Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Ағалардың ерлігі" (тәрбие сағаты)

"Ағалардың ерлігі" (тәрбие сағаты)

Скачать материал

 

Ағалардың ерлігі! (тәрбие сағаты) 

Тақырыбы: «Ағалардың ерлігі!» (тәрбие сағаты)
Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар,
көрме батырлардың суреттері, Ұлы Отан соғыс кезіндегі техникалар.
«Әнұран»
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның б
ірі әлемді дүр сілкіндірген 1941жылы маусымның 22 - де болған еді. Дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда  Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 71 жыл  өтті.  

Видео соғыс туралы.

1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап - ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.
 Балалардың ойы

1 оқушы:

Соғыс жалмап аға - іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.

2 оқушы
Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған.
Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.

 

Әлияны бұл күнде
Барлық бала біледі
Әлия атты көңілде
Әпкеміз деп жүреді.
Аты аңыз, жыр қылып,
Елдің батыр түлегі.
Әр жүректе тұр күліп,
Әлия атты батыр қыз.

Келесі оқушы
- Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді.

Мәншүк апай батыр қыз
Ардақтаймыз атын біз!
Ұқсап Мәншүк апайға
Өсіп келе жатырмыз!

Тағыда қандай батырларымызды білесіздер?

3 оқушы
Момышұлы Бауыржан (1910 - 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері - Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.

 Қайтпаған жауыннан
Қаһарман Бауыржан
Қан ішер фашисті
Қырды ол мыңдаған.
Ерлігі әрқашан
Есімде сақталады
Ұрпағы ұмытпайды.
Өмірінен үлгі алады.

Кітапханашы: Батырлар туралы өлеңдер айтайық.

Атам Отан қорғаған
Онда қорқақ болмаған
Алтын жұлдыз кеудеде
Нағыз батыр ол маған.

Батыр бопты бабамыз
Біздер әлі баламыз
Күзетте түр тұрағы
Әскердегі ағамыз.

 Отан туралы мақал мәтелдер 2 топқа бөлініп жарысайық

Сөзжұмбақ

1. Соғыстың басталған ай аты?

2.  Батыр қызы?

3. Не үшін соғысты?

4.Нешінші мамырда соғыс  аяқталды?

5. Бірақ ........оты еш өшкен жоқ?

6. Батыр бопты бабамыз
Біздер әлі баламыз
............. түр тұрағы
Әскердегі ағамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кітапханашы:
- Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.

Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді әке боп
Елдегі көп балаға.
Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын  терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.
Арылтып жаудан жерінді
Табанға жаншып өлімді
Жеңіспен желпіп өмірді
Оралды ерлер көңілді
Десеңдер бұл қай күні
Тоғызыншы мамыр күні!- деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

1Аққу құсқа оқ тисе

Қанатын суға тидірмес

Ер жігітке оқ тисе

Қиналғанын білдірмес.

2 Алысқа шабар жүйрік бол

Намысқа шабар жігіт бол

3.Айлалы батыр алдырмас

4.Батыл болмай, батыр болмас

5. Батыр болған ханға қас,

Мерген болған аңға қас.

6. Батыр бір оқтық

Бай бір жұттық.

7. Батырдан хат-достарға қуат.

8. Батырдың атын жау шығарады

Шешеннің атын дау шығарады.

9.Батыр елдің ажары

Бал құрақ көлдің ажары

10. Батыр жарқырап жүреді

Қорқақ қолтырап жүреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

11. Отан елдің анасы

Ел ердің анасы

12.  Отан отбасынан басталады

13. Отансыздың оты жанбайды

14 Отан үшін күрес-ерге тиген үлес

15 Отанын сатқан оңбас

16 Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды.

17. Бұлбұл гүлзарын сүйеді,

Адал адам отанын сүйеді

18 Отан қадіріне жетпеген

Өз қадіріне жетпейді

19 Жауда қалған бұлбұлдан

Отанға қайтқан ит артық

20. Отаны бірдің жүрегі бір,

Жүрегі бірдің тілегі бір демекші

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

   

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ағалардың ерлігі" (тәрбие сағаты)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

SMM-менеджер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 291 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.05.2016 1468
    • DOCX 883.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сагиева Толкын Мухаметкалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7498
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой