Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / А есебі: Неліктен әлем елдері білім беру жүйесіне реформа жүргізіп жатыр?

А есебі: Неліктен әлем елдері білім беру жүйесіне реформа жүргізіп жатыр?

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Ордабаева Куляш Жумабековна Мұғалім портфолиосы А есебі

5 топ ПШО Шымкент қаласы 1 деңгей

Неліктен әлем елдері білім беру жүйесіне реформа жүргізіп жатыр?

Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек.

Ахмет Байтұрсынов

Қазіргі кезде елімізде білім жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алып келуде. Өйткені Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев халқына ұсынған «Қазақстан-2030» бағдарламасы мазмұнында білім беру ең басты басымдық болып келеді. Еліміздің болашағы оқушыларымыздың қандай білім негіздері мен дағдыларын меңгергеніне байланысты. Бұл оқыту үдерісіне жаңа көзқарас пен қарым- қатынас ендіруді міндеттейді. Міне сондықтан білім саласында жүрген қызметкерлердің алдына қойылып отырған басты мақсат – оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіріп отыру, ұлттық білім моделін жасау.Бұл мақсат Қазақстанның бүгінгі талабына сай, елімізді көркейтіп, дамытатын ұрпақ тәрбиелеп шығаратын қажеттіліктен шығады.Қоғамның дамуына қарай келешек иелерін дайындау мүмкіншілігі тек білімнің жедел жаңаруымен келетіні анық. «Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұқсас келеді» (И.С.Кони) сөзі осы біздің бүгінгі заманның ағымынан қалыспай, бар жан-тәнімен жаңалыққа құмар,өмірін ата-анасының өмірінен өзгеше етіп өткізуге талпынған жастарымыз туралы емес пе?

Ал,біз, ересектер, осы арманшыл жастарымыздың ойын, іс-әрекетін түсіне алмай, кейде қарама-қарсы қайшылықтар туындап жатқанын мойындауымыз керек. Осы жерде «Неге?Қалай?» деген сұрақтарға жауап іздеп таба алмай да қаламыз. Айналып келгенде, барлығы білім мәселесіне келіп тірелетінін іштей түсінеміз. Сондықтан да осы салаға өзгеріс енгізу – бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі десек те жаңылмаймыз. «Әлем сондайлық жедел өзгеруде, ал білім жүйесі сондайлық оралымсыз да жігерсіз, ол бейнебір уақыттың торына түсіп қалғандай, әлдеқашан аяқталған өткен дәуірге қызмет көрсетуін жалғастырып келеді» (Гордон Драйден мен Джанет Вос,2003) сөздері де осыны растағандай.

Қазір әлемдегі әрбір мемлекет білім саласында түрлі реформалар жүргізе отырып, мектептердегі оқыту мен оқу үдерісін жетілдіруде өзге мемлекеттердің даму жолындағы оң және теріс жақтарын зерттеп, олардың жіберген қателіктерін болдырмай, тек қана ұтымды тұстарын есепке ала, заман талабына сай білім жүйесін құруда. Алдыңғы қатарлы мемлекеттердің көбі өзіне тән білім жүйесі мен мектеп үлгісін қалыптастырған. Олардың ішіндегі көпшілігінің құрылымдарын,озық тәжірибесін саралай келе Қазақстан 12 жылдық білім жүйесін таңдап отыр.Осындай білім жүйесі енгізілген Германия,АҚШ,Франция,Жапония,Монголия және т.б. елдердегі білім неге бағытталған? Әрине, барлық балаларға білім беруге, білім мен ақпарат алу барлық азаматтарға қолжетімді болуына, оқу бағдарламасының оқушының қызығушылығы мен талғамын ескеруіне,әрқайсысының қабілетін дамытуға, олардың бойында жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыруға, қоғам өміріндегі өзгерістерге тез бейімделуіне жол сілтеуге, рухани ұлттық құндылықтарын жоғалтпауға бағытталған. Ал оқыту мен оқудағы әлемдік әдіс-тәсілдерді қолдану Қазақстандағы білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеруге мүмкіндік береді, оқуды жеңілдетеді, кәсіптік білім беріп, жеке тұлғаны дамытуға ықпал жасайды. Түйіндей келгенде, біз бір елмен ғана шектелмей, бірнеше елдердің білім беру жүйесіндегі ең тиімді, құнды тұстарын алуымыз қажет. «Өнерлі елдерден өнеге алмақ керек» (Шәкәрім Құдайбердіұлы) сөздерін негізге ала отырып, 12 жылдық білім жүйесінің жарты ғасырлық тарихы бар Жапония мен оқушылары ең білімді болып саналатын Финляндия елдеріндегі білім жүйесіне шолу жасасақ.

Жапония елі – ғылыми-техникалық прогрестің ең шыңырау шегіне жеткен ел. Ол әлемді өзінің әр түрлі салалардағы жетістіктерімен таңқалдырып келеді, соның ішінде білім беруде де өзіне әлемнің назарын аударуда.Бұл елдің білім беру жүйесі Америкаға ұқсас болып келеді.Бірақ өздеріне тән ұлттық ерекшеліктері бар, сонымен қатар, тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында зерттеушілік топтарын құрған. Бұл елде білім Қазақстандағы сияқты бәріне жаппай беріледі. 12 жылдық мектепті 100 оқушының 95-і бітіріп шықса,олардың 90 пайызы ЖОО мен колледждерге түседі. Ал бізде бұл көрсеткіш мұндай дәрежеде емес. Өйткені біздің грантқа өте алмаған түлектеріміздің отбасы жағдайы көтерсе ғана ақылы оқуларға барады да, қалғаны еңбек жолын таңдауға мәжбүр болады. 2002 жылдың сәуір айынан бастап Жапония мектептерінде бес күндік оқу күндері бекітілді. Қазақстандық мектептерде - алты күн. Кеңес Одағы кезінде бастауыш сыныптары аптаның бес күнінде ғана оқитын. Қазіргі сағат жүктемесінің артуына байланысты жаппай алты күн бекітілген. Жапония жаппай міндетті оқу жоспарларынан дифференциалдық оқу түріне өтті: әрбір оқушыға оқу пәндерін таңдауға кеңінен ерік берілді. Мұндай өзгеріс біздің елдің мектептеріне әлі де болса ендірілмей келеді. ХХІ ғ. мектеп реформасының негіздері Жапонияда 90-жж аяғындағы ресми құжаттарға енді. Бұл құжаттардың маңыздылығы аттарынан-ақ байқалып тұр: «Кіші жастағы балалардың эмоционалдық тәрбиесі»(1998ж), «Балалар бойында өмір сүру және өмірді сүю сезімдерін қалыптастыру», «Балалардың бойындағы күйзелісті жеңуге көмектесетін мұғалімдер дайындау» (1978ж). Осы және осы тектес құжаттардың түйінді сөздері - «ұзартылған білім», «оңашаландыру», «әр алуандылық», «мейірімділік» және т.б. Жапондықтар мектепті жалғыз білім беру ошағы деп санамайды. Олар бұл рөлді отбасы мен қоғамның да бөліскені дұрыс деп шешеді. Мектеп әрбір адамды бүкіл өмір бойы білім алуға бейімдеп отыратын орта деп есептейді.Бұл елдің мектептері балалардың қиындықтарды өздері шеше алатындай дәрежеге жеткізуді,ойшыл,шығармашыл, ішкі жан дүниесі бай тұлға етіп қалыптастыруды мақсат етіп қойған. Әрбір жапон баласы жақсы білім алып, мемлекеттік жоғарғы оқу орнында оқып, беделді мемлекет қызметкері болуды армандайды. Олар оқу деңгейі төмен болса, жеке меншік оқу орындарын бітірген болса, бұл армандарына жету қиындайтынын ерте жастан түсінеді. Кіші және орта буын балалары 7-8 баладан тұратын топтық тәртіппен оқытылады.Осы топтық жұмыста олар бір-біріне қалай қарау керектігін және пікірін тыңдай отырып,өздерін көрсете білуге дағдыланады.Осы әдісті қазір біздің мектептердің оқу үдерісіне енгізу қолға алынып, жаңа қарқынмен бастама алды. Жапон оқушылары мектептен кейін «шеберлік» мектебіне дайындыққа барады. Қоршаған ортаға деген қамкорлықтарын оятып, оларды әдемілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Мұндай шеберлік мектептері біздің мектептерде жүргізілетін үйірмелермен сәйкес.Сол үйірмелерді жүргізуде біздің мектептердің екі-үш ауысымдылығы,кабинет жетіспейтінділігі мен қажетінше назарда болмайтындығы. Өйткені бұл үйірме сағаттары (спорттық үйірмелерден басқасы) көбінесе сағат жүктемесі жеткілікті болмаған мұғалімдерге немесе мамандығы сәйкес келмейтіндерге де беріліп жататыны өкінішті. Жоғарғы сыныпқа келгенде жапон оқушыларымен жоғарғы оқу орындарында оқи алатындай дайындық жүргізіледі. Осы жерде тағы да бір айтып кететін жағдай, жапон мектептерінде әрбір бала спорт түрлерін игеру керек. Міне, болашақ өскелең ұрпағына салауатты өмір салтын ұстанып, күйзеліске ұшырамауға, кедергілерге төтеп бере алатындай эмоционалдық қолдау беріп отырған жапон елі дүниежүзілік аренада алдыңғы қатарда болатыны сөзсіз. Ал енді өз елімізге оралып, біздегі жағдайлармен салыстырсақ, әрине, Қазақстан мектептеріндегі білім Жапониядағыдай емес екенін бірден байқауға болады.Мысалы, біз балаларды «үздік» және «нашар» деп екіге бөліп қоямыз, көбінесе «үздік оқушыға» көп үміт артамыз да, «нашар оқушы» назардан қалып қояды.Бұл біздің басты кемшілігіміз. Өмірде болса, «3»-ке оқыған немесе «нашар оқушылар» өздерін кәсіпкерлікте көрсете алатындығы дәлелденген. Демек бұл балаларға мектеп қабырғасында көңіл бөлінбей қалып қояды.Ал «үздік оқушылырымыз», сауалнама көрсеткендей, жұмыссыздар қатарын көбейтуде екені анықталған екен. Себебі, біздің «үздік оқушы» кім? Әрине, ол көбінесе материалды механикалық түрде жаттап алған білім алушы. Барлық «үздіктер» осындай деуден аулақпыз. Механикалық түрде жаттау шығармашылық ойлауға зиян келтіреді.Сондықтан әрбір қазақстандық оқушының шығармашылық қасиетін дамытуы, өз ойын ашық жеткізе алуы, алдағы өмірге бейімділігін қалыптастыруы үшін Жапония еліндегідей зерттеудің пайдасы көп.

Финляндиядағы оқу үдерісіне үңілетін болсақ, білім жүйесін сәтті құра білуі – осы елдің экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуында, талай жетістіктерге жетіп, бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарында көрінуінде. Финляндия Конституциясы әр азамат оқуға құқылы дейді. Біздің де Ата Заңымызда осылай делінген. Бұл елдің білім реформасы біздегі білім жүйесіне ұқсастығын көреміз.Бұл елдегі мектеп екі сатыдан тұрады: міндетті ақысыз бастауыш және орта. Өзіндік ерекшелігі: жоспар құру және мақсатты айқындау.Мейлі отбасында болсын, мейлі мектепте болсын.Мектеп оқушысын өмірін жоспарлауға, қарапайым мақсаттан күрделі мақсат қоя білуге үйретеді, мінез-құлқын қалыптастыруға және өз мүмкіндіктерін аша білуге жетелейді.Өзі туралы көп мағлұмат алған оқушы өзін алда не күтіп тұрғанын біледі, өз өмірі өз қолында екенін түсінеді.Жоғарғы стандартты білімге жету мақсатында Финляндия реформа жүргізуде оның негізгі екі бағытын - мұғалімнің мәртебесін көтеру мен білім сапасын жоғарғы деңгейге жеткізуді -басымдықпен ұстады. Міне осы екі бағытты Қазақстанның білім беру реформасында тиімді қолдану қазіргі кезде мұғалімнің мәртебесінің тиісті дәрежеде болуын және өсуін береді.

Финляндияның мектептегі оқыту жүйесіне тән белгісі – емтиханның болмауы. Тіпті негізгі мектепті бітіргенде де емтихан тапсырмайды. Екінші белгісі –басқа пәндердің есебінен кейбір пәндерді тереңдетіп оқытуға және «зият» мектептеріне қарсылығы, барлық мектептерде оқыту сапасын теңестіріп қойған. Сабақтар тек бір ауысымда ғана, үй жұмысына айтарлықтай көңіл бөлінбейді. Себебі үй жұмысына оқушы мен отбасы кірістірілетін болғандықтан, орындау барысында әр түрлі қарым-қатынас орнап, жүйкеге кері әсер тигізетін жағдаят болуы мүмкін деп есептейді. Сабақ- үй тапсырмасы – күнделікті қадағалау – жазалау – осындай тізбек қабылданбайды. Біраз уақыт өткеннен кейін ғана фин мектептерінде сабақ – үй тапсырмасы – тест тізбегі бойынша меңгерілген материал бойынша бақылау жүргізіледі.Ал бізде әлі де болса мектептер ІІ,ІІІ ауысымда оқиды. Ата-ананың балаларын бақылауы қиындау. Үй тапсырмасын көп мөлшерде немесе күрделі етіп береді де,оларды орындауда бала ата-анасына жүгінуге мәжбүр болады, ал жұмыстан шаршап келген ата-ана бағыттап, баласының өзі орындауын талап етудің орнына өздері баласының орнына орындап бере салады. Міне осыдан барып баланың оқуында күннен-күнге олқылықтар жинала бастайды. Біздің мектептерде Финляндиядағыдай әр тоқсан сайын бақылау, сынақтар өтіп тұрады. Бірақ оларды бағалау оқушылардың шын мәніндегі білім деңгейін толық көрсете алмайды.

Финляндияның білім жүйесі – әлемдегі ең үздік жүйелердің бірі. «РІSA» зерттеулері бұл елдің жоғары рейтингте екенін көрсетті. Финляндия білім жүйесінің қандай ерекшеліктері осындай жоғары жетістіктерге әкелді? Көпшілік елдің географиялық және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерінен деп есептейді. Финляндияда суық, аязды қыс ұзақ мерзімге созылады. Сол аязды қыстарда кітап оқу дағдысы қалыптасқан. Оқу дағдысын жетілдіру мақсатында шет елдердің телевидениесін тиімді пайдаланады. Шетел бағдарламасы мен кинофильмдер аудармасы синхронды түрде емес, титр арқылы беріледі. Сонда теледидар көруге құмар, бірақ кітап оқуға зейіні жоқтар күнделікті шапшаң оқуға жаттығады.Міне мұның әсері жоғары. Шапшаң әрі түсініп оқыған бала өз кезегінде мол ақпарат алып, оны талдай алады . Біздің елді алсақ, оқу сауаттылығынан 63 орында екен.Осыдан қандай нәтиже шығаруға болады? Біздің оқушылардың мәтінді шапшаң оқуы төмен. Бұл көркем әдебиетке деген қызығушылықты жоюдың бір жолы. Неге? Себебі,оқу шапшаңдығы төмен оқушыға шығарманың мазмұнын түсінуі қиындайды,осыдан оның ынтасы жоғалады да, әдебиет оқуға қызықпайды. Сөйтіп оның тіл байлығын дамытатын негізгі құралы жойылады.

Финдықтар өз табыстарын қалай түсіндіреді? Әрине, сабақтан тыс оқуға және де мұғалім мен оқушы арасындағы тығыз қарым-қатынаспен түсіндіреді. Фин қоғамында арнайы мамандандырылған мектептер жабылып, барлық балалар оқу үлгеріміне және дамуындағы кемшіліктеріне қарамастан ықпалдандырылып оқытуға көшкен. Негізгі мектепті барлық бала бірге отырып бітіреді. Мұндай мектептер әлсіз оқушылардың дамуына және әлеуметтік ортада қалыптасуға жақсы мүмкіндік береді. Жақсы істің бәрі бастамадан демекші,баланың табысты, табыссыз болуы білім жолының ең бастапқы жолында. Сондықтан да финдықтар бастауыштағы білім беруге аса мән беріп отырады.Жоғарғы білікті мамандар осы бастауышта істейді және олардың сауаттылығы мен біліктілігі жетілдіріліп, бақыланып отырады. Міне, «РІSA» зерттеулерінде бұл елдің табысты болуы – оқу үшін барлық жағдайлар жасалғандығының айғағы. Біздің елде осы бастауыш сыныпта жоғарғы білікті,сауатты мамандардың жұмыс істеуіне әлі де болса аса назар аударылмай келеді. Бұл салада жұмыс істеуге көбінесе өз қалауымен келетіндер аз. Кездейсоқ адамдардың келіп жататыны да өкінішті. Мектепті үздік және жақсы бітіргендер мұғалімдік мамандықты таңдай бермейді, керісінше, орташа білім алғандар, мектепте каллиграфиясы нашар, диктантты «3»-ке жазғандар осы бастауыштың мұғалімі болып шығады. Демек, осындай мұғалімдерден сабақ алған оқушы да «орташа» болып шығады. Сондықтан бұл мамандыққа мектепті «үздік», «жақсы» бітіргендерді қабылдаса. Өйткені, білім бастауыштан басталатыны сөзсіз.

Бұл реформалар Қазақстанға қандай дәрежеде өзекті және қолданбалы?

Қазақстандағы білім беру ерекшеліктеріне келсек, бізде де оқу тегін, оқулықтар да тегін, бірақ оқулықтардың сапасы мен санының жетіспеушілігі қынжылтады. Инклюзивтік оқытуды енгізуге алғаш қадамдар жасалып жатыр десек те болады. Озық елдердің тәжірибесінен өткен оқытудың түрлі тиімді модульдері мен стратегиялары енгізіліп,оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауына, сыныптағы зерттеулерге аса зор көңіл бөлініп, өмірге бейімделуге дайын болашақ ұрпақ тәрбиелеу үшін орасан жұмыстар істелінуде. Бірақ біздің елде Финляндиядағыдай кітап оқуды дәстурге айналдырғандар қазіргі АКТ заманында кемде кем.Сондықтан да болар біздің елдің оқу сауаттылығы бойынша 63 орында болуы. Сонымен қатар, кейбір пәндер біздің мектептерде басқа пәндер есебінен оқытылып кетуінде, «зиялы» сыныптардың болуында. Бұл «зиялы» сыныптардағы оқушылар көбінесе оқу үлгеріміне немесе қабілетіне қарай емес, олардың материалдық ахуалына қарай шоғырланған.Мұндай мектептерде оқу аз қамтамасыз етілген балалар үшін қолжетімді емес. Содан кейін дәстүрлі сабақтарда алған білімін өмірде қолдана алмайды. Міне осы жерде қиыншылықтар кездеседі де, бала оларды жою жолдарын таппай тығырыққа тіреледі.Оқуға ынталандыру дұрыс бағыт ала алмай отыр, әзірше.

«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңаны табатын өнер» деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, әрбір сабаққа жаңашыл көзбен қарап,әлем елдерінің озық әдіс-тәсілдерін қолдануда ізденіс үстінде жүретін мұғалімнің рөлі зор.Жапония мен Финляндиядағыдай мұғалім мамандығына ЖОО үздік оқушылар қабылданса,білім мекемелеріндегі оқуды көш ілгері алып жүреді.Бұл елдер бойынша айтатын екінші жайт, ол – саналы тәрбие негізінде алынған білімнің де саналы бола алатындығында. Әрине, Финляндия елінің деңгейіне жету әлі де болса біз үшін ұзақ жол...Бірақ барлығын рет-ретімен қарастырсақ. Бірінші, ЭЫДҰ Қазақстандағы білім жүйесіне өзгеріс ендіруде Финляндия тәжірибесіне жүгінуді ұсынды. Елбасымыз Н.А.Назарбаев та осы реформа кезінде жоғары стандартты білім, ғылыми әзірленімдерге қаражатты бөлудегі бәсекелестік, келешектің ұлттық инфрақұрылымдары, мемлекеттің,ғылым мен бизнестің күшін біріктіруді атап көрсетті.

Өзгеріс менің мектебіме неліктен қажет?

Бұл сұраққа жауапты, біріншіден, өзімнен іздеуім керек деп ойладым.

Мен қоршаған әлемнің, балалардың, мектеп пен мұғалімдердің қалай өзгеріп жатқанын көріп келемін.Мен заманымен кадамдап келе жатқан мектепте жұмыс істеймін.Біздің мектеп мұғалімдері үнемі өздерінің кәсіптік деңгейін арттыруға ұмтылады. Солардың қатарына өзімді де қоссам болады. Білім үзіліссіз,толассыз болған жағдайда ғана адамның дамуын көре аламыз. Білім арқылы адамның интеллектуальдық қабілеті де ашылады.

Өзіңді және айналаңдағы әлемді өзгерте отырып, еркін өмір сүру оңай емес.Мен өмір сүруді үйрене жүріп,басқаларды да қалай оқыту керектігін үйренудемін. Мектепке тәжірибелік кезеңге барғанда әріптестерімнен қолдау табамын деп ойлаймын.Әлем мектептерінде болып жатқан өзгеріс менің мектебіме де қажет.

Бірінші «Бетпе-бетте» алған теориялық білімімді зерделей келе түсінгенім Lesson Study әдісі, «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер»және «Сын тұрғысынан ойлау», «Оқыту үшін бағалау» модульдері мені қызықтыра білді. Себебі, менің мектебімде өзекті мәселелердің бірі деп бағалауды алар ем. Неге? Себебі менің ойымша, бағалау түрлерінің ішіндегі суммативті бағалау қазіргі кезде басымдырақ.Бұл мектептегі барлық бастауыш, орта, жоғары буындарына қатысты.Бағалаудың бұл түрі балаға өз мүмкіндігін, жетістігін және өсуін бағалауын үйренуге кедергі болады.Ал формативті бағалау оқушыларды оқуға ынталандырып, бойындағы жаңа мүмкіншіліктерін ашып береді. Мен осы бағалауды өзімнің мектептегі тәжірибемде енгізу үшін зерттеу жүргізсем деп едім.Сонымен қатар, диалогтық оқыту арқылы оқушылардың когнитивтік қызметін, тілін дамытып,ой-өрісін жетілдірсем, мектебімнің оқушылары фин оқушылары сияқты дұрыс та мәдениетті сөйлеуге ұмтылар еді. Әлем мемлекеттеріндегі басым назар тағы оқушымен кері байланысқа түсіп отыр.Мұғалімдердің зейіні «Оқушы үніне» де қойылып отыр.Менің де мектебімде осындай мәселе туындап тұр.Тәжірибе кезеңінде оларды шешуде мұғалімдер қоғамдастығын құрып, шешу жолдарын анықтап,коучинг және тәлімгерлік арқылы жүзеге асырсам деген ойдамын. Мен 7 модульді ықпалдастырудың тиімділігін өзімнен бұрын деңгейлік оқудан келген мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатысып көріп едім. Бұл сабақтардағы оқушылардың белсенділігін көріп, олардың бір-бірімен топтағы бірлескен жұмыстары кезінде бірін-бірі және өзін-өзі бағалағандарына қанағаттанып едім. Енді дәл сондай жұмыстарды өткізу өзіме жүктеліп отыр.Онымен қоса көшбасшылық миссиясы да бар. Оқыту мен оқудың әдіс-тәсілдерін енгізуде ақпараттандыру мен қарым-қатынас, құзыреттілік желілерге шығып отырып,заман талабына сай өзгеріс енгізу қажеттігін жаңғыртамыз.Соның бәріне уақыт куә. Кімде-кім саналы да сапалы өзгеруге дайын болса, мен сол мұғалімге қол ұшын коуч пен тәлімгерлік және желілік қоғамдастық арқылы беруге әрқашан да дайынмын.

Қорыта келгенде, біз, мұғалімдер, заманымызбен қатар жүруге ,жүре отырып, айналамызды өзгертуге құмар халықпыз.Табысты мұғалім болуым үшін, мектептің даму бағдарламасын жасап, оны іске асыра білуім керек. Бұл бағдарламаның жаңашылдығын, оның дәстүрліден айырмашылығын көрсете алуым қажет. Мен мектептегі әріптестерім алдында тәлімгер ретінде коучинг сессияларын өткізіп,сол арқылы оқыту мен оқудағы әдіс-тәсілдерді,сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын ,бағалаудың түрлерін және Lesson Study әдісі жайында әңгімелеп,оларды ықпалдастыруды үйренуге бағыттаймын. Мен енді тек мұғалім-көшбасшы емес мұғалім-зерттеуші ретінде әріптестеріммен жұмыс істеуім керек.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халқына жолдауы «Қазақстан-2030» Бағдарламасы

  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық,1-деңгей,2014

  3. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар

  4. On EducationalPolicy/Ed.BY Ralph Rotte –Nova Science Pb–2006

  5. Батюкова З.И.:«Сравнительное образование в контексте международных сравнительных исследований».Проблемы современного образования, 2010,№3 с.41-46

  6. Сайт http://nauka-pedagogika7com/pedagogika-13-00-01/dissertaciya-osnovnye-tendentsii-reformirovaniya-sistemy-obrazovaniya-v-yaponi#ixzz2eOGKNcnC

  7. Сайт http://russ.ru/pole/Sekret-finskogo-uspeha

  8. Сайт http://hgoom.ru/nachalnaya-i-srednaya-shkolyi-v-finlyandii.html

  9. URL: http://www.studying.ru/index.php?razd=162

Краткое описание документа:

Автор
Дата добавления 25.04.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1837
Номер материала 496774
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх