әні
бойынша қимыл жасауды ұйымдастырады.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.