Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Аққала. Мәди Қайыңбаев. 2 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Аққала. Мәди Қайыңбаев. 2 сыныпқа арналған сабақ жоспары

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: 09.12.2015ж

Сабақтың тақырыбы : Аққала .  Мәди Қайыңбаев

Сабақтың мақсаты:  

Білімділік:  Өлеңді оқи отырып, қыс мезгілі туралы түсініктерін толтыру.Қысқы  ойын

түрлеріне тоқталу.Аққала соғуға дайындыққа жетелеу. Салауатты өмір салтын

насихаттау және баулу.

Дамытушылық:  Оқушыларға көркем сөздің мағынасын меңгерте отырып, тілдік

қорларын қолдана алу, әдеби тілменжүйелі жинақтап сөйлеу

дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік:  Табиғатты қорғауға деген сезімі артады.Еңбекқорлыққа тәрбиелеу,

экологиялық және эстетикалық тәрбие беру.

Пәндік нәтижелер : Өлеңнің мазмұнын түсініп оқуға ,ой түйіндей білуге үйрету ,өткен сабақтармен байланыстыру арқылы салыстыру, дәлелдеу,өзіндік ой топшалауын жасауға мүмкіндік беру .

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, танымдық білімін арттыру .

Тұлғалық нәтижелер : Табиғат ананың кез-келген мезгілін жылы қабылдауға табиғат құбылыстарын зерделей білуге аялауға тәрбиелеу .

Сабақтың көрнекілігі : суреттер, маркер дәптер,тақта слайд.

Сабақтың түрі.Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі. Түсіндіріу,сұрақ- жауап ,ой-қозғау

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сабаққа әзірлігін тексеру.

ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Қызығушылығын ояту . (Шаттық шеңбері)

Үлкенгеде «Сіз»

Кішігеде «Сіз»

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен «Біз»

Оқушылардың мақсатымен –міндеті

Мақсатымыз білім алу

Міндетіміз еңбектену

Еңбектену арқылы «5» ке қолды жеткізу

Топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Шана» Гүлбаршын Әзімбаева

мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Оқушылардың мазмұнын сұрау

«Ыстық орындық»

Қызық сұрақ айдарымен

1.Мәтін кім және не туралы ?

2.Қалай ойлайсыңдар Жәнібектің сөзіне әкесі неліктен сасқалақтап қалды ?

3.Жәнібектің жасы нешеде?

4.Мәтін бойынша сөздер мен сөз тіркестерімен оқыту ,ретімен мазмұнын айтқызу.

Терезе алдына келді , оянып алды ,сыртқа үңілді ,бұртиды,балаларға ілесті ,сатып алды.

Жұмбақ шешу (шардың ішінде)

Қуаласаң бармаймын, Қолы жоқ сурет салады,

Жетектесең қалмаймын Тісі жоқ тістеп алады. (аяз)

Ойға қарай зулаймын Екі темір шананы

Бүдыр жерде тулаймын (шана) Кезек мініп барады (коньки)

Мамықтай ұлпа,

Қанттай ақ

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады (қар)

III. Мағынаны тану

«Қар» сөзін топтастыру

sb1

Қызық мәлімет

«Қыстың көркі –қар» демекші, жер дүниені аппақ қар орап жатқан олардың да өзіндік әсемдіктері бар ,өзіне ғана тән ерекшеліктері жетерлік

Уилсон Бетрлей деген ғалым ХIХ ғасырда 46 жыл бойы «Фотомикровик»фотоаппараты арқылы қар түйіршіктерін түсіріпті ,артынан «Қар түйіршіктері»атты кітабын жазған .Ол түсірген 5300 суреттің ішінен бір-біріне ұқсамайтын екі суреттің кездеспегенін ,қардың түйіршігі алты бұрышты болып келетінін таңғала айтады.Осы алты бұрышты геометриялы пішінде болуында , сондай-ақ бір-біріне ұқсамауында Ұлы Жаратушымыздың құпиясы, ғибраты жатқан тәрізді. Алты бұрышты болуынан оның ғарыштың шағын  пішінін меңзеп тұрғанын түсінуге болады. Мұндай алты бұрыштар тек қарда ғана емес, ара ұяларында да кездеседі.

Қар барлық елде бар ма ?

Сендер  сияқты барлық елдің балалары ойнай ала ма?

Әлде қарды өмірде көрмеген балалар барма екен?

Қармен ойналатын ойын түрлерін  ата?

Балалар мен сендерге жұмбақ қоямын жұмбақтың шешуі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы  

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші, сен оны. Аққала

Қыста далада өмір сүретін жансыз адам?

/Аққала/

Оны жасайтын қар қандай болу керек? /мамық, қасат құлпа/

IY.Жаңа сабақ Аққала Мәди Қайыңбаев

Мәди ҚайыңбаевМәди Қайыңбаев 1958 жылы 20 қарашада Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының қазіргі Жаңажол ауылында дүниеге келген. 1980 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. «Жазушы» баспасында, «Жалын», «Ақ желкен» журналдарында, ҚазТАГ-та қызмет істеген. Қазір ҚР Президентінің әкімшілігінде жауапты қызметте.
Оқудың түрлері: Мәнерлеп оқу

Тізбектей оқу

Жұппен оқу

Балалар аққаланы неден жасайды?

Ақ қардан жасайды.

Аққала неше бөліктен тұрады?

Үш бөліктен тұрады.

Пішіні қандай?

Пішіні дөңгелек.

 Ал түсі қандай?

Түсі ақ.

Аққала қардан домаланып жасалады. Негізгі үш бөлігін бірінің үстіне бірін қояды. Көзін тастан, мұрнын сәбізден, ілгегін тастан, аузын ағаштан басына шелек кигізу арқылы жасайды.

V.Суретпен жұмыс:

VI.Сергіру сәті

VII.Әдебиеттік жұмыс дәптері

Қардың түрлерін ата?

VIII.Топтық жұмыс Қағазбен жұмыс. Аққаланың суретін салу (салған суреттерін шығып қорғайды) уақыт беріледі

І Аққалаға өлең құрастыру ІІІ қар туралы өлең айту

ІІ аққалаға сұхбат жасау ІV қардың түрлерін айту

Мағынаны тану

«Биопоэма»  әдісін қолдану арқылы  сұхбат жүргізу

Аты Аққала

Сипаттайтын -2-3 сөз әдемі ,суық

Жақсы көретін 2-3 – қыс ,көркі аяз

Қорқатын 2-3 – көктем,күн, ыстықтан

Басынан өткізген сезімі – балалардың қуанышы

Болашақтан күтетіні-2-3 көктем шықпаса,күн ысымаса

Мекен-жайы- қысқы дала

Тегі – қар

IX.Сабақты қорыту

.Не білдік? Не үйрендік? Не қызық болды? Сабақтың қай бөлімі ұнамады?

X.Бағалау. Өзін-өзі бағалау «смайлики» арқылы

XI.Үйге тапсырма . Өлеңді мәнерлеп оқу . Тексерілді: С.Досанбаева

Автор
Дата добавления 10.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров265
Номер материала ДВ-247065
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх