Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / 9-ға және 3-ке бөлінгіштік белгілері 5 сынып

9-ға және 3-ке бөлінгіштік белгілері 5 сынып



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

«Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Математика пәні мұғалімі

Шайза Гүлина


Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы: 9-ға және 3-ке бөлінгіштік белгілері. Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды : - берілген санның цифрларының қосындысына қарап, оның 3-ке, 9-ға бөлінетіндігін ажырата білуге үйрету;

- натурал сандардың 3-ке, 9-ға бөлінгіштік белгісінің тұжырымдамасын айта білуге дағдыландыру;

- 3-ке және 9-ға бөлінетін көп таңбалы сандарға мысал келтіре білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушының топтық жұмыс істеуін, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Іскерлік дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды алғырлыққа, дәлдікке, зеректілікке баулу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: топтық оқыту, деңгейлеп саралап оқыту.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тапсырмаларлар жазылған карточкалар, топ аттары жазылған карточка, бағалау парағы.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру. Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

2) Үй тапсырмасын тексеру. № 201, №202 есептерді шығару. Интерактивті тақтада жазылған есептің жауабы арқылы көршілес отырған әр оқушы бірінің дәптерін бірі алып көршілес оқушының үй тапсырмасын тексеріп бағалайды.

3) Білімді тексеру; Өткен тақырыптар бойынша оқушылар білімін сұрақтар арқылы тексеру. Сұрақтар интерактивті тақтада жазылған.

а) Қандай цифрларды жұп цифрлар деп атайды?

ә) Қандай цифрларды тақ цифрлар деп атайды?

б) жұп сандар мен тақ сандарға мысал келтіріңдер?

4) 8, 11, 12....., 13, 15, 16, 17 ....,20, 60, 75 сандардың қайсысы 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінеді?

5) Оқушы 5 дәптер сатып алды. Оқушы неше теңге төлеуі мүмкін? Жауапты таңдап алыңдар.

А. 17, В. 23, С. 32, Д 60

Жаңа материалда оқып үйрену.

Тақырыпқа алдын ала даярлық тапсырмасы беріледі.

12, 29, 45, 57, 61, 72, 83, 99 сандары берілген. Оқушылар берілген сандардың цифрларының қосындысы 3-ке, 9-ға бөлінетін сандарды сәйкесінше 3-ке 9-ға бөліп тексереді. Осыдан берілген санның 3-ке, 9-ға бөлінгіштік белгісін өзінше тұжырымдайды.

Тақырыпта берілген сан разрядтық қосылғыштарға жіктеліп, қосындының және көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігі пайдаланылады.

Мысалы: 561=500 +60 + 1 = 5*100 +6* 10 + 1= 5`(99+1) +6(9+1) +1= 5*99 +5 + 6*9 +6 +1 = 5*99 +6*9 +`(5+6+1) Қосындыдағы 5*99 және 6*9 қосылғыштары 3 –ке бөлінеді. Сонда 5+6+1 қосындысы 3 –ке бөлінсе , берілген сан 3-ке бөлінеді. Ал, 5+6+1 қосындысы берілген санның цифрларының қосындысы. Осындай тәжірибеден қорытындыланып , берілген санның 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін өз беттерімен тұжырымдайды.

Есептер шығару; А. №220(1) І-топ №220(2) ІІ-топ

А. № 222(2) І- топ №222(1) ІІ-топ

В . №227 І, ІІ топ

С. №235 (1,3) №235 (2,4) ІІ- топ


Математикалық турнир: І- топ ІІ-топ

27* 47*

санындағы жұлдызшаның орнына қандай санды қойғанда

2-ге, 5-ке 5-ке, 10-ға

бөлінетін сандар шығады.

II. 1) 2, 7, 6; 3) 6,8,4 2) 9,3,6; 4) 4,8,9

цифрларының әрқайсысын бір рет қана пайдаланып, 3-ке, 9-ға бөлінетін сандардың ең кішісін құрастырыңдар.

III. 1) * 67, 2) 2*9; 2) 8*2; 2) 46*

Жұлдызшаның орнына тиісті цифрларды қойып, 9-ға бөлінетін, 3-ке бөлінетін сандарды құрастырыңдар.

Қорытынды: Оқушылардың жұмыстары қорытындыланады, кемшіліктер талданып, жеке тапсырмалар беріледі.

Үйге тапсырма: А №221; В №229; С.№236

Бағалау парағы толтырылады



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров79
Номер материала ДВ-410510
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх