Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Ақ босағаның алтын діңгегі-әке мен шеше

Ақ босағаның алтын діңгегі-әке мен шеше

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Ақ босағаның алтын діңгегі әке мен шеше
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіруқу-тәрбие үрдісіндегі міндетті жүзеге асыру үшін ата-аналардың белсенділігін көтеру және ынтымақтастықты нығайта отырып, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты күшейту. . Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. 

Көрнекілігі: Слайдтар, бейнекөрініс, нақыл сөздер 

Мұғалім: Қымбатты ата-ана, ұстаздар! 

Біздің борышымыз сіздерді құрметтеу. 

Алдымен сүй, ардақты ата-анаңды, 

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады. 

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда 

Мейірімінен ананың жасалады. 

Жырақ жүрген ата-анасын сағынған 

Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан. 

Екеуінің қуанышы,тілегі 

Әрқашан да бір арнадан табылған 

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – ата-ана. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. 
Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса,қоғамның діңгегі де берік болады, - дей келе
құрметті ата-аналар! Қазір сіздерге әр қайсысыңызға түрлі-түсті қағаздар таратылады, сол бойынша орындықтарға жайғасыңыздар.

Ендеше құрметті әкелер қазір өздеріңізді таныстырып, балаларыңыздың қай сыныпта оқитынын айтып өтесіздер.

1. Мектепке деген махаббатыңызды білдіріп гүл шоғын жасаңыз.
2. Балаға деген махаббатыңызды білдіріп гүлге жазып жапсыру.

Іздесек сендей жанды табамыз ба,

Қартайсақ сәби дей ғып бағамыз да.

Серік боп өмір бойы анамызға

Күлімдеп жүрші әкешім арамызда. – дей келе келесі кезекті әнге береміз.

Ән. Төремұрат Абзал «Әке» әнін орындайды.


1.Психологиялық ой қозғау

Бүгінгі «дөңгелек үстел» мынадай сұрақтар төңірегінде өрбиді:
1.Отбасындағы бос уақытты қалай пайдаланасыздар?
2.Балаңыздың досы кім, оның қандай іс-әрекетін, қылықтарын білесіз?
3.Білім сапасын көтеруде ата-ана ролі бар ма?
4.Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?
5.Балаңыздың қандай пәндерге бейімділігін байқадыңыз.
6.Сізді ерекше толғандыратын қандай жағдайлар?

2. «Кім жылдам» ойыны:
Жұбайыңыз үйде жоқ.Балаңыз сабақтан кешігіп жатыр.Не істейсіз?

Ойынның шарты:

Әр топқа 1 баладан беріледі. Бір әке шығып, баланы жылдам киіндіруі керек.

3. Қазіргі заманның өмір талабына байланысты көптеген ата аналар балаларын «қайтсем бағамын» деген мақсатпен бала тәрбиесіне көңілдерін өте аз бөлуде. Осыған байланысты қиын баланың шығуы мүмкін.
«Отбасылық жағдай» (бейнекөрініс)

Бейнекөрініс бойынша екі топ мүшелері ой қорытады.


4.«Миға шабуыл» стратегиясы.

Мақал-мәтелдердің алғашқы жолы айтылады, әкелер жалғастыруы керек.


1. Баланың жақсысы- қызық, жаманы- күйік.

2. Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер

3. Бала көңілдің гүлі, көздің нұры

4. Құс балапаны үшін тозаққа түседі,

Адам баласы үшін азапқа түседі.

5. Әке асқар тау, ана мөлдір бұлақ, бала жағасындағы құрақ.


6. Атадан жақсы ұл туса ,

Елінің қамын жейді,

Атадан жаман ұл туса 

Елінің малын жейді.

7. Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық

8. Әкең өлсе де әкеңді көрген өлмесін

9. Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды

5.Ата ананың балаға айтар ақыл тілегі

Үлкенге сәлем беріп жүр.

Көп тыңдап аз сөйле.

Атаңның юаласы болма, адамның баласы бол.

Ынтымақ үйіңнен екенін ұмытпа

Ақылыңды арыңды сақтап жүр.

Ата анаңның алдында қарыздар екеніңді ұмытпа

Еліңнің қамын ойлаған азамат бол.

«Үлкенге құрмет, балаға міндет дегенді ұғын»

«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің»


6. Қортынды рефлексия

Тренингтен алған әсерімен бөлісу.

1. Бүгінгі тренингтен қандай әсер алдыңыздар?
2. Қандай ұсыныстарыңыз бар?

Құрметті ата – аналар! Бүгін біз сіздермен бірге отырып, бала мен ата – ана арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға күш салдық. Олардың денсаулығы мықты, көңіл-күйлері көтеріңкі ақылды, мейірімді, еңбекқор болғанын тілейміз.

Күніміз ашық болсын, Түніміз тыныш болсын. Ауамыз таза болсын, Суымыз мөлдір болсын. Ұл-қызымыз аман болсын!-дей келе бүгінгі «Ақ босағаның алтын діңгегі әке мен шеше » атты таным-тренинг сабағымыз аяқталды.











Краткое описание документа:

Тақырыбы: Ақ босағаның алтын діңгегі-әке мен шеше
Мақсаты:
 Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіруқу-тәрбие үрдісіндегі міндетті жүзеге асыру үшін ата-аналардың белсенділігін көтеру және ынтымақтастықты нығайта отырып, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты күшейту. . Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. 

Көрнекілігі: Слайдтар, бейнекөрініс, нақыл сөздер 

Мұғалім: Қымбатты ата-ана, ұстаздар! 

Біздің борышымыз сіздерді құрметтеу. 

Алдымен сүй, ардақты ата-анаңды, 

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады. 

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда 

Мейірімінен ананың жасалады. 

Жырақ жүрген ата-анасын сағынған 

Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан. 

Екеуінің қуанышы,тілегі 

Әрқашан да бір арнадан табылған 

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – ата-ана. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. 
Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса,қоғамның діңгегі де берік болады, - дей келе

Автор
Дата добавления 06.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров282
Номер материала 513905
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх