Инфоурок / Физика / Рабочие программы / Ақ жарықтың спектрлік жіктелуі. Дисперсия құбылысы
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Ақ жарықтың спектрлік жіктелуі. Дисперсия құбылысы

библиотека
материалов

«Бекітемін» «Келісемін»

Директордың оқу – ісі Әдістемелік бірлестік жетекшісі жөніндегі орынбасары

______________ C.Ж.Сапанов ______________ М.Т. Султанов

Тақырыбы:

Ақ жарықтың спектрлік жіктелуі. Дене түстері

Мектеп : NIS Атырау

Мерзімі:

Уақыты: 40 мин

Мұғалімі: Есеркенова Ж

Сынып : 8


Оқушылар саны:10-11

Сабақтың мақсаты

Оқушыларда ақ жарықтың спектрге жіктелуі және денелердің түстері жөнінде үғымды қалыптастыру. Аталған құбылыстың ашылу тарихы мен жүргізілген тәжірибе туралы түсінік беру.

Сабақ міндеттері:

Оқушылар орындай алады:

  • Сурет арқылы ашық сұрақтар құрастырады

  • Құбылысқа байланысты сипаттама жасайды

  • Физикалық құбылысты лирикамен байланыстырады

  • Видеоны пайдалана отырып, болып жатқан құбылысты түсіндіреді

  • Тәжірибені өздері жүргізеді

Тілдік мақсат



Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсінулері және қолдана алулары керек: спектр, дисперсия, кемпірқосақтың пайда болуы, сыну көрсеткіші

Арнайы пәндік лексика және терминология:

Спектр – спектр - spectrum

Дисперсия - variance

Призма - prism

сыну көрсеткіші – показатель преломления- refractive index

ақ түстің жіктелуі – разложение белого цвета - decomposition of white color


Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:

Ақ жарық призмадан өтуі, жарықтың түрлі түске жіктелуі, кемпірқосақтың пайда болуы

Өткен сабақ материалдар

Жарықтың шағылу және сыну заңдары

Қолданылатын әдістері

Диалогтік әдіс

Ойын

Миға шабуыл (болжау)

Топтық жұмыс

АКТ (ноутбук, видео)

Физикалық диктант

Психологиялық ойын

Тәжірибелік жұмыс

Күтілетін нәтиже

Оқушылар біледі:

  • Дисперсия құбылысын өмірде кездесетін құбылыстар негізінде түсіндіреді

  • Ақ жарықтың құрамын күрделі екеніне көз жеткізеді

  • Ньютон тәжірибесінің маңызын түсінеді

  • Монохроматты түстердің сыну көрсеткіштері әртүрлі болатындығын тәжірибе негізінде тұжырымдайды

  • Сын тұрғысынан ойлау арқылы сұрақтарға жауап береді

Физика – сабақ жоспары

Уақытты жоспарлау

Жүру барысы


Ресурстар


Ой қозғау

Сабаққа

кіріспе

5 мин



Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеу

Активити «Джунглидағы жаңбыр» ойынын ойнату.

Бір – біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Джунгида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты.

Жел көтеріліп желкіді (арқаны қаттырақ басамыз)

Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейеді)

Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын қаттырақ соғамыз)

Кенет нөсер жауын құйды. (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдаңыздар)

Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз)

Тағы да нөсер жауды.

Ұсақ жаңбар сіркіреді.

Жел соқты

Жел басылды

Оқушыларға сұрақ: Жаңбырдан кейін нені күтеміз? Қандай әдемі көрініс пайда болады?

Жауабы: кемпірқосақ

Экранда кемпірқосақтың суретін ашып қою

Оқушылармен ойын жүргізу арқылы бойларын сергіту


Мағынаны тану

Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыс-

тыру

25 мин






Ғылымды үйренуде ережелерден гөрі нақты мысалдар пайдалырақ.

Исаак Ньютон

Оқушы назарын кемпірқосақтың суретіне аудару.

Видео көру

hello_html_7da09a2c.png


Кемпірқосақтың түстеріне байланысты оқушыларды 3 топқа бөлемін. Оқушылар қызыл, сары, жасыл стикерлерді таңдайды. Таңдаған түстері бойынша топтарға бөлінеді

(оқушыларды топқа бөлудегі )

Әр топқа тапсырма:

1-топ: Жасыл түс – кемпірқосаққа байланысты ашық сұрақтар құрастырады

2-топ: Сары түс – кемпірқосаққа сипаттама жасайды

3-топ: қызыл түс- кемпірқосаққа байланысты 1 шумақ өлең жолдарын шығарады


Әр топ өз тапсырмаларын орындап болған соң, тапсырмаларын қорғайды.

Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, жұпқа ноутбук беріледі. Ноутбуктерге Ньютон тәжірибесіне байланысты 2 видео жүктелген.

Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында қысқаша өткенге үңілу.

Ғасырлар тоғысында Нью-Йорк университетінің философия факультетінің қызметкері Роберт Криз бен Брукхевен Ұлттық зертханасының тарихшысы Стони Брук «Нью-Йорк Таймс» газетінде өз статьяларын жариялады. Олар физика тарихындағы ең тамаша, әрі қызықты 10 тәжірибені анықтау мақсатында америкалық физиктер ішінде сауалнама жүргізген. Осы сауалнама барысында ең қызықты тәжірибелерге Ньютонның ақ түстің спектрге жіктелу тәжірибесі кіреді.


Тапсырма: дыбыссыз режимде видеоны 2 рет қарау.

Әр топ видеоны қарап болған соң өзара талдайды.

Видео мен кемпірқосақтың арасында қандай байланыс болуы мүмкін?

Кемпірқосақтың пайда болуын Ньютон тәжірибесімен байланыстыру. (оқушылардың сыни түрде ойлауы, өзара ойларын бөлісуі, бір қорытындыға келуі)

Оқушылардың ойы тыңдалған соң, мұғалім айтылған ойды түйіндейді.

Осы жоғарыда айтылған, көрстетілген құбылыстардың барлығына негіз болатын жарықтың қасиеті – дисперсия деп аталады.

«Дисперсия» латын тілінен аударғанда «шашырау» деген мағынаны береді.

Спектр - ақ жарықтың құрамындағы 7 түсті көрініс. Латынның spectrum - елес, көрініс деген сөзінен шыққан
Ақ жарық - құрамында жеті қарапайым шоқтары бар күрделі сәуле

Жеті түсті сәуле – қарапайым сәуле немесе монохроматты шоқ

Дисперсия - күн жарығының құрама бөліктерге жіктелу құбылысы (кемпірқосақ).

Видеодан көрген тәжірибені ең алғаш рет жасаған ғалым – Ньютон.

Ньютон тәжірибесінде ақ жарықты призма арқылы өткізіп, экранда түрлі – түсті көріністі алды.

hello_html_2d4ff7f0.png
Оқушыларға интерактив тақта арқылы Ньютон тәжірибесінің нәтижесін ашып қою, яғни суретті ұсыну.

Топтарға тапсырма: Осы суретке қарай отырып жарық құрамындағы спектрдің сыну көрсеткіштері, таралу жылдамдықтары туралы не айтуға болады? (оқушылардың сыни түрде ойлауы, өзара ойларын бөлісуі, бір қорытындыға келуі)

Тапсырма жауабы: Күннің жарық шоғының түрлі түстерге жіктелуі әртүрлі түстегі шоқтардың призмда әртүрлі сынатынымен түсіндіріледі. Бұл призмадағы жарықтың таралу жылдамдығы, оның түсіне тәуелді екенін білдіреді. Призма арқылы өткенде, күлгінге қарағанда қызыл жарық аз сынады. Сәйкесінше күлгін спектрдің таралу жылдамдығы қызыл спектрдің таралу жылдамдығына қарағанда аз болады.

(Бұл қорытындыға оқушылар өздері келуі тиіс. Сондықтан арасында бағыт-бағдар беріп отыру керек. Мысалы жылдамдық арқылы өрнектелетін сыну көрсеткішінің формуласын еске түсіру )

Бекіту тапсырмалары:

Тақырып бойынша әр топ қорытынды жасайды (физикалық диктант)

  1. Призма ақ жарықты өзгертпейді, тек ...... (жіктейді)

  2. Ақ түс электромагниттік толқын ретінде .............. түстен құралады (жеті)

  3. Спектр құрамындағы түстер бір-бірінен ............ арқылы ерекшеленеді (сыну көрсеткіштері)

  4. Ең күшті сынатын түс-........(күлгін).

  5. Ең әлсіз сынатын түсі ....... (қызыл)

  6. Қызыл түстің таралу жылдамдығы күлгін түске қарағанда ......(жоғары)

  7. Күлгін түстің сыну көрсеткіші қызыл түстің сыну көрсеткішінен ...... (жоғары )

  8. Дисперсия дегеніміз ............ толқын ұзындығы мен жиілігіне тәуелділігі





https://www.youtube.com/watch?v=Ku-G8eR3e9s


Ноутбуктер

Интерактив тақта

Маркер

Ақ қағаз

Түрлі – түсті стикерлер
































Видео 1

Видео 2



Топтардың ойын тыңдау




Презентация














Интерактив тақтаны қолдану арқылы сурет көрсету.

























Таратпа қағаз

Соңы

8 мин

Тәжірибе жасау арқылы айтылған тақырыпты бекіту

  1. Призма+жарық көзі+экран (экрандағы түрлі – түсті жолақтың пайда болуы)

Призма арқылы терезе жалюзіне қарау (түрлі – түсті жолақтың пайда болуын анық бақылау)

  1. Жеті түрлі спектрден ақ түсті алу тәжірибесі (диск арқылы)

Психологиялық тест өткізу: Спектр құрамындағы түстердің ішінен әр оқушы ұнататын түсін сабақ басында таратылған стикерге жазады. Сол бойынша сипаттама беру.

  • Қызыл-белсенділік пен өмірлік күш-қуаттың түсі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік-жігерлі адамдар ұнатады. Олар алдынан кездескен қандай кедергіден де қорықпайды.

  • Сары-жылу мен жарықтың түсі. Сары түс белсенді, өте көпшіл, достыққа берік, еркіндікке талпынған адамдар.

  • Жасыл – тыныштық пен тұрақтылықтың түсі. Жұмысқа беріле кірісіп, барлық күш жігерін жұмсайды. Айналасындағыларға құрметпен қарайды.

  • Көк түсті ұнататындар –адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайды. Олар зұлымдықты, сатқындықты ұнатпайтын ақ тілекті жандар.

  • Ақ — шаттықтың түсі. Ақ түсті ұнататындар өте әсершіл және қызба келеді, тез еліктегіш, өзінің ықпалына жеңіл беріледі.

  • Қара  түс – ұстамдылықтың белгісі. Бұл түсті ұнататын адамдар сыр мінез келеді, сезімін сыртқа шығара бермейді. Олар көзге түскенді, көпшіліктің қалың назарында болғанда ұнатпайды.


Призма

Экран

Түрлі түсті қарындаштар

Картон қағаз

Желім

Презентация

Үйге тапсырма

1 мин

Рефлексия

1 мин

Оқулық бойынша тақырыпты бекіту

Оқушы стикерлерге өз ойын жазады


Қосымша мәліметтер

Дифференциация – қосымша көмекті қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар жоспарлайсыз?

Бағалау –оқушылардың

білімін қалай тексересіз


Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелерін сабақ барысында сақтау
ИКТ –ні қолдану

Құндылықтар

Барлық оқушылар:

Сабақты ашуға арналған ойынға қатысып, бойларын жазады.Әр топ оқушылары берілген тапсырма бойынша дайындалып, сұрақтарға жауап береді. Қажетті мәліметтерді дәптерге түсіреді.

Оқушылардың көпшілігі:

Пікірлерін ортаға салады

Физикалық диктанты орындайды

Кейбір оқушылар

Сұрақтар қояды


Әр берілген тапсырманы бағалау мақсатында әр топқа жұлдызша тарату. Жұлдызшаның түстері қызыл, сары, жасыл

Тапсырманы толық түсінген топ мүшелері: қызыл

Жартылай түсінгендері сары

Мүлдем түсінбеген топ мүшелері: жасыл


Қойылған сұрақтарға жауап беруіне байланысты қолпаштау, мадақтау

Физикалық диктантты тексеруде топтар бір-бірімен алмасады.

  • Геометриямен, биологиямен

  • қорытындылары мен теорияларын бір-бірімен және мұғаліммен талқылау, олардың пікірлерін сыйлау қабілеттерін дамытады және бір-бірімен, үлкендермен қарым-қатынас жасауын тиімді етеді.

  • өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады

  • кабинетте қауіпсіздік ережесін есте сақтайды

  • бірін-бірі тыңдап үйренеді

  • бір-бірінің жұмысын көшірмейді

Рефлексия

Сабақтың мақсаты / оқу мақсаты дұрыс па?

Оқушылар бүгін не оқып-үйренді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Мен дифференцияланған жұмысты сәтті дайындай алдым ба?

Мен уақытты сақтадым ба?

Мен жоспарда қандай өзгеріс енгіздім және қандай?


Төменде қалдырылған орынды жүргізілген сабақ бойынша түсіндірмелер үшін қолданыңыз. Сол жақтағы бағанда берілген сабақ бойынша неғұрлым маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:Оқушыларда ақ жарықтың спектрге жіктелуі және денелердің түстері жөнінде үғымды қалыптастыру. Аталған құбылыстың ашылу тарихы мен жүргізілген тәжірибе туралы түсінік беру

Күтілетін нәтиже: 

-          Дисперсия құбылысын өмірде кездесетін құбылыстар негізінде түсіндіреді

-          Ақ жарықтың құрамын күрделі екеніне көз жеткізеді

-          Ньютон тәжірибесінің маңызын түсінеді

-          Монохроматты түстердің сыну көрсеткіштері әртүрлі болатындығын тәжірибе негізінде тұжырымдайды

 Қолданылатын әдістері: 

Диалогтік әдіс

 

Миға шабуыл (болжау)

Топтық жұмыс

АКТ 

Физикалық диктант

Психологиялық ойын

 

Общая информация

Номер материала: 545507

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"